Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M03117 Саясаттану в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - ХХІ ғасырдағы күрделі халықаралық қатынастар жағдайындағы Қазақстан жас мемлекетінің қауіпсіздігін әлемдік сахнада қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындау; - ТМД елдер арасында, түркі тілдес мемлекеттермен және көрші Орталық Азия халықтарымен тығыз қарым-қатынас орната білетін жігерлі жас ғалымдарды әзірлеу; - Қазіргі халықаралық қатынастарда ел мүддесін дипломатиялық жолмен қорғай алатын үш тілді еркін меңгерген жас отансүйгіштерді тиісті деңгейде біліммен қаруландыру; сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау; - Әлемдік сахнада популизм, экстремизм, терроризм секілді қауіп-қатерлерге қарсы белсене төтеп бере алатын мамандарды тәрбилеу; - Кәсіби білімнің іргетасы ретінде саясаттану мамандығына сай базалық білімді практикалық тұрғыдан меңгеруге және ұдайы жетілдіруге, зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті саясаттану маманын даярлау. - 7М031 – Әлеуметтік ғылымдар (Саясаттану) білім беру бағдарламасы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы саясаттану теориясы мен практикасын меңгеруді қамтамасыз ету.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M063 Саясаттану және конфликтология
  • Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Top