Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05102 Биология 1,5 в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

  • Ғылыми жобаларда жоспарлау

    Ғылыми жұмыстың тақырыбын анықтау мақсатында, пәннің негізгі мақсаты БҚК тәжірибесіндегі мәселелер мен арнайы әдебиеттерді таңдау, зерттеудің басынан бастап аяғына дейін ұйымдастыру жұмыстарын меңгеру. Зерттеу процесін ұйымдастыру және жоспарлау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Клеткалық биология

    Пәннің мақсаты: про және эукариоттық клеткалардың фундаментальды негіздерімен және олардың құрылымы, молекулалық ұйымдастырылуы, функциялардың атқарушы және реттеушілік механизмдері туралы заманауи ұғымдармен танысу. Магистрант: - тірі жасушалардың құрылысының іргелі негіздері, молекулалық ұйымдастырылуы және реттеуші механизмдері туралы білімдерін көрсетеді; - жасушалар эволюциясының негізгі кезеңдерін және жасушалардың ортамен өзара әрекеттесуін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби менеджмент

    Магистранттар кәсіби басқарудың тұжырымдамаларын игереді, онда ұйым негізделген шешімдер қабылдайды және сыртқы және ішкі ортадағы қалыптасқан жағдай мен тенденцияларға сәйкес әрекет етеді. Топтарда жұмыс жасау арқылы кәсіби басқарудың практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Геоботаника

    Пәннің мақсаты - магистранттарға өсімдік қоғамдастықтары туралы ғылымның қазіргі жағдайы туралы түсінік беру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: - фитоценоздардың функционалды ұйымдастыру аспектілері, геоботаниканың дамуының алдыңғы қатарлы жетістіктері мен өзекті тенденциялары туралы теориялық білімдерін көрсетеді; - биогеоценоз компоненттерінің арасындағы күрделі қарым-қатынасты анықтайды; - өсімдік қоғамдастығының қазіргі жағдайы мен даму динамикасын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Структуралық және динамикалық фитоценология

    Пәннің негізгі мақсаты болып құрылымдық және динамикалық фитоценологияның басым бағыттарын оқып үйрену және адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін күрделі биологиялық макрожүйе ретінде фитоценоз туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Пәннің негізгі міндеттеріне ағзалар арасындағы өзара байланыс заңдылықтарын, құрылымдарын және қауымдастықтардың динамикасын, санын реттеу механизмдерін, фитоценоздардың қалыптасу және өмір сүру жағдайларын зерттеу жатады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биоинформатика

    Биоинформатика курсы магистранттарды биологиялық деректерді жинау мен талдаудың заманауи компьютерлік әдістеріне үйрету үшін қажет. Биоинформатикалық талдау зерттеудің міндетті кезеңі болып табылады. Курс шеңберінде магистрант алған білімдер мен практикалық дағдылар биологиялық ақпаратты тиімді іздестіруді, генетикалық мәліметтерді талдау мен салыстыруды, филогенияны және т. б. зерттеуді жүргізуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Ғылыми әдіс түсінігі және құрылымы. Ғылыми әдістердің түрлері. Эмпирикалық және теориялық таным әдістері. Теориялық ғылыми әдіс – теория, гипотеза, заң, идеализация, формализация, рефлексия, индукция, дедукция, абстрагирлеу, жіктеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Биологиялық және экологиялық зерттеулердегі биоэтикалық мәселелер

    Мақсаты - биоэтикалық мәселелерді қою және шешу саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Магистрант: биологиялық және экологиялық этиканың негізгі ұғымдары мен принциптерін, адам табиғатын зерттеудің биоэтикалық мәселелерін, генетиканың моральдық-құқықтық негіздерін білуін көрсетеді. - жануарларға эксперименттерде психологиялық-этикалық проблемалардың пайда болуын болжайды. - педагог пен білім алушының өзара қарым-қатынасындағы биоэтикалық ұстанымдарды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Шет тілін 1 (тілдік емес мамандықтар үшін) және С2 (тілдік мамандықтар үшін) халықаралық стандарттар, сондай-ақ LPS (арнайы мақсаттар үшін тіл) деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша формаларындағы грамматикалық сипаттамаларын зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Басқару психологиясы

    Магистранттар басқару психологиясы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы түсініктерді меңгереді.Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, басқару психологиясы бойынша жағдайларды шешеді. Топта жұмыс істей отырып, топтармен және ұжымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасаудың, даулы жағдайларды шешудің әдістері мен тәсілдерін әзірлейді. Басқару психологиясының даму заңдылықтарын түсіндіреді, басқару қызметінің тиімділігі мәселелері бойынша кеңес береді,психологиялық диагностиканы қолдана отырып және жағдайды жобалай отырып бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Гендік инженерия

    Мақсаты - гендік инженерия саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: - прокариоттың және эукариоттың геномының құрылымын зерттеу әдістерін білуін көрсетеді; - генетикалық инженерия, клондау және экспрессия векторларының түрлерін, транскрипция мен трансляцияны реттеу ерекшеліктерін түсіндіреді; - жануарлар мен өсімдіктердің цитоплазмалық геномдарының құрылысы мен талдауының ерекшеліктерін салыстырады; - геномдық талдаудың заманауи әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биогеоценология

    Мақсаты: биогеоценологияның ғылым ретіндегі, биогеоценоз құрылысы мен құрылымы туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде магистрант: биогеоценоздардың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы, биоценозаралық байланыстары және олардың механизмдері туралы білімдерін көрсетеді; - жалпы биогеоценоз және биогеоценоздың жеке компоненттерін қорғау және тиімді пайдалану мәселелерін талдайды; - биогеоценотикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы мен даму болашағын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пәннің мақсаты: магистранттардың ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау құзыреттеріне ие болуы. Магистрант: - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау әдістері туралы білімдерін көрсетеді; - ғылыми және анықтамалық әдебиеттерді қолданады; - алған білімдерін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қолданады; - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау негіздерін меңгерген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Теориялық морфология және жануарларды жүйелеу проблемалары

    Мақсаты: магистранттарға жануарлардың теориялық морфологиясы мен жүйелеуі бойынша олардың тіршілік ету ортасымен өзара байланысын, ал ағзалардың құрылысы орындалатын функциямен байланысты білім беру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: - эволюция процесінде әртүрлі өмірлік формалардың қалыптасуын түсіндіреді; - жануарлар систематикасы курсын оқу кезінде теориялық морфология мәселелері туралы білімін көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биоресурстарды тиімді пайдаланудың ғылыми аспектілері

    Мақсаты: магистранттарды Қазақстанның биологиялық ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі мәселелерімен таныстыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: биоресурстардың құрамы мен әртүрлілігін біледі. - биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеу үшін ресурстық бағалауды жүргізеді. - биоресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды негіздеу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциясы

    Мақсаты - жоғары өсімдіктер эволюциясының қалыптасуы мен дамуының тұтас бейнесін көрсету үшін таксондар арасындағы филогенетикалық байланыс принциптерін зерттеу. Магистрант: жоғары сатыдағы өсімдіктердің пайда болуының негізгі гипотезаларын және олардың эволюциясының бағыттарын білуін көрсетеді; - экологиялық-морфологиялық эволюцияның жолдарын анықтайды; - жердің флористикалық патшалығының ерекшеліктері мен олардың қалыптасу тарихы туралы пайымдайды; - өсімдік әлемінің эволюциясының жолдарын талдай��ы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биологиялық систематиканың қазіргі заманғы мәселелері

    Мақсаты-магистранттарда ағзаның негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы заманауи білімді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: молекулалық биологияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша білімдерін көрсетеді. Тұқым қуалайтын ақпаратты іске асыру механизмдерін және биомембраналардың құрылысының молекулалық принципін және мембраналар арқылы заттарды тасымалдау механизмдерін түсіндіреді Зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Батыс Қазақстанның өсімдік және жануар ресурстары, оларды тиімді пайдалану және қорғау

    Мақсаты: Батыс Қазақстанның өсімдік және жануарлар ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудың өзекті мәселелері туралы жүйелендірілген білімді қалыптастыру. Магистрант: - аймақтың табиғи-ресурстық әлеуетін сипаттайды; - флора мен фаунаның шаруашылық-пайдалы өкілдерінің негізгі топтары мен түрлерінің биологиялық әртүрлілігі мен таксономиялық зерттелуін сипаттайды; - өсімдік және жануарлар ресурстарының әртүрлі топтарын пайдалану нормаларын анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ластанудың биологиялық индикаторлары

    Пәннің мақсаты – ластанудың биологиялық индикаторлары туралы білімді қалыптастыру, экспресс-талдау жүргізуге және қоршаған орта компоненттерінің жағдайын бағалауға үйрету. Пәнді оқу кезінде магистрант: - ластанудың биологиялық индикаторлары туралы білімдерін көрсетеді; - аса сезімтал биоиндикаторларды анықтайды; - олардың ластану түрлері мен деңгейіне жауап реакциясын анықтайды; - қоршаған ортаның жағдайын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Антропологияның әлеуметтік-биологиялық аспектілері

    Пәннің мақсаты - адам мен қоғамның дамуы және антропологияның әлеуметтік-биологиялық аспектілері туралы магистранттарда қазіргі заманғы түсініктерді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант адамның филогенетикалық дамуын, адам эволюциясының факторлары мен тікелей себептерін түсіндіреді, адамның өзі мекен ететін аймақтардың табиғи жағдайларына мәдени және биологиялық бейімделуінің механизмдері мен нәтижелерін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Молекулярлық биологияның қазіргі кездегі проблемалары

    Мақсаты - магистранттардың ағзаның негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы қазіргі кезеңдегі білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: -молекулалық биология дамуының негізгі бағыты туралы білімдерін көрсетеді; - тұқым қуалайтын ақпараттарды іске асырудың механизмдері мен биомембраналар құрылымының молекулалық принципі және заттардың мембраналар арқылы берілу механизмдерін түсіндіреді; - молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі биотехнологияның экологиялық аспектілері

    Пәннің мақсаты - магистранттарды қазіргі биотехнологияның экологиялық аспектілерімен таныстыру. Магистрант пәнді оқыту нәтижесінде: - биотехнологияның ғылыми негіздері мен бағыттарын және оларды практикалық қолдану мүмкіндіктерін білуін көрсетеді; - қоршаған ортаны қорғаудың биотехнологиялық әдістерін бағалайды; - биопрепараттардың экологиялық және экономикалық тиімділігін анықтайды; - алынған білімді өндірісте және кәсіби қызметте қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Биологиялық процестердің реттелуінің негізгі теориялары

    Реттеудің жалпы теориялары мен принциптері, сондай-ақ биоценотикалық, ландшафтық-географиялық аспектілерде тікелей және кері байланыс механизмдері қарастырылады. Пәнді оқыту нәтижесінде магистрант организмдердің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін реттеудің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін түсіндіреді және өсімдіктер мен жануарлар популяциясының динамикасындағы негізгі реттеуші құрылғыларды, организмдегі басқару тәсілдерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Эпигенетика және қоршаған орта токсиндері

    Мақсаты - магистранттарды эпигенетиканың өзекті мәселелерімен таныстыру. Магистрант: - эпигенетиканы зерттеудегі жетістіктер туралы білімдерін көрсетеді; - гендердің экспрессиясын және жасушалардың дифференциациясын басқаратын механизмдерді түсіндіреді; - химиялық токсиндер мен физикалық факторлардың әсерінен туындаған канцерогенез механизмдерінің өзара байланысы негізінде қоршаған ортадағы токсиндердің гендер мен эпигеномаларға әсерін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қоршаған орта және биологиялық әртүрлілікті сақтау

    Мақсаты: магистранттарды Қазақстан Республикасында биоалуантүрлілікті сақтау жолдарымен және оларды қамтамасыз етудің құқықтық негіздерімен таныстыру. Пәнді оқу кезінде магистрант: - биоалуантүрлілік түрлері мен деңгейлері туралы білімдерін көрсетеді. - экожүйелер тұрақтылығының және тірі табиғат өнімділігінің өзгеруін анықтайды. - биоалуантүрлілік индекстерін есептейді; - биоалуантүрлілікті сақтау бағдарламаларын әзірлейді; - аймақтың биоалуантүрлілік жағдайын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Даму биологиясының қолданбалы аспектілері

    Пәнді оқыту мақсаты: магистранттардың даму биологиясы саласындағы терең және жүйелендірілген ұғымдарын қалыптастырып, эволюциялық-эмбриологиялық талдау мәселелері мен ауыл шаруашылығында, медицинада және биотехнологияда тәжірибелік қолдану туралы білімдерін кеңейту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант организмдердің даму заңдылықтары туралы білімдерін қорытындылап, абиотикалық және биотикалық факторлардың организмдер дамуына әсерін және даму ауытқуларының себептерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Генетикадағы қазіргі заманғы әдістер

    Пәннің мақсаты - магистранттарды генетиканың қазіргі заманғы әдістерімен таныстыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: генетикада қолданылатын жалпы әдістемелік тәсілдерді білуін көрсетеді; - геннің өзгергіштігін анықтау әдістерін және геннің қызметі мен экспрессиясын зерттеу әдістерін ажыратады; - генетика саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдайды және бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясының теориялық концепциясы

    Пәннің мақсаты өсімдік физиологиясының теориялық концепциялары туралы терең білімді қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: - өсімдіктердегі физиологиялық үрдістерді, өсімдіктер физиологиясының теориялық концепциялары туралы терең білімін көрсетеді; - өсімдік ағзасының негізгі тіршілік үдерістерін басқару механизмдерін түсіндіреді. - өсімдіктердің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру бойынша практикалық шаралардың физиологиялық негіздерін әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми және өндірістік қызметте қолдану үшін әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және педагогикалық пәндердің жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелейді.
  • Кәсіби қызмет және тұлғааралық қарым-қатынас саласында ақпарат алу үшін шет және мемлекеттік тілдерде академиялық ауызша және жазбаша коммуникацияның әртүрлі құралдарын қолданады.
  • Өндірістік және инновациялық қызметті басқаруға, ғылыми-эксперименттік және өндірістік-технологиялық міндеттерді шешуге ғылыми көзқарас енгізеді.
  • Заманауи жабдықтар мен қолданбалы компьютерлік ақпараттық бағдарламаларды қолдана отырып, табиғи және зертханалық жағдайда ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданады.
  • Органикалық әлемнің эволюциясы мен заманауи биологияның дамуындағы басым бағыттарына әсер ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер заңдылықтарын түсіндіреді.
  • Кәсіптік және ғылыми мәселелерді шешу үшін биологиялық процестерді реттеудің негізгі теорияларын, гендік инженерияны, табиғатты пайдаланудың әлеуметтік-биологиялық аспектілерін талдайды.
  • Тірі организмдердің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды негіздеу және биологиялық ресурстарды қолданудың рұқсат етілген мәндерін анықтау үшін ғылыми бағыттарды енгізеді.
  • Про- және эукариотты жасушалардың құрылымын, молекулалық ұйымдастырылуын, функциясы механизмдерін және генетикада қолданылатын әдіс-тәсілдерді сипаттайды.
  • Теориялық білімді жинақтау және озық тәжірибені зерттеу негізінде биологияның өзекті мәселелерін шешудің өзіндік нұсқаларын ұсынады.
  • Биологияның қолданбалы мәселелерін шешу үшін жүргізілген зерттеу және талдау жұмыстарын кейіннен магистрлік жоба, мақала, аналитикалық есеп және т.б. түрінде жинақтап, кәсіби этика және академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Top