Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D06106 Ақпараттық жүйелер (Ғылым Ордасы) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды олардың сұраныстары мен елдің даму перспективаларына сәйкес интеллектуалды ақпараттық технологиялар, үлкен деректер технологиялары, интеллектуалды талдау және басқару, Машиналық оқыту, интеллектуалды басқару жүйелері және шешімдер қабылдау саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D094 Ақпараттық технологиялар
-
Білім беру саласы 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Деректерді интеллектуалды талдау технологиясы
Академиялық жазу
Ғылыми зерттеудің әдістері
Ақпараттық процесстер мен технологияларды моделдеу мен зерттеу әдістері
Іздеу жүйелеріне арналған терең оқыту
АЖ күрделі жүйелерді оңтайландыру мен математикалық моделдеу
Интеллектуалды ақпараттық жүйелерді құру мен ендіру
Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру
Оқыту нәтижелері
- Сандық, графикалық деректерді интеллектуалды әдістермен өңдей отырып, ақпараттық технологиялар саласында эксперименттік зерттеулер жүргізу;
- АЖ талдау, жобалау, құру, тестілеу және интеграциялау, енгізу, сүйемелдеу және дамыту негізінде қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде интеллектуалды өнімдерді құру;
- АТ-ның ғылыми және техникалық құралдарын пайдалана отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде математикалық модельдер құру;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, оның ішінде интеллектуалды басқару және шешім қабылдау жүйелері, жасанды интеллект, machine learning, интеллектуалды робототехникалық жүйелер, жоғары өнімді есептеу технологиялары саласында сараптамалық қорытынды жасау;
- Стратегиялық, жобалық және инновациялық менеджментті пайдалана отырып, ғылыми мекемелерде бәсекелестік жағдайында жұмыстарды ұйымдастыру бойынша басқару стратегиялары мен программаларын құру;
- Жаңа идеяларды жетілдіру арқылы стартаптарды дамыту;
- Нақты зерттеу міндеттерін шешу үшін дербес ғылыми-зерттеу қызметі негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ғылыми жобаларды дайындау;
- Жоғары импакт-факторы бар ғылыми жарияланымдарды ағылшын тілінде таныстыру;
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, әртүрлі халықаралық конференцияларға, форумдарға және ғылыми семинарларға қатысуды апробациялау;
- Ғылыми зерттеулер нәтижелерін модельдер, программалық өнімдер, жаңа технологиялар, әдістемелер, техникалық құжаттама, мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар, өндіріске, ғылым және білім беру қызметіне ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер енгізу;
- Енгізілген нәтижелердің өмірлік циклына мониторинг жүргізу;
- Заманауи, цифрлық, педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша офлайн және онлайн форматта оқу сабақтарын өткізу;
- Заманауи білім беруді дамыту мақсатында оқу процесіне инновациялық оқыту технологияларын енгізу.