Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01721 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – докторнаттарға кәсіптік біліктілігін арттыру, оларды лингвистикадағы әдіс-тәсілдермен, тіл туралы қазіргі ғылым әдістемелігімен, оның қалыптасуы мен дамуы сияқты мәселелермен таныстыру. Негізгі тақырыптар: Тіл білімі: зерттеу нысаны, салалары, бағыттары, Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері, Ішкі және сыртқы лингвистиканың әдіс-тәсілдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Синтаксистік парадигмалар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілінің синтаксистік парадигмаларын жаңа көзқарастар мен пікірлер аясында толықтыра оқытып, терең лингвистикалық мағлұмат беру. Негізгі тақырыптар: тіл жүйесіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар, gарадигманың лексикалық морфологиялық және синтаксистік түрлері туралы түсінік, жеке бір функционалдық тұлғаның парадигмасы, қазақ тілі синтаксистік құрылы¬сының құрылымдық мағыналық және коммуникативтік парадигмалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің даму үдерісі және әдеби сын
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі әдеби үдерістегі сын жанры, оның негізгі бағыттары мен ұстанымдары, әдебиет сыншылары, олардың шығармашылық жолдары туралы зерттеушілік бағыт қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазіргі әдеби үдерістің дамуы, әдеби ағымдар мен бағыттар, дәстүр және жаңашылдық, қазіргі әдеби үдерістегі жаңалықтар, қазақ поэзиясы және әдеби үдеріс, қазақ прозасы және әдеби үдеріс, әдеби сын, әдеби сынның қалыптасуы мен дамуы, қазіргі әдеби сынның негізгі бағыттары, әдеби сын және ойлау, әдебиет сыншыларының шығармашылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты –қазақ тіл білімінің тарихына қатысты ғылыми, практикалық еңбектерді негізге ала отырып, қазақ тілінің зерттелу аясын зерделеу. Негізгі тақырыптар: қазақ тілін зерттеудің бастау көздері, алғашқы қазақ ғалымдары, фонетиканың зерттелуі, лексикология және оның салалары, фразеологияның зерттелуі, қазақ грамматикасының зерттелуі, қазақ тілі тарихы мен диалектология салаларының зерттелуі, стилистика және тілдік норма мәселелері, қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар, функционалды лингвистика, грамматика оқулықтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру; қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлау алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық жазылым және ғылыми стиль, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, плпгиаттық және одан сақтану жолдары, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, параграф және оның құрылымы, негізгі бөлімдерді жазу, қорытынды бөлімді жазу, түйіндеме және оны жазудың жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON3

    3-модуль. Әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен тарихы. Білім алушылар қазақ әдебиетіндегі ұлттық сипат мәселесін, қазақ әдебиетінің даму үдерісінің қазіргі жай-күйін зерттейді, бағалай алады және фольклортану теориясының ғылыми негіздерін түсініп талдайды. Алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON1

    1-модуль. Ғылыми білім. Білім алушылар педагогиканың философиясы мен әдіснамасының теориялық және практикалық мәселелерін, ғылыми қағидаттары мен негіздемесін талдайды. Алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON6

    6-модуль. Қорытынды аттестация. Докторанттар білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық, практикалық білімдерін кешенді емтихан тапсыру арқылы көрсетеді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін докторлық диссертация қорғау кезінде қолданады.

  • Код ON4

    4-модуль. Ғылым және тәжірибе. Білім алушылар ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін талдайды, зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын анықтайды, өндірістегі инновациялық технологияларды зерттейді. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында диссертация тақырыбының өзектілігін, мақсат-міндетін анықтайды, жоспарын құрады, ғылыми әдебиеттермен, дереккөздермен жұмыс жасайды. Алған білімін диссертация жазу кезінде қолданады.

  • Код ON5

    5-модуль. Оқыту технологиясы мен зерттеу әдістері. Білім алушылар лингвистикадағы/әдебиеттанудағы зерттеу әдістерін игереді, оларды зерттеу жұмыстарында және тәжірибеде қолданады.

  • Код ON2

    2-модуль. Тіл білімінің жаңа бағыттары. Білім алушылар қазақ лексикасындағы ескі және жаңа бірліктердің мәнін, тіл біліміндегі синтаксистік парадигмалардың, қазақ этнолингвистикасының қарастыратын зерттеу нысанын, проблемаларын анықтай алады, тілдік құбылыстарды адам болмысымен, қоғам дамуымен байланыстыра талдайды, тәжірибеде қолданады.

Top