Жаңа білім беру бағдарламасы

8D02310 Инновациялық әдебиеттану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама әдебиеттану, фольклортану және текстология саласында жоғары білікті, ғылым және білім беру саласында кәсіби құзыреттілікке ие, қазіргі заманғы әдіснама, әдеби мәтінді өңдеудің инновациялық әдістері және цифрлық технологиялар негізінде қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізу қабілетіне ие кадрларды даярлауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D058 Әдебиет
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет
  • Әдебиеттанудың пәнаралық аспектісі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Әдебиеттану ғылымының басқа да ғылым салаларымен байланысы жөніндегі сыни бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән гуманитарлық ғылымдардағы психологиялық зерттеудің теориялық негіздерін; әдебиеттанудағы когнитивті, герменевтикалық, тарихи-салыстырмалы, антропологиялық әдістерді; ғылыми жобалар мен ғылыми еңбектер жазудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклор теориясы: ғылыми тәсілдемелер
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Фольклор теориясының әдістері мен ұстанымдарын зерделеу қабілетін қалыптастыру. Мынадай мәселелер: фольклорлық дәстүр, баяндаудың формулалық механизмі және варианттылық, контаминация мен импровизация, фольклорлық жанрлар жүйесі, тұтастану, синкреттілік мәселесі, фольклорлық мекеншақ, фольклордың сөйлеу стеоретипі, композиция мен сюжет, фольклордың көркемдік жүйесі, фольклор типологиясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклордың эпостық жанрын текстологиялық талдау
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Қазақ эпосын текстологиялық зерттеу принциптері мен әдістемесін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста қазақ эпосы текстологиясының қалыптасуы, негізгі даму кезеңдері мен эдициялық аспектілері, көне эпос, батырлық жыр, ғашықтық жыр, тарихи жырлар мен дастандардың текстологиялық ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі әдебиеттанудағы когнитивтік парадигма
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Когнитивтік ғылым туралы тұтас теориялық білімді және әдебиетті когнитивті талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курс ғылым жүйесіндегі когнитивтік әдебиеттанудың рөлін, мәні мен ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді мақсат етеді. Когнитивтік әдебиеттанудың даму тарихына ғылыми шолу жасалады. Қазіргі когнитивтік сын пәнаралық зерттеулердің даму контекстінде зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Постмодернизм: теория және көркем практика
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Постмодернизмнің поэтикасын сипаттау, бағалау және осы теориялық және практикалық білімдерді өз зерттеу жұмыстарында қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс постмодернизм бағытына қатысты негізгі теорияларды, постмодернистік мәтінді зерттеу принциптері мен әдістерін, қазақ әдебиетіндегі постмодернистік тенденцияларға қатысты жаңа идеяларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудағы антропологиялық поэтика
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Әдеби қаһарманды филологиялық және философиялық-аксиологиялық, психологиялық әдеби-антропологиялық, герменевтикалық тұрғыдан талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Пән қазіргі дискурс және нарратив теориясын, әдеби-антропологиялық талдау әдістерін; әдеби қаһарманға құрылымдық талдау жасау; ғылыми ойлау мәдениетін, ақпаратты қабылдау, талдау, қорытуды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 3

    Мақсаты: Әлеуметтану және гуманитарлық ғылым салаларындағы соңғы зерттеу әдістері мен әдістемелерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми тұжырымдар жасау үшін ғылыми зерттеулерде жаңа әдіс-тәсілдерді; көркем мәтінді талдаудың филологиялық әдістерін іргелі ғылыми зерттеулермен ұштастыруды; іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар дайындау және бағалауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклордың прозалық жанрларының баяндау үлгілері мен текстологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Фольклордың текстологиялық тұрғыда зерттелуін бағалау, прозалық фольклор жанрларын талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курста фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі, халық прозасын саралаудың шарттары, фольклорлық проза жанрларының (миф, ертегі, хикая, аңыз, әңгіме) текстологиясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулер
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулердің мәнін түсіну және талдау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде гендерлік талдаудың қағидаттары, әдіснамасы туралы жаңа білім ұсынылады. Негізгі ұғымдар: көркем шығарманы талдаудың гендерлік аспектісі, идиостиль, жазу, психопоэтика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклорды зерттеудің инновациялық әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Ұлттық фольклортану ғылымын кәсіби фольклортану тұрғысынан саралау әдістемесін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста фольклор жанрларын сөз, әуен мен іс-қимылмен тұтастықта талдау, фольклорды жанраралық, ішкі жанрлық, поэтикалық, мағыналық, бейнелік, стильдік деңгейде салыстыра зерттеу, эпостану, ертегітану, паремиология салаларының дамуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 2

    Мақсаты: Академиялық жазылым қағидаларын қолдана отырып әр түрлі жанрдағы, стильдегі ғылыми мәтіндерді жазу, ғылыми жобаларды, бағдарламаларды әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән академиялық жазылым қағидаларын, ғылыми мәтіндер жанрларын, стильдерін және ғылыми жобаларды, бағдарламаларды әзірлеу әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ фольклоры: типологиясы және құрылымы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Фольклорлық шығармалардың құрылымдық ерекшеліктері мен түрлі типологиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерделеу қабілеттерін қалыптастыру. Курста фольклорлық шығармаларды зерттеуде салыстырмалы-типологиялық әдісті қолдану, типологиялық зерттеудің бағыттарын саралау, шығармаларды түркі-моңғол халықтарының фольклорымен салыстырып, ортақтықтар мен өзгешеліктерді анықтау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    Әдебиеттану және фольклортану саласындағы қазіргі іргелі, теориялық, практикалық білімді, шетелдік және әлемдік тұжырымдамаларды түсіндіру.

  • Код ON2

    Әдебиет, текстология және фольклортану саласында іргелі зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдебиеттанулық талдаулардың жаңа әдістемелері мен әдістерін жасау.

  • Код ON3

    Жүйелі, герменевтикалық, когнитивті, шығармашылық, пәнаралық, инновациялық тәсілдер арқылы қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдебиет тарихы, компаративистика, текстология, әдебиет теориясы және фольклор поэтикасы бойынша ғылыми қорытындылар жасау.

  • Код ON4

    Жалпы ғылыми және филологиялық зерттеу құралдарын қолдана отырып, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, көркем шығармаларға сараптамалық қорытындылар жасау.

  • Код ON5

    Ғылымды басқару және оны коммерцияландыру саласында инновациялық, стратегиялық, жобалық менеджментті пайдалана отырып, ғылыми мекемелер қызметінің стратегияларын, start-up-тарды, бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу.

  • Код ON6

    Заманауи әдіснамалар негізінде әдебиеттану, текстология, фольклортану және компаративистика саласындағы өзекті мәселелер бойынша жоғары импакт-факторлы ғылыми жарияланымдар дайындау;

  • Код ON7

    Қазақстандық әдеби және фольклорлық мектептердің ғылыми үлесін бағалау және осы пән салаларында жаңа білім алу.

  • Код ON8

    ЖОО-да әдебиетті және фольклорды оқытудың жаңа әдістемелік және педагогикалық тәсілдерін дәстүрлі және қашықтық форматында әзірлеу.

  • Код ON9

    Заманауи талаптарға сәйкес әдебиеттану және фольклортану саласында оқулықтар, оқу құралдарын, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

  • Код ON10

    Ғылыми қоғамдастықта ағылшын тілінде ғылыми пікірталастар өткізу, академиялық жазу және деректерді сандық өңдеу дағдыларына ие болу

  • Код ON11

    Ескі қолжазба материалдарын сақтауға арналған дыбыс жазу, тазалау және сканерлік аппараттар арқылы инновациялық технологияларды пайдалана отырып мәдени мұраны ғылыми-практикалық тұрғыдан жүйелеу, цифрлық өңдеу және сақтау дағдыларын меңгеру.

Top