Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Спортшылардың дене даярлығын басқару бойынша ғылыми негізделген кәсіби жұмыс үшін қажетті педагогикалық әдістемелерді қолдану; аспаптық әдістемелерді пайдалана отырып дене шынықтыру-спорт сабақтарын өткізу процесінде ағзаның жай-күйіне педагогикалық кешенді бақылауды жүзеге асыру.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің жобаларын (бағдарламалары мен әдіснамасын) әзірлеу және іске асыру; дене шынықтыру-спорт қызметінің өзекті ғылыми және практикалық проблемаларын анықтау және талдау; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді орындау және олардың нәтижелерін дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық, жаттықтырушылық, рекреациялық және ұйымдастыру-басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін қолдану.
  • Оқу пәндерінің мазмұнын, оқытудың технологиялары мен нақты әдістерін жобалау; оқытудың әдістемелік модельдерін, әдістемелерін, технологиялары мен тәсілдерін әзірлеу және іске асыру, оларды пайдалану процесінің нәтижелерін талдау; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік әдістемелік тәжірибені жүйелеу, қорыту және тарату.
  • Білім алушы ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін нәтижелерін ұсына отырып жүзеге асыра алады, жаңа жағдайларда зерттеу мәселелерін шешу үшін әртүрлі пәндер шеңберінде алынған білімді біріктіре алады.
  • Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті, өз ойын академиялық адалдық ережелерін қарастырып ауызша және жазбаша нысанда дұрыс ресімдеуге қабілетті
  • Жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылымның дамуының қазіргі үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын талдауды жүзеге асыруға, алынған зерттеу нәтижелерін ресімдей отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, педагогика және дене мәдениеті саласында жоспарлауды жүзеге асыруға және зерттеулер жүргізуге, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуға қабілетті.
  • Білім беру ұйымдарында дене шынықтыруды оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, оқу ақпаратын білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ете отырып, оқытудың кредиттік технологиясының талаптарына сәйкес өзін-өзі тану және кері байланысты жүзеге асыра алады, оның ішінде педагогикада және дене шынықтыруды оқыту әдістемесінде ғылыми зерттеулердің теориялық-әдістемелік негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыра алады, командада жұмыс істей алады, білім беру, оқу үрдісінде білім алушылардың танымдық іс-әрекеті психологиясының біліміне негізделе отырып, даулы жағдайларды шешуге қабілетті
  • Білім беру және жаттығу процесінде білім берудің заманауи инновациялық технологияларын, құралдарын, әдістері мен әдістемелік тәсілдерін қолдану, ғылыми мәселелерді анықтау және спорт түрлері бойынша жүктеменің сауықтыру бағытындағы сабақтарының мазмұны мен әдістемесінде оларды шешу тәсілдерін анықтау
Top