Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02103 Хореография педагогикасы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: - магистранттарда жеке, шығармашылық, азаматтық позицияларды дамыту және қалыптастыру, жалпы мәдени және тереңдетілген, кәсіби, ғылыми - педагогикалық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару, педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту; - тәжірибелік және ғылыми-педагогикалық қызметте жобалық, шығармашылық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастыру-басқару, сараптамалық, педагогикалық қызмет дағдыларын ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыру; -ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуетін қалыптастыру; ЖОО-ның кадрлық саясаты аясында ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау; -хореография өнері бағыттары бойынша жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, заманауи қазақстандық қоғамның талаптарына жауап беретін, оның рухани-эстетикалық дамуына ықпал ететін хореография педагогикасы саласында бәсекеге қабілетті магистрлерді дайындау; - Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарын, кәсіби хореографиялық ұжымдарды және қосымша хореографиялық білім беру мекемелерін ұлттық кадрлармен қамтамасыз ету; -ұлттық би мәдениетін терең меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және мәдени-бос уақыт қызметін ұйымдастыру үлгісіндегі мекемелерді ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету; - тарихи үрдістер мен көпұлтты би мәдениетінің генезисін меңгеру арқылы білім алушылардың төзімділігін тәрбиелеу; - хореография өнері және білім беру өкілдері арасында ғылыми-зерттеу қызметін дамыту; -халықаралық мәдени-білім беру кеңістігінде Қазақстандық ғылыми-педагогикалық кадрларды мойындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M031 Хореография
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер