Жаңа білім беру бағдарламасы

7M03105 Психология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жоғары мектептің ғылыми танымын және педагогикасын дамытудағы қазіргі тенденцияларды талдайды және жинақтайды
  • ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, көпмәдени және көптілді ортада әлеуметтік өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шетел тілдерін қолдана алады, мәдениетаралық өзара іс-қимыл процесінде мәдениеттің әртүрлілігін есепке алады және талдайды.
  • кәсіби этика нормаларын қолдану негізінде басқару қызметінің психологиялық шарттары мен ерекшеліктерін талдайды; басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалайды және болжайды.
  • педагогикалық және зерттеу тәжірибесінде дәріс жазу, семинар сабағының мазмұнын құрастыру үшін алған білімдерін іске асырады, ғылыми зерттеу тақырыбы аясында тәжірибелік жұмыстар жүргізеді
  • ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру негіздерін меңгерген, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру түрлері, мақсаттары, тәсілдері мен әдістерін, психика мен тұлғаны диагностикалаудың технологиялары мен принциптерін қолданады, ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерін, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесін талдау технологиясының математикалық статистикиясының әдістерін қолданады
  • қазіргі заманғы әлемдік және отандық психология ғылымының проблемалары мен даму перспективаларын талдайды және анықтайды; психологиялық ғылым мен тәжірибенің даму тенденциялары, жеке тұлғаның және әлеуметтік топтардың өзекті психологиялық мәселелерін анықтайды және негіздейді
  • психикалық құбылыстарды талдайды, мәдени-тарихи және іс-әрекеттік амалдарды қолдана біледі; қызметті реттеу тәсілдерін және әлеуметтік құралдарды меңгереді
  • ЖОО-да психологиялық пәндерді оқыту әдістемесін қолданады
  • эмоциялық және әлеуметтік интеллект туралы заманауи білімді талдайды және интеграциялайды; эмоциялық және әлеуметтік интеллектті дамыту технологияларын қолданады.
  • инновациялық әдістерді қолдана отырып, психологиялық қызметтерді ұйымдастырудың және әлеуметтік-психологиялық практикаларды жүзеге асырудың оңтайлы нысандары мен технологияларын жобалайды және іске асырады;
  • зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдарды рецензиялайды, психология саласындағы жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу процесіне енгізеді
  • теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын қолданады, болжамдау және жоспарлау әдістерін практикада жүзеге асырады, сондай-ақ зерттеу және практикалық есептерді шешу үшін мамандық бойынша білімін және пәнаралық білімін жинақтайды және жалпылайды
Top