Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01108 Эндокринология ересектердің, балалардың в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Оқыту нәтижелері

  • • Эндокриндік аурулардың этиологиясын, патогенезін, патоморфологиясын, жіктелісін, біріншілік алдын алуын, клиникалық белгілері мен асқынулары туралы заманауи білімін қолдана біледі • Барлық медициналық көмек көрсету салаларында дәлелді тәжірибе негіздеріне сүйене отырып, эндокриндік жүйе ауруларын диагностикалау және емдеу принциптерін біледі • Эндокринді репродуктивті жүйе патологиялық белгілерінің анамнездік ерекшеліктерін анықтай алады
  • • Дәрігердің кәсіби маңызды қасиеттерін тиімді қолдану негізінде пациенттермен, оның отбасы мүшелерімен, әріптестерімен, медициналық қызметкерлермен үйлесімді қарым қатынас орнату дағдыларын жетілдіреді • Топпен жұмыс жасауға қабілетті
  • • Жас ерекшеліктері мен ілеспелі ауруларды ескере отырып, эндокриндік аурулардың лабораториялық (ГТМ, гормоналды профильді бағалау, ИФА әдісі )және аспаптық (КТ, МРТ, УДЗ, радиоизотопты зерттеу) әдістерінің нәтижесін сараптай білу • Эндокринологиядағы қолданылатын дәрілерді аурудың жас ерекшеліктерін, аурудың ауырлығын, ілеспелі ауруларын ескере отырып, дұрыс тағайындай білу • Медициналық жәрдемнің сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек көрсете білу
  • • Амбулатория және аурухана деңгейінде ересектер мен балаларға эндокриндік көмек көрсету барысында ҚР ДСМ бекітілген клиникалық хаттамаларын және медико- экономикалық стандарттарын қолдана білу • Эндокриндік аурулардың асқыну қаупін анықтап табу • Эндокриндік аурулармен ауыратын ересектер мен балаларға көрсетілетін алдын алу және реабилитациялық көмектің көлемін анықтау
  • • Тұрақты еңбекке жарамсыздық критерийлерін және медициналық- санитарлық сараптамада дәйектелуіне көрсеткіштерді анықтай білу • Өз қызметін ұйымдастыру барысында менеджмент принциптерін қолдану • Медициналық құжаттармен жұмыс жасай білу
  • • Аналитикалық және ғылыми- зерттеу жұмысын жүргізу • Өзіндік жұмыс жасау кезінде әртүрлі ақпараттарды (оқу, анықтамалық, нормативті, ғылыми) игеру • Ғылыми конференцияларға қатысу, медициналық басылымдарға жазба жазу
  • • Эндокриндік аурулардың оқу мектептерін ұйымдастыру (диабеттер мектебі, тиромектеп) • Маман ретінде мәжілістер мен конференцияларда клиникалық жағдайды мәліметтей алу • Кәсіби мәселелерді шешу және қажетті ақпараттарды алу үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану
  • • Күнделікті кәсіби қызметіне қажетті жаңарып отыру үшін білімдерін қолдана білу • Өз бетімен оқу, үйрену арқылы пәннің жаңа жақтарын аша білу • Оқытылған пәннің қажет сұрақтарын дұрыс қалыптастыру
Top