Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04118 Экономика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сала және сфера экономикасы

    Пәннің мақсаты өндіріс процесінде саланың ерекшеліктерін, орны мен рөлін, салалар бойынша тұрақты даму негіздерін, салалық бөліністегі экономиканы басқару ерекшеліктерін ескере отырып, өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың модельдері мен әдістерін қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру әр түрлі даму стратегияларын бағалай отырып, саланы дамытуды жеделдету бойынша шаралар ұсыныстарын әзірлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кеңістіктік экономика және кластерлер

    Пәннің мақсаты кеңістіктік экономиканың классикалық және қазіргі заманғы модельдері, салалық тұрғыда экономиканы басқарудың ғылыми тәсілдері және экономика салаларын дамыту стратегиялары туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу білім алушыларда кәсіпорындардың микро және макро ортасының өңірлік теңсіздіктерінің себептерін кәсіби талдау қабілеттерін, сондай-ақ кеңістіктік даму саясатын және бизнестің тиімділігін бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Энергия және ресурстарды үнемдеу экономикасы

    Пәннің мақсаты кәсіпорынның экономикалық тұрғыдан тиімді энерго және ресурс үнемдеуді көздейдін инновациялық стратегияларды айқындау, отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, тиімді энергия көздерін қалыптастырудың экономикалық шаралар кешенін негіздеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді меңгеру кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын қамти отырып, экономикалық тұрғыдан тиімді ресурсты үнемдеу стратегиясы мен тактикасын айқындау, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған, жаңа енгізілімдерді басқару дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты этика ережелерін сақтап, экономикалық пәндерді оқыту, оқу сабақтарын жоспарлау мен өткізу әдістерін таңдау, теориялық және практикалық білімді өз бетінше пайдалана отырып, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыру, оқытудың жоғары теориялық деңгейін, қатаң ғылымилықты, материалды баяндаудың айқындылығы мен табыстылығын қамтамасыз ете отырып, зерттеу міндеттерін шешу, экономиканың түрлі салаларында кәсіби және педагогикалық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы экономика

    Пәннің мақсаты шаруашылық жүргізу субъектілерін, кәсіпорындардың қызмет етуінің экономикалық, құқықтық ортасын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикасының негіздерін, кәсіпорынның микро, макро ортасын, ресурстар мен кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады. Пәнді меңгеру әлеуметтік-экономикалық жүйе ерекшеліктерін негізге ала отырып, болашаққа кәсіпорынның даму стратегиясын айқындап, экономикалық көрсеткіштерді есептеу мен экономикалық ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Микро-макроэкономикалық талдау

    Пәннің мақсаты экономикалық субъектілердің нарықтық қатынастар жағдайындағы экономикалық мінез-құлқын, түсіндіре білу және шектеулі ресурстармен ұтымды шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру болып табылады. Пәнді меңгеру микро және макро деңгейде болып жатқан процестерді талдау және болжау, сондай-ақ микро және макро талдау модельдерін қалыптастыра отырып, салалық тұрғыда тұрақты дамудың экономикалық ұсыныстарын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фирманың экономикалық қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты экономикалық қауіпсіздіктің рөлі мен принциптерін, фирма қауіпсіздігінің технико-экономикалық негіздері мен экономикалық қауіпсіздік саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Осы пәнді оқу кезінде білімгерлер анықталған ауытқулардың, бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарын зерттеп, қажетті экономикалық көрсеткіштерді анықтай алады, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша экономикалық ұсыныстарды тұжырымдайды және жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи экономикалық саясат

    Пәннің мақсаты мемлекеттің экономикалық саясатының әдіснамалық және қолданбалы аспектілерін және оны әртүрлі әлеуметтік жүйелерде жүзеге асыру механизмін игеру, стратегиялық бағыттарды талдау мен анықтау және экономикалық тұжырымдамаларға сыни талдау жүргізу болып табылады. Магистрантта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, экономикалық дамудың негізгі үрдістерін анықтау және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба.

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Бизнестің тиімділігін бағалау

    Пәннің мақсаты бизнестің тиімділігін бағалау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, деректерді өңдеу мен талдаудың кең құралдарын қолдана отырып, бизнес тиімділігін аналитикалық бағалау әдіснамасын меңгеру, кешенді техникалық-экономикалық талдау жүргізу үшін өзіндік модельдері мен әдістерін әзірлеу болып табылады. Магистрантта бизнес тиімділігін аналитикалық бағалаудың практикалық дағдыларын игере отырып, қажетті экономикалық көрсеткіштерді анықтау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі

    Пәннің мақсаты еліміздің салыстырмалы ұлттық артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, тек сапалық көрсеткіштерін арттыру арқылы, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегияны таңдау негізінде бәсекелі индустриялық қоғам негіздерін құруды меңгеру. Пәнді меңгеру бәсекелестік қатынастарды реттеудің сараланған, тексерілген тұжырымдамасы негізінде бәсекеге қабілетті экономикалық дамудың негізгі үрдістерін анықтай отырып, экономика салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Инновациялық экономика 4.0

    Пәннің мақсаты инновациялық экономиканың даму ерекшеліктерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін зерттеу, заманауи кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ететін инновациялық мінез-құлық стратегиясын және инновациялық бизнес-жоспарларды құруды меңгеру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде экономикалық даму тенденцияларын анықтай отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыру және экономикадағы инновацияларды басқару мен проблемаларды зерттеуде тиімді шешімдер қабылдау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тұрақты даму экономикасы

    Пәннің мақсаты негізі жасыл экономиканы қалыптастыру болып табылатын тұрақты даму туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, тұрақты даму теориясының негіздерін, тұрақты дамудың ұлттық және жаһандық проблемаларын зерттеуде тиімді шешім қабылдау және экономикалық ұсыныстарды тұжырымдау мен жүзеге асыру болып табылады. Пәнді меңгеру адамзаттық өркениеттің дамуының қазіргі кезеңінде қоғам талап еткен жаңа экологиялық-экономикалық ойлау қабілетіне ие білімгерлерді дайындауды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлемдік экономикадағы Қазақстан

    Пәннің мақсаты отандық экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған елімізде болып жатқан өзгерістерді бағалау, әлемдік экономиканың даму перспективасын талдау, ұлттық және әлемдік экономикадағы проблемаларды зерттеп, әлемде болып жатқан экономикалық процестердің мәнін түсіну және алынған білімді шаруашылық практикада пайдалануға мүмкіндік беретін экономиканың түрлі салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыратын мамандарды дайындау болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жаһандық әлемдегі экономикалық саясат

    Пәннің мақсаты жаһандану жағдайындағы ұлттық экономиканың секторлары мен салаларының өзара байланысын түсіну, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді зерттеудің тұжырымдамаларын сын көзбен талдап, баға беру, жаһандық экономика мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, экономикалық жүйенің жаһандық проблемаларын зерттеуде тиімді шешім қабылдап, экономикалық саясатты жүзеге асыру бойынша дағдыларды игеру мен кәсіби қызметті жүзеге асыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Халықаралық бизнес

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарда әлемдік өркениеттің дамуының қазіргі кезеңінде экономикалық даму заңдылықтары мен көріну нысандарын біле отырып, халықаралық бизнес саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ұлттық және әлемдік экономикадағы жаһандық проблемаларды зерттеуде тиімді шешім қабылдап, халықаралық бизнестің тиімділігін бағалау мен осы салада кәсіби қызметті жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
  • Экономиканың даму заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын біліп, деректерді өңдеу мен талдаудың кең құралдарын қолданып, әлеуметтік – экономикалық үдерістерді зерттеудің қолданыстағы тұжырымдамаларын сын көзбен талдап, алынған нәтижелерді өңдеп, оған баға бере отырып, экономика мен басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді
  • Салалық тұрғыда экономиканы басқару мен тұрақты даму негіздерін біліп, кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын таңдап, инновациялық кәсіпорындарды құру және жаңа енгізілімдерді басқару тетіктерін талдай отырып экономикалық ұсыныстарды тұжырымдайды және жүзеге асырады
  • Экономикалық сараптама мәселелерінде өзіндік модельдері мен әдістерін қалыптастырып, кәсіпорынның және саланың әр түрлі стратегияларын, микро, макро ортасын, экономикалық қауіпсіздіктің ерекшелігін, бизнестің тиімділігін бағалай отырып, қажетті экономикалық көрсеткіштерді табады
  • Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесін біле отырып, ұлттық және әлемдік экономикадағы жаһандық проблемаларды зерттеуде тиімді шешімдер қабылдап, экономикалық дамудың негізгі үрдістерін анықтай отырып, экономиканың түрлі салаларында педагогикалық және кәсіби қызметті жүзеге асырады
Top