7M10121 Медициналық-профилактикалық іс в ҚМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықтың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қарағанды медицина университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M145 Медициналық-профилактикалық іс
-
Білім беру саласы 7M10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 7M101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Эпидемиологиялық диагностика
Пән қоғамда аурулардың таралуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау, талдау және бағалау үшін қажетті дағдылар мен білімдерді дамытуға бағытталған. Курс популяция деңгейінде ауруларды диагностикалау үшін эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу алгоритмдерінің, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістерінің ғылыми тәсілдерін қолдануды қамтиды. Магистранттар эпидемиологиялық деректерді түсіндіруді, эпидемиялық процесстерді талдауды, инфекциялардың таралуын оқшаулау және жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді және сырқаттанушылық деңгейін болжауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Менеджмент
Пән басқару процесінің негізгі ұғымдарымен, функцияларымен, принциптерімен және элементтерімен, менеджмент механизмімен таныстырады. Эволюция сұрақтарына және менеджменттің интеграциялық процесстеріне назар аударылады. Менеджменттің функциялары мен ұйымдастырушылық құрылымдық жүйесі, жоспарлау, SWOT талдау және болжау қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Басқару психологиясы
Курс кәсіби қарым-қатынас психологиясының негізгі категориялары (ұғымдары) туралы білім береді. Кәсіби іс-әрекеттегі коммуникативтік процесінің ерекшеліктері, психологиялық факторлардың ролі және тиімді қарым-қатынас процесінің детерминанттары зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау
Пән медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіптерді басқарудың кешенді тәсілін қалыптастыруға, кәсіби қызметте инфекциялық бақылаудың кешенді стратегиясын еңгізу және пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған. Курс аясында білім алушылар инфекциялық аурулардың алдын алудың тиімді әдістерін, инфекциялық бақылау стандарттарын еңгізу мен сақтауды, сонымен қатар инфекциялардың таралуын барынша азайтудың стратегиялық тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Шет тілі (кәсіби)
Курс шет тілін білуді және оны іскерлік, кәсіби қарым-қатынаста ауызша және жазбаша қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Еңбек медицинасы
Пән Қазақстан Республикасы еңбекті қорғау және жұмысқа қабілетті тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы заңды құжаттармен таныстырады. Пәннің практикалық аспектісі өндірістік факторлар мен жұмысшылардың денсаулығының өзара байланысын анықтау және талдау, еңбек гигиенасы саласында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру дағдыларын бекітуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Санитарлық бактериология
Пән қоршаған орта объектілеріндегі патогенді, шартты патогенді және санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдердің тіршілік қабілеттілігі туралы білімді, ең бастысы олардың суда, ауада және тамақтық азық-түліктерде болуын және таралуын шектеу үшін профилактикалық шараларды құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Пән Қазақстан Республикасы балалар тұрғындарын қорғау бойынша негізгі заңнамалық құжаттарын, балалар мен жасөспірімдер саласындағы санитарлық заңдылықтарды зерделеуге ерекше көңіл бөледі. Балалар мен жасөспірімдер объектілерінің жағдайын зерттеу және гигиеналық бағалау, еңбек пен демалысты ұйымдастыру, олардың денсаулығын қорғау бойынша шараларды құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Эпидемиология
Пән популяцияның сырқаттанушылығының таралу заңдылықтарын талдау және тұрғындардың денсаулығына әсер ететін факторларды бағалау үшін қажетті кешенді білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар әлеуметтік, экологиялық және биологиялық факторларды ескере отырып, аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды және іске асыруды меңгереді. Пән тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін және денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлерінде аурулардың алдын алу бойынша бағдарламаларды құрастыру үшін тұжырымдалған шешімдерді қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Санитарлық токсикология
Аталған пән қоршаған ортаның химиялық факторлары мен тұрғындардың денсаулығы арасындағы өзара байланыстарды анықтау, алу және талдау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар қоршаған ортада, оның ішінде тамақтық азық-түліктерде кездесетін химялық заттардың адам организміне зиянды әсерінің алдын алу шараларын құрастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Радиациялық гигиена
Пән тұрғындардың радиациялық қауіпсізідгін қамтамасыз ету бойынша заңды және нормативтік құжаттарды, зерттеу әдістерін және қоршаған орта мен радиологиялық объектілерін гигиеналық бағалауды зерттеуге бағытталған. Пән қоршаған ортаны, қызметкерлердің және жалпы халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған радиациялық қауіпсіздік шараларын құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Эксперименттік-зерттеу жұмысы
Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы тағылымдамадан (стажировкадан) өтуді және магистрлік жобаны орындауды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өндірістік тәжірибе
Өндірістік тәжірибе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті органдарының территориялық базаларында жүзеге асырылады және тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, коммуналды гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы мен эпидемиология бөлімдері бойынша жұмыстарды қамтиды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коммуналды гигиенасы
Пәнді меңгеру шеңберінде елді мекендердің атмосфералық ауасын және су қоймаларын санитарлық қорғау, су және сумен қамтамасыздандыру гигиенасы, топырақ гигиенасы мен елді мекендерді санитарлық тазалау, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар гигиенасы проблемалары зерттеледі. Пән коммуналды гигиенасы саласында тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін бақылау-қадағалау функцияларын орындау дағдыларын бекітуге ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тағам гигиенасы
Пәннің негізгі бөлімдері тағам гигиенасы сұрақтарын, тағам өнімдерін санитарлық қорғау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жұмысын ұйымдастыру мәселелерін, тағам өнімдеріне гигиеналық сараптама жүргізу тәртібі мен қағидаларын қамтиды. Білім алушылар тағам гигиенасы, тағам өнімдерінің сапа көрсеткіштерін гигиеналық бағалау саласында қызметін реттейтін заңды, ғылыми-техникалық құжаттарды қолдану дағдыларын бекітеді. Тағам объектілерінің санитарлық жағдайын санитарлық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыруына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды зерделеуге ерекше назар аударады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Іскерлік және кәсіби қарым-қатынас үшін шет тілін қолдану.
- Халықтың, қоғамдастықтың мүшелерімен, ұйымдармен, билік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жауапкершілікті және денсаулық сақтау үшін адамдардың таңдауын алға тарта отырып, салааралық тиімді өзара әрекеттесуді құру.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы ғылыми әдіснамасын, логикасын және технологиясын, оның нәтижелерін ғылыми жұмыс түрінде әртүрлі нысандарындарда рәсімдеу дағдыларын меңгеру
- Қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын статистикалық талдау мен бағалауды жүргізу, денсаулық параметрлерін және денсаулық сақтау жүйелерінің жекелеген элементтерін модельдеу, болжау және орындау.
- Кәсіби қызметінде қоршаған орта мен өнімдердің сапасына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар туралы білімді қолдану.
- Қоршаған орта объектілеріндегі патогенді, шартты-патогенді және санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдердің өміршеңдігі туралы білімді олардың қоршаған ортадағы, ауыз су мен тағам құрамында айналымын шектеу мақсатында алдын алу шараларын әзірлеу үшін қолдану.
- Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы ҚР заңнамалық құжаттарын, ҚР санитарлық, табиғаттық орғаузаңнамасын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қызметінің құқықтық негіздерін және жұмыс орындары мен елді мекендердің объектілеріндегі инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің құжаттамасын пайдалану.
- Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзегеа сыру.
- Тұрғындардың денсаулығына қоршаған орта факторларының, өндірістік факторлардың, тағам өнімдерінің әсерін анықтау және талдау.
- Зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, адамның тіршілік ету ортасы объектілерінің жай-күйін зерттеу және бағалау, осы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне байланысты халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жинау және талдау.
- Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін көзделген есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу.