Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B03279 Сандық медиа және телерадиожурналистика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сандық журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – студенттің сандық журналистикаға қатысты білімінің алғашқы теориялық дағдыларын үйрету және қазіргі жаңашыл инновациялық технологияларға байланысты тәжірибелік қызмет шеберлігінің негізін қалау болып табылады. «Сандық журналистикаға кіріспе» пәнін оқыту барысында студенттер жаңа цифрлық сауаттылық, бенчмаркинг, медиа цифрландыру жөнінде толық танысады, теориялық мазмұнда ақпарат алады. Пән журналистиканың медиа адресат, медиа алгоритм жүйелерінің қалыптасу үрдісіне, журналистиканың цифрлық элементтері мен қызметі, классикалық және цифрлық журналистиканың ерекшеліктерін білімгерлерге үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Электронды БАҚ жанрлары
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты болашақ журналистерге электронды журналистика жанрларының ерекшеліктерін, мазмұнын, жазылу пішінін, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайын, электрондық журналистиканың тілдік-стильдік әдісін меңгеруін қалыптастырады. Теле-радиожурналистика жанрларының дәстүрлі жанрлармен өзара ерекшеліктерін теориялық және практикалық негізде айқындауға үйретеді. Пән электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, электронды журналистика материалдарының сапалық деңгейін арттырудың әдіснамалық тәсілін игеруіне бағытталған. Телевизия, радио, интернет жанрларының стилдік, құрылымдық, логикалық формаларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқықтық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жас журналистердің ақпарат алудан бастап, оны жариялау кезіндегі құқықтық нормаларды, қолданыстағы заңдарды басшылыққа алу қабілетін қалыптастырады. Құқықтық тұрғыдан студенттерге жан-жақты білім бере отырып, журналистің шығармашылығындағы кездесетін құқық мәселесі немесе заң аясындағы тақырыптарды сауатты жазуына ықпал жасайды. ҚР БАҚ туралы Заңындағы баптарды игертеді. Пән негізінен заң аясында жұмыс істеудің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Медиаэтика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби журналистің моральдық-этикалық міндеттеріне, этика, эстетика ұғымдарын тереңдете оқыта отырып, журналистік этиканың заманауи құқықтық негіздеріне сауатты білім беру болып табылады. Заңдық нормаларға сәйкес қабылданған этикалық кодекстер мен журналистер өз қызметі барысында кездесетін этикалық нормалар аясында кең ақпарат алуына бағытталған. ҚР журналистерінің Этикалық кодексі және халықаралық журналистиканың этикалық кодексі салыстыра оқытыла отырып, теориялық сипатқа ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    "Мәңгілік Ел" пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    «Түркі мемлекеттерінің тарихы» пәні Түркі дүниесі модуліне қатысты болып табылады. Түркі халықтарының көне дәуірден бүгінге дейін тарихы оқытылады. Өз дәуірінде дүниені дүр сілкіндірген түркі халықтарының тарихын зерттеу қарқыны бүгінгі таңда күн өткен сайын арта түсде. Қызыл империяның басқару жылдарында мұндай мүмкіндік берілмегенді. Сол жылдары түркі халықтарының тарихы бір-бірінен бөлек зерттеліп, империяның идеологияландырылған тарихына тәуелді етіліп келді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Телесценарий өнері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты телесценарий жазу дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: теледраматургия тарихын және телесценарийдің негізгі формаларын зерттеуге, дамытуға, медиа саласында қабылданған сценарийді рәсімдеу форматтарын білуге бағытталған. Курс сценарий жоспарын әзірлеу әдістемесін, сценарийлік-режиссерлік шешімді іздестіруді, сценарийлердің типтерін және олардың сипатты белгілерін қарастыруды көздейді. Телесценарист жұмысының телевизиядағы маңызын, қызметтік құзреттерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Телерадиодағы дикция
    Несиелер: 5

    Пән болашақ журналистерді журналистика қызметіне қажетті дикторлық кәсіби біліктілікке баулиды. Дауыс ырғағын игеруге, кәсіби дикция орнатуға, сауатты диалог жүргізуге, эфирде дұрыс сөйлеуге бейімдейтін болашақ кәсіби қызметке дайындайды. Аталмыш пәнді дайындау барысында студент-журналистердің телерадиодағы мәтіндерді оқудағы дауыс ырғағын қалыптастыру, телерадио жанрларына қарай дикциялық оқылым жүйесін меңгеруге бағытталады. Курс негізінде студенттер түрлі жанрлардағы мәтіндерді таспалаудағы студиялық жұмыстар арқылы біліктілік шыңдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Телеоператор шеберлігі
    Несиелер: 4

    Пән болашақ журналистердің қазіргі телеоператорлық өнердің жаңа технологияларын меңгеруіне, цифрлық технологияның телеоператор өнеріне ықпалын талдай алуына, болашақ журналистер үшін операторлық шеберліктің қыр-сырын игеруіне бағытталады. Болашақ журналистердің телеоператор жұмысын түсініп, кадрдың, монтаждың, композицияның тележурналистикаға қаншалықты маңызды екендігін бағамдауына бағытталады. Кадрдағы пландарды қоюға дағдыланады. Сонымен қатар, телеоператор шеберлігі пәні болашақ журналистердің бейне түсіру әдістерін меңгеруіне жәрдемдеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпарат жинау және жазу шеберлігі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты ақпарат жинау мен оны жазу жолдарын үйрету. Журналист қызметінің негізгі және жауапты бөлігі ақпарат жинаудан тұрады. Пән сапалы ақпаратты қалай алуға болатынына, оны қалай пайдалану керектігіне бағытталған. Студентке мақаланы қалай бастау, оны қалай жазу, логикалық бірізділік қағидаларын білуге, материалды қалай аяқтау керектігі жан-жақты түсіндіріледі және болашақ журналистің бойында жақсы мақала дайындау машықтары қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Конвергентті журналистика
    Несиелер: 3

    Конвергенттік журналистика пәні арқылы студенттер заманауи технологияларды, жаңа аудио-видео мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануды үйренеді. Пәнтың ізденістерге,тың формаларға жол ашу, ғаламтордың инновациялық, жаңғыртушылық мүмкіндігін пайдалана отырып, медиаөнімді дамытып беруге, оқытуға бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мультимедиялық журналистика
    Несиелер: 4

    Мультимедиялық журналистика дағдыларын игерген түлектер мультимедиялық медиада және басқа байланыс арналарында жұмыс істейді. Сондықтан аудиторияда студенттер әр түрлі байланыс арналары үшін аудио, видео, инфографика, фотосуреттер мен мәтіндерді құру технологиясын бірдей меңгереді. Олар дәстүрлі медиа редакциясында да, кез келген эфирде де, виртуалды жобада да ыңғайлы. Негізгі зерттелген жобалар: ұйымдық коммуникация негіздері, әлеуметтік антропология мен журналистика, медиа саланың семиотикасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медиадизайн техникасы мен технологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты газет пен журналды беттеуге, теле-радио мен сайттарды безендіруде қандай компьютерлік бағдарламалардың оңтайлы екендігін түсіндіру. Сондай-ақ, бағдарламалармен қалай жұмыс істеу қажеттігі сөз болады. Согеl DRAW, inDesign, Photoshop, Illustrator, Audition сынды компьютерлік бағдарламалардың жұмыстары ұғынықты түсіндіріледі. Болашақ журналистерді қазіргі заманғы медиа технологиялармен таныстыру, дизайн жасаудың негізгі принциптерін меңгерту, тәжірибелерін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медиа техникасы мен технологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарының техникасы мен технологиясын теориялық және практикалық негізде қолданудың аспектілерін ұғыну. Қоғаммен байланыс жөніндегі мамандардың кәсіби қызметін қамтамасыз ету. Қазіргі журналистикадағы газет-журнал (баспа) және электронды (теледидар және радиожурналистика, интернет-журналистика) болып бөлінеді, MS-журналистика) құралдардың техникалық мүмкіндіктерін меңгертуге негізделген пән. Медиадағы техника мен технологияның заманауи құралдарымен практикалық тұрғыда жұмыс жасау дағдыларын меңгертуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Интернет журналистика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты интернет журналистиканың ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазіргі қоғамдағы жаңа медианың артықшылықтарымен таныстыру. Интернет пен журналистиканың байланысы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бүгінде интернет - ақпарат алудың сенімді де жедел көзі ретінде қалыптасып үлгерді. Қоғамда адамдар барлық ақпаратты интернеттен алады. Осы ретте фейк және фактілі ақпаратты тануға үйретеді. Интернет журналистика мен дәстүрлі журналистиканың ақпарат әзірлеудегі стильдік ерекшеліктері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Радиодағы цифрлық монтаж
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты радиодағы цифрлық монтаждың жасалу жолдарын үйрету. Радиохабарын дайындаудың негізгі кезеңдерінің бірі монтаждау болып табылады. Бұл бір мезгілде монтажшымен бірге атқарылатын техникалық және шығармашылық процесс. Монтаждаудың жалпы құрылымымен байланысты, монтаждық фразалар мен эпизодтардан журналистік материалдың композициясы құрылады. Монтаж радио жазбаларды пайдалану кезінде де, тікелей эфир кезінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Пән осы техникалық қызметтерді цифрлық жаңашылдықпен үйретуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телерадио бағдарламаларды дайындаудың арнайы курсы
    Несиелер: 5

    Телерадиобағдарламаларын дайындаудың арнайы курсы журналистиканың бір бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Телерадио бағдарламаларын дайындау барысында стдудент жеке авторлық бағдарлама құрудың концепциясын ұғады. Жеке авторлық бағдарламаны құру барысында сценарий әзірлеу, бағдарлама қонақтарын анықтау, таңдалған тақырыптарға орай іздену, тақырыпты ашу мақсатындағы ізденістер туралы білетін болады. Әрбір бағдарламаны әзірлеу барысындағы бастан аяқ жұмыс процессі сатылы үлгіде түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бейнені цифрлық өңдеу
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты студиядағы монтаж үстелі арқылы цифрлық монтаж жасауды үйрету. Студент журналистикадағы техникалардың меңгереді; Пән видеотехника жайында мол мағлұмат беріп, оларға қойылатын талаптар туралы терең білім беруге бағытталған. Студенттер Adobe Premier, Adobe After Efect сынды компьютерлік бағдарламаларды жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Бейнематериалдарды кесу, пішу, жалғау, аудиожолақтармен жұмыс, саз қосы дағдыларын терең меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Подкаст шеберлігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты цифрлық жүйедегі телехабар жасаудың технологиясымен таныстыру. Подкастинг — барлық жерде хабар тарату, кең хабар тарату. Интернеттегі радио және телехабарлар стилінде дыбыстық немесе бейне файлдарды (подкаст) жасау және тарату процесі (Интернетте хабар тарату). Әдетте, подкасттар басылымның белгілі бір тақырыбы мен мерзімділігі бар. Пән жаңа форматта хабар таратуды үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиа және мобильді қосымшалар
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – студенттерге жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпарат таратуды үйрету. Қазіргі уақытта мобильді қосымшаларды әзірлеу және қолдану ақпараттық технологиялар саласындағы ең танымал жұмыстардың, бағыттардың бірі. Күнделікті ақпаратты мобилдендіру қазіргі сандық технологияда зор қарқын алуда. Мобильді қосымшалар кәсіби түрде құрастырылса, адам өміріндегі күнделікті іс-әрекетін жеңілдету үрдісіне пайдасы мол болмақ. Пән мобилді қосымшаларды медиаөнім дайындау барысында пайдалануды үйретуге бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тікелей эфир табиғаты
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты көрерменге тың әрі нақты мәліметтерден тұратын жаңалықтарды дайындайтын болашақ журналистерді дайындау. Тікелей эфир - көрермен алдындағы жауапты сәт. Тікелей эфирде жұмыс жасау асқан шеберлікте талап етеді. Телевизия саласындағы барлық шығармашылық әдіс тәсілдері мен шеберлігін шыңдау осы пән аясында жүреді. Пән тікелей эфирдің мақсаты мен мән-мағынасын, жауапкершілігін, кәсібилік дағдыларын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңалық әзірлеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты қоғамдағы оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылдам әрі шынайы жеткізуді үйрету. Ақпараттарды, өзекті қоғамдық құбылыстарды, оқиғаларды, түрлі жағдайларды жаңалық етіп әзірлеп, түрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әр түрлі формада жеткізуді үйренеді. Ақпарат жинап оны әзірлеу, жаңалық ретінде ұсынудың ұтымды әдістері үйретіледі. Пән арқылы жаңалық жазу мен жедел аудиторияға ұсынуды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телевизиядағы графикалық өңдеу, титрлармен жұмыс
    Несиелер: 4

    Телеарнадағы графикалық өңдеу жұмысын бағдарламаларда немес сюжеттерде көптеп қажет етеді. Бұл пәнде жарнамалардан анимацияға дейінгі жұмыстарды өндіріс дизайнына дейін қамтитыны түсіндіріледі. Телеарнадағы бейнелерді титрмен көркемдеудің маңыздылығы анықталады. Бұл пән болашақ журналистерге телевизиядағы кадрларда қоданылатын графика мен жазулардың түрлі өзгеріске ұшырауының басты мақсаты айқындалып, монтаждың маңыздылығы түсіндіреді. Adobe Premier, Adobe AfterEfect және т.б. компьютерлік бағдарламаларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сандық телерадио-журналистика
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты студенттерді жаңа технологиялар мен құрылғылардың көмегімен эфирге шығып жатқан радио мен теледидардағы шығармашылық еңбектердің сандық журналистика тұрғысындағы теориясы мен тәжірибесінің негіздерімен таныстыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі телевизия мен радионың, интернеттің тарихынан бастап, осы күнге дейінгі инновациялық өрлеуі, техникалық тұрғыдағы дамуы пән барысында толығымен талқыланады. Пән қазіргі заманғы телерадиоарналардың сандық жүйедегі жаңаша жұмыс тәсілдерін теориялық негізде меңгертуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректі фильм жасау шеберлігі
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсатына деректі фильм жасаудағы негізгі қадамдар меңгеріледі. Сценарий, КТМ, СНХ, графикалық әрлеу, мәтін, кадр, саз, титрмен жұмыс жасауға дағдыландырады. Деректі фильм жасаудағы журналистиканың тәсілдерін пайдалану арқылы фильмнің тақырыбын ашу дағдысын үйренеді. Пәнді игеру барысында деректі фильм жасаудың әдіс-тәсілдерін: операторлық дұрыс шешім қабылдауды, жарық қоюдағы шеберлікті, саз таңдаудағы талғам, фильм жобасын құрудағы режиссерлік білікті қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 3D технологиялары және анимация
    Несиелер: 3

    3D, анимация және модельдеу соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино,медиа, анимация, жарнамалық роликтер дайындау, түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инженерияда және көптеген салаларда қолданылады. Пәннің мақсаты компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, медиа өнімді безендіруде көркемдік элементтерді дұрыс қолдануды меңгертеді. Қазіргі цифрлық технология тәжірибелеріне сай медиа дизайнының қыр-сырын меңгеруге бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медициналық журналистика
    Несиелер: 5

    Бұл пән салалық журналистикаға бейімделуге бағытталған. Қалың бұқараны медицина саласы бойынша қоғамда қалыптасқан түрлі жағдайлардан дұрыс және сауатты ақпараттандыру. Пән - медицина бойынша нақты әрі дұрыс ақпараттармын қоғамға түсінікті үлгіде ақпарат таратуды меңгертеді. Қоғамда түрлі қауесеттер мен дұрыс емес түсінік қалыптасудың алдын алу мақсатында, медициналық журналистика салалық бағыты зор жауапкершілікке ие екендігін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Журналистика және дін
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты - қоғамда орын алатын діни бұрмалаушылық пен адасулардың алдын алуда журналистиканың қуатты қару екенін ұғындыру. Студент журналистика арқылы қоғамда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға болатынын біледі. Қоғамға, аудиторияға діни тақырыптарды дұрыс, сауатты ұсынудың әдіс-тәсілдері мен шеберліктерін меңгереді. Көпқырлы журналистиканың осы қызметі арқылы теріс ағымдар мен секталардың шырмауынан адамдарды қорғауға болатынын ұғады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқу студияларының жұмысы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты журналистика саласы бойынша оқу студияларындағы шығармашылық жұмыстарға баулу. Телестудия, Фотостудия, Радиостудиядағы шығармашылық жұмыстардың қыр-сырын меңгертеді. Студиядағы техникалық және шығармашылық мамандардың қызметтерімен таныстырады. Оның қатарынде дыбыс және теле режиссерлер, жарық қоюшылар, сценаристер, продюсерлер, бас продюсерлер, реквизиттер, әкімшілер, гримерлар, графикалық және аудиолық өңдеушілер және т.б., мамандардың міндеттерін теориялық және практикалық тұрғыда таныстыруға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сандық БАҚ-тағы жаңалықтар
    Несиелер: 5

    Сандық журналистика жаңа мамандардың санатын қалыптастыратын маңызды және тез дамып келе жатқан кәсіби сала. Пән жаңалықтардың сандық БАҚ-тағы көрінісін айқындауға бағытталған. Пәннің мақсаты сандық бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтардың берілу тәсілдерін үйрету. Сандық теxнологияға көшіп жатқан заманда медиа тиімділігін дәл әрі нақты өлшеу БАҚ-тың бизнес-стратегиясына тікелей әсер етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Онлайн радио
    Несиелер: 6

    Бұл пән – студенттерді заманауи форматтағы радио жұмысымен және ерекшеліктерімен таныстырады. Яғни: Онлайн радиоларда шектеулер жоқ, сондықтан қолданушылар интернетке кіре алатын кез келген жерде онлайн режимінде радио тыңдайды. Сонымен қатар, интернет (онлайн) радиолардың жұмысы тек бір ғана аудионы жіберумен шектелмейді. Онлайн радиода тыңдаушылармен графиканы, фотосуреттерді және сілтемелерді бөлісуге, сондай-ақ чаттар мен хабарламалар тақталарын құруға мүмкіндіктер бар. Пәнді оқыту барысында онлайн радионың осындай ерекшеліктері мүмкіндіктері сараланады, студенттер web-радиомен жұмыс жасауға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Эфир тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты телевизиялық журналистикадағы экран тілінің негізгі элементтерін оқытуға бағытталады. Телеэкрандағы кадр, план, ракурс, стендап, интершум, синхрон, КТМ және падкасттарды түсіндіре отырып, экран тілінің ерекшелігіне қарай теориялық негізде оқытып үйретеді. Студенттер практикалық тұрғыда экрандағы пландарды қоюды, стендаптағы сөйлеу шеберлігін, кадрдан тыс мәтін әзірлеуді, синхрон алудағы шеберліктерді меңгеретін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Масс медиа және жарнама
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жарнаманың медиалық тұрғыдан жасалуын үйрету. Жарнама мәтінін жазу шеберлігін үйрену. Мәтіннің жасалу жолдарын меңгеру. Жарнаманы графикалық безендіру ерекшелігі, тележарнамаға аудитория назарын аударту құпияларын үйрнеді. Жарнама әзірлеу барысындағы заңдылықтардың сақталуына көңіл бөлу. ҚР Жарнама беру және тарату бойынша заңдар мен ережелерді сақтауға, халықаралық талаптарды білуге бағытталған мәліметтер беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сандық фотосуреттер әзірлеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты сандық фотоаппараттармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету болып табылады. Фотоаппараттың мүмкіндіктерін меңгерте отырып, оны дұрыс қолдануға баулу. Пән арқылы сандық фотоаппараттың конфигурияциясын меңгеріп, кәсіби функцияларды үйренеді. Фотожурналиястиканың жанрларымен танысады. Практика жүзінде түрлі фотожанрларда материалдарды әзірлейді, жылдам әрі сапалы түрде редакцияға жөнелту әдістерін меңгереді. Фотоаппараттың сандық және смарттық мүмкіндіктерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телепродюссерлік
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты телеарнадағы мамандықтың бірі телепродюссердің қызметімен таныстыру. Продюссер ол жобаны өндіруге тікелей қатысады, әкімшілік, технологиялық, шығармашылық немесе заңды аспектілері қызметін реттейді. Қандай да бір жобаны орындау кезінде телеарна саясатын реттейді. Телепродюссердің міндеті, оның атқаратын қызметі де түсіндіріледі. Пән аясында студенттерге продюссердің тікелей эфирдегі және алдын-ала жазылатын бағдарламалардағы атқатарын негізгі жұмысы да таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт журналистикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді спорттық тақырыпқа бейімдеу. Спорттық бағыттағы басылымдар, арнайы бағдарламалар немесе салалық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасайды. Соңғы уақытта спорт тақырыбындағы материалдарға сұраныс артқан. Пән қоғамдағы спорт мәселесін халыққа шынайы әрі көркем де бейнелі етіп жеткізудегі шеберлікті шыңдауға бағытталған. Пәнді оқу арқылы болашақ журналистер спорт тақырыбының қыр-сырына қанығып спорт саласына мамандану болмақ.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Факт-чекинг
    Несиелер: 5

    Фактчекинг тек журналистиканың құралы емес. Бір кездері ол қадағалаушы журналистика мен тергеу істерінің бөлігі болған. Қазір фактчекинг журналистиканың шекарасынан асып, аудиторияның медиасауаттылығын арттыратын маңызды әдістемелік құралға айналды. Ол дезинформациямен күрескенде сөз бостандығы принципін бұзбайтын жалғыз құрал. Студенттерге жалған жаңалықтар феномені қызметінің табиғаты, эволюциясы және заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; жалған ақпаратпен, ақпараттық манипуляциялармен, жалған жаңалықтармен күресу қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сандық маркетинг
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты цифрлық маркетинг (онлайн маркетинг) жайында толыққанды мағлұмат беру. Дәстүрлі маркетинг – сұранысты жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ тасымалдау тәсілдерін қолданып‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне ұйымдастыру болатын. Ал, сандық маркетинг ше? Бұл қазіргі кездегі сандық медианы қолдана отырып, жарнамалық және коммерциялық стратегиялардың тұрақты жасалу процестері. Сандық маркетингтің жақсы стратегиясына ие болу компанияларға да, фриланслерге де пайдалы. Пән олардың осындай артықшылықтарын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сюжет әзірлеу шеберлігі
    Несиелер: 5

    Студенттерге тележурналистика және сюжет жайлы нақты ұғым қалыптастыру. Телесюжеттің теориялық табиғатымен таныстыру. Практикалық негізде сюжет әзірлеуге баулу. Болашақ журналистер сюжет жасау барысында бейне мен мәтіннің байланысын анықтайды. Сюжет жасау заңдылықтарының үйлесімділігін таниды. Телевизия қызметі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды тану екендігін меңгереді. Ақпарат бойынша бейнекадр жинақтау және мәтінмен жұмыс, деректерге мән беруді түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәліметтер журналистикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты ақпарат беру үшін қоғамдық қолжетімді мәліметтер базасын, яғни статистикалық мәліметтерді, графиктерді, тізімдерді, карталарды және т.б. пайдалана отырып, материал дайындауға үйретеді. Data-журналистика - журналистиканың жаңа түрі. Деректер өмірдің кез келген саласына: экономика, саясат, ғылым, білім және т.б. қатысты болуы мүмкін. Пән мәліметтер базасын пайдалануды үйретуге бағытталады. Пәннің мақсаты - ашық деректер базасын пайдалану арқылы журналистік проблемаларды зерттеудің инновациялық әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инфографика және флеш-технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты журналистикадағы инфографика мен флеш-технологиялардың көрінісін көрсете отырып, оны қолдануды үйрету. Инфографика дегеніміз қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі. Flash-технологияның негізгі мүмкіндіктері қарастырылған: векторлық графика, анимацияның бірнеше түрін қолдау, синхрондық дыбыстық сүйемелдеуді қосу, импортталатын графикалық пішіндермен өзара әрекеттесуді қолдау. Пән студенттерді осы технологиялармен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Визуалды журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты журналистикадағы ақпараттарды тұтынушыға дұрыс әрі анық ұсыну. Визуалды журналистика пәні арқылы оқырманға, тыңдарман мен көрерменге ақпараттың негізгі деректерін айшықтап көрсетудің қыр-сырын меңгеретін болады. Ол үшін түрлі кестелер мен диаграммаларды, инфографикаларды әзірлеуді меңгереді. Материалдағы нақты қандай дәйекті айшықтауға болады, қайсыбір фактіге акцент беру керектігі туралы толық мағлұматтарға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • SMM және PR
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты біздің өмірімізге жақында ғана енген SMM мен PR жайында түсінік қалыптастыру. Курс сандық технологиялардағы, медиа-арналардағы бірқатар маркетингтік процестерді түсініп, үйренуді қалыптастырады.Пәнді оқу кезінде студенттер сатып алушы тұлғасымен және тұтынушылардың мінез-құлқымен танысады. Сандық құралдарды пайдалану: әлеуметтік желілер, мессенджерлер, нәтижелерді талдау және бағалау, сондай-ақ әртүрлі арналар үшін SMM, SEO стратегиялары мен тактикасын әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңа медиа
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты соңғы технологиялар арқылы журналистиканың жаңа бағытында жұмыс істеуді үйрету. Әлеуметтік желілерде аудио-бейне, контент салу, тегтеу және т.б. дағдыларды қалыптастырады. Жаңа мeдиa – кoмпьютepлiк гpaфикaмeн, cуpeттepмeн, бeйнe aқпapaттapмeн, aнимaциямeн, мәтiндepмeн, жoғapы caпaлы дыбыcтapмeн жұмыc icтeудi қaмтaмacыз eтeтiн мультимедиялы жүйe. Бұл пәнде студент жаңа технологияларды меңгере отырып, мультимедиялы контент дайындауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты веб журналистиканың ерекшеліктерімен таныстыру. Веб сайттарды құру жолдары мен оны дамытудың тетіктері айтылады. Веб сайтқа контент, подкаст, инфографикаларды жедел жүктеу жолдары үйретіледі. Веб парақшаларға ақпарат әзірлеудегі стилдік ерекшеліктер меңгеріледі. Веб журналистиканың басты мақсаттарының бірі ретінде ақпаратты жедел әрі нақты үлгіде өз аудиториясына ұсынуға баулу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тележүргізуші шеберлігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ журналистер мен телевизия мамандарын қазіргі заманғы тележүргізуші жұмысымен таныстыру. Тележүргізуші шеберлігінің басты қағидалары үйретіледі. Теориялық білімін толықтыру және нақты тәжірибеден өткізу құзыреттіліктерін қалыптастырады. Пән аясында студенттерді тікелей эфирдегі сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық шеберлікке, кәсіби біліктілікке, шешендікке, ұйшқыр ой қалыптастыруға баулуға ден қояды. Тележүргізушінің негізгі қырларына тоқталып, тележүргізуші қызметін нәтижелі үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастыра отырып, жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын меңгереді, барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады;

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; -мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    -қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді,тарихи деректер мен қағидаттардықолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    - Қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды, мобильді қосымшаларды қолдана отырып ақпарат тарата алады.

  • Код ON5

    -SMM трендтерді қадағалау және оларды өз жұмысында пайдалану арқылы, танымал тақырыптық форумдармен, қауымдастықтармен жұмыс істей алады.

  • Код ON6

    -Сандық технологияларды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану және бағалау, қазіргі заманғы әлеуметтік медиа құралдарын анықтау. Электронды құралдардың, платформалардың және әлеуметтік желілердің түрлі типтерінің артықшылықтары мен тәуекелдерін бағалай алады

  • Код ON7

    - Қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды таниды және олардың жаңа көзқарастарын зерттеу тұрғысынан қолданады. Материалдарды дайындай алады және мақсаттылығын анықтау қабілетін қалыптастырады. Ақпаратты жинау және құрылымдау, материалды дайындау үшін, оның ішінде құзыретті көздермен өзара іс-қимыл жасау арқылы әрекет етеді.

  • Код ON8

    - Газет-журнал, теле-радио, интернет жұмысының үдерісін үйренеді. Газетті (журналды) дайындау және шығару жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік құжаттармен жұмыс істей алады. Оқырмандарды (көрермендерді, тыңдаушыларды) өзіндік қорытынды жасауға итермелейтін түрлі журналистік жанрларда контенттер әзірлей алады

  • Код ON9

    -Материалдарды өңдеу, оның ішінде келтірілген дәйексөздердің, есімдердің, цифрлардың және басқа да нақты деректердің дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, құрастыра алады.

  • Код ON10

    -Ньюсмейкерлер мен оқиға қатысушыларымен, куәгелермен, басқа да өзекті ақпарат көздерімен байланыс орнатып, мәліметтер жинақтайды, оқиға орнына барып, оқиғаларды тікелей эфирде жариялауды ұйымдастыра алады. Аудио (бейне) жабдықтарды қолдана алады.

  • Код ON11

    - Ұсынылған материалдардың сапасын, олардың осы БАҚ талаптары мен форматына сәйкестігін талдауды үйренеді. Басылымдардың түпнұсқаларын және иллюстрацияларды, иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің орналасу тәртібін белгілеп көрсете алады. Журналистік жарияланымдардың міндеттері мен әдістері, технологиясы мен техникасы, олардың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін меңгеруді қалыптастырады.

  • Код ON12

    -Пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы мен өзектілігін тексеріп, жазады. Контентті оңтайландыру үшін дайындалған (оның ішінде жеке) материалдарды (сценарийлерді) бейімдеу/редакциялауды ұйымдастырады. Әдеби шығармаларды сценарийге қайта өңдеу, бағдарламалар мен көрсетілімдердің сценарийін жаза алады.

Top