Балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыру.
Студенттерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамалық-теориялық білімімен қаруландырып, кәсіби тәжірибелік дағдыларды игерумен бірге білікі құзыреттілікке баулу. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізу әдістемесін меңгерумен таныстырады.
Түрік тіліндегі дыбыстар; қалыптасуы, артикуляциялық ерекшеліктері, сөздерде орналасу тәртібі, қызметтері және өзгерістерге ұшыраған әр түрлі жағдайы оқытылады.
Оқу жылы - 1Сопылық ілімнің ерекшеліктері, Ясауидің өмірі мен ілімі, оның негізгі ұстанымдары; түркі халықтары тарихында және бүгінгі күндегі Ясауи ілімінің маңызы; Ясауидің нақыл-өсиеттері, адамның рухани-моральдық дамуына қатысты ойлары; Ясауи ілімінің қазақ дүниетанымындағы орны мен рөлі, маңызы туралы жүйелі рухани-танымдық білім беріледі.
Оқу жылы - 1ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы болған Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері осы пәннің басты мазмұны. Севр келісімін қабылдамаған түрік ұлтының басшысы ретінде 1923 жылы Мұстафа Кемал мемлекетке байланысты бірнеше принциптер ұстанады, пән осы принциптерді білімгерге түсіндіруді басты негізге алады.
Селективті тәртіпТүркі мемлекеттер тарихы пәні студенттерге өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды мақсат етеді. Түркі халықтарының көне дәуірден бүгінге дейін тарихы оқытылады.
Селективті тәртіпТүрік тілінің лексикасы, сөз құрылымы, сөздердің жасалу жолдары, жалғаулары мен жұрнақ түрлері туралы мәлімет беріледі.
Оқу жылы - 1«Биологияға кіріспе» пәнін оқыту тірі табиғат дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, студенттерді биологиямен байланысты практикалық проблемаларды сауатты қабылдауға үйрету.
Оқу жылы - 1Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы. Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Химиялық байланыс. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты. Ерітінділер. Электролиттік диссоциация теориясы. Тұздар гидролизі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Оқу жылы - 1Сапалық және сандық анализ - химияның дамуына үлесін қосқан, ерекше маңызы бар фундаментальді пәндердің бірі. Ғылыми техникалық прогресс пен өндірісте аналитикалық зерттеулердің мәні орасан зор. Анализ мәліметінсіз металлургиялық, химиялық, фармацевтік және басқа да технологиялық процестерді тиімді жүргізу мүмкін емес.
Селективті тәртіпАналитикалық химия І заттың химиялық құрамы мен құрылымын анықтау әдістері туралы ғылым. Аналитикалық химия І пәнінің мақсаты – анализдеу әдістерін жасау және оны тәжірибе жүзінде қолдану, сонымен бірге аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін кеңінен зерттеу болып табылады. Атап айтқанда, әртүрлі орталарда және түрлі агрегаттық күйлерде болатын элементтер мен олардың қосылыстарын зерттеу, координациялық қосылыстардың құрамы мен тұрақтылығын, заттың оптикалық, электрохимиялық және басқа да сипаттамаларын анықтау, химиялық реакциялардың жылдамдықтарын зерттеу, әдістердің метрологиялық сипаттамаларын анықтау және т.б. көптеген сұрақтар. Әсіресе анализдің жаңа ә��істерін іздеу және ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін аналитикалық мақсаттарда қолдануға қазіргі кезде қатты көңіл бөлінеді.
Селективті тәртіпПедагогикалық мамандық және оның ерекшеліктері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогиканың аксиологиялық негіздері. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Зерттеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2Өсімдіктердің құрылысы, тіршілігінің ерекшеліктерін; олардың жіктелуі, филогенезі, көбею жолдары туралы түсініктерін олардың табиғатта және адам тіршілігінде маңызын түсіндіреді. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің толық морфологиялық сипаттамасын, анатомиялық морфологиялық белгілерін талдап, өсімдіктердің таксономилық жағдайын анықтай алады. Ботаниканың элективті курстарын жасақтап, көрнекі құралдарды дайындап, халықаралық номенклатураға сәйкес өсімдіктердің түрін, туысын, тұқымдасын белгілері бойынша ажырата алады.
Селективті тәртіпАдам және жануарлар физиологиясы адам ағзасының оның мүшелер, мүшелер жүйесінің физиологиялық қызметін, оның механизмдерін, сыртқы ортамен байланысын және оның бейімделуіндегі болатын өзгерістерді зерттеп, физиология ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстырып, даму болашағын көрсетеді.
Селективті тәртіпСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті дәрежесін айыра білуге және олардың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді.
Оқу жылы - 2ХХ-ХХІ ғасырларда экология әлемдік өркениеттің басты жаңалығы бола отырып, кез келген қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жұйелерін дамытуда экологиялық танымды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес болды. Сол себепті «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту дәстүрлі үрдіске айналды.
Селективті тәртіпЭтнопедагогиканың теориялық негіздері. Халықтың педагогикалық көзқарастары мен этнопедагогика. Халықтың педагогиканың этникалық компоненті. Халық педагогикасындағы идеал тұлғаның бейнесі. Халықтың тәрбиелеу құралдарының көптігі.
Оқу жылы - 2Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттейді. Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады. Болашақ мамандарды білім берудегі менеджмент жайлы қазіргі нарықтық жағдайда сәйкес білім, білік, дағдыларымен қаруландыруды.
Селективті тәртіпПсихология ғылымының жалпы курсының әлеуметтік психология мен тіл психологиясында қарым-қатынас психологиясы деп аталатын арнайы саланың негізгі түсініктері қарастырылады.
Селективті тәртіпЦитология – клетканың құрылысы мен тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Барлық тіршілік иелері клеткадан тұратындықтан олардың құрылыстарындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар ағзалардың шығу тектерінің бір екендігін көрсетеді. Гистология ұлпалардың түзілуі мен атқаратын қызметтеріне, құрылымындағы ерекшеліктеріне байланысты жіктелуін зерттейді.
Селективті тәртіпӨзін-өзі тану пәні болашақ мұғалімдерінің педагогикалық және психологиялық қарым-қатынас компонентерін қалыптастырып жетілдіреді. Білім беру арқылы рухани-әдептілік құндылықтар жүйесін дамытады. Өзін тұлға және болашақ маман ретінде тануға мүмкіндік береді. өзінің өмірлік позициясын анықтауға көмектеседі және болашақ рухани денсаулық бетбұрысына бағытталған көзқарасын калыптастырады.
Селективті тәртіпСыни ойлау бөлімі - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.
Селективті тәртіпМәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Дін мәдениеттің субстанциясы, ал мәдениет – діннің формасы. Діни мәдениет күрделі, кешенді құрылым болып саналады, қоғамдық жүйе ретіндегі діннің барлық аспектілері әлеуметтік-мәдени салада көрінеді.
Селективті тәртіпГалогендердің химиялық қасиеттері және оларды алу жолдары. Галогендердің оттекті қосылыстары. Күкірт және оның қосылыстарының химиялық қасиеттері, алыну жолдары. Азоттың сутекті және оттекті қосылыстары. Фосфор қосылыстарының химиялық қасиеттері. Сілтілік және сілтілік жер металдардың химиялық қасиеттері. Металдардың жалпы сипаттамасы және оларды алу жолдары.
Селективті тәртіпАкмеологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру, олардың әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мұғалімінің кәсіби қалыптасуы бағытындағы теориялық білімдерді меңгеруіне ықпал ету. Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандарының әрекетін ұйымдастыру туралы білімдерін жинақтауға көмектесу. Таңдаған мамандық саласында олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Селективті тәртіп«Психикалық денсаулық және суицид превенциясы» курсының мазмұны психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері, қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау. Психологиялық денсаулық балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейді
Селективті тәртіпПән бойынша қазіргі заманғы ақпараттық білім технологиясын пайдаланып, жаңа мағлұматтарды игереді; Ғылыми мәселелерді қоя білуге, зерттеу жұмыстарын іске асыруға практикалық дағдыланады; Кәсіби қызметінде жетекші ретінде ғылыми - зерттеу жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады;
Селективті тәртіпБілімгерлерді кәсіпке баулиды, бағыт-бағдар береді. Ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдана отырып, халықаралық бизнес мектептердің тәжірбиесіне сүйеніп бизнес кейспен, ойын түрінде кәсіпкерлік ойлауды дамытады. Білімгерлер әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденциялары, салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын танысады және кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы біледі.
Селективті тәртіпГрафика - жазуда қолданылатын таңбалардың жиынтығы, орфография – біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесі. «Латын графикасы және орфография» пәні латын негізді орфографияны үйретеді.
Селективті тәртіпЖобаларды басқарудың мәні және түсінігі, Жоба мақсаты. Жобалық және тұрақты қызмет: ұқсастығы және ерекшелігі. Жобаның фазалары және сатылары. Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтері. Жобалардың классификациясы. Жобаны аяқтау процесі. Жобаны түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. Жобаны аяқтау мерзімінің мәні және маңыздылығы.
Селективті тәртіпТұлғаның лидерлік қасиеттерінің дамуына ықпал ететін факторларды анықтап, ақпараттарды жинақтайды. Лидер болу туа біте ме, әлде тәжірибе арқасында қалыптаса ма деген сауалға жауап іздеуге тырысады.
Селективті тәртіпБейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның педагогикалық ғылым жүйесіндегі орны мен құндылығын, химияны оқыту әдістерінің даму тарихы мен қазіргі жағдайы туралы білім қалыптастырады. Химияның теориясы мен заңдарын, негізгі түсініктерінің ашылу тарихымен таныстыру, мәндерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 2Құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады.
Селективті тәртіпҚазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге дағдыландырады.
Селективті тәртіпМенеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттейді. Менежменттің негізінде мектепті басқару принциптері. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады.
Оқу жылы - 2«Еңбекті қорғау» пәні студенттерге мамандығы бойынша еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау кепілдіктері, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды үйретеді.
Селективті тәртіп«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсында адамды төтенше жағдайлар кезінде қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады.
Селективті тәртіпЖай заттар мен химиялық қосылыстардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы принциптері. Элементтердің және олардың маңызды қосылыстарының периодтар, топтар бойынша қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану және басқа қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. VІI-А, VI-А, V-А, ІV-А, ІІІ-А- топшада орналасқан элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі, қосылыстарының қасиеттері. S, p, d, f-элементтердің жалпы сипаттамасы, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, негізгі қосылыстары мен олардың қолданылуы. Қазақстанда маңызды металдарды және олардың қосылыстары мен құймаларын өндіру. Сутек, оттек, хлор, күйдіргіш натр және сода, аммиак, тұз, азот, күкірт, фосфор қышқылдарын, негізгі минералды тыңайтқыштарды, ферро-құймаларды, силикатты және т.б. материалдарды өндірудің негізінде жататын химиялық реакциялар.
Селективті тәртіп«Мәңгілік Ел» пәнінің іргелі мәселесі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұлттық бағдарлама мәртебесіне дейін көтеріп, жаңартылатын әлемдегі ұғымдардың, қағидалардың және ұстанымдардың мән-мағынасын нақтылайды, әртүрлі көзқарастардың ауқымын қоғамдық сұранысқа орай үйлестіре отырып қарастырады.
Селективті тәртіпБұл пән физикалық химияның теориялық негіздерін, химиялық теpмодинамиканың негізгі заңдарын түсіндіреді. Фазалық тепе-теңдік және ертінділер теоpиялары, химиялық кинетика мен катализ, электpохимия негіздерінің заңдылықтарын, олардың мәнін түсіндіреді
Селективті тәртіпОрганикалық химия I пәні органикалық қосылыстарды күрделі қоспалардан бөлу, олардың құрылысын анықтау, химиялық реакциялардың жіктелуі және жүру жағдайларының заңдылықтарын, реакциялардың механизмін зерттеу, зерттеудің жаңа физикалық әдістерін кеңінен қолдану мәселелерін қарастырады.
Селективті тәртіпМикробиология–микроағзалардың дүниесін зерттейтін ғылым. Ол білімгерлерді прокариоттардың басты қасиеттерімен таныстырады. Микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық практика үшін маңызын және мәнін түсіндіреді. Сонымен бірге микробиологияның басқа биологиялық пәндермен өзара байланысын анықтайды. Пәнді оқу арқылы білімгерлер микроорганизмдердің табиғаттағы орнын, олардың негізгі қасиеттерін, жіктелу тәртібін, экологиясын білу болып табылады.
Селективті тәртіпБиологияны оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым. Бұл пән университеттер мен педагогикалық институттардың биологиялық факультеттерінде студенттерге мектепте өтілетін биологиялық пәндерден білім беру мен тәрбиені іске асырудың жолын үйретіп, мамандыққа баулитын педагогикалық - психологиялық ғылымдар саласындағы жетекші пән.
Селективті тәртіпФизика-химиялық зерттеу әдістері қазіргі таңда ғылым мен техниканың барлық саласында сенімді, дәлдігі жоғары зерттеу әдістері болып табылады. Сондықтан да қолданылатын ауқымы өте үлкен. Физика-химиялық зерттеу әдістері пәні зерттеудің бірқатар эксперименталды физикалық әдістерінің теориялық негіздерін, эксперименттетдің қойылу ерекшеліктерін және олардың заттарды идентификациялау үшін қолданылуын, олардың термодинамикалық сипаттарын, бірқатар құрылымдық параметрлерін анықтауды, қоспа құрамын анықтауды, химиялық реакциялардың кинетикасы мен механизмін оқуды сипаттайды.
Селективті тәртіпБиохимия – тірі материяны құрайтын қосылыстардың сапалық құрамы және тіршілік процесіндегі маңызды органикалық қосылыстардың ролі мен маңызы туралы білім қалыптастыру. Биохимия пәнінің міндеттері мен әдістерін, даму перспективаларын, организмдегі зат алмасудың өзара байланысы туралы жалпы жағдаймен таныстырады.
Селективті тәртіпОрганикалық қосылыстардың құрылысын физика-химиялық әдістермен зерттеуді, химиялық байланыстың электрондық теориясын, органикалық қосылыстардың стереоизомериясын, органикалық реакциялардың жіктелуін және олардың механизмдерін, көмірсутектердің физика-химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылуын, қосылыстарды зерттеудің спектроскопиялық әдістерін қарастырады.
Селективті тәртіпАқуыздар мен нуклеин қышқылдары - молекулалық биологиядағы зерттеу объектілерінің негізі. ДНҚ молекуласының биспиральді үлгісінің құрылуы және комплементарлы принциптің ашылуы - қазіргі заманғы биологиядағы елеулі жаналық. ДНҚ-нің қос спиральді молекулалық үлгісі. Нуклеин қышкыддарының генетикалык ролі. Нуклеин қышқылдары және ақуыздардың құрылымы мен қызметі. Ақуыздар - түрдің және индивидтің негізі. Ақуыздардың негізі биологиялық қызметі. Ақуыз және нуклеин қышқылдары ның құрылымдарын зерттеу және бөліп алу әдістері.
Селективті тәртіпГенетика ілімі – ғылымның ең бір қарқынды дамып келе жатқан саласына жатады. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің жан-жақты заңдары кезкелген организмдер үшін әділ және генетика ғылымы барлық биологиялық пәндер мен зерттеулер бағыттарын қамтып өтеді. Генетикалық материалдың өзгергіштігін сипаттауға, генетикалық процестердің молекулалық механизмдерін талдауға, гендер құрылымы мен әсер етулерінің реттелуіне едәуір орын беріледі.
Селективті тәртіпӨсімдіктер мен жануарларда жүретін физиологиялық үрдістердің мәні мен салдарын схемалық түрінде түсіндіреді; Ақпараттық көздерінен алынған мәліметтерді ғылыми - зерттеу жұмыстарында пайдаланады және талдайды; Физиологиялық эксперименттердің методологиясы мен әдістерінің өзекті мәселелері бойынша рефераттар мен хабарламалар, ғылыми баяндамалар дайындайды;
Селективті тәртіпКоллоидтық химияның негізгі заңдары мен заңдылықтарын, дисперсті жүйені алудың заңдылықтарын үйрету. Коллоидтық жүйелердің оптикалық, кинетикалық және электрлік қасиеттерін, дисперсті жүйенің тұрақтылығы жайында ілімнің негізін түсіндіру Беттік-активті заттардың (БАЗ) қасиеттері мен қолдану негізін; дисперсті жүйенің негіздерін оқып үйрену.
Селективті тәртіпЖануарлардың адам және табиғаттағы маңыздылығы, әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделгіштігі, негізгі тіршілік формалары, өзіне тән биологиялық ырғағы және оның мәні туралы мәліметтерді ақпараттық білім технологиясын пайдаланып, жаңа мағлұматтарды игереді; Жануарлар туралы әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланып, тақырыптар бойынша презентациялар дайындайды; Анықтауыштарды пайдалана отырып, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың әртүрлі класс өкілдерін, тіршілік формаларын сипаттайды;
Селективті тәртіпИнклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз білім алуға ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып оқу-тәрбие процесің ұйымдастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3Пәнді қорытуда білім беру сапасын арттыру мақсатында дидактикалық көп өлшемді құралдар технологиясын қолдану арқылы жұмыс жүйесі ұсынылған, ойлау, мотивациялық және рефлексивтік, танымдық іс-әрекет, студенттер мен оқытушының шығармашылық қабілеттерін белсендірудегі дидактикалық көп өлшемді құралдардың мүмкіндіктері ашылады. Дидактикалық көп өлшемді құралдар студенттерді оқыту мен дамытудағы практикалық әдіс ретінде ұсынылған, өйткені технологияның негізгі компоненттерін (логикалық-мағыналық модельдер мен матрицалар) қолдану оқу материалын ұйымдастырудың ерекше логикасын білдіреді, педагог пен студенттің дайындық, оқыту және шығармашылық қызметінің бол��шақ нәтижелерін құрастыруға мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпХимияны ғылым ретінде оқыту әдістемесінің мәні химияны оқыту процесінің заңдылықтарын анықтаудан тұрады. Бұл процестің негізгі компоненттері: оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың қызметі. Химия әдістемесінің функциясы орта мектеп оқушыларының негізгі фактілерді, ұғымдарды, заңдар мен теорияларды меңгеруінің оңтайлы жолдарын табудан, олардың химияға тән терминологияда көрініс табуынан тұрады.
Оқу жылы - 3Оқу қызметіндегі педагогикалық өлшеу және бағалау пәні жоғары оқу орны студенттеріне білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін, дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін, оқуды меңгерудегі табыстарын, білім нәтижесін, оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерімен байланыстыра отырып қарастырады және білім беру жүйесінің әр деңгейінде білім алушылар даярлығының сапасы туралы объективті ақпарат беруді қамтамасыз етуді көздейді.
Оқу жылы - 3Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту студенттердің сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық терминдер сөздігі студенттердің сөздік қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды.
Оқу жылы - 3Білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытады.
Селективті тәртіпКіріктіріп оқыту (CLIL) дегенде ең алдымен сабақтарда пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды қарастыру. Кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері мен ағылшын тілі пәнінің көптеген міндеттерін шешуге ықпал етеді. Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері кеңінен қолданылады.
Селективті тәртіпЖаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ), орта мерзімді жоспар (ОМЖ), ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ) құруды үйретеді. Сонымен қатар оқуды бағалау және оқу жетістіктерін бағалау, дарынды және талатты балаларды қалыптастыруды және Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерінің элементтерін талқылап, сабақта қолдануды меңгерту.
Селективті тәртіпПәнді оқытуда оқытудың инновациялық технологияларын оқу үдерісінде қолдану мәселелері қарастырылады. Бүгінде ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың таным сапасын жетілдіруге, оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және қолдануға тиімді. Жетілдірілген оқыту технологияларын қолдана отырып оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әрекетті дамыту, үздіксіз жетілдіру, тәжірибе жүзінде қалыптастыру, қоғам мен айнала қоршаған орта арасындағы байланысты қайта құру, білім алушыларда өзіндік жұмыс үлгілері дамыту, тұлғаны нақтылыққа, жүйелі іс-әрекетке бейімдеу, таным сапасының жетілдірудегі педагогикалық қызмет басым қарастырлады.
Оқу жылы - 3Химиялық технологияның теориялық негіздерін оқып-үйрену. Шикізатты, суды, энергияны пайдаланудың кешенді әдістерін қарастыру. Бейорганикалық және органикалық заттардың маңызды типтік өндірісі, сонымен қатар, технологияны дамытудың перспективалары туралы мәліметтермен таныстыру.
Селективті тәртіпТанымдық қызығудың психологиялық-педагогикалық негізі. Оқулықтың мазмұнындағы сарамандық жұмыстар мен тәжірибелердің ролі. Оқыту үрдісінің жаңа әдісі. Оқулық мазмұнындағы тірек-конспектілерінің алатын орны және маңызы. Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыруда көрнекі-құралдардың маңызы. Атомның күрделі екендігі жайындағы эксперменталддық негіздемелер. Химиялық байланыс табиғатын түсіндіру үшін қолданылатын көрнекі-құралдар. Металдар тақырыбы бойынша тірек-сызба кестелерін жасау тәсілдері. Жаңа информатикалық технологияны химияда қолдану
Селективті тәртіпХимия пәнін ағылшын тілінде оқыту студенттердің сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Химия пәнін ағылшын тілінде оқыту – болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды.
Селективті тәртіпСыныпта биологиялық тәжірибе қою әдістемесі пәні – студенттерді бәсекеге қабілетті маман ретінде дайындайтын пәндердің бірі болып табылады. XX ғасырдың соңына қарай ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны өзгерді, сонымен бірге биологияның практикаға қатынасы да өзгерді. Биология жаратылыстану ғылымдарының ішінде көшбасшы болды. Бұл биологияның нақты (дәл) және гуманитарлық ғылымдармен байланысының бекуінде, кешенді және пәнаралық зерттеулердің дамуында, әлемдік заманауи өзекті мәселелермен өзара байланысында байқалды.
Селективті тәртіпБиология сабақтарында ботаника, зоология, микробиология, биотехнология пәндерімен байланыстыра отырып, мектеп бағдарламасына негізделген тақырыптарда лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру. Аталған сала бойынша қондырғылар мен препараттарды қолдану жұмыстарын меңгерту.
Селективті тәртіп«Қазіргі мектепте инновациялық оқыту әдістері» курсы педагогикалық технологияны іске асыру механизмі шығармашылық өзін-өзі дамыту іс-әрекеті, ол: өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту. Кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу- тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құрай білуі, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру.
Селективті тәртіпБейорганикалық және органикалық қосылыстарды синтездеу әдістерін, реакциялардың түрлері мен өту жағдайларын, механизмдерін, жанама өнімдердің түзілу мүмкіншіліктерін қарастырады. Бейорганикалық және органикалық препараттарды синтездеудің белгілі санын орындау; тәжірибелік жұмыстарға сәйкес тақырыптағы теориялық материалдарды оқыту. Бейорганикалық және органикалық қосылыстарды алу әдістері, реакциялардың механизмдерін сипаттау.
Оқу жылы - 4Биотехнология дегеніміз – биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. Биотехнологияны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Биотехнологияның негізгі объектісі – тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Оқу жылы - 4Гаметогенездің ерекшеліктерін, гаметалардың морфологиясын, физиологиясын, эмбриогенездің негізгі кезеңдерін, ұрықтанудың биологиялық маңызын, бөлшектенуді, гаструляцияны, органогенезді, эмбриологияның кейбір салыстырмалы мәселелерін, постнаталды дамудың негізгі заңдылықтарымен метаморфоз және клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің қартаю процестерін оқып үйрену. Жануарлардың жеке даму процесінде болатын морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық өзгерістері туралы түсініктерді қалыптастыру
Оқу жылы - 4Оқушыларды логикалық тұрғыда құрылған, айқын, нақты жоспарлармен жұмыс істеу, икем дағдыларын қалыптастырады. Биология пәндерінен алған білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарларды бақылау нәтижесінде кеңейтіп, бекітеді және ауыл-шаруашылық өсімдіктерін агрономиялық өңдеу жа¬нуарларды күту әдістерімен танысады.
Селективті тәртіпЭлектрохимия саласы – химия ғылымдарының түрлі салаларымен тығыз байланыста, сондай-ақ химиялық элементтердің қасиеттерінің периодтылығы жөнінде мәлімет бере алады. Электрохимия пәні, электрохимиялық процестердегі заңдылықтар, электрохимиялық ұяшықта жүретін процестер, сандық және сапалық анализдегі электрохимия, қолданылатын электродтар мен ұяшықтар, электрохимиялық процестердің практикалық қолданылуы.
Селективті тәртіпХимиядан мектеп курсының бағдарламасында алдын-ала қарастырылған зертханалық тәжірибелерді және практикалық сабақтарды жүргізу әдістемесі. Көрнекілік тәжірибелерді жүргізудің негізгі принциптері. Мектептің химия курсы бағдарламасы бойынша жоспарланған көрнекілік тәжірибелер. Химиялық тәжірибелерді жүргізуде қолданылатын құрал жабдықтарға және қондырғыларға қойылатын негізгі талаптар: герметикалық, жинақылығы және көрнекілі
Оқу жылы - 4Білімін қолдану: - білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады.
Ақпаратты сыни ойлау арқылы басқару: - ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін жазып көрсетеді; - конструктивті ойлайды, өзінің көзқарасын идеяларға жүгіну негізінде дәлелдейді; - өзіндік тұжырым қалыптастыру үшін әртүрлі көзқарастарды мақсатты түрде зерттейді.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану: - заманауи ақпараттық технология түрлерін қолдануды жазып көрсетеді; - АКТ құралдарын өзінің кәсіби іс-әрекетіне сәйкес дәлдікпен басқарады; - АКТ құралдарын қолдануда ұқыптылық қатынаста болуды түсінеді және көрсетеді.
Өзін-өзі дамыту: -кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады.
Өзін-өзі ұйымдастыру: - өз уақытын тиімді ұйымдастырады, пайдаланады; - өзінің әрекетінде жауапкершілікті сезінеді, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытады.
Топта жұмыс жасау: - командада өз ойын нақты жеткізеді, жаңа шешімдерді нәтижеге сәйкес ұсынады; - топта жұмыс істеуге қабілетті, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра біледі, қақтығыстарды шешуде өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары сенім көрсетеді.
Этика және құндылықтар: - қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды түсіндіреді; - кәсіптік қызметінде дәлдікпен қолданады; - өзге халықтардың мәдениетіне толерантты.
Қоғам және кәсіби ортада коммуникативті дағдыларды қолдану: - қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология саласындағы білімдерді қолданады; - конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады; - көпмәдениетті, көпэтикалы, копконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты.
Білімдік қызмет саласында: - заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданады; - нәтижеге жету үшін іс-әрекеттерді нұсқауларға сәйкес орындайды, дағдысын көрсетеді; - өзінің кәсіби әрекетін химия-биология пәндері мазмұнымен оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлайды; - білім беру іс-әрекетін ұйымдастыруда өз көзқарасы мен идеалын жақтауда жоғары сенім көрсетеді.
Эксперименттік зерттеу қызметі: - химия-биология бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық және химиялық, биологиялық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді; - заманауи эксперименттік, ақпараттық техникалық құралдар, химия мен биологияны оқыту технологиялары мен жолдарын өз бетінше меңгереді.
Зерттеушілік: - химия-биологиялық эксперименттік тәжірибелерді сауатты кәсіптік деңгейде жүргізе біледі; - химия-биология ғылымдарының әлеуметтік және экономимикалық дамуындағы рөлін бағалайды; - білім алушының өзін-өзі дамуын, тәжірибелік дағдыларды қаншалықты игергенін және химия-биологиядан алған білімдерін бағалайды;
Кәсіптік білім: - химия және биологиялық эксперимент нәтижелерін өңдеуде математикалық формулалар мен негізгі ережелерін сыни тұрғысында талдау; - оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын, виртуальды зертханаларда тиімді пайдаланып, оқу тәжірибелік жұмыстарда қолдану.
Кәсіптік тәрбие: -жаратылыстану бағытында білім алушылардың жеке тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін практикада көрсету.