Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01700 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістері ###
    Несиелер: 3

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдер жүйесі және әдістер жіктемесі. Әдебиет сабағындағы оқу жабдықтары. Дидактикалық материалдар мен көрнекілік түрлері. Сабақ және оған қойылатын талаптар, әдебиет сабағын жоспарлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім ортасы мен білім алушының үндесуі (Құқық негіздері, Коррупцияға қарсы мәдениет, Ұлтаралық келісім, 1 курс семинары).
    Несиелер: 5

    Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі. Құқық салалары. Сыбайлас жемқорлық түсінігінің теориялық-методологиялық негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптасуы. Мәдениаралық коммуникацияның негізгі аксиомалары. Ұлтаралық коммуникациянын құрылымы мен детерминанттары. Ұлтаралық коммуникация саласындағы заманауи иновациялық үрдістер. Кредиттік оқыту технологиясынын негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе және жалпы тіл білімі ###
    Несиелер: 4

    Тіл білімінің зерттеу обьектісі мен мәселелері, тіл - қоғамдық құбылыс, тілдік таңбалар, тілдік құрылым және жүйе, тілдің шығуы туралы теориялар, тілдердің дифференциялануы, тілдердің типологиялық-генеологиялық классификациясы. Үндістан, Греция, Араб тіл білімі, қайта өркендеу дәуірі, салыстырмалы-тарихи тіл білімі, Ф.де Соссюрдің тілдік концепциялары, ХХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер, Прага мектебі, Копенгаген мектебі, дескриптивтік мектеп, Н.Я.Марр концепциясы мен қағидалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін, ЖОО оқытушысының педагогикалық қызметінің мәнін, болашақ маманды кәсіби даярлаудағы пәндік білімнің рөлін; өзіндік кәсіби қызметін талдау және өзін-өзі анықтау тәсілдерінің субъектілерін; педагогикалық теориялардың педагогикалық фактілерін, құбылыстарын, оқиғалары мен заңдылықтарын, түсіндіруді, болжауды және дамытуды, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен тәрбиелеу процесінде шығармашылық-дамытушы ортаны құрастыруды зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психология негіздері
    Несиелер: 5

    Психология ғылымының негізгі түсініктері мен заманауи мәселелері. Психологияның қалыптасу кезеңдері. Психологияның міндеттері мен әдістері. Психика, сана және өзіндік сана. Жоғары психикалық функциялар. Психикалық танымдық процестер: түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял. Психикалық күйлер және реттеушілік процестер: зейін, эмоция, сезім, ерік. Психикалық қасиеттер: бағыттылық, темперамент, мінез, қабілет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Нормативті қазақ тілі###
    Несиелер: 4

    Нормативті фонетика, нормативті лексика, нормативті грамматика, тілдің нормалану заңдылықтары, тілдің нормалануының қазіргі жайы т.б. теориялық мәселелерді оқытып, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге практикалық жақтан дағдыландырып,кешенді тілдік талдаулар жүргізіледі. Қазақ тілінің негізгі құрылымдық жүйесі, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері жан-жақты анықталып, фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық білім меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тексті лингвистикалық талдау ###
    Несиелер: 4

    Көркем мәтінге лингвистикалық талдау пәні, мақсат-міндеттері, Көркем мәтінді талдау үлгілері, Көркем мәтінді әдеби тіл нормалары қатысы тұрғысынан талдау, Көркем мәтінді мағыналық жағынан талдау, Мәтінді жазушы шеберлігін айқындау тұрғысынан талдау, Айшықтау құралдарының мәтіндегі қолданысы, Троптардың мәтіндегі қолданысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Орфография, пунктуация және Латын әліпбиі ###
    Несиелер: 4

    Орфография және пунктуация пәніне кіріспе. Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі. Бірге және бөлек жазылатын сөздер. Қосымшалардың жазылуы. Бас әріп емлесі. Шылау сөздердің жазылуы және сөздердің тасымалдануы. Тыныс белгілер. Тыныс белгілерін қоюда сүйенетін принциптер. Сөйлем соңында, ішінде қойылатын тыныс белгілер. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі. Латын графикасының ерекшелігі мен емле-ережелер жиынтығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау. Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдеби аударма негіздері ###
    Несиелер: 3

    Әдеби аударма негіздері. Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы. Әдеби аударма тәсілдері. Әдеби аударма бірліктері. Әдеби аударма барысындағы өзгеріс түрлері. Аудармадағы транскрипция. Аударманың стилистикалық тәсілдері. Стиль және аударма. Сюжет және аударма. Жанр және аударма. Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 3

    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының философиялық негіздері. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялықнегіздері. Рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының қағидалары. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» мазмұнының негізі. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, өзін-өзі танудың мақсаты. Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы қағидасы. Қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі. Өзін-өзі тану мен басқа пәндердің интеграциясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы ###
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі үндесім заңдылығы, дыбыс, әріп, фонема, буын, дауыс ырғағы, екпін, дыбыстардың өзгеруі, игерусіз өзгерістер, графика және орфография, орфоэпия, норма.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер ###
    Несиелер: 5

    Әдебиеттануға кіріспе - көркем сөз болмысын зерттейтін әдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Көркем әдебиеттің табиғаты. Өнердегі типтілік,типтендіру түрлері. Көркем шығарма және оның құрылысы. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Әдеби процесс. Фольклордың ерекшеліктері. Ауыз әдебиетінің түрлері. Фольклордағы ертегілердің классификациясы. Фольклордағы шешендік сөздер. Фольклордағы аңыз және оның түрлері. Фольклордағы эпостық, лиро-эпостық жырлар. Фольклордағы айтыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе ###
    Несиелер: 5

    Әдебиеттанудың негізгі мәселелері, көркем әдебиет, әдебиеттің халықтығы, дәстүр және жаңашылдық мәселесі, әдебиеттің тектері мен түрлері, эпикалық шығармалардың түрлері, лирикалық тек, драмалық тек, көркемдік әдіс, әдеби бағыт, ағымдар, әдеби стиль, өнер мен әдебиет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті ###
    Несиелер: 4

    ХІХ ғасыр әдебиеті ұлттық әдебиеттің жаңа кезеңге, яғни жазба әдебиетке бет алған кезеңі саналады. Батыс әдебиетімен тығыз қарым-қатынасқа түскен қазақ әдебиеті түр, мазмұн жағынан түрленіп, жаңа тақырып, жаңа идея жолындағы ізденіске түсті. Зар заман ақындары шығармашылығы, ағартушы-демократ ақындар шығармашылығы, айтыскер ақындар шығармашылығы, әнші ақындар шығармашылығы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлем әдебиеті ###
    Несиелер: 3

    Әлем әдебиетінің тарихы мен қоғамда алатын орны, отандық тілге аударылған көркем шығармалар арқылы студенттерді тарихи-әдеби процестердің негізгі ерекшеліктерін, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүние танымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктері төңірегінде өз бетінше талдауға, салыстырмалы талдау жасауға баулу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шетел әдебиетінің тарихы ###
    Несиелер: 3

    Грек әдебиеті. Архаикалық кезең,өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері. Классикалық кезең (б.д.д. У-ІУ ғ.ғ.). Эллинистикалық кезең (б.д.д. ІІІ-І ғ.). Орта ғасырлық Еуропалык рыцарлық әдебиет. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет. Италиядағы қайта өрлеу кезеңі. Француз әдебиеті. Испаниядағы әдеби дамудың дәуірлеуі, оның өкілдері, шығармаларындағы эпикалық мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани сабақтастық
    Несиелер: 3

    Қазақ руханиятының қалыптасуының алғышарттары мен бастаулары. Түркілер өркениетінің ислам өркение-тімен байланысы және сабақтастығы. Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасының басты салалары және олардың рухани құндылығы мен маңызы. Орта ғасырлардағы түркілік мұсылман ойшылдары және олардың ілімдеріндегі рухани құндылықтар. М.Х.Дулатидың тарих философиясын-дағы рухани-адамгершілік бағдарлар. Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар. Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының даму кезеңі ретінде.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлт дәстүрлері
    Несиелер: 3

    Ұлт дәстүрлерінің тәлімдік, тәрбиелік мәні мен маңызы. Ұлт дәстүрлерінің зерттелу жайы. Ұлт дәстүрлерінің қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік қатынастарды реттеуге тигізетін ықпалы. Салт-дәстүрлердің түрлері. Дәстүрдің ұлттық дүниетанымдағы орны. Дәстүр және ұлт, ұлыс, адам түсініктерінің байланысы. Салт-дәстүрлердің ұлттық әдебиеттегі көрінісі. Түркілік өркениеттің ұлттық дәстүрдегі интеграциялық әлеуеті. Ұлттық дәстүр құқық және заң аясында.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Менеджмент басқару туралы ғылым. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау. Әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау. Педагогикалық ұжым басқарудың обьектісі және субьектісі ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы. Білім беру менеджерлерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көне түркі әдеби мұралары және орта ғасырдағы жыраулар дәстүрі ###
    Несиелер: 5

    Көне түркі халықтарының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХХ ғасыр I жартысындағы қазақ әдебиеті ###
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның ел руханиятындағы көрінісі. Ұлттық баспасөз және әдебиет. Шығыстық-ағартушылық бағдардағы ақын-жазушылар шығармашылығы. Батыстық-ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы. Ұлттық саяси күрестің әдебиеттегі көрінісі. Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы. ХХ ғасырдың І жартысындағы оқу-ағарту мәселелерінің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бауыржантану
    Несиелер: 3

    Б.Момышұлының өмірі, қаламгер ретінде қалыптасу жолдары. Б.Момышұлы шығармалары. Б.Момышұлының күнделіктері мен естеліктері, мақал-мәтелдері мен афоризмдері, публицистикасы мен әңгімелері, хаттарының өзі қазақ сөз арнау тарихындағы ерекше соны жаңалық екендігі. Баласы Б.Момышұлының «Восхождение к отцу», «Во имя отца» еңбектері бала тәрбиесіне аса қажет құрал бола алатындығы. Б.Момышұлы туралы шығармалар мен ондағы батыр бейнесі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өлкетану
    Несиелер: 3

    Өз аймағының табиғаты, халқы, экономикасы, тарихы мен мәдениетін зерттеу және жан-жақты білу; оның табиғи, экономикалық және мәдени ресурстарын, географиялық, этнографиялық және демографиялық сипаттамаларын, тарихын, әлеуметтік өмірі мен даму перспективаларын ескеру; туған жер тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен үй тұрмысы; аймақтағы археологиялық орындар; өлкетанудың мәні мен маңызы, өлкетану жұмысының негізгі формалары мен әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дулатитану
    Несиелер: 3

    Тарихшы, дипломат, қоғам қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір жолын, қызметі мен шығармашылығын, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметінің прогрессивті, ізгілікті табиғатын зерттеу. Тарих-и-Рашидидің тәрбиелік рөлі; ұлы ғалымның шығармашылық мұрасы мен рухани құндылығының негізгі аспектілерін талдау; М.Х.Дулатидің "Тарих - и – Рашиди" еңбегінің Қазақ хандығының құрылу тарихындағы тарихи маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның сакралды географиясы
    Несиелер: 3

    Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін зерттеу және қазақстандық мәдениетті танымал ету, оның рөлін анықтау; негізгі түсініктер; Қазақстандағы қасиетті орындардың орналасуы; Қазақстандағы қалыптан тыс және жұмбақ орындар; археологиялық және сәулет ескерткіштері; діни және табынушылық нысандар; тарихи тұлғалармен байланысты қасиетті орындар. Қазақстанның тарихи-мәдени, қасиетті, туристік жерлеріне экспедициялар ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті (курстық жұмыс) ###
    Несиелер: 5

    Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. Оғыз дәуіріндегі әдебиет. Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет. Алтын Орда әдебиеті. Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер. Қазақ хандық дәуір әдебиетінің даму, қалыптасу бағыттары, жиналу, зерттелу жайы және көркемдік ерекшеліктері. ХҮ, ХҮІ, ХҮІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті т.б. жайлы толымды білім беретін бірден-бір пән.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексика-фразеологиясы ###
    Несиелер: 4

    Лексикологияның жалпы мәселері, сөз және оған тән белгілер, сөз мағынасы және оның түрлері, Қазақ лексикасының құрамы мен шығу арналары, эвфемизмдер, дисфемизмдер, қазақ тілінің фразеологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Бағалау критерийлері. Қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау әдістері. Бағалау құралдары. Дескрипторлар. Жалпы ішкі балл. Бөлімнің жалпы бағасы. Жалпы сыртқы бағалау. Оқушылардың үлгерімі туралы есеп. Портфолио. Модерация. Ата-анаңызбен жұмыс жасаңыз. Студенттің жеке жұмысы. Оқушы дамуының жеке траекториясын түзету. Оқушылардың ынтасы. Рефлексия. Рефлексиялық есеп. Қашықтықтан оқытуда бағалау құралдарын жасау және қолдану

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ###
    Несиелер: 5

    Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны; мақсаты мен міндеттері. Әдеби білім кезеңдері. Көркем шығарманы оқыту мен талдау әдістемесі. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологиялары. Эпикалық, лирикалық және драмалық шығармаларды оқыту жолдары. Қашықтықтан және жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Инклюзивті білім беру жағдайындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі ###
    Несиелер: 4

    Негізгі грамматикалық ұғымдар. Қазақ тіліндегі түбір және қосымша морфемалар. Түбір морфема мен негіз. Қосымшалардың мағыналық, құрамдық ерекшеліктері. Аффикстік морфемалар және оның түрлері. Қосымшалардың грамматикалық және семантикалық ерекшелігі. Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі. Жұрнақтардық құрамы. Жалғаулар, түрлері, қызметі. Қосымшалардың морфонологияға қатысы және морфема жігіндегі диссимиляциялық құбылыстар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі ###
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары. Қазақ тілін оқытудың формалары, түрлері. Қазақ тілі салалары бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесі. Фонетиканы оқыту. Орфография, орфоэпияны оқыту. Лексиканы оқыту. Фразеологияны оқыту. Сөзжасамды оқыту. Морфологияны оқыту. Синтаксисті оқыту. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары. Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сала экономикасы
    Несиелер: 3

    Саланың ұлттық экономика жүйесіндегіорны мен рөлі, негізгіжәнеайналымкапиталыныңерекшелігінегізгібуыныретіндекәсіпорынныңмәні мен түрлері; саланыңэкономикалықресурстарыжәнеолардыпайдаланукөрсеткіштері, өндірістиімділігініңөсуініңнегізгібағыттары мен саланыңтехникалық, экономикалықжәнеәлеуметтік даму перспективалары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семасиологиясы###
    Несиелер: 4

    Сөз – лексикалық бірлік. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы. Лексикалық мағынананың құрылысы. Денотаттық мағына. Сигнификаттық мағына. Эмоциялық мағына. Парадигмалық мағына. Синтагмалық мағына. Ауыспалы мағыналар. Троптың түрлері. Көп мағыналылық. Тура номинативті, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты мағыналар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ антропонимдерінің сөзжасамы ###
    Несиелер: 4

    Сөзжасамның зерттеу объектілерін, қазақ тіліндегі антропонимдердің даму және қалыптасу жүйесін, қазақ есімдеріне қатысты жазба шежірелердегі кісі есімдерінің сөзжасамдық парадигмасы мен синтагмасын, сөзжасамдық мағынасын, кісі есімдерінің жасалуының негізділігін меңгеру, сондай-ақ, қазіргі кісі есімдерінің жасалу жолдарын сөзжасамдық аспектіде бағдарлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы ###
    Несиелер: 4

    Грамматика және оның салалары, негізгі грамматикалық ұғымдар, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, жұрнақтар мен жалғаулар, сөз формалары мен жасалу тәсілдері, дара сөз, түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз және оның түрлері, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптары, зат есім, көмекші есімдер, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай, модаль сөздер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы ###
    Несиелер: 4

    Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам саласы бойынша барлық білім негіздерін меңгеру, сөзжасам саласының шығуы, оның тілдің басқа салалармен байланысы, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, туынды сөздер, сөзжасамдық ұя, сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамның заңдылықтары мәселелерін бағдарлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 3

    Ғылым ретінде экологияның даму тарихын және экологияның басқа ғылым салаларымен байланысын айқындау. Мәселелерді зерттеуге кешенді көзқарас негізінде ғаламшардың экологиялық дағдарысы және адамзаттың тұрақты даму болашағы туралы білімді игеру. Курс студенттердің адамзаттың тұрақты дамуының геологиялық, биологиялық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және саяси факторларын жан-жақты талдау дағдыларын игеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Климаттың өзгеруі және "жасыл экономика
    Несиелер: 3

    Климаттың негізгі ұғымдарын, климаттың ерекшеліктерін, климаттың өзгерісімен «жасыл» экономикамен өзара байланысын, ҚР мен әлемде климаттың өзгерісіне бейімделуін, парникті газдардың сипаттамасы мен климаттың өзгерісіне ролін, экожүйеге климаттың өзгерісінің салдарларын, «жасыл» экономика ұсынатын қалдықтар мәселесін шешудің жолдарын үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби эстетика ###
    Несиелер: 4

    Әдеби шығармашылықтың табиғаты, қоғамдық ролі, талдап-танудың әдіснамасы, методикасы қарастырылады; Әдебиет теориясы мен эстетиканың көне дәуірлердегі қалыптасуы; Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері; Әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері; Эстетикалық сананың кемелденуіндегі интеллектуалды-шығармашылықтың маңызы; Әлемдік әдеби сынның эстетикасы; Батыс еуропа әдеби әлеміндегі жаңашылдық пен әдеби сыншылдық көзқарас бастаулары; Тұрпайы социология және ұлттық әдебиеттің эстетикалық даму тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 3

    Адам мен қоршаған ортаны техносферадағы жағымсыз факторлардың әсерінен қорғау; адамның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде оның қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы күрделі оқиғаларды, төтенше жағдайларды, процестерді, құбылыстарды жіктеу және жүйелеу, сондай-ақ сүмкін болатын қауіптер мен қатерлердің алдын алу, оқшаулау және жою бойынша шараларды әзірлеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік іс
    Несиелер: 4

    Кәсіпкерліктің негізгі тұжырымдамалары, кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен ұйымдық нысандары, кәсіпкерлік идеяны және оны іске асырудың бизнес-моделі мен бизнес-жоспарын әзірлеу, кәсіпкерлік мәдениеті және кәсіпкердің іскерлік мінез-құлық қағидаттары; қоғамның инновациялық дамуындағы кәсіпкерліктің рөлі

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілі (Латынша жазу)
    Несиелер: 2

    Латын әліпбилі қазақ жазуының тарихы. Латынша жазуды меңгертудің теориялық және практикалық мақсаттары. Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертудің әдіснамасы мен теориялық қағидаттары. Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертудің педагогикалық, психологиялық негіздері. Латын әліпбилі қазақ жазуының лингвистикалық негіздері. Латын әліпбилі қазақ жазуын сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту. Латын әліпбилі ұлттық жазудың әдістемелік жүйесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдары мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Қолданбалы программалық қамтамасыздандыру түсінігі, олардың түрлері мен классификациясы.Қашықтықтан оқытудағы оқытушының жұмысының ерекшеліктері. Интерактивті тақта мен панельдерде сабақ әзірлеуге арналған бағдарлама. Сызықтық емес презентация құру. Электрондық оқытуды қолданып білім беру бағдарламаларын іске асыру. Жаппай ашық онлайн курстары.. Оқу нәтижелерін бағалау. Видео дәріслар құру концепциясы, видеоөңдеу элементтері. Архиваторлар және түрлендіргіштер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Конструкторлық құжаттардың графикалық бөлімін AutoCAD бағдарламасында орындау негіздерін игеру; кеңістіктік және логикалық ойлауды дамыту және жетілдіру; бұйымдардың сызбаларын және олардың үшөлшемді үлгілерін әзірлеуге машықтану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 3

    Құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және жұмыс қабілеттілігін сақтау жүйесін қамтамасыз ету; персоналдың әртүрлі санаттары үшін психофизиология, эргономика және еңбек эстетикасы талаптарын ескере отырып, еңбек өнімділігін арттыру және демалыс режимдерін оңтайландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы экономика
    Несиелер: 3

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер экономикасының тұжырымдамалық негіздері, микро және макродеңгейлердегі экономиканың жұмысының негізгі категориялары мен заңдылықтары, бизнес құрылымдарының жұмыс істеуінің экономикалық механизмі, сұраныс пен ұсыныс, икемділік, бәсекелестік және нарық түрлері, үкімет нарыққа араласу, өндірістің экономикалық негіздері мен кәсіпорынның ресурстары, өндіріс пен шығындар, экономикалық тиімділік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі , жүйесі, принциптері; кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары мен нысандары; іскерлік қатынастар; мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негіздері; заңды тұлға түсінігі, кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы; іскерлік міндеттемелер; кәсіпкерлікті техникалық реттеу; кәсіпкерлікті лицензиялау; кәсіпкерлікті монополияға қарсы реттеу; кәсіпкерлікті валюталық реттеудің құқықтық негіздері; кәсіпкерлікті салықтық реттеу негіздері; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; кәсіпкерлердің заңды жауапкершілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандық құқық
    Несиелер: 3

    Конституциялық құқығы, ҚР Әкімшлік құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Кылмыстық құқығы, ҚР Азаматттық іс жүргізу және Қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР Еңбек құқығы және ҚР Экологиялық құқығы, ҚР Қаржы және салық құқығы, ҚР отбасы құқығының негізгі ережелері мен институттары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі ###
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің объектілері, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, түрлері, жай сөйлем синтаксисі, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері, сөәлем мүшелерінің орын тәртібі, айтылу мақсатына сай сөйлем түрлері, жай сөйлемнің құрылымдық типтері, құрмалас сөйлем, салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдер, оқшау сөздер, бөгде сөздер, синтаксистік тұтастық пен мәтін синтаксисі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдебиет теориясы ###
    Несиелер: 4

    Сөз өнерінің табиғаты, әдістері мен методологиясы, көркем әдебиет, дәстүр мен жаңашылдық, әдебиеттің тектері мен түрлері, әдеби бағыттар мен ағымдар, әдеби стиль

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиті сынының тарихы ###
    Несиелер: 3

    Әдебиет сыны – әдеби сын, көркем әдеби сын – әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтейтін әдеби-публицистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі. Әдебиет сыны – аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі – көркем әдебиет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мамандықты оқытудың жекелеген әдістемесі (курстық жұмыс) ###
    Несиелер: 4

    Мамандықты оқытудың жекелеген әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеттері, оқу материалдары мен тың тәсілдер, түрлі әдістемелерді жаңартып отыру, заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану, жаһандану жағдайында рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық сипаты шығармаларды оқыту, ғылыми-тілдік зерттеу еңбектерін оқыту, сөз өнері әдебиеттің алар орнын саралау, ұлттық тілді ел болудың басты факторы ретінде оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалды оқыту
    Несиелер: 3

    Білім беру ұйымдарында саралап оқытуды ұйымдастырудың технологиясы мен принциптері. Дифференциалды оқыту түрлері. Білім алушыларды топтарға бөлу критерийлері: зияткерлік даму деңгейі бойынша; ойлау түрі бойынша; темперамент бойынша; қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша. Саралап оқыту сабағында топтық және жеке жұмыс түрлері. Мұғалімнің рөлі. Оқушылар мен мұғалім үшін артықшылық және негізгі қиындықтар. Саралап оқыту сабағының құрылымы. Дидактикалықматериалдыңдеңгейлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы ###
    Несиелер: 5

    Стилистика ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Тілдің құрылымдық стилистикалық бояуы, оның түрлері. Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Стилистикалық қате туралы ұғым. Стилистиканың зерттеу әдістері. Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері. Қазақ тілінің стилистикалық құралдары. Қазақ тілінің функционалдық стильдері. Көркем әдебиет стилистикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ТҚазақ тілінің терминологиясы мен лексикографиясы ###
    Несиелер: 4

    Қазақ терминологиясы, олардың жасалу әдістері, терминологияның жалпытеориялық мәселелері, қазақ тіліндегі техникалық терминологияның ерекшеліктері, термин сипаттаудың лексикографиялық тәсілдері мен құралдары, морфологиялық-синтаксистік терминжасам бойынша көптеген әдебиеттерді саралау, талдау, жинақтау, ғылыми-зерттеу еңбектерін, оқулықтарды, сөздіктерді пайдалана отырып, қолданыста бар терминдерді жаппай іріктеу, электронды нұсқасын жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Абайдың поэтикалық әлемі ###
    Несиелер: 5

    Абайтанудың ғылыми-теориялық өрісі; Абай шығармашылығының поэтикасы; Қара сөздердегі ой сілемдерін айқындау әдіснамасы; Суреткерлікке тән креативті айшықтар; Абайтанудағы тұрпайы таным; Сопылық поэтикасы; Ойшылдық дүниетаным өрнектері; Лирикаларындағы портрет пен пейзаждың поэтикасы; Қоғамдық-идеологиялық көзқарастары; «Толық адам» концепциясы; «Сыншыл ақыл» теориясы; М.Әуезов тезистерінің концептуалдық мәні; М.Мырзахметұлы зерттеуінің фундаментальдығы; Абай шығармашылығын тану және насихаттау проблематикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы ###
    Несиелер: 4

    Әдеби тіл ұғымы, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері, көне түркі жазба ескерткіштер тілі, халық ауыз әдебиеті үлгілері, орта ғасыр ескерткіштерінің тілі, ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің дамуы, Махамбет, Дулат, Шортанбай және Абай, Ыбырай шығармаларының тілі, қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    ҚР инклюзивті білім берудің құқықтық негізі. Инклюзивті сыныптарға арналған типтік бағдарламалардың ерекшеліктері. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың шетелдік тәжірибесі. Инклюзивті білім беру модельдері. Қазіргі мектепте инклюзивті процесті ұйымдастыру әдістері. Инклюзияны қолданатын мекемелердегі жабдықтарға қойылатын әдістемелік талаптар. Инклюзивті сыныптағы педагогтардың функционалдық міндеттері. Білім беру ортасын модельдеу ерекшеліктері. Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жұмыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Когнитивті лингвистика ###
    Несиелер: 4

    Когнитивті лингвистиканың мақсаты мен міндеттері. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу, даму ерекшеліктері, зерттелу тарихы. Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі. Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы. Таным теориясының тұжырымдамасы, когнитивті лингвистиканың негізгі категориялары. Когнитивті лингвистика және терминология. Когнитизм және когнитология. Когнитологияның жеке тармақтары. Тіл мен сана, тілдік таным және ғаламды зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдеби шығармашылық ###
    Несиелер: 3

    Туған әдебиеттің ұлттық сипатын, халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасының көрісін, көркем әдебиетті оқуға деген шәкірт қызығушылығын оятып, олардың бойында жоғары эстетикалық талғам қалыптастыруды жолға қойып; сөз өнерінің ерекшеліктерін тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болар білім дағдыларын қалыптастыратын курс мақсатының өзі - көркем туындыны ғылыми, әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуді үйретуге негізделді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби пәнді жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту ###
    Несиелер: 4

    Кәсіби пәнді жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттері, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдылары, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруі, мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті саласының негізгі заңдылықтары мен әдістері, ғылымның жаңашыл әдістерін қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
    Несиелер: 4

    Академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, дайындау бағыты бойынша есептерді, ғылыми жобалар мен конкурстарға өтінімдерді құру мен олардың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары; авторлық куәлік алу; жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері; стартап құру; ҒЗЖ коммерцияландыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ баспасөзінің тілі ###
    Несиелер: 4

    БАҚ-ң зерттеу объектілерін, қазақ баспасөзінің зерттелу тарихын, кеңестік дәуірдегі баспасөз тілін, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттерінің даму бағыттарын, қазіргі баспасөздің қоғамдық-ақпараттық сипатын, қазіргі заманға сай қазақ баспасөзінің негізгі мәселелерін дұрыс бағдарлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың екінші жартысы мен Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті ###
    Несиелер: 5

    М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,Ә.Нұршайықов,Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Б.Момышұлы, Ә.Кекілбаев, І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы. Ә.Тәжібаев, Ә.Сәрсембаев, С.Мәуленов, Ғ.Сәрсембаев, М.Мақатаев, Қ.Мырза Әли, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, К.Ахметова, А.Бақтыгереева, И.Оразбаев, М.Жолдасбеков, Е.Жүніс өмірі мен шығармашылығы, поэтикалық көркемдік ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Абайтану ###
    Несиелер: 5

    Абайтану курсы – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ақын шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Абай өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазған өлеңдері, ой-өрнектері, толғаулары. Абайдың эстетикалық тағылымы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абай поэмалары. Көркем аудармалары. Аудармашылық мектеп Абайдың қара сөздерінің жанры мен көркемдік ерекшеліктері. М.Әуезов – Абайтанудың негізін салушы, Абайдың әдеби мектебі, Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON5

    ОН 5. Кәсіпкерлік іс, экономика пәндері жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдыларды меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.

  • Код ON8

    8. Әдебиеттану ғылымының негіздерін, ауыз және шетел әдебиетінің шығармаларын меңгеріп, әдебиеттің даму эволюциясын анықтау. Сөз өнерінің мәні мен маңызын түсініп, шешен сөйлей білудің алғышарттарымен танысу. Жазбаша, ауызша аудару, аударма сапасын жақсарту, әдістерін дамыту, әдеби материалдарды рецензиялау, корректорлық жұмыстар жүргізе білу.

  • Код ON9

    ОН 9. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздерін, принциптерін, мазмұнын айқындап, қазіргі оқу үрдісіндегі инновациялық технологияларды, тиімді интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнына сай қолдану, кәсіби пәнді жаңартылған білім негізінде оқыта отырып, мамандықты оқытудың әдістемесін игеру.

  • Код ON10

    ОН 10. Қазақ әдебиетінің барлық кезеңдерін саралай отыра әдебиеттанымдық көзқарастарды кезең-кезеңімен талдау, әдебиеттің даму эволюциясын, әдеби-танымдық талдау жасау, әлемнің әдеби мұрасына, Абай мен Алаш қайраткерлерінің мұраларына негізделген жаңа идеяларды саралау, көркем шығармаларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау, пікірталастар жүргізу.

  • Код ON2

    ОН 2. Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды көрсету; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын сипаттау және талдау тәсілдерін меңгеру. Қазақ тілінің латын әліпбиін пайдалана отырып жазу және оқу дағдыларын меңгеру.

  • Код ON12

    ОН 12. Топпен жұмыс істеу, серіктестермен жұмыс жасау, оқушыларға педагогикалық қолдау көрсете білу және көпшілік алдында өз ойларын еркін айту, шешім шығару, өзіне қарата білу, оқушыларды игеру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, өз бетінше ғылыми жаңалықтар ашуға қабілеттілік, өзекті мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдылану

  • Код ON1

    ОН 1. Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу.

  • Код ON4

    ОН 4. Өнеркәсіптік объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен аудит жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау

  • Код ON7

    ОН 7. Қазақ тілі бойынша алғашқы білім баспалдақтарын, тіл білімінің базалық білімін меңгеріп, оны қазіргі заманғы білім мен ғылымның мәселелерін шешуде қолдана білу және зерттеу нәтижелерін жалпылап саралау, латын графикасына негізделген қазақ жазуының емле ережелерін толық меңгеріп, өзінің кәсіби қызметінде еркін қолдану.

  • Код ON3

    ОН 3. Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.

  • Код ON11

    ОН 11. Тілдік жіктеу жүйесін, грамматиканы және ұқсас материалдарды талдау, тілдік, стильдік нормалардың сақталуын қадағалау, қазақ тілінің салалары бойынша білім негіздерін меңгеріп, тіл білімінің өзекті мәселелерін бағдарлау,кәсіби қызметінде пайдалану, бұқаралық ақпарат құралдарының тілдік ерекшеліктерін талдау.

  • Код ON6

    ОН 6. Педагогикалық іс-әрекет туралы жалпы түсінік білімін көрсету, олардың заманауи педагогикалық ғылым мен психологияның теориялық негіздерін игеруі, инклюзивті процестерді басқару әдістері мен мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды жүргізу технологияларын меңгерту.

Top