8D08675 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау және білім беру саласында іргелі әдіснамалық және зерттеушілік терең білімі бар, сонымен қатар суармалы егіншіліктің тұрақты дамуы және табысты жұмыс істеуі үшін геоақпараттық жүйені пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқаруға қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D137 Су ресурстары және суды пайдалану
-
Білім беру саласы 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 8D086 Су ресурстары және суды пайдалану
Пәндер
-
Ауылшаруашылығында инновациялық су үнемдеу технологиялары
Өндіріске инновацияларды енгізудің қазіргі заманғы өндірістік кластерлік жолдарына көшу жолдарын зерделеу, инновациялық қызметті әзірлеу және өндіріске озық су үнемдеу технологияларын енгізуді меңгереді. Ауылшаруашылығында суды үнемдеудің инновациялық технологиясын пайдалану, дақылдардың суару режімін және әдістерін есептеу және құрастыру, оларға өзгерістер енгізуді үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Климат өзгерісінің ауылшаруашылығы дақылдар өндірісіне әсері
Қазіргі таңдағы климат өзгерісінің ауылшаруашылығы дақылдар өндірісіне әсерін бағалау және оны тиімді шешу жолдары туралы білім беру. Жасыл экономика мен жаһандық және ұлттық масштабтағы тұрақты дамудың өзара байланысын зерттеу; климатты және оның дақылдарды өндіруге, дақылдардың өнімділігі мен биологиялық дамуына әсерін зерттеу міндеттерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Өзен бассейндерінің су жинағыштарын кешенді мелиорациялау
Өзен бассейндерінің су жинағыштарын кешенді мелиорациялау саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық теңгерімді сақтау және мелиорациялық шараларды жүзеге асыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мелиоративтік жүйенің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұл пәнде мелиоративтік жүйелердің экологиялық қауіпсіздігін бағалау мен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Жасанды интеллект технологияларын (машиналық оқыту, нейрондық желілер, сараптамалық жүйелер) қолдану арқылы қоршаған ортаға әсерін болжау, ластану қауіптерін анықтау және қауіпсіздік шараларын оңтайландыру жолдары зерттеледі. Сонымен қатар, нақты уақыттағы деректерді талдау, интеллектуалды басқару шешімдерін қабылдау әдістері меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мелиорациядағы геоинформациялық жүйе
Деректер базасын құруға жəне ауылшаруашылық егістерін, жерді мелиорациялауға қатысты ақпараттарды əрі қарай өңдеуге MapInfo бағдарламасын қолдана отырып дағдылануға үйрету. Мелиорацияда пайдаланылатын карталарды жүйелі түрде құрастыру және пайдалану шегін геоинформациялық технологиялар мен жер-ақпараттық жүйе негізінде пайдалана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Ғылыми агрономияның әдістері. Ғылыми зерттеудің мәні және қағидалары; бақылаулар және эксперимент. Агрономиялық зерттеулер әдістерінің жіктелуі және сипаттамасы. Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар. Танапық тәжірибенің әдістемесі және оны құраушы элементтер жайлы түсінік: танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтерінің эксперимент қателігіне әсері. Нұсқаларды орналастыру әдістері: жүйелік, стандарттық және рендомизирленген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Пәннің мақсаты - ғылыми жазу, жариялау қызметі және рецензиялау дағдыларын дамытуға бағытталған. Ғылыми мақалаларды құрылымдауға, сілтемелерді рәсімдеуге, дәлелдерге, халықаралық ғылыми басылымдардың стилистикасы мен талаптарына, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені, негізгі бөлімдерді, қорытындыны жазу, сондай-ақ академиялық жазу мен рецензиялау этикасына ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дәйексөз индексі жоғары жарияланымдарда бірегей зерттеу жұмыстарын орындау, зерттеу міндеттерін шешу әдістерін іздеу және таңдау, озық және инновациялық су үнемдеу технологияларын енгізу кезінде академиялық және ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын дамытады, сондай-ақ өзен бассейнінің су жинауын кешенді мелиорациялаудың оңтайлы түрін ұсынуға қабілетті
- Мелиорацияда қолданылатын карталарды жүйелі түрде әзірлейді және технологиялар мен жер-ақпараттық жүйелер негізінде алынған геоақпараттық деректерді пайдалана алады
- Мелиорациялық және су шаруашылығы жүйелерін зерттеу нәтижелерін түсіндіруді орындай алады, мелиорациядағы экологиялық қауіпсіз технологияларға талдау жасай алады. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, математикалық модельдеу, математикалық статистика, имитациялық модельдеу және ғылыми зерттеулер әдістері негізінде құрылыстарды жобалау
- Қазіргі ғылыми және практикалық міндеттерді тұжырымдай және шеше алады, шаруашылық-экономикалық қызмет нәтижесінде пайда болатын топырақ-мелиорация және климаттық жағдайлардағы өзгерістерді, олардың табиғи және шаруашылық-экономикалық жағдайлармен байланысын зерттей алады.
- Мелиоративтік жүйелердің экологиялық қауіпсіздігін бағалау және басқару үдерістерінде жасанды интеллект әдістерін қолданып, деректерді талдау мен тиімді шешім қабылдауды жүзеге асыра білу.