Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M10120 Гигиена в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып, ары қарай жетілдіріп дамытуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, халық денсаулығын сақтау мен жақсартуға, санитариялық қадағалауды жүзеге асыру үшін денсаулықсақтау саласында кәсіби қызметін атқаруға дайын кәсіби білікті мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M145 Медициналық-профилактикалық іс
  • Білім беру саласы 7M10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 7M101 Денсаулық сақтау

Пәндер

  • Білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

    Бала мен оның тіршілігіндегі қоршайтын ортаға қойылатын талаптар мен гигиеналық нормативтерді оқып үйрену (сабақ оқу, еңбек, спортпен айналысу, демаслыс т.б..), бала денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған профилактикалық шараларды жүзеге асыру мен негіздеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Коммуналдық обьектілерді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

    Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздеріне – елді мекендегі су қоймалары, топырақ, коммуналдық гигиена обьектілерінің санитариялық-гигиеналық мониторингісін үйрену. Қоршаған ортаның мониторинг түсінігі, оның негізгі түрлері. Халық денсаулығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерін ескерту бойынша шаралар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мазмұны білім алушылардың халықаралық терминологияларды: reading, listening, speakingandwriting ары қарай тәжірибелік қызметте, әлемдік кеңістікте қарым қатынаста тиімді қолдану бойынша, кәсіби лингвистикалық құзыретті дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Тамақ кәсіпорындарының объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

    Тағам кәсіпорындарында азық-түлік пен шикізаттарды өндіруде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалуын қадағалайтын бақылау әдістері туралы білімді кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жұмыстарын ұйымдастыру

    Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы – адам тіршілігіне қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін, адамның өмір сүру ортасында зиянды әсер ететін факторы болмайтын тұрғындардың денсаулық жағдайы. Мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік органдар қадағалауы мен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің санитариялық ережелер мен норма және гигиеналық нормативтерін азаматтармен гигиеналық пен эпидемияға қарсы шаралардың орындалып, қадағалануы маңызды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Төтенше жағдайлардағы гигиена және эпидемиология

    Аса қауіпті инфекция ошақтары, апаттық төтенше жағдайлар, радиациялық жағдай нашарлағанда халықты сақтандырру мен қорғауды ұйымдастыруға жұмылдыратын эпидемияға қарсы шараларды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өнеркәсіптік объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

    Өндірістік кәсіпорындағы бақылау формасы мен әдістері туралы білімді кеңейту. Өндірістік ортадағы түрлі факторларының, еңбек үдерісінің жұмысшылардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қажуды ескертуге, кәсіптік пен жалпы аурушылдықтың деңгейін төмендетуге, денсаулық сақтауға бағытталған ұсыныстарды ғылыми негіздеу үшін, гигиеналық нормативтер мен санитарлық заңдылықтарды өңдеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Менеджмент

    «Менеджмент» -кәсіптік қызмет аясында көпшілікті өзіне тартатын қарқынды зерттелетін оқу мен ғылыми пән. Қазіргі таңда ғылыми және іскер қоғамдастықтар менеджмент теориясы мен тәжірибесін тереңірек зерттеуге ерекше көңіл бөліп отыр. «Менеджмент» пәні студенттерге алдыңғы қатардағы озық тәжірибе мен басқарушылық ойының жаңа философиялық бағытта дамуына үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Өндірістегі еңбекті қорғау мен гигиена

    ҚР еңбекті қорғау туралы құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары. Еңбек жағдайын байланысты өндірістік обьектілерді аттестациялау. Электроқауіпсіздік. Өнеркәсіп мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі. Жұмысшылардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Алдын ала және кезеңді медициналық тексеру. Кәсіптік уланулар мен ауруларды есепке алу, тіркеу, тергеу. Жалпы және кәсіптік аурушылдықты төмендету бойынша шаралар ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қоршаған орта токсикологиясы мен денсаулық

    Қоршаған орта гигиенасы мен токсикология магистранттарға токсикология негіздері, экологиялық эпидемиология бойынша олардың әсерін бағалауда сарапшы болуды, күнделікті өмірде болатын қатерді бағалауды үйретеді. Химиялық, биологиялық, физикалық қауіптіліктер және осы агенттердің әсерімен байланысты қатерлерді анықтауға қажетті білім мен дағдыларды меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Атмосфералық ауаны химиялық ластаушыларының әсері кезінде халық денсаулығына қатерін бағалау

    Атмосфералық ауада өнеркәсіптік аэрозольдер, ластаушы зиянды заттар үнемі болады. Бұл пәннің оқыту обьектісі қоршаған орта мен өндірістік факторлардың әсерінен болатын, халықтың түрлі топтары және жұмысшылар арасындағы қауіп факторларын бағалау әдістемесі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өндірістік тәжірибе

    Зерттеу практикасы отандық және қазіргі заманғы ғылымның технологиялық, әдістемелік, теориялық жаңа жетістіктерімен және ғылыми зерттеудің, өңдеудің, зерттеу мен тәжірибе нәтижелеріне талдау жасаудың замануи әдістерімен танысу үшін өткізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қоршаған орта және еңбек эпидемиологиясы

    Қоршаған орта мен жұмыс орындарындағы қауіпті заттардың әсерін эпидемиологтармен зерттеуге кіріспе. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізу жоспары, әсерін бағалау мен биомаркерлер қолдану стратегиясының тиісті жоспарлары қарастырылады. Ауа мен суды ластаушылар, климат өзгерістері, өндірістік зиянды әсерлер соңғы зерттеу деректері негізіндегі өзекті салалар қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Бағдарламада психологияның түрлі бағыттары бойынша, топ пен ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастыратын тұлғаның категориясы мен концепциялары туралы негізгі түсініктер сипатталған. Білімалушы тұлғаны қалыптастыратын жетекші концепциялар мен адамның психикалық денсаулығын сақтау жолдарын, психикаға кері әсерін тигізетін тұлғалық пен орта факторлары жөнінде пікір қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Радиациялық қауіпсіздік негіздері

    Альфа, бета, гамма сәулеленуді анықтау.. Радиоактивті қауіпсіз сынама үлгілер алу. Бұл пәнді оқуда халықтың радиациялық қауіпсіздік мәселесі мен иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеуде қорғаныс және профилактикалық шараларын құрастырудағы көптеген сұрақтары қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік қауіп-қатердің заманауи концепциясы

    Экономикалық қызмет түріне қарай, қәсіптік қатер класын анықтау, жұмыс орнының ұйымдастырылуының қатерін бағалау. Қауіптіліктерді және оның болуы мүмкін салдарын болжай отырып анықтау (идентификация),шығын көрсеткішін таңдау, шығын болу ықтималдылығын бағалау мен қатерді есептеу. Жұмысшының кәсіпті қызметімен байланысты және ұйымның өндірістік сипатымен байланысты қауіптіліктер. Жұмысшының кәсіптік қызметімен байланыссыз қауіптіліктер. Ұйымның өндірістік жұмысын атқаратын, осы жұмысты орындайтын жұмысшымен байланысты қауіптіліктер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тағам мәселесі денсаулыққа маңызды қауіп факторы

    ДДҰ Басты стратегиясындағы негізгі компоненттерінің бірі салауатты тамақтануды, ннфекциялық емес аурулардың дамуы мен профилактикасын анықтайтын фактор ретінде тағами факторларды талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауруханалық гигиена

    Аурухана құрылысындағы заманауи гигиеналық мәселелер. Аурухана учаскесін жоспарлау мен жайғастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Аурухана учаскесін зоналау, құрылыс жүйесі. Қабылдау бөлімінің, палата бөлімінің, емдік-диагностикалық бөлімшесінің (операциялық блок, рентгенологиялық және радиологиялық бөлімше) жоспарлануы мен жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптарды оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • ОN1 Денсаулықсақтау саласында жаңа идеяларды қолдана отырып, зерттеулердің пәнаралық сипаты жөніндегі білімін, жұмыс барысындағы міндеттердің маңыздылығын ажыратып, шығармашылық шешімдер қабылдап, ақпаратты талдау, сараларау жүргізіп, негізді шешім қабылдау мүмкіндігін көрсету.
  • ОN2 Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын қадағалау мен үйлестіруде, басқарушылық, ұйымдастырушылық, жоспарлау дағдыларының болуы.
  • ОN3 Денсаулықсақтау саласында өзінің ғылыми түйсігі мен біліктілігі аясында кәсіби қызметіндегі туындайтын салааралық пен пәнаралық мәселелерді кешенді шешуде, тұлғааралық пен мәдени қарым-қатынастар дағдыларын, қолдана отырып, мәселелер мен міндеттерді шешу.
  • ОN4 Гигиеналық ғылым мен санитариялық тәжірибеге енгізілген санитариялық сараптаманың технологиялары мен жаңа әдістердің стратегиясын ұғына отырып, гигиеналық білім беретін бағдарламалар мен зерттеулерде өз біліктілігі аясында қазіргі заманғы тәсілдерді қолдану.
  • ОN5 Халықтың денсаулығын, сондай-ақ, жұмысшылардың арасындағы жалпы, кәсіптік және өндірістік бейімделген аурулардың алдын алу мен кәсіптік денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін, гигиеналық сипаттағы негізгі шараларға, денсаулық сақтау сұрақтары бойынша превентивтік бағдарламалар құрастырып, жүзеге асыруға қатысу.
  • ОN6 Азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды, ұйымдастыруды, халық денсаулығының алиментарлық аспектілерін бағалау.
  • ОN7 Емдік-профилактикалық, балалар мен жасөспірімдер мекемелері, өнеркәсіп мекемелерінің т.б. обьектілердің жайластырылуы, жоспарлануы, қондырғылары, жұмыстары ұйымдастырылуының гигиеналық талаптарға сәйкес болуын бағалау; қоршаған орта обьектілері мен халықтың түрлі категорияларының радиациялық қауіпсіздігі жағдайлары бойынша нақты обьективті ақпарат алу үшін, санитариялық-гигиеналық сараптама мен санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар жүргізу, санитариялық режимге бақылау жүргізу және дозиметриялық бақылау әдістерін қолдана білу, радиологиялық обьектілерге күнделікті мемлекеттік санитариялық қадағалау жүргізу дағдыларын көрсету.
  • ОN8 Кәсіптік және өндірістік тәуелді аурушылдықты тергеу мен сараптау, профилактикалық шаралар құрастыруды жүргізу.
  • ОN9 Кәсіби қызметі аясында кәсіптік қарым-қатынас жасау, стратегиялық жоспарлау, тиімділікті талдау дағдыларын білікті қолдану.
Top