6B02334 Шетел филологиясы (қытай тілі) в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты - Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу; - Білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау; - Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Несиелер: 3Түркі мемлекеттер тарихы пәні студенттерге өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды мақсат етеді. Түркі халықтарының көне дәуірден бүгінге дейін тарихы оқытылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 1)
Несиелер: 5Түрік тіліндегі дыбыстар; қалыптасуы, артикуляциялық ерекшеліктері, сөздерде орналасу тәртібі, қызметтері және өзгерістерге ұшыраған әр түрлі жағдайы оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ясауитану
Несиелер: 3Сопылық ілімнің ерекшеліктері, Ясауидің өмірі мен ілімі, оның негізгі ұстанымдары; түркі халықтары тарихында және бүгінгі күндегі Ясауи ілімінің маңызы; Ясауидің нақыл-өсиеттері, адамның рухани-моральдық дамуына қатысты ойлары; Ясауи ілімінің қазақ дүниетанымындағы орны мен рөлі, маңызы туралы жүйелі рухани-танымдық білім беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ата-түрік принциптері
Несиелер: 3ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы болған Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері осы пәннің басты мазмұны. Севр келісімін қабылдамаған түрік ұлтының басшысы ретінде 1923 жылы Мұстафа Кемал мемлекетке байланысты бірнеше принциптер ұстанады, пән осы принциптерді білімгерге түсіндіруді басты негізге алады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қытай тілі (А1 деңгейі)
Несиелер: 4Қытай тілі А1 деңгейі қытай тілін үйренудің бірінші сатысы. Қытай тілінің А1 деңгейінде студент қытай тілінің фонетикасымен танысып, қытай таңбаларын жазып үйренумен қатар, сөз әрекетінің төрт: сөйлеу, тыңдап-түсіну, оқу және жазба сөз түрінен бастауыш деңгейде коммуникативтік біліктілік қалыптастырады. Бұл деңгейде студент 500 таңба және 800 сөздік қор жинайды, өзін, отбасын таныстыра алады, диалогтар құрастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 2)
Несиелер: 5Түрік тілінің лексикасы, сөз құрылымы, сөздердің жасалу жолдары, жалғаулары мен жұрнақ түрлері туралы мәлімет беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қытай тілінің практикалық фонетикасы
Несиелер: 4Айтылымның қабілеттеріне қажетті және лингвистикалық дүниетанымын дамыту, негізгі айтылымдық қабілеттерді қалыптастыру, оларды стилистикалық түрлі ситуацияларды іске асыру, кәсіби дайындықтың мейлінше меңгеру қытай тілінің айтылымының теориялық негіздерін меңгеру үшін қажетті теорияларды зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Несиелер: 2Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті дәрежесін айыра білуге және олардың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қытай тілі (А2 деңгейі)
Несиелер: 4А2 деңгейіқытай тілінің негізгі грамматикалық түзілістерін меңгертуге бағытталған. Бұл деңгейде студенттер активті сөздік қорын 1100-ге дейін көбейтеді, бұл олардың сол тілде сөйлейтін адамдармен коммуникация процессінде тікелей қатысуына, жеке басының мәселесі, жалпы және кәсіби тақырыптарға әңгімеге қатысуына, эсселер жазуына мүмкіндіктер береді.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Несиелер: 5Қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге дағдыландырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мәдениет және дін
Несиелер: 5Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Дін мәдениеттің субстанциясы, ал мәдениет – діннің формасы. Діни мәдениет күрделі, кешенді құрылым болып саналады, қоғамдық жүйе ретіндегі діннің барлық аспектілері әлеуметтік-мәдени салада көрінеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
Несиелер: 5Акмеологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру, олардың әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мұғалімінің кәсіби қалыптасуы бағытындағы теориялық білімдерді меңгеруіне ықпал ету. Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандарының әрекетін ұйымдастыру туралы білімдерін жинақтауға көмектесу. Таңдаған мамандық саласында олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қытай тілі сөйлеу (бастауыш деңгей)
Несиелер: 4Бастауыш деңгейде сұрақ қою, сұраққа жауап беру арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум
Несиелер: 5Мәдениетаралық қатынастың вербалды және вербалды емес құралдар жүйесін қалыптастыру. Мәдениеттердің өзара байланысы, мәдениетаралық айырмашылықтар, мәдени-ұлттық ерекшеліктерді меңгерту.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Тұлғааралық коммуникация психологиясы
Несиелер: 5Психология ғылымының жалпы курсының әлеуметтік психология мен тіл психологиясында қарым-қатынас психологиясы деп аталатын арнайы саланың негізгі түсініктері қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қытай тілінің практикалық грамматикасы І
Несиелер: 2Грамматика ғылымының түсініктемесі; жүйе ретіндегі тілдің грамматикалық құрылысы және грамматикалық категориялардың сөйлеу жүзінде іске асыырылуы; грамматикалық талдау әдістері; Оқып үйренетін тілдің грамматикалық құбылыстары және сол тілдің заңдылықтарын студенттер кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолдана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Еңбекті қорғау
Несиелер: 5«Еңбекті қорғау» пәні студенттерге мамандығы бойынша еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау кепілдіктері, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мәңгілік Ел
Несиелер: 5«Мәңгілік Ел» пәнінің іргелі мәселесі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұлттық бағдарлама мәртебесіне дейін көтеріп, жаңартылатын әлемдегі ұғымдардың, қағидалардың және ұстанымдардың мән-мағынасын нақтылайды, әртүрлі көзқарастардың ауқымын қоғамдық сұранысқа орай үйлестіре отырып қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Латын графикасы және орфография
Несиелер: 5Графика - жазуда қолданылатын таңбалардың жиынтығы, орфография – біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесі. «Латын графикасы және орфография» пәні латын негізді орфографияны үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Көшбасшылық теориясы
Несиелер: 5Тұлғаның лидерлік қасиеттерінің дамуына ықпал ететін факторларды анықтап, ақпараттарды жинақтайды. Лидер болу туа біте ме, әлде тәжірибе арқасында қалыптаса ма деген сауалға жауап іздеуге тырысады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Жобалар және процестерді басқару
Несиелер: 5Жобаларды басқарудың мәні және түсінігі, Жоба мақсаты. Жобалық және тұрақты қызмет: ұқсастығы және ерекшелігі. Жобаның фазалары және сатылары. Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтері. Жобалардың классификациясы. Жобаны аяқтау процесі. Жобаны түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. Жобаны аяқтау мерзімінің мәні және маңыздылығы.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Кәсіби цифрлық технологиялар
Несиелер: 5Студенттер бизнестегі кәсіби бағыттарды алады. Интернеттің кең ауқымын пайдалана отырып, халықаралық бизнес мектептерінің тәжірибесіне негізделген іскерлік және іскерлік жағдайларда кәсіпкерлік ойлауды дамытады. Студенттер кәсіпкерлік, жаһандық стартаптардың мәдениеті, стартаптардың заманауи мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденциялары, салық салу, компанияның басқа құрылымы және оның жұмысы туралы, сондай-ақ кәсіпкерліктің бәсекелестік ортасы туралы білетін болады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қытай тілінің ресми іс-қағаздары
Несиелер: 4Оқып отырған тілдің ресми-іскерлік ерекшеліктері, өзіндік логикалық ойлауды қалыптастыру. Жазбаша түрдегі іскерлік қарым-қатынас: - факс жіберу, - іскерлік қағаздарды, - сұраныс хаттарды, - есепті, - келісім шартты, - жарнаманы - ұсынысты безендіру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Несиелер: 5Білімгерлерді кәсіпке баулиды, бағыт-бағдар береді. Ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдана отырып, халықаралық бизнес мектептердің тәжірбиесіне сүйеніп бизнес кейспен, ойын түрінде кәсіпкерлік ойлауды дамытады. Білімгерлер әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденциялары, салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын танысады және кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы біледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Несиелер: 5«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсында адамды төтенше жағдайлар кезінде қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Құқық негіздері
Несиелер: 5Құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Экология және тұрақты даму
Несиелер: 5ХХ-ХХІ ғасырларда экология әлемдік өркениеттің басты жаңалығы бола отырып, кез келген қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жұйелерін дамытуда экологиялық танымды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес болды. Сол себепті «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту дәстүрлі үрдіске айналды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Сыни және жүйелі ойлау
Несиелер: 5Сыни ойлау бөлімі - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қытай тілі тыңдау (бастауыш деңгей)
Несиелер: 5Бастауыш деңгейдегі диалогты тыңдап, түсіну қабілетін қалыптастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қытай тілі тыңдау (орта деңгей)
Несиелер: 5Орта деңгейдегі диалогтарды тыңдап, диалогтың мазмұнын баяндауға дағдыланады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қытай тіліңде тыңдау және сөйлеу І
Несиелер: 4Бұл курс ауызекі тілдің дамуын, лексика-грамматикалық құрылыс материалдары негізіндегі айтылудың жолға қойылуын, негізгі интонациялық модельдер мен қытай тілі сөйлемі ырғағының меңгерілуін мақсат етеді. Сонымен қатар, тыңдап түсінуге үйрету монолог және диалог түріндегі аутенттік есту және бейне мәтіндері негізінде күнделікті оқиғаға ақпараттар мен жаңалықтарға байланысты тыңдап-сөйлеу іске асырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Жалпы қытай тіл білімі
Несиелер: 5Курс тіл ғылымының тіл теориясының актуалды мәселелері мен методологиясын, тілдің жүйесі, оның құрылымы мен деңгейі, тілдің функционалды қызметі, тілдердің, этностың, мәдениеттің өзара байланысының мәселелерін қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қытай тілі сөйлеу (орта деңгей)
Несиелер: 5Орта деңгейдегі тақырыптар бойынша сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қытай тілі (B1 деңгейі)
Несиелер: 5Тұлғалық және қоғамдық өмір салаларындағы қарапайым ақпаратты түсіну қабілетін, қарым-қатынастың ең көп тараған стандартты жағдайында коммуникативтік міндеттерді шешуде жол таба білу, салттық диалогқа қатыса алу, қарым-қатынастың негізгі саласы мен тақырыптарына қысқа шолулар жасай білу, ақпараттық, бейнелеу және прагматикалық сипаттағы қысқа, түпнұсқа мәтіндерді ауызша сөзде қабылдап, түсіне білу, әртүрлі жанрдағы жеңіл түпнұсқа мәтіндердің мазмұнын түсіне алу, анкета толтыра алу, хат жазу, ақпаратты мәтінге сүйене отырып, аннотация түрінде жеткізе білу қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қытай тілінің практикалық грамматикасы ІІ
Несиелер: 5Студенттерді грамматикалық формалардың функциональдық ауқымына қатысты біліммен және оларды сөйлеу барысында қолдана алуға жағдай жасау; студенттерде ауызша және жазбаша түрде қытай тілінде грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; мамандық бойынша мәтіндер мен әдебиеттерді түсінуге қажетті грамматикалық формаларды игеру;
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қытай тілі (В2 деңгейі)
Несиелер: 5Тілін оқып жатқан елдің мәдениетін терең түсінуге, шетел тілін қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларында айтарлықтай жоғары және сапалы деңгейде меңгеруге бағытталған. Бұл курс жеке басының мәселесі, жалпы және кәсіби тақырыптарға әңгімеге қатысуына, өзінің дәлелді позициясын айтуына, радио-және телехабарларды түсінуге, прагматикалық бағыттағы әдебиеттерді оқуына, эсселер жазуына мүмкіндіктер береді.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Жазбаша тіл дамыту (орта деңгей)
Несиелер: 5Шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары арқылы сөздік қорын, ойлау қабілетін, түсінігін, өресін, жазу мәдениетін дамытуға бағытталады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай тілінің лексикологиясы
Несиелер: 5Теориялық және қолданбалы лексикология. Лексикологияның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы. Сөз. Семасиология. Сөз тудыру. Сөздің морфологиялық және деривациялық құрылымы. Сөз құрылымының тарихи өзгермелілігі. Сөз тудыру жүйесінің негізгі және кешенді бірліктері. Сөз тудыру жүйесіндегі функциональдық аспект. Тілдегі сөз тудыру тәсілдері. Сөз тудырудың ұлттық-мәдени ерекшеліктері. Кірме сөздер – тілдің сөздік қорын байытудың тәсілдері және жолдарының бірі. Лексикалық бірліктердің тіркесуі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай әдебиеті І
Несиелер: 5Қытай ауыз әдебиетінің қалыптасуынан бастап орта ғасыр әдебиетіне дейінгі(Чин патшалығы әдебиетіне дейінгі) жалпы барыс қарастырылады.Қарастырып отырған дәуірдің таихи-мәдени жағдайларын таныстырады. Ежелгі дәуір әдебиетінің дамуын сол елдегі әдеби бағыттар, ағымдар, мектептер мен олардың генезисі, эволюциясы арқылы білдіреді. Ежелгі дәуірдегі әдебиет дамуынң ерекшелігін баяндайды. Эпостың пайда болуы мен дамуы және оның ұлттық әдебиеттің қалыптасуына ықпалын түсінеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай тілі жазу (орта деңгей)
Несиелер: 5Дұрыс жазу негіздерін біледі, сөздің айтылуын және жазылуын, грамматикалық формаларын сипаттай алады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Ауызша сөйлеу тілін дамыту (орта деңгей)/
Несиелер: 5Тілдің грамматикалық ерекшеліктері мен құрылымдарын, сөйлеудің негізгі ережелерін біледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай тілі тыңдау және сөйлеу II
Несиелер: 4Диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұрыс формада сөйлеу білуге үйрету. Сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай тілінің морфологиясы
Несиелер: 5Қытай тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен, грамматикалық мағыналар мен олардың берілуі және жарыққа шығу жолдары, амал-тәсілдерімен таныстыру және қытай тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы ғылыми- теориялық білімді жүйелі жүргізу жайында мәлімет береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай тілі оқу (орта деңгей)
Несиелер: 5Оқу дағдыларын қалыптастырады және дамытады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай тілінің теориялық фонетикасы
Несиелер: 5Теориялық фонетика курсы студенттердің практикалықфонетикадан алған білімін жүйелеуге, тереңдетуге жәнебілімін кеңейтуге арналған. Қазіргі шетел тілдерінің фонетикалық құрылымының теориялық негіздерінзерттеу, теориялық фонетиканың лингвистикалықғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтауғамүмкіндік береді. Тіл дыбыстарының пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей жіктелуі, тіркесу заңдылықтары; буын, оның түрлері; екпін, ырғақ; үндестік заңдары; орфография, орфоэпия т.б.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қытай әдебиеті ІІ
Несиелер: 5Қытай ауыз әдебиетінің қалыптасуынан бастап орта ғысыр әдебиетіне дейінгі(Чин патшалығы әдебиетіне дейінгі) жалпы барыс қарастырылады. Қытай әдебиетінің эволюциясының негізгі этаптары мен көрнекті жазушылардың шығармашылығын мәдени-тарихын дәуірмен, әдеби бағыттар және стильдермен байланыста қарастырады. Қарастырып отырған дәуірдің тарихи-мәдени жағдайларын түсіндіреді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Лингвоелтану
Несиелер: 4Елтану пәнінде сараптама, синтез, жалпылау сынды логикалық танымның әдістері қолданылады.Тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мен өзара әрекеті талас тудырмайтын айғақ, сондықтан шет тілін үйретудекогнитивтік, лингво-мәдени және әлеуметтік-мәдени ұстанымдар маңызды роль атқарады. Осы ұстанымдарнегізінде шет тілін оқыту тек елдің мемлекеттік құрылымы және әлеуметтік институттарымен шектелмей, оқыпотырған тілдің барлық мәдени кеңістігін бар айшығымен, шет тілі мұғалімдерін, бакалаврларды дайындаудыңажырамас бөлігі болып табылатын ұлттық және өңірлік феноменімен қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілінің теориялық грамматикасы
Несиелер: 5Қытай тілінің морфологиясы сөздің құрылымдық заңдылықтарын, сөз таптарын және олардың грамматикалық ерекшеліктерін, түрлерін қарастырады. Синтаксистік қатынастармен синтаксистік мағыналарды білдірудің басты тәсілдеріне сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің түрлері, олардың сөйлемде атқаратын қызметі, интонация, сонымен қатар арнайы лексикалық элементтер жатады. Қытай тілінің грамматикалық жүйесін зерттегенде синтаксиске ерекше назар аударылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілі жазу (жоғары деңгей)
Несиелер: 5Сауатты жазу жолдарын баяндай алады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Аударма теориясы
Несиелер: 4Аударма туралы түсінік, аударманың қоғамдық қызметін, аударманың шығармашылдық сипатын, аударма теориясының негізгі салаларын және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысын, аудармадағы ұлттық реалия мәселесін, аударманың лексикалық, грамматикалық мәселелерін, оның түрлерін, әр түрлі тәсілдерін, аудармадағы трансформациялық үдерістерді, аударманың - тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы екендігін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілі (C1 деңгейі)
Несиелер: 5Курстың оқу материалы аутентикалық мәтіндерді, аудио және видео таспаларды қолдануды қарастырады, себебі олар оқытылатын тақырып мазмұнын және қатынас аумағын, тілдік болмыстың маңызды тарихи оқиғалармен, мәдени-тарихи ассоциациялармен, қоғамдық саяси өмірмен, оқытылатын тілдің мемлекеттік заңы және экономикасының ерекшеліктер көрінісін айқындайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілінің тарихы
Несиелер: 4Курс мақсаты оқытылатын тілдердің дамуының проблемалары және интралингвистикалық проблемалар туралы білімдер жинағын кеңейту. Одан бөлек, тіл тарихы курсы байланысы бар лингвистикалық пәндер жайында, және елтану, мәдениеттану жайында қосымша мәлімет береді, бұл болашақ шет тілі мұғаліміне өте қажетті болып табылады. Шет тілін жақсы меңгеруден басқа, шет тілі мұғалімі лингвистикалық дүниетанымы кең, қоғамның дамуы барысында тарихи процестерді жақсы білуі қажет, заманауи тілдің нормаларын, тарихи даму түсінігінен оның ерекшеліктерін түсіндіре алуы тиіс.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілі сөйлеу (жоғары деңгей)
Несиелер: 5Кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру қабілетін дамытады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілі оқу (жоғары деңгей)
Несиелер: 5Оқу техникасын дамыту жолдарын біледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қытай тілінің грамматикасын ақпараттық технологиялар арқылы үйрету
Несиелер: 5Қытай тілі грамматикасын ақпараттық технологиялар арқылы үйрету технологияларын іске асыруды үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай әдебиеті ІІІ
Несиелер: 5Өткен заманда жасалған ұлттық әдеби мұраны жүйелеу және талдау, оның оқылатын тіл елдерінің қазіргі көркем әдебиеттің дамуында атқаратын рөлін айқындайды. Жанрлар жүйесіндегі ерекшелік жайында және оқылатын тіл елдерінің әдебиетінің типологиялық белгілері мен негізгі көркемдік әдістері туралы мағлұмат береді. Ағымдар мен жанрлардың хронологиялық жүйелігі сақталған ұлттық әдебиеттің дамуының әр түрлі кезеңдеріне сәйкес жазушылық мектептермен және жекелеген авторлардың шығармашылығымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай тілінің стилистикасы
Несиелер: 5Тілдің стилистикалық көркем құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін, сондай-ақ, олардың мәтіндегі қызметін анықтау үшін қажетті білімдерін қамтамасыз ету: салыстыру, салғастыру, түрлерге бөлу, тілдік мәліметті жалпылау, функционалды стильдерге тән мәтіндердің типологиялық ерекшеліктерін анықтап түсіндіре алу.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Жазбаша тіл дамыту (жоғары деңгей)
Несиелер: 3Баяндамалар, ғылыми мақалаларды стилистикалық сауатты жазуды үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай тілін оқытуда ақпараттық технологиялар
Несиелер: 3Қытай тілін оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану әдістерін үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай тілі (С2 деңгейі)
Несиелер: 5Курста пайдаланатын материалдар оқылатын шетел тілінің экономикасы мен мемлекеттік құрылысын, қоғамның саяси бұқара өмірін, мәдени тарихи ассоциацияларды, маңызды тарихи оқиғалармен байланыс тіл ерекшеліктері, қарым-қатынас саласы және оқылатын тақырыптар мазмұнын дұрыс көрсететін аудио және бейне материалдар мен түпнұсқалы мәтіндердің қолдануын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай баспасөз тілі
Несиелер: 3" Қытай баспасөз тілі " арнайы курсы баспасөз тілінің ерекшеліктерін, терминдердің аудармасын, оның лексикалык кұрамын, грамматикалық қағидалардың баспасөз жанрында қолдануын зерттейді. Қытай тілінде шығатын газеттер мен журналдар окып түсіну әдісінде қолданылатын ең керемет мүмкіндік болып табылады. Баспасөз -информацияның негізгі көзі.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Шетел тілі академиялық мақсаттар үшін
Несиелер: 5Шет тілін оқу және негізгі ғылыми, академиялық қатынас тәсілі ретінде меңгеру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Әдеби шығармаға стилистикалық талдау
Несиелер: 3Әдеби шығармаларды талдауға дағдыландыру.Студенттерге көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік береді. Өткен әдеби мұра мен қазіргі кездегі әдеби мұраларды топтастырудың бар түрімен таныстырады. Көркем шығармаларды өз бетінше кешенді түрде талдау жасау дағдысын бойына сіңіреді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай әдебиетінің теориясы
Несиелер: 5Әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай әдебиетін оқыту әдістемесі
Несиелер: 5«Қытай әдебиетін оқыту әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Ауызша сөйлеу тілін дамыту(жоғары деңгей)
Несиелер: 5Тілді қолдану арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілеті және кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру қабілетін дамыту.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Кәсіби қытай тілі
Несиелер: 5Өткен заманда жасалған ұлттық әдеби мұраны жүйелеу және талдау, оның оқылатын тіл елдерінің қазіргі көркем әдебиеттің дамуында атқаратын рөлін айқындайды. Жанрлар жүйесіндегі ерекшелік жайында және оқылатын тіл елдерінің әдебиетінің типологиялық белгілері мен негізгі көркемдік әдістері туралы мағлұмат береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай тілін оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Шет тілін оқыту қағидалары мен құралдары, әдісі, мазмұны, мақсаты; шет тілін оқыту теориясы, оның басқа ғылымдармен байланысы; шет тілін оқыту мәселелері; шет тілі бойынша оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру, студенттердің шеберлігі мен дағдылары, білімді бақылау мен есепке алу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай тілінде әдеби шығармашылық (эссе)
Несиелер: 5Курстың мақсатыбілімгерлерді эссе құрылымы, мақсаты, мазмұны, қолданылатын әдістер, қойылатын талаптарынсақтай отырып, эссе жазуға машықтандыру. Өз ойларын әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін жетілдіру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қытай тіліндегі шешендік өнер
Несиелер: 5Шешендік сөздер тарихын, себебін, ақын мақсатын, идеясын танып, шығарма құрылымының жүйесін, көркемдік, тілдік, эстетикалық ерекшелігін аңдатып, мектеп бағдарламасы көлемінде алған түсініктерін тереңдетін, болашақ мамандарға қойылатын талап деңгейінде шешендік өнер ғылымының қыр-сырын танытып, теориялық тұрғыда талдай білуге үйрету.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Код ON1
Білімін қолдану–білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады.
-
Код ON2
Ақпараттық сыни ойлау арқылы басқару: ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсына біледі;
-
Код ON3
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану- заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру және кәсіби салада қолдануға қабілетті.
-
Код ON4
Өзін-өзі дамыту: кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу қабілеті.
-
Код ON5
Өзін-өзі ұйымдастыру: өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті өзіне қабылдауға, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға,қоршаған ортаны қорғауға қабілетті
-
Код ON6
Топта жұмыс жасау: топта жұмыс істеуге қабілетті,жаңа шешімдер ұсына біледі, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра біледі, қақтығыстарды шешуге қабілетті
-
Код ON7
Этика және құндылықтар: қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және кәсіптік қызметінде қолданады; өзге халықтардың мәдениетіне толерантты.
-
Код ON8
Қоғам және кәсіби ортада коммуникативті дағдыларды қолдану: ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдану
-
Код ON9
Оқу үдерісін жоспарлау және жүзеге асыру: қытай тілі мен әдебиеті бойынша оқу үдерісін жоспарлай және өз бетінше жүзеге асыра алады.
-
Код ON10
Оқыту әдіснамасы: қытай тілін және әдебиетін оқытудың лингво-дидактикалық өзекті мәселелерін шешуге, жаңа технологияларды пайдаланып оқу-әдістемелік құжаттар мен материалдарды әзірлеуге, оқытудың дәстүрлі үлгілері мен әдістерін де қолдануға қабілетті.
-
Код ON11
Филологиялық зерттеулер жүргізе алу: әдебиет пен лингвистика саласында теориялық және практикалық жағынан филологиялық зерттеулер жүргізуге қабілетті.