Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Органикалық заттардың химиялық технологиясы және инженерия саласында терең ғылыми-педагогикалық, іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығына ие ғалыми-зерттеушіні қалыптастыру
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D097 Химиялық инженерия және процесстер
-
Білім беру саласы 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 8D071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын өзіндік ғылыми зерттеу жүргізуге, кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын қолдануға, Математикалық талдау және модельдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді қолдануға қабілетті.
- Лак-бояу, полимерлі композициялық материалдар, биологиялық белсенді заттар, тұрмыстық химия өнімдері, косметика, көмірсутекті және өсімдік шикізатын өңдеу кезінде технологиялық процестер мен жабдықтарды зерттеу және бағалау үшін қазіргі заманғы әдістер мен жабдықтарды білу және қолдану бөлігінде шеберлікті көрсетуге қабілетті.
- Химиялық білімді дамытудың қазіргі мәселелерін түсінуді көрсете білу: координациялық қосылыстар химиясы, нанохимия, талдау әдістері, кәсіби қызметтегі жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдары, химиялық-технологиялық процестер мен құбылыстарды модельдеу әдістері, теориялық және эксперименттік зерттеу; органикалық заттарды өндірумен байланысты зерттеу нәтижелерін жоспарлауға және болжау жасауға қабілетті.
- Органикалық заттар өндірісінің химиялық-технологиялық жүйелерінің тиімділігін зерттеуге және бағалауға, тұрмыстық химия және косметика өнімдерін алу кезінде көмірсутекті, өсімдік шикізатын кешенді өңдеудің оңтайлы жолдарын анықтауға, технологиялық жабдықтың пайдалану сенімділігін анықтауға қабілетті.
- Математикалық талдау, модельдеу, теориялық және эксперименталды зерттеулер әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы теориялар, методологиялар және талдау әдістері негізінде академиялық және ғылыми тұтастықпен сипатталатын өзіндік ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға қабілетті.
- Қоршаған ортаға химиялық өндірістердің жүктемесін төмендету әдістері, бастапқы заттарды өңдеудің кешенді технологияларын пайдалануды экономикалық бағалау жүргізегу, органикалық заттарды, оның ішінде наноөлшемді заттарды алудың заманауи технологиялары бойынша білімді көрсетуге қабілетті.
- Органикалық заттардың химиялық технологиялары саласында, оның ішінде білім беру саласында білім алушылар мен зерттеушінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық технологияларымен пәнаралық білімдерді интеграциялауды жүзеге асыруға қабілетті.
- Өсімдік және көмірсутек шикізатын, басқа органикалық қосылыстарды өңдеудің заманауи технологияларын қолдану және дамыту бойынша зерттеулерді жүзеге асыруға, зерттеудің қазіргі заманғы әдіснамасын қоса алғанда, ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденцияларын түсінуді көрсетуге қабілетті.