Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Оқыту нәтижелері

  • Шығармашылық, аналитикалық және ұйымдастырушылық тәсілді талап ететін күрделі радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғылар мен жүйелер саласындағы ғылыми-зерттеу міндеттері мен ғылыми проблемаларды анықтайды және шеше алады.
  • Компьютерлік математиканың заманауи жүйелерін және күрделі радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғылар мен жүйелерді жобалауды автоматтандыруға арналған бағдарламалар пакеттерін қолдана алады, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін ұсына аладыды және пайымдай алады.
  • Радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғылар мен жүйелерді талдау және синтездеу саласында жаңа және күрделі ғылыми идеяларды, оларды құрудың әдістері мен тәсілдерін құра алады.
  • Күрделі радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғылар мен жүйелерді құрудағы, оларды бақылау және диагностикалау және сараптамалық бағалаудағы, сондай-ақ электромагниттік үйлесімдігі саласындағы шеберлігін көрсете алады.
  • Академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға және өз бетінше орындауға қабілетті.
  • Техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды дамытуды қоса алғанда, математикалық талдау, моделдеу, теориялық және эксперименттік зерттеулер әдістерін, радиотехника, электроника, телекоммуникация саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер қоса алғанда, қазіргі заманғы теориялар, әдіснамалар мен талдау әдістері негізінде академиялық және ғылыми тұтастықпен сипатталатын өзіндік ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға қабілетті.
  • Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді, ақпаратты өңдеу және басқарудың интеллектуалды жүйелерін құру әдістері мен әдістерін қолдана алады.
  • Нейрондық жүйелер теориясын, жасанды нейрожелілік жүйелерді құрылуының оқыту тәсілдері мен әдістерін, сондай-ақ күрделі радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғылар мен жүйелерді жобалау кезінде оңтайлы шешімдер теориясының әдістерін терең білуін көрсете алады.
Top