Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03213 Web-журналистика в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Фотожурналистика бойынша практикум
    Несиелер: 5

    Журналистикадағы фотография тарихы, көркемдеу құралы, фотоаппараттың құрылысы және түрлері, түсірілім параметрлері, фотографияның жанрлары, әлемдік баспасөз фотографиясы, фоторепортердің кәсіби әдебі мен ережелері, фотосуреттерді өңдеудің ережелері мен әдіс-тәсілдері, фотожурналистика жанрлары, фотоочерк жанры туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 5

    Студенттерді мамандық негіздерімен, қазақ журналистикасының тарихы мен даму ерекшеліктерімен, салалар мен жанрлық топтамалармен кең көлемде таныстыру. Журналистика мамандығының негізгі принциптері мен функциялары, нормативтік ережелері менқызметі,журналистің құқығы мен ақпарат құралдары жүйесін қалыптастыру тәрізді мамандықтың сан-салалы қызмет түрінен мағлұмат беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Web-журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Веб-журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері, кәсіби этикалардың нормалары, журналистік ережелердің қалыптасуы, ақпараттық қауіпсіздіктің ерекшеліктері, web-журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар, ақпаратты қорғау, қауіп түрлері, ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім ортасы мен білім алушының үндесуі (Құқық негіздері, Коррупцияға қарсы мәдениет, Ұлтаралық келісім, 1 курс семинары)
    Несиелер: 5

    Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Құқық салалары. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының теориялық-әдіснамалық негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі аксиомалары. Ұлтаралық коммуникацияның құрылымы мен детерминанттары. Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы заманауи инновациялық процестер. Кредиттік оқыту технологиясының негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
    Несиелер: 5

    Мамандықтың кәсіби-қолданбалы міндеттерін шешу алгоритмдерін әзірлеу, кәсіби сипаттағы құжаттарды құру және олармен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу әдістері мен құралдарын таңдау, мәтіндік және графикалық құжаттарды ресімдеу үшін заманауи компьютерлік бағдарламалар бойынша қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Web-сайтты бағдарлау
    Несиелер: 5

    Сайтты құру кезеңдері, веб сайттың дизайнына қойылатын талаптар мен техникалық сипаттамалар, веб сайтты бағдарлаудың типтік нормалары, сайт жасау талаптары туралы оқыту. Сайттың навигациялық сұлбасы мен оның деректер базасын құруды үйрету. Бағдарламалық жабдықты игеруге дағдыландыру. Веб сайттардың түрлері, жобалау кезеңдері мен бағдарламалық жабдықты таңдау ерекшеліктері туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Веб-жаңалықтар журналистикасы
    Несиелер: 5

    Желідегі журналистің шығармашылық ерекшеліктері, публицистикалық мәтіннің жасалу ерекшеліктері, журналистік өнімдердің негізгі алгоритмдері, отандық интернет журналистердің шығармашылық және журналистік құрамдастарын біріктіру идеясы, интернет жаңалықтары, ақпарат агенттіктері, жаңалық журналистикасындағы стиль мен дизайн, веб журналистикадағы жаңалықтарды дайындаудың әдіс-тәсілдері туралы практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақ баспасөзінің қалыптасу, даму тарихы жөнінен білімінқалыптастыру. Қазақ журналистикасының негізін қалаған зиялы қауым өкілдерінің өмірімен және ақпарат құралын даярлаудағы шығармашылық жолымен таныстыру. Қазақ даласында жарық көрген «Түркістан уалаяты газеті», «Дала уалаяты газеті», «Айқап» сынды басылымдардың шығу тарихы мен даму ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Журналистикадағы менеджмент
    Несиелер: 4

    Журналистикадағы менджмент және маркетингтің ерекшеліктері, қазіргі заманғы медиа бизнестің экономикалық проблемалары ментенденциялары, журналистикадағыменеджментпроцестерініңнегізгіерекшеліктері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді маркетингтік болжамдар әзірлеу мен бағалау нормасы, журналистикадағы менджментте пайдаланылатын негізгі ұғымдар туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу
    Несиелер: 4

    Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің шығу тарихы, оның мазмұны мен құрылысы тулары білімін қалыптастыру. Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты, өзге ғылым салаларымен байланысы, шешендік өнерді меңгерту жолдары, шешен сөйлеу мәдениеті мен мәнерлеп оқу ерекшеліктері, жыраулар шығармаларындағы үндестік туралы білім беру. Мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мультимедиалық журналистикадағы технология, дизайн, шығармашылық
    Несиелер: 3

    Мультимедиялық өнім, онлайн журналистиканың терминологиясы, ақпарат пен компьютерлік-цифрлық технологиялардың телевидение мен радиода жинақталуы, конвергенттік басылым жұмысының құрылымы, жаңа онлайн форматтардың ерекшеліктері және жаңа жеткізу арналары, мультимедиалық ақпараттық өнімдер, мультимедиалық журналистикадағы дизайн мен шығармашылық туралы практикалық дағдыларды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Стилистика және редакциялау
    Несиелер: 5

    БАҚ-тың стилистикалық қырлары, қазақ баспасөзіндегі PR, материалдар мен жарнаманың тілі мен стилі, қазіргі баспасөз тіліндегі ақаулар, қателермен жұмыс жасау, қазақтілдібасылымдарменсайттардағыконтент-талдау,масс-медианың, ақпарат құралдарының мүмкіндігіменролі туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тарихи сабақтастық және қазіргі журналистика теориясы
    Несиелер: 3

    Журналистиканың тарихы мен даму тенденциялары, қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі мен теориялық аспектілері, баспасөздегі тарихи сабақтастық, журналистика жанрлары, журналистика және ақпараттық кеңістік, БАҚ типологиясы мен түрлері, журналистика және шығармашылық қызмет, БАҚ-тың пәндік-тақырыптық әмбебаптануы және мамандануы туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Баспа негіздері
    Несиелер: 5

    Атамұра, Атамекен, Фолиант, Дәуір, Кітап, Мектеп, Сенім, Жалын тағы да басқа баспалардың тарихы туралы білімдерін қалыптастыру. Баспалардан шығатын өнім түрлері мен олардың таралу аумағы,Қазақстандағы ұлттық баспалармен жекеменшік баспалардың шығуы мен даму тарихытуралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас
    Несиелер: 4

    Тілдік қатынастың ерекшеліктері, басқа ғылымдармен байланысы, мәдениетаралық қарым-қатынастың әлемдік тәжірибедегі зерттелуі, коммуникация термині, қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі, тілдік қатынастың сипаттамалары, сөйлесім, тілдесім, айтылым, тыңдалым туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шетелдік онлайн-медиа
    Несиелер: 4

    Шетел журналистикасы, шетелдік мерзімді баспасөз бен шетел сайттары, шетел сайттарының шығу тарихы мен ондағы материалдар, сайттарға жарияланған материалдарды әлеуметтік желіде жариялаудың тәртібі, шетелдік онлайн-медианың отандық онлайн-медиамен байланысы, ұқсастығы мен айырмашылығы, онлайн-медиаға қойылатын талаптар ерекшеліктеріне оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі)'
    Несиелер: 3

    Қазақ халқының руханиятының қалыптасуының алғышарттары мен бастаулары. Түркі және ислам өркениеттерінің өзара байланысы мен сабақтастығы. Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасының негізгі аспектілері, олардың тарихи маңызы мен рухани құндылығы. Орта ғасырдағы түркі-мұсылман ойшылдары және олардың ілімдеріндегі рухани құндылықтар. М. Х. Дулати тарихы, философиясындағы рухани-адамгершілік бағдарлар. Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар. Қазақ халқының руханиятының даму кезеңі ретіндегі қазақ ағартушылығы

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның сакралды географиясы
    Несиелер: 3

    Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі және қазақстандық мәдениетті танымал ету, оның рөлін анықтау; негізгі ұғымдар; Қазақстанның сарайлық орындарының орналасуы; Қазақстанның аномалды және жұмбақ орындары; археологиялық және сәулет ескерткіштері; діни және ғибадат объектілер; тарихи тұлғалармен байланысты киелі орындар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлт дәстүрлері
    Несиелер: 3

    Ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік құндылығы мен маңызы. Ұлттық дәстүрлерді зерттеу орны. Ұлттық дәстүрлердің қоғамдағы рөлі және олардың қоғамдық қатынастарды реттеуге әсері. Дәстүр түрлері. Ұлттық дүниетанымдағы дәстүрдің орны. Ұлт, этникалық топ, адам туралы түсінік пен дәстүрлердің өзара байланысы. Ұлттық әдебиеттегі салт-дәстүрлердің көрінісі. Ұлттық дәстүрлердегі Түрік өркениетінің интеграциялық әлеуеті. Заң шеңберіндегі ұлттық дәстүрлер және Заң Үстемдігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өлкетану
    Несиелер: 3

    Өз өлкесінің табиғаты, халқы, тарихы мен мәдениетін жан - жақты тану; оның экономикалық, табиғи және мәдени мүмкіндіктерін есепке алу; өлке тарихының этнографиялық, географиялық және демографиялық сипаттамаларын, қоғамдық өмірі мен даму перспективаларын есепке алу; туған өлке тұрғындарының шаруашылық-тұрмыстық жағдайын, өлкенің археологиялық ескерткіштерін, өлкетанудың мәні мен рөлін есепке алу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаңа медианың тілі мен стилі
    Несиелер: 5

    Журналистикадағы тілдік, стилдік шеберлік,тілдік қолданыстың лексикамен, грамматикамен, фонетикамен байланысы,тілдік құрылыстың қызметі, стилистикалық жан-жақтылығы, тілдік, стильдік құралдардың қолданылу жолдары, жаңа медианың тілі мен стилінің нормалары мен ерекшелігітуралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистік интернет-мәтіндерді құру
    Несиелер: 5

    Интернетте мәтін құру, жалпы тақырып төңірегіндегі сабақтастық пен тұтастық, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі, интернет мәтін сөзінің этимологиясы, семантикалық құрылымдар, интернетте мәтін құрудың программалық бағдарламалармен байланысы, мәтін құрудың ерекшеліктері мен заңдылықтары, мәтінге қойылатын талап туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Интернет медиа технологиясы
    Несиелер: 4

    Web журналистика және IT технологиялары бойынша журналистикаға қатысты компьютерлік бағдарламалар, оның технологиялары мен заңдылықтары, Web журналистикада пайдаланылатын жалпы нормативтер, программалық жабдықтау мен қолдану тәсілдері, IT технологияларына қатысты дизайндар, беттеу, мәтін орналастыру туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рекреативті журналистика
    Несиелер: 5

    Рекреативті функцияның журналистикадағы орны мен қолданылу аясы, іскерлік журналистиканың мақсаты мен тақырыптық бағытындағы рекреативтілік, журналистикадағы рекреативті бағдарламалардың ерекшеліктері, заманауи журналистикадағы ойын-сауық, рекреативті, компенсаторлы және басқа да бағыттағы материалдар мен оларды дайындау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бауыржантану
    Несиелер: 3

    Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолы. Б. Момышұлының шығармалары. Б.Момышұлының күнделіктері мен естеліктері, мақал – мәтелдері мен афоризмдері, публицистика мен әңгімелері, хаттары - қазақ сөз өнері тарихындағы бірегей жаңалықтар. Ұлы Б.Момышұлының "Әкеге көтерілу", «Во имя отца» шығармалары бала тәрбиесіндегі таптырмас құрал бола алады. Б. Момышұлы туралы шығармалар, онда құрылған батыр бейнесінің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дулатитану
    Несиелер: 3

    Тарихшы, дипломат, қоғам қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы, оның өкіметтік және қоғамдық қызметінің прогрессивті, гуманистік сипаты. "Тарих –и –Рашиди" еңбегінің тәрбиелік рөлі; ұлы ғалымның шығармашылық мұрасы мен рухани құндылығының негізгі аспектілерін талдау; М.х. Дулатидің "Тарих - и – Рашиди" еңбегінің Қазақ хандығының құрылу тарихындағы тарихи маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистика және шығармашылық қызмет
    Несиелер: 4

    Қазақстандық ақпараттық агенттіктер, ақпараттық порталдар, сайттар, отандық және ресейлік жаңалықтар журналистикасы, қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті тілдерде сауатты ауызша сөйлеудің нормалары, теледидар, радио, интернет-эфирдегі шығармашылық жұмыс, әртүрлі жанрдағы хабарларды дайындау мен жүргізудің тәртібі туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік желілердегі PR
    Несиелер: 4

    Жарнаманың шығу тарихы мен даму кезеңдері, әлеуметтік желілердегі жарнама, түрлері мен ерекшеліктері, слайд-шоу мен дыбыстық слайд-шоу, бейнематериалдар, интерактивті карталар, желілік қызметтер, PR қызмет пен БАҚ-тың байланысы, PR мамандардың атқаратын жұмысы туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интернеттегі жарнама және PR
    Несиелер: 4

    Отандық пиардың түрлері мен даму ерекшеліктері, жарнама түрлерінің жалпы сипаттамасы, қолдану аясы, ҚР жарнама мен PR жасаудың ерекшелігі туралы білімдерін қалыптастыру. Интернеттегі жарнаманың мәні, сипаттамасы, таралу аумағы туралы мәліметтерді меңгеру. Жарнаманың түрлеріне толыққанды тоқталу. Қазақ журналистикасындағы пиар мәселесінің көтерілуі туралы мағлұматтар беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Журналистің кәсіби этикасы
    Несиелер: 3

    Журналистік этиканың теориялық негізі, журналист этикасын зерттеген ғалымдардың ғылыми тұжырымдамасы, журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері, этика функциялары, этика принциптері, БАҚ туралы Заң, журналистің этикалық кодексі мен заңдылықтары туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Web-журналистің шеберлігі
    Несиелер: 5

    Ақпаратты жедел әрі толық алу мен оны жинаудың әдістері мен тәсілдері бойынша практикалық дағдыларды меңгеру. Журналистік шеберлік қырлары, БАҚ-тың әлеуметтік кеңестіктегі орны, тілдік, стильдік сауаттылық ережелері, журналистік зерттеу жүргізудің алғышарттары, Web-журналистің шеберлігіне қойылатын талаптар, шеберлік шыңдаудың теориялық аспектілері туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Web-дизайн
    Несиелер: 5

    Стильдік дизайн, бет макеті, стиль бірыңғайлылығы, алуан түрлілікті енгізу ерекшеліктеріне, web дизайн негіздеріне оқыту. Web-бетте ақпараттарды дайындау, мәтін мен шрифтті, мәтіннің негізгі элементтерін орналастыру, шрифт, сілтеме, фон таңдаудың тәсілдері, сайттың сыртқы көрінісін басқару ерекшеліктерін оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
    Несиелер: 3

    "Жасыл" экономика және тұрақты даму; парниктік газдар және олардың климатқа әсері; энергетика және жанғыш пайдалы қазбалар; жаңартылатын энергия түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері; орман және оның "жасыл" экономикаға әсері; топырақтың шөлейттенуі және тозуы; климаттың су ресурстарына өзгеруінің салдары; электрондық қалдықтар, олардың оң және теріс әсері; қалдықтар, қалдықтарды өңдеу және жою; автокөлік және қоршаған орта.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қолданбалы экономика
    Несиелер: 3

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер экономикасының тұжырымдамалық негіздері, микро және макро деңгейде экономиканың жұмыс істеуінің негізгі санаттары мен заңдары, бизнес-құрылымдардың жұмыс істеуінің экономикалық тетігі, сұраныс пен ұсыныс, серпімділік, бәсекелестік және нарық түрлері, нарыққа мемлекеттің араласуы, өндірістің экономикалық негіздері және кәсіпорын ресурстары, өндіріс пен шығындар, экономикалық тиімділік

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аймақтық журналистика
    Несиелер: 4

    Өңірдегі мерзімді басылымдар мен телеарналар,облыстық телевидениеге, газеттерге еңбегі сіңген байырғы және қазіргі журналистердің, редакторлардың еңбектері,аймақтық журналистиканың тарихы, қалыптасу, даму жолдары туралы білімдерін қалыптастыру.Кеңес дәуіріндегі аймақтық журналистиканың негізгі даму бағыттары, типологиясы туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдары мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ұғымы, оның түрлері мен жіктелуі. Қашықтықтан оқыту формасындағы мұғалімнің жұмыс ерекшеліктері. Интерактивті тақталар мен панельдерде сабақ құруға арналған бағдарламалық жасақтама. Сызықтық емес презентация жасау. Электрондық оқытуды қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру. Жаппай ашық онлайн курстар. Оқыту нәтижелерін бағалау. Видеолекцияларды құру тұжырымдамасы, бейне монтаж элементтері. Архиваторлар мен конвертерлер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері'
    Несиелер: 3

    "Адам – тіршілік ету ортасы" жүйесіндегі қауіптерді сәйкестендіру (тану немесе анықтау). Адамның қызметіне қарамастан және/немесе антропогендік факторлардың тікелей әсерінен техносферада пайда болатын қауіпті және зиянды факторлар. Азаматтық қорғау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының рөлі мен маңыздылығы. Тіршілік ету ортасында (техносфера) адамға жайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі қағидаттарын ұйымдастыру және жүргізу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сала экономикасы
    Несиелер: 3

    Ұлттық экономика жүйесіндегі саланың орны мен рөлі, саланың негізгі және айналым капиталының ерекшелігі саланың негізгі буыны ретінде кәсіпорынның мәні мен түрлері; саланың экономикалық ресурстары және оларды пайдалану көрсеткіштері, өндіріс тиімділігі өсуінің негізгі бағыттары, саланың техникалық,экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түзету теориясы мен практикасы
    Несиелер: 4

    Мәтіндерді түзетудің практикалық дағдыларын меңгеру. Материалдарды стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық тұрғыдан редакциялаудың нормалары мен қағидаларын түсіндіру. Аударма мәтіндерін редакциялау теориясы мен практикасы, журналистикада мәтінді түзету жұмыстары, түзету теориясы мен практикасы туралы дағдыларын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өнеркәсіп мекемелерінің қоршаған ортасын қорғау
    Несиелер: 3

    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың техносфералық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам қызметінің теріс әсерін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаның ластануының, табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуының салдарын бақылау, талдау, бағалау және жою бойынша жұмыстар жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандық құқық
    Несиелер: 3

    Пән Қазақстан Республикасы құқығының жекелеген салаларының негізгі ережелері мен институттарын зерттеуге бағытталған. Бұл пән студенттерде конституциялық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ қандай да бір саладағы іс жүргізу құқықтық қатынастарға түскен объектілер мен субъектілер туралы жалпы білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Журналистикада контент құру
    Несиелер: 4

    Веб-журналистиканың негізгі ұғымдары, оның әлеуметтік институт, қызмет тегі ретіндегі қалыптасуы, журналистиканың қоғамдық мәртебесі мен біліктілік дәрежесі, жариялылық және сөз бостандығы мәселелері, бұқаралық авқпарат құралдары жүйесі, веб-журналистиканың қызмет тәжірибесі мен тиімділігі, контент құру ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік құқық'
    Несиелер: 3

    Берілген пәннің шеңберінде кәсіпкерлік құқық түсінігі, принциптері және пән жүйесі қарастырылады. Кәсіпкерлік құқық субъектілері санаттарының мазмұны және олардың формалары ашылады. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға анықтама беріледі; мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен мемлекеттік тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы беріледі. Кәсіпкерліктегі банкроттық; кәсіпкерлік міндеттемелердің түрлері. Лицензиялау, салық салу, кәсіпкерлікті техникалық, антимонополиялық реттеу. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Кәсіпкерліктегі заңды жауапкершілік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Веб-журналистика негіздері және журналистік этика
    Несиелер: 5

    Журналистің интернеттегі қызметінің құқықтық негіздері, интернет БАҚ-тың ерекшелігі, журналистің интернеттегі қызметі, этикалық аспект, журналистикадағы адамгершілік ұғымы және этиканың негізгі қағидалары, журналистің кәсіби этикасы, пайда болуы мен дамуы, интернеттегі журналистік этиканың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Баспа дизайны
    Несиелер: 5

    Студенттің баспа өнімдерінің дизайнын жасау қабілетін ұштау. Дизайн жасауда қолданылатын программалық жабдықтарды пайдалануға үйрету. Басылым түрі, формат, блок, материалдар сынды техникалық параметрлерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Баспаның ішкі критерийлеріне сәйкес басылымдардың макеті мен басылымның сапалы безендірілуіне қойылатын талаптарды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік іс
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік құқық ұғымы, жүйесі, қағидаттары; кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары мен нысандары; кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негіздері; заңды тұлға ұғымы, кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы; кәсіпкерлік міндеттемелер; кәсіпкерлікті техникалық реттеу; кәсіпкерлікті лицензиялау; кәсіпкерлікті монополияға қарсы реттеу; кәсіпкерлікті валюталық реттеудің құқықтық негіздері; кәсіпкерлікті салықтық реттеудің негіздері; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; кәсіпкерлердің заңдық жауапкершілігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 3

    Құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені. Жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Веб-жобаларды басқару
    Несиелер: 5

    Веб-жобаны басқару стандарттары мен талаптары, веб-жобаларды басқарудың ерекшеліктері, вебті дамытуға арналған жобаларды басқару әдістері, сарқырама жобасын басқарудың классикалық әдістемесі, қосымшаны жылдам әзірлеу, экстремалды бағдарламалау, жобаны басқару құралдары мен қосымшалары, мазмұнды басқару туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орфография және пунктуация
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі синтаксисі, мәтін синтаксисі, емле ережелері, пунктуация мен орфографияның теориялық негіздері, түзету технологиясы, мәтінді редакциялау, Орфографиядағы «морфологиялық принцип», дауысты және дауыссыз дауыссыздардың емлесі, жалқы есімдердің жазылуы туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат'
    Несиелер: 4

    Академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, дайындау бағыты бойынша есептерді, ғылыми жобалар мен конкурстарға өтінімдерді құрастыру мен олардың жұмысының негізгі қағидаттары; авторлық куәлік алу; жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері; стартап құру; ҒЗЖ коммерцияландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мультимедиалық тарихты құру
    Несиелер: 5

    Мультимедиалық журналистиканың даму бағыттары мен проблемалары, мультимедиалық тарихты құрудың теориялық аспектілері, ең үздік мультимедиалық құралдар, инфографика, интерфейс, графикалық тәсілдер және әлеуметтік желілер, мобильді репортаждар, веб-сайттағы ұсыныстар мен құралдар, жаңалықтар веб-сайтын басқару негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Журналистік зерттеу
    Несиелер: 5

    Студенттің қазақстандық БАҚ-та жарияланған зерттеу мақалаларына талдау жасау шеберлігін ұштау. Журналистік зерттеу сөзінің шығу тарихы мен мағынасы, зерттеудің өзге мемлекеттердегі дамуы мен Қазақстандағы ерекшелігі, зерттеу нормалары, журналистік этика, кәсіби қызметтегі авторлық және гуманитарлық құқық нормалары туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Skills Менеджмент
    Несиелер: 4

    Кәсіби құзыреттілікті дамытудағы Skills менеджментінің рөлі мен қажеттілігі; жеке тұлғаны дамытудың жалпы ережелері; кәсіби дағдыларды дамытудың негізгі әдістері; кәсіби шеберлік пен дағдыларды жіктеу; менеджер үшін дағдылар матрицасы; softskills және hard skills: негізгі айырмашылықтар; маманның негізгі икемді дағдылары: сыни ойлау, көшбасшылық және командалық жұмыс, тайм менеджмент, креативтілік; hardskills негізгі құраушылары; self–менеджмент әдісін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тақырыптық типология
    Несиелер: 4

    Интернеттегі медиа-жобалардың типологиясы және жанрлық-тақырыптық ерекшелігі, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет-өкілдіктерінің типологиялық сипаттамасы, интернет медианың түрлері мен типологиялық дифференциациясы, ұлттық аймақтық баспасөз типологиясы, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының типологиясы, тақырып қою туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сараптамалық журналистикасы
    Несиелер: 5

    Студенттің аналитикалық мақала жазу, қазақстандық БАҚ-та жарияланған аналитикалық материалдарға талдау жасау шеберлігін ұштау. Сараптамалық журналистиканың ерекшеліктері, сараптамалық бағдарламаларды дайындауға қойылатын талаптар, зерттеу материалдарының дайындалу нормалары, әртүрлі әлеуметтік желілер үшін зерттеу жасау ерекшелігі туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web-журналистің шеберлігі туралы семинар
    Несиелер: 4

    Студенттердің журналистік шеберлігін ұштау. Ақпаратты жедел әрі толық алу мен оны жинаудың әдістері мен тәсілдерін үйрету. БАҚ-тың әлеуметтік кеңестіктегі орны, тілдік, стильдік сауаттылық ережелері, журналистік зерттеу жүргізудің алғышарттары, Web-журналистің шеберлігіне қойылатын талаптар, шеберлік шыңдаудың теориялық аспектілері туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мультимедиялық журналистика
    Несиелер: 4

    Мультимедиялық журналистиканың даму бағыттары мен мәселелері, мультимедиялық сюжетті құрудың теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастыру. Мультимедиалық құралдар ұғымының мәнін ашу. Білім мен дағдыны тәжірибеде қолдану. Инфографика, интерфейс, графикалық тәсілдер және әлеуметтік желілер туралы практикалық біәлімін құру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ (орыс) шетел әдебиеті
    Несиелер: 4

    Әдебиет кезеңдеріне, тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, даму жолына нақты тарихи талдау жасау қабілетін дамыту. Әдебиеттердің жанрлық ерекшеліктері, әдебиеттің даму бағыттары, шетел әдебиетінің мазмұны, даму кезеңдері, әдеби бағыттары, жанрлық ерекшеліктері туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Публицистиканың әдістері мен тәсілдері
    Несиелер: 4

    Студенттің публицистикалық әдістерді сараптау қабілетін ұштау. Студенттің журналистикадағы жазу стилін қалыптастыру. Ақпарат алудың әдіс-тәсілдері мен құралдарын игеруге баулу. Әртүрлі баспа өнімдерін басып шығарудың жолдары мен әдістерін үйрету. Публицистикадағы материалдарды дайындаудың әртүрлі формалары мен нормалары туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Онлайн журналистиканың жаңа үрдістері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық ақпараттық агенттіктер, ақпараттық порталдар, сайттар, отандық және ресейлік жаңалықтар журналистикасы, онлайн журналистиканың жаңа үрдістері, интернет журналистиканың мультимедиялық мүмкіндіктері, заманауи тенденциялар мен журналистиканың ұштасуы, жаңа медианың даму тенденциялары мен проблематикасы, қазақстандық журналистер мен ғылымдардың еңбектері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстанның жаңалықтық журналистикасы
    Несиелер: 4

    Қазақстандағы жаңалықтар сайттары, жаңалық тарататын сайттар мен әлеуметтік желілер, ақпарат жазудың талаптары мен түрлері, ақпаратты жариялауға қойылатын талаптар, ақпараттық журналистиканың жанрлық ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру. Студенттің ақпарат дайындау шеберлігін ұштау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызмет
    Несиелер: 5

    Бұқаралық ақпарат құралдарының типологиясы мен жанрлары туралы теориялық алған білімдерін практикада қолданып, негізгі ақпараттық, аналитикалық, көркем-публицистикалық жанрларды кеңіннен пайдалана отырып, журналистиканың әртүрлі саласы бойынша баспасөзге, теледидарға, интернетке сауатты,сапалы мәтін жазу қабілетін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Журналистік деректер
    Несиелер: 5

    Студенттің деректерді өңдеу қабілетін ұштау. Белгілі бір журналистік оқиғаны ашудың негізгі құралы мен қағидалары, қазақстандық журналистикадағы деректер мен дәйектер, ақпараттық кеңістікте дерекпен жұмыс істеудің тәртібі, журналистикадағы статистика туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON8

    Аудио-әңгіме, подкасттар және видео құрастыру мақсатында фото және бейнетүсірілім, веб-дизайн, видео өңдеу, кадрдан тыс дыбыстау, контент пен беттеу жасау технологияларын, видеоны өңдеу мен кадрлеу, интернетте жариялау тәсілдерін пайдалану.

  • Код ON7

    Стилистиканың ерекшеліктерін, редакциялаудың қыр-сырын, баспа ісі мен шығармашылық қызметтің ерекшеліктерін, қазақ журналистикасының тарихына қатысты деректерді, шетелдік онлайн-медианың қалыптасу кезеңдері мен журналистикадағы менеджменттің алғышарттарын, аймақтық журналистиканың негіздерін түсіндіру

  • Код ON2

    Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.

  • Код ON3

    Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.

  • Код ON1

    Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу.

  • Код ON6

    Ақпараттық журналистиканың санаттары мен түрлері, проблемалары мен терминологиясын жалпылау; қазақстандық ақпараттық БАҚ, интернет-индустрия ерекшеліктерін түсіну; деректердің компьютерлік өңдеуін жүзеге асыру мақсатында мультимедиялық журналистиканың құралдары мен мәтіндік редакторлардың түрлі типтерін пайдалану

  • Код ON5

    Баспа ісі, теледидар, интернет саласындағы журналистік шығармашылықтың негізгі әдістерін қолдану, ақпараттық қауіпсіздік, фотожурналистика, журналистердің кәсіби этикасы, интернет-медиа технологиясы негіздерін түсіну.

  • Код ON4

    Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.

  • Код ON9

    Функционалды және стилистикалық нормаларды ажырату, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилінің ерекшеліктері, бұқаралық ақпарат құралдарының әр түріне материалдар құрастыру, редакторлық талдау, өздігінен редакциялау, тілдің стилистикалық ресурстарын пайдалану дағдыларын көрсету; тілдің экспрессивтік мүмкіндіктерін және риторикалық техниканы меңгеру.

  • Код ON10

    Отандық және әлемдік әдебиет, қазақ және шетелдік журналистика тарихын, Қазақстандағы ақпараттық журналистика ерекшеліктерін сипаттау; мультимедиалық тарихты құрудың әдістері мен тәсілдерін, интернет журналистиканың құралдарын пайдалану.

  • Код ON11

    Сараптамалық журналистика, тақырыптық типология, рекреативтілік, журналистік зерттеу ерекшеліктерін түсіну; журналистиканың негізгі функцияларын, принциптері мен әдістерін, әр түрлі БАҚ типтерінің жанрлық ерекшелігін, ақпаратты жинау және өңдеу тәсілдерін жіктеу; халықаралық сөз бостандығының стандарттарын, интернеттегі жарнаманың нормаларын анықтау.

  • Код ON12

    Онлайн журналистиканың жаңа үрдістерін талдау, қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі, журналистік деректер, веб-жобаларды басқарудың ерекшеліктері, баспа дизайнына қойылатын талаптар, этика қағидалары мен заңдылықтарын сипаттау.

Top