Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B04122 Маркетингті және PR басқару в Нархоз Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ХХІ ғасырдағы нарық пен ұйым қажеттіліктеріне бағдарланған ұйым имиджі мен брендін және оның өнімдерін/қызметтерін қолдау мен жасауға, тиімді маркетингтік стратегиялар әзірлеу мен қоғаммен байланысты басқаруға қабілетті, әлеуметті жауапты, жан-жақты білімді маркетолог дайындау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 248
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B047 Маркетинг және жарнама
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жаһандану және ұйымның әлеуметтік-жауапты басқаруына көшу жағдайында өзекті ақпаратты талдаудың сандық және сапалық әдістерін пайдалана отырып, стандартты емес шешімдерді дербес қабылдауға және олардың салдарын бағалауға қабілетті.
  • Халықаралық бизнес-ұйымдардың негізгі функционалдық бағыттарын назарға ала отырып, менеджменттің, маркетингтің және болашақ сценарийлерін болжаудың кәсіби және функционалдық салаларында цифрлық технологиялар мен құралдарды барабар қолдануға қабілетті
  • Бизнес саласының түсінігін, сондай-ақ ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларын көрсете отырып, дәлелдерді айқын тұжырымдай отырып және фактілер мен зерттеулерге сүйене отырып, сондай-ақ командада жұмыс істей білуді көрсете отырып, оның ішінде әртүрлі елдер мен Мәдениеттер өкілдерінен тұратын тұлғалардың, сондай-ақ ұйымның мүдделі тараптарының іс-әрекеттері мен мінез-құлқына әсер ете алады.
  • Тиісті экономикалық ақпаратты, жаһандық үрдістерді және ішкі және сыртқы қаржылық есептерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы мүдделі тараптар, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық үшін қаржылық және басқарушылық ақпаратты талдауға және ұсынуға қабілетті
  • Жеке әлеуетті ашу және кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру арқылы қоғамға қызмет ету мақсатында көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге және өз бетінше оқытуды тәжірибеге алуға қабілетті.
  • Кадрлық әлеуетті жоспарлау, дамыту және басқару техникасын пайдалана отырып, ұйымның ұйымдық мәдениетін, қызметкерлер үшін ұйымның имиджін жақсарту жолымен ұйымның бизнес-стратегиясына сәйкес HR жоспарлауға қатысуға қабілетті
  • Жарнамалық іс-шаралар мен тактикалар, маркетингтік жоспарлар әзірлеу бойынша ұсыныстар беру арқылы идеялардың табысты әлеуетін коммерциализациялауды мен оны сәтті жүзеге асыру жолдарын бағалауға қабілетті
  • Маркетингтік іс-шараларды/жағдайларды өткізу мен нақты жайғасымды құру және соңғы тұтынушыға бренд құндылығы коммуникациясын қамтамасыз ету арқылы брендтің операциондық маркетингтік стратегияларын жасауға қатысуға қабілетті
  • Жағдайларды мен қоғаммен байланысты басқаруға, дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі кез келген ұйымдар үшін әзірленген маркетингтік стратегиялар мен коммуникациялық стратегияларды тиімді енгізуге қабілетті
  • Маркетингтік деректерді талдау мен бренд менеджмент арқылы халықаралық нарықтарда стратегияның дамуына стейкхолдерлерді тарту мен ішкі ұйымдық жүйені басқаруды сыни бағалауға қабілетті
  • Әлеуметтік желілер мен сандық маркетингті, дәстүрлі және сандық технологияларды пайдалану арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өзіндік жасалынған коммуникациялық маркетингтік іс-шараларды енгізуге қабілетті
  • Статистикалық және математикалық үлгілерді пайдалану арқылы нарықтағы ішкі және сыртқы көздердің түрлі деректерін талдау негізінде тұтынушылардың қажеттіліктері мен тілектерін зерттеуге қабілетті
  • Баламалы қаржылық құралдар мен құнды қағаздарды қаржыландыру, оңтайлы капитал құрылы мен оңтайлы қаржыландыру көздерін ұсыну негізінде, сонымен қатар ұйым активтерін басқару әдістері мен басқарушылық есептердің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып ұйымның қысқа және ұзақ мерзімді стратегияларына қатысты қаржылық шешімдерді сыни бағалауға қабілетті
Top