Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02311 Филология: қазақ филологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Фольклор және әдебиеттану ғылымына кіріспе
    Несиелер: 5

    Фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің теориялық және практикалық тұрғыдан білу керек. Қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, әдебиеті, философиясын, даналығы – ауыз әдебиетін меңгеру; Жыр-дастандарды жатқа білу, ажырата алу.Фольклордың шығу тегін анықтау. Халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін ғылымы фольклортанудың тарихы мен теориясы туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім ортасы мен білім алушының үндесуі (Құқық негіздері, Коррупцияға қарсы мәдениет, Ұлтаралық келісім, 1 курс семинары).
    Несиелер: 5

    Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Құқық салалары. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының теориялық-әдіснамалық негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі аксиомалары. Ұлтаралық коммуникацияның құрылымы мен детерминанттары. Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы заманауи инновациялық процестер. Кредиттік оқыту технологиясының негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Филологияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Тіл және оның даму заңдарын меңгеру; Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикакалық құрылысын білу;тілдің шығуы мен оның ішкі қүрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру; тілдің қоғамдық мәні, оның негізгі қызметтерімен таныстыру; фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика мен оның қүрамдас бөліктері қарастыратын шешуші үғымдарды меңгерту; дүние жүзі тілдері жіктелімдерімен және олардың жүйелеулерін және қағидаларын талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Балалар әдебиетінің дамуы, Балалар әдебиетіне байланысты ғылыми еңбектер, Балаларға арналып жазылған әдеби шығармалардың жанрлық түрлері, олардың ойлау, түсіну қабілетіне қалыптасуына сай, шығарманың түрлеріне талдау жасау, әдеби тероиялық ұғымдарды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, графика және орфографиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың фонетикалық композициясын, дыбыстар жүйесінің жіктелімін, фонетикалық заңдылықтарды меңгерту. Қазақ жазуының онтогенездік жағдайы, қазақ тілінің өзекті мәселелері. Қазақтың белгі жүйесі мен қазақ жазуының тарихына шолу, жазуды кезеңге, ұлттық шығу тегіне бөлу. Қазақ қаламының тарихы, латын графикасы туралы пікірталас. Қазақ жазуында қолданылған әліпбилер және ондағы қайшылықтар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің лексикологиясы мен ономастикасы
    Несиелер: 3

    Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттелуі, Лексикологияның салалары, түрлері, нормалары, олардың қолдану принциптері. Ономастиканың зерттелу тарихы, Ономастиканың теориясы мен практикасы, Топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика. Тіліміздегі антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы. Ономастикасының жетістіктері мен болашағы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шығыс әдебиеті
    Несиелер: 4

    Шығыс әдебиетінің даму заңдылықтарын, генезисін, басқа әдебиеттермен байланысын, даму бағыттарын, мектептерін біледі. Шығармалардың көркемдік ерекшеліктері мен жазушының жалпы шығармашылығын анықтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдеби шығармашылық
    Несиелер: 4

    Әдебиет теориясы, Әдеби шығармашылық методологиясы, Әдебиет теориясының методологиясы, Эстетикалық ой.пікірлер, Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері, Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар, Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, Арнайы тапсырмаларды орындау теориясы, Автордың шығармашылық әлемі,

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 4

    Жазу теориясы, әліпби теориясы, фонема, графема ұғымы, қазақ орфографиясының негізгі принципі, әліпбидің фонологиялық негіздерін білу, қазақ мәдениеті қолданған әліп-билердің фонема-графема қатынасын білу, әліпби таңдау принциптерін меңгеру, Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсілін, Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайын ажырата алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу
    Несиелер: 4

    Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің шығу тарихы. Оның мазмұны мен құрылысы. Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты. Өзге ғылым салаларымен байланысы. Шешендік өнерді меңгерту жолдары. Мәнерлеп оқуға дағыдландыру. Шешен сөйлеу мәдениеті мен мәнерлеп оқу ерекшеліктері. Жыраулар шығармаларындағы үндестік.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің тарихы (ХІ-ХІХ ғасыр)
    Несиелер: 5

    ХІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиетінің зерттелуі, ХІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, Халық поэзиясы, Клерикалық әдебиет, Көне әдеби жәдігерлерді, дидактикалық, философиялық, әлеуметтік тақырыптарға толғаулар мен дастандардың өзіндік ерекшеліктері мен түрлері. Х І- ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік сипаты, басты ерекшеліктері, дәстүр жалғастығы, әдеби мектеп, әдеби ағым, әдеби бағыт.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 3

    Сөзжасам пәні, оның ең жас сала екені. Тілдің басқа салаларымен байланысы мәселесінің өзектілігі. Сөзжасамдық бірліктер, оның түрлерін сөзжасамдық тұлға тұрғысынан қарастыру. Сөз тудырушы жұрнақтың сөзжасамдық жұрнақ екені. Сөзжасамдық мағынаны сөзжасамдық негізгі тұлғалар арқылы түсіндіру. Сөзжасамдық ұя және ұя мүшелерін сөзжасамдық бірліктерді талдау негізінде меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бауыржантану
    Несиелер: 5

    Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолы. Б. Момышұлының шығармалары. Б.Момышұлының күнделіктері мен естеліктері, мақал – мәтелдері мен афоризмдері, публицистика мен әңгімелері, хаттары - қазақ сөз өнері тарихындағы бірегей жаңалықтар. Ұлы Б.Момышұлының "Әкеге көтерілу", «Во имя отца» шығармалары бала тәрбиесіндегі таптырмас құрал бола алады. Б. Момышұлы туралы шығармалар, онда құрылған батыр бейнесінің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі)
    Несиелер: 3

    Қазақ халқының руханиятының қалыптасуының алғышарттары мен бастаулары. Түркі және ислам өркениеттерінің өзара байланысы мен сабақтастығы. Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасының негізгі аспектілері, олардың тарихи маңызы мен рухани құндылығы. Орта ғасырдағы түркі-мұсылман ойшылдары және олардың ілімдеріндегі рухани құндылықтар. М. Х. Дулати тарихы, философиясындағы рухани-адамгершілік бағдарлар. Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар. Қазақ халқының руханиятының даму кезеңі ретіндегі қазақ ағартушылығы

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ әдеби тілі
    Несиелер: 3

    Қазақ әдеби тіл тарихының ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениетін білу. Әдеби тілдің жалпы сипаттамасын анықтау. Қазақ әдеби тілінің зерттелуін айқындау. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңдерін салыстырып, саралау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетінің тарихы (ХХ ғасыр және Алаш әдебиеті)
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихы, зерттелуі, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттің даму бағыттары, XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар, XX ғасырдың басындағы жанрлық даму. Қазақ тарихи романдарының қалыптасу үрдісі, ҰОС жылдарындағы қазақ лирикасы мен прозасының дамуы.Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер болмысы, Алаш әдебиеті, өкілдері, Қазақ ресанансы, Тәуелсіздіктен кейінгі Алаш туралы ой-толғаулар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіл және коммуникация
    Несиелер: 5

    Тілдік қатынас мәселесінің басты қағидаларын, тілдік заңдылықтарымен және ұстанымдарын, адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың ереже, үлгілерін білу, тіл арқылы түсінісудің жеке ой–пікірін дұрыс, сауатты жеткізудің негізгі бағыттарын меңгеру, Cыртқы лингвистика, Ішкі лингвистика салаларына қатысты ғылыми еңбектермен жұмыс жасай алу қабілетіне ие болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 3

    Тіл білімінің көне заманнан бастап біздің дәуірге дейінгі даму тарихын білу; Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланыстылығын білу; Тілдік зерттеулермен таныс болуы тиіс. - тілдің жүйелік, құрылымдық сипатын; таңбалық қасиеті жөніндегі жаңа пікірлер мен түсініктерді; ішкі және сыртқы тіл білімі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлт дәстүрлері
    Несиелер: 3

    Ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік құндылығы мен маңызы. Ұлттық дәстүрлерді зерттеу орны. Ұлттық дәстүрлердің қоғамдағы рөлі және олардың қоғамдық қатынастарды реттеуге әсері. Дәстүр түрлері. Ұлттық дүниетанымдағы дәстүрдің орны. Ұлт, этникалық топ, адам туралы түсінік пен дәстүрлердің өзара байланысы. Ұлттық әдебиеттегі салт-дәстүрлердің көрінісі. Ұлттық дәстүрлердегі Түрік өркениетінің интеграциялық әлеуеті. Заң шеңберіндегі ұлттық дәстүрлер және Заң Үстемдігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің диалектологиясы
    Несиелер: 3

    Диалектологияның жалпы мәселері, сөз және оған тән белгілер, сөз мағынасы және оның түрлері, Қазақ лексикасының құрамы мен шығу арналары, эвфемизмдер, дисфемизмдер, қазақ тілінің диалектологиясы мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дулатитану
    Несиелер: 3

    Тарихшы, дипломат, қоғам қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы, оның өкіметтік және қоғамдық қызметінің прогрессивті, гуманистік сипаты. "Тарих –и –Рашиди" еңбегінің тәрбиелік рөлі; ұлы ғалымның шығармашылық мұрасы мен рухани құндылығының негізгі аспектілерін талдау; М.х. Дулатидің "Тарих - и – Рашиди" еңбегінің Қазақ хандығының құрылу тарихындағы тарихи маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бауыржантану
    Несиелер: 3

    Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолы. Б. Момышұлының шығармалары. Б.Момышұлының күнделіктері мен естеліктері, мақал – мәтелдері мен афоризмдері, публицистика мен әңгімелері, хаттары - қазақ сөз өнері тарихындағы бірегей жаңалықтар. Ұлы Б.Момышұлының "Әкеге көтерілу", «Во имя отца» шығармалары бала тәрбиесіндегі таптырмас құрал бола алады. Б. Момышұлы туралы шығармалар, онда құрылған батыр бейнесінің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Лингвистика тарихы мен теориясы
    Несиелер: 5

    Тіл теориясы, лингвистикалық ғылымдардың қалыптасуы мен дамуы туралы терең білім беріледі. Мұнда әлем тілдерінің құрылымдық, әлеуметтік, тарихи дамуының өзекті мәселелері және оның жалпы заңдылықтары зерттеледі. Лингвистиканы зерттеу және талдау әдістері микролингвистикалық және макролингвистикалық мәселелерді қамтиды. Оқытуда бұл сұрақтар практикалық жұмыс арқылы тілдік талдаумен біріктіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Терминолгия және сөздікпен жұмыс ###
    Несиелер: 3

    Қазақ терминологиясы, олардың жасалу әдістері, терминологияның жалпытеориялық мәселелері, қазақ тіліндегі техникалық терминологияның ерекшеліктері, термин сипаттаудың лексикографиялық тәсілдері мен құралдары, морфологиялық-синтаксистік терминжасам бойынша көптеген әдебиеттерді саралау, талдау, жинақтау, ғылыми-зерттеу еңбектерін, оқулықтарды, сөздіктерді пайдалана отырып, қолданыста бар терминдерді жаппай іріктеу, электронды нұсқасын жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өлкетану
    Несиелер: 3

    Өз өлкесінің табиғаты, халқы, тарихы мен мәдениетін жан - жақты тану; оның экономикалық, табиғи және мәдени мүмкіндіктерін есепке алу; өлке тарихының этнографиялық, географиялық және демографиялық сипаттамаларын, қоғамдық өмірі мен даму перспективаларын есепке алу; туған өлке тұрғындарының шаруашылық-тұрмыстық жағдайын, өлкенің археологиялық ескерткіштерін, өлкетанудың мәні мен рөлін есепке алу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның сакралды географиясы
    Несиелер: 3

    Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени - географиялық аумағын зерттеу және қазақстандық мәдениетті дәріптеу, оның рөлін анықтау; негізгі ұғымдар; Қазақстанның киелі орындарының орналасуы; Қазақстанның аномалды және жұмбақ орындары; археологиялық және сәулет ескерткіштері; діни және діни объектілер; тарихи тұлғалармен байланысты киелі орындар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қатынас процестерінің бірлескен әрекеті, Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады, когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты – тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сала экономикасы
    Несиелер: 3

    Ұлттық экономика жүйесіндегі саланың орны мен рөлі, саланың негізгі және айналым капиталының ерекшелігі саланың негізгі буыны ретінде кәсіпорынның мәні мен түрлері; саланың экономикалық ресурстары және оларды пайдалану көрсеткіштері, өндіріс тиімділігі өсуінің негізгі бағыттары, саланың техникалық,экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәуелсіз қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Әдетте поэзия жанрындағы шығармалар соғыс жылдарында қарқынды жазылып, адамдарды жігерлендіру мақсатында ұтымды пайдаланылады. Тәуелсіздік жылдары – соғыстың ізі суып, бейбіт заман орнаған шақ. Сол себепті, бұл уақыт аралығында поэзияның рөлі төмендейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің тарихы (1930-1960-2000жж.әдебиет)
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын, сол кездегі шығарылған көркем шығармалардың өнерін, жанрлық ерекшеліктерін, жетістіктерін талдау, әдебиеттанушылардың теориялық зерттеулерін салыстыру және зерделеу. ХХ ғасыр әдебиетіне жаңалық енгізген туындыларды бағалау, ХХ ғасырдың әдеби тенденцияларын талдау, ХХ ғасыр жазушыларының дүниетанымын, дүниетанымдық және көркемдік тұжырымдамаларын зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі әлемі және Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының шығармашылығы.
    Несиелер: 4

    Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының шығармашылығы, Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, жаңалықтары, стиль ерекшеліктері, Халық ақындары салған әдеби мектеп, шығармалардындағы туған жер тарихы, ел бейнесі, ауыл көріністері, көркем образдар, шығармаларындағы дүниетаным мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиеті ХХ ғасыр
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр әдебиетнің тарихи- әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы. қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қоюға баулу; қазақтың ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-қоғамдық хал-ахуал мен қазақ зиялыларының елдік мұраттары жолындағы өшпес істері, руханият мәселесіне, жыраулық, ақындық дәстүрдің түп-төркініне назар аудару, Көркем сөз құдыретін, көркем әдебиеттің эстетикалық, қоғамдық функцияларын айқындату.Көркемдік дамудың тарихи сипатын таныту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі филологиясына кіріспе
    Несиелер: 4

    Студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылуы мен өзара жіктелуі жайы, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірінен алыс-жақындығын ажырата білуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілінің морфологиялық құрылысына байланысты барлық мәселелер оқу бағдарламасының материалын толық меңгеру арқылы іске асырылады. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар сараланады. Морфемалар жүйесінің теориялық негіздері және тілдегі сөз құрылымы анықталады. Сөзжасам принциптері, номинативті және көмекші сөздер, сөз класы және ондағы категориялық ерекшеліктер. Табын сөзі-сөздің лексикалық-грамматикалық тобы. Сөздерді түрлендіру жүйесі, сөздердің түрлері, формалары талдаулармен беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стилистика және тіл мәдениеті
    Несиелер: 4

    Тілдік қатынас мәселесінің басты қағидаларын, тілдік заңдылықтарымен және ұстанымдарын, адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың ереже, үлгілерін білу, тіл арқылы түсінісудің жеке ой–пікірін дұрыс, сауатты жеткізудің негізгі бағыттарын меңгеру, Cыртқы лингвистика, Ішкі лингвистика салаларына қатысты ғылыми еңбектермен жұмыс жасай алу қабілетіне ие болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің синтаксисі (жай және құрмалас сөйлем)
    Несиелер: 5

    Синтаксис-бұл сөз, сөйлем және сөйлем туралы ғылым. Синтаксис түрлері, оның өзара байланысы. Шарттары, түрлері, сөз тіркесін құрастыру. Сөздер мен сөздерді, сөз тіркестерін байланыстыру әдістері. Сөйлем түрлері, сөйлемге тән белгілер. Сөйлемдегі мағынаның берілу әдістері және сипаттамалық белгілері. Мұның бәрі тілдік талдау көмегімен практикалық жұмыстармен расталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
    Несиелер: 5

    Компьютерлік жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің мақсатын, тамақтандыру кәсіпорындарында қолданылатын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі түрлерін, кәсіби қызметтің белгілі бір түріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу: 1C Рарус мейрамхана - қонақ үй бизнесі бағдарламалары: мейрамхананы басқару, R-Keeper мейрамхана қызметін автоматтандыру жүйесі, Ресторатор, тамақтануды жоспарлау мен есепке алуға арналған компьютерлік жүйелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
    Несиелер: 3

    "Жасыл" экономика және тұрақты даму; парниктік газдар және олардың климатқа әсері; энергетика және жанғыш пайдалы қазбалар; жаңартылатын энергия түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері; орман және оның "жасыл" экономикаға әсері; топырақтың шөлейттенуі және тозуы; климаттың су ресурстарына өзгеруінің салдары; электрондық қалдықтар, олардың оң және теріс әсері; қалдықтар, қалдықтарды өңдеу және жою; автокөлік және қоршаған орта.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандық құқық
    Несиелер: 3

    Пән Қазақстан Республикасы құқығының жекелеген салаларының негізгі ережелері мен институттарын зерттеуге бағытталған. Бұл пән студенттерде конституциялық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ қандай да бір саладағы іс жүргізу құқықтық қатынастарға түскен объектілер мен субъектілер туралы жалпы білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдары мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ұғымы, оның түрлері мен жіктелуі. Қашықтықтан оқыту формасындағы мұғалімнің жұмыс ерекшеліктері. Интерактивті тақталар мен панельдерде сабақ құруға арналған бағдарламалық жасақтама. Сызықтық емес презентация жасау. Электрондық оқытуды қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру. Жаппай ашық онлайн курстар. Оқыту нәтижелерін бағалау. Видеолекцияларды құру тұжырымдамасы, бейне монтаж элементтері. Архиваторлар мен конвертерлер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері'
    Несиелер: 3

    "Адам – тіршілік ету ортасы" жүйесіндегі қауіптерді сәйкестендіру (тану немесе анықтау). Адамның қызметіне қарамастан және/немесе антропогендік факторлардың тікелей әсерінен техносферада пайда болатын қауіпті және зиянды факторлар. Азаматтық қорғау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының рөлі мен маңыздылығы. Тіршілік ету ортасында (техносфера) адамға жайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі қағидаттарын ұйымдастыру және жүргізу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 3

    Құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені. Жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өнеркәсіп мекемелерінің қоршаған ортасын қорғау
    Несиелер: 3

    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың техносфералық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам қызметінің теріс әсерін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаның ластануының, табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуының салдарын бақылау, талдау, бағалау және жою бойынша жұмыстар жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі және технология
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетін қазіргі заман талабы бойынша оқытудың мақсаттары мен міндеттері, оқушыларға көркем шығармаларды оқыту арқылы ұлттық құндылықтарды дәрәптеуге, ұлтымыздың тарихын білуге, тілімізде құрметтуге баулу. Көркем шығармаларды жаңа технологиялар арқылы талдау, оқышылардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Көркем шығар табиғатын таныту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы экономика
    Несиелер: 3

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер экономикасының тұжырымдамалық негіздері, микро және макро деңгейде экономиканың жұмыс істеуінің негізгі санаттары мен заңдары, бизнес-құрылымдардың жұмыс істеуінің экономикалық тетігі, сұраныс пен ұсыныс, серпімділік, бәсекелестік және нарық түрлері, нарыққа мемлекеттің араласуы, өндірістің экономикалық негіздері және кәсіпорын ресурстары, өндіріс пен шығындар, экономикалық тиімділік

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі және инновация
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін жаңа инновациялық техникалар арқылы оқыту технологиясы, білім алушының білімін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттері, білім беру беру жүйесіндегі жаңашыл педагог бағыттарының теориялық негіздері, қазіргі әдістеме ғылымындағы оқытудың жаңа технологиясының өзекті мәселелері. Қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы, Қазақ тілі әдістемесінің өзекті мәселелері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 4

    Әдеби сын туындыларымен таныстырып, әр кезеңдегі сын сипатымен таныстыру. Дұрыс әдеби сын жөнінде түсінік беру. Әр кезең сынының ерекшелігіне талдау жасау. Кеңес дәуіріндегі сын мен тәуелсіздік жылдарындағы сынға талдау жасау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Skills Менеджмент
    Несиелер: 4

    Кәсіби құзыреттілікті дамытудағы Skills менеджментінің рөлі мен қажеттілігі; жеке тұлғаны дамытудың жалпы ережелері; кәсіби дағдыларды дамытудың негізгі әдістері; кәсіби шеберлік пен дағдыларды жіктеу; менеджер үшін дағдылар матрицасы; softskills және hard skills: негізгі айырмашылықтар; маманның негізгі икемді дағдылары: сыни ойлау, көшбасшылық және командалық жұмыс, тайм менеджмент, креативтілік; hardskills негізгі құраушылары; self–менеджмент әдісін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиеттану ғылымының мәселелері
    Несиелер: 4

    Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны мен әдебиет теориясы туралы ғылыми зерттеулермен танысу. Әдебиет теориясы мен сын саласының мақсат- міндеттерін білу. Әдебиет сынының, әдеби- эстетикалық функциясын, әдеби сынның жанрлары туралы зерттеулерді меңгеру. Сыни көзқарас қалыптастыру. Әдебиет, өнер туралы ғылымының даму тарихында эстетика мен әдебиет теориясы мен сынының маңызы және оған қазіргі жаңаша қөзқарас қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аударманың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Аударманың теориялық мәселелерін, аударма жасаудың техникасын, әдіс-тәсілдерін меңгеру, тілдің грамматикалық, лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін білу, мәтіндегі мағыналық сәйкестікті ажырату, аударманың технологияларының сипаты, аударманың мазмұндық сипатын өзгертпей беру тәсілі, аударманың жалпы теориясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік құқық'
    Несиелер: 4

    Берілген пәннің шеңберінде кәсіпкерлік құқық түсінігі, принциптері және пән жүйесі қарастырылады. Кәсіпкерлік құқық субъектілері санаттарының мазмұны және олардың формалары ашылады. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға анықтама беріледі; мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен мемлекеттік тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы беріледі. Кәсіпкерліктегі банкроттық; кәсіпкерлік міндеттемелердің түрлері. Лицензиялау, салық салу, кәсіпкерлікті техникалық, антимонополиялық реттеу. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Кәсіпкерліктегі заңды жауапкершілік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 4

    Жалпы тіл білімі бүкіл тіл ғылымының бағыт – бағдар сілтейтін жетекші, бағдарлағыш ғылым деп есептелетіні. Тіл, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық санамен, ойлаумен тығыз байланысты екені. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс- тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай жіктеушілік бар екені. Оған салыстырмалы- тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралдық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жататыны.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел әдебиетінің тарихы ###
    Несиелер: 5

    Грек әдебиеті. Архаикалық кезең,өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері. Классикалық кезең (б.д.д. У-ІУ ғ.ғ.). Эллинистикалық кезең (б.д.д. ІІІ-І ғ.). Орта ғасырлық Еуропалык рыцарлық әдебиет. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет. Италиядағы қайта өрлеу кезеңі. Француз әдебиеті. Испаниядағы әдеби дамудың дәуірлеуі, оның өкілдері, шығармаларындағы эпикалық мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік іс
    Несиелер: 4

    Кәсіпкерлік құқық ұғымы, жүйесі, қағидаттары; кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары мен нысандары; кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негіздері; заңды тұлға ұғымы, кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы; кәсіпкерлік міндеттемелер; кәсіпкерлікті техникалық реттеу; кәсіпкерлікті лицензиялау; кәсіпкерлікті монополияға қарсы реттеу; кәсіпкерлікті валюталық реттеудің құқықтық негіздері; кәсіпкерлікті салықтық реттеудің негіздері; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; кәсіпкерлердің заңдық жауапкершілігі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдеби редакциялау теориясы
    Несиелер: 5

    Көркем шығармаларға редакциялау жұмыстарының әдіс-тәсілдері, түрлі әдебиеттерді редакциялау, қателіктермен жұмыс, көркем шығармаларлың мәтінімен жұмыс жасау тәжірибесі, Әдеби өдеу жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері, Түпнұсқа мен аударманы ажырату тәсілдері, студентке редакциладың қабілетін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат'
    Несиелер: 4

    Академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, дайындау бағыты бойынша есептерді, ғылыми жобалар мен конкурстарға өтінімдерді құрастыру мен олардың жұмысының негізгі қағидаттары; авторлық куәлік алу; жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері; стартап құру; ҒЗЖ коммерцияландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлемдік әдеби процесс ХХІ ғасыр
    Несиелер: 5

    Әлем әдебиетінің тарихы мен қоғамда алатын орнын білу, отандық тілге аударылған көркем шығармаларды, тарихи-әдеби процестерді,олардың негізгі ерекшеліктерін меңгеру, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуын, дүние танымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерін толықтай меңгеру,Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер туғызған шығармалармен жұмыс жасап, оларға талдау жасай алу қабілетіне ие болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әдебиет теориясы және ұлтаралық әдеби байланыстар
    Несиелер: 4

    Қазақ халқының Ресейдің, жоңғар шапқыншылығы дүрбелеңдерінен қалай құтылғандары туралы, қазақ халық ретінде қалыптасқандығын білу. Отарлау кезеңіндегі әдебиеттің қазақ әдебиетіне келген әдеби жаңалықтарды білу; теория мен практиканы ұштастыруда қазіргі заман талаптарына сай шешім қабылдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    ТБағалаудың өлшемдік технологияларының теориясын, ғылыми-педагогикалық, концептуалдық негіздерін білу. Студенттердің білім алу ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктеріне диагностика жүргізу. Гуманитарлық және жаратылыстану бейіндегі пәндерді оқытуда критериалды бағалау технологиясы бойынша білім беру. Курсты меңгеру нәтижесінде бағалаудың өлшемдік технологияларын пайдалану негізінде сабақты ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ғылыми жобалау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Ғылыми зepттey ocы caлa бoйыншa жүpгiзiлeтiн теориялық жағынан да, практикалық жағынан да Ғылыми таным әдіснамасын білу, қажетті ақпартты жинақтау үшін ғылыми әдебиетпен жұмыс жасай әдісін меңгеру, реферат, баяндама жазып, көпшілік алдында сөйлей алуға дағдылану, ғылыми іс-әрекет оның ерекшеліктерін меңгеру, ғылыми жоба жазуға дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON4

    Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.

  • Код ON3

    Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау

  • Код ON10

    қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі дамуын,әлемнің әдеби, мәдени мұрасына негізделген жаңа идеяларды, ғылыми мәселелерді сыни талдау, бағалау. Классикалық филология саласындағы мамандармен ғылыми пікірталастарды жүргізу,отандық және шетел әдебиетінің тарихының негізгі кезеңдерін меңгеру

  • Код ON5

    Лингвистика, әдебиеттанудың ережелері, түсініктерін, терминологиясын, тілдік және әдеби үрдістердің қызметін, даму заңдылықтарын, теориялық лингвистика мен әдебиеттанудың бағыттарын, қазақ тілінің тарихын, қазіргі жағдайы мен даму тенденциясын, әлемдік тарихи-мәдени, тарихи-әдеби үрдістерін меңгеру.

  • Код ON9

    қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес жазу нұсқаларын (араб, латын, кирилл жазулары), фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы тарихын, қазақ тілінің әліпби жүйесі тарихи кезеңдерін, ұлттық әліпби деңгейін,тілдік жіктеу жүйесін, грамматиканы, сөздіктерді және ұқсас материалдарды ұсыну немесе дайындау.

  • Код ON6

    Кәсіби, әлеуметтік мазмұндағы мәтіндерді дайындау, редакциялау; балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларынның тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-эстетикалық маңызын, олардың халқымыздың рухани мұраларымен, әлем әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік байланыстарын білу.

  • Код ON7

    Әдебиеттану ғылымының әртүрлі кезеңдердегі зерттелу тарихын, сипаттамаларын, орыс/ шетел әдебиетінің тарихының негізгі кезеңдерін; әдебиетке іргелес жатқан өрістерді сипаттаудың негізгі компоненттерін, терминдерін; мәтіннің дерек көздерін, прагматикасын, зертелу тарихын айқынау.

  • Код ON11

    Тиімді коммуникация түзу, орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аудару кезінде жеткізілетін ақпараттың мағынасын жоғалтпай беру; бір тілден екінші тілге жазбаша аудару, түпнұсқаның дұрыс мағынасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ фразеология, терминология, рухани және әдеби шығармаларға корректорлық жұмыс жүргізу.

  • Код ON12

    Қазіргі қазақ тілі терминологиясының негізгі ерекшелігін, жалпы адамзаттық тілдік қарым-қатынас барысында тілдік, стильдік нормалардың сақталуын (қазақ, орыс тілдері) білу; кәсіби және әлеуметтік мазмұндағы мәтіндерді дайындау мен редакциялау қабілетінің болуы және білім алушылардың серіктестігін ұйымдастыру.

  • Код ON1

    Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу

  • Код ON2

    Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.

  • Код ON8

    лингвистикалық фактілерді жинау, мәтінді филологиялық талдау және интерпретациялау; тілдің белгілер жүйесі ретіндегі негізгі сипаттамаларын, қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисінің құрылымын, дамуы кезеңдері мен ерекшелігін,әртүрлі кезеңдердегі күрделі ұйымдастырылған мәтіндер жинағы ретінде тіл білімі мен әдебиеттің сипаттамаларын меңгеру.

  • Код ON13

    әдеби көркем шығармаларға сын-рецензия жазу арқылы студенттің әдеби сауаттылығын, аудармалардың сапасы мен сапасын жақсарту үшін компьютерлерді және басқа құралдарды пайдалану, Әлем әдебиеті тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін меңгеру, аударылған материалды редакциялау және түзету.

  • Код ON13

    Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастыру, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру. Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық дағыларын қалыптастыру. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіру

Top