Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B04105 Есеп және аудит в Нархоз Университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Менеджменттің, маркетингтің, болашақты болжаудың және деректерді талдаудың функционалдық салаларында бизнес-процестерді басқарудың кәсіби функцияларын жүзеге асыру үшін теориялық және аналитикалық материалдарды қолдануға қабілетті.
  • Ұйымның стратегиялық мақсаттарына бағдарлана отырып, басқарудың қаржылық процестеріне ақпараттық және жедел-талдамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді жоспарлай және ескере отырып, компанияның бюджетін және жоба сметасын есептеуге қабілетті.
  • Халықаралық аккредитацияларға сәйкес теориялық білім мен практикалық дағдыларды шығармашылықпен қолдана отырып, меншіктің әртүрлі нысандары үшін қаржылық, басқарушылық және салықтық есептілікті талдауға және түсіндіруге қабілетті.
  • Қоғамға қызмет ету игілігіне кәсіпкерлік ойлау мен көшбасшылық қасиеттерді көрсете білу, кәсіби салада жаңа аналитикалық әдістер мен озық білімдерді өз бетінше игеру қабілеттерін іс жүзінде қолдана білу.
  • Аналитикалық қабілеттерін дамыта отырып және сыртқы бизнес ортада және компания ішінде болып жатқан үдерістердің жүйелі көрінісін қалыптастыра отырып, экономикада зерттеулерді іске асыру үшін стандартты теориялық және экономикалық модельдерді құруға қабілетті.
  • Қаржылық ақпаратты өңдеу үшін кәсіптік функцияларды жүзеге асыра отырып, бизнес және басқару саласында ақпараттық құралдар мен бұлтты технологияны қолдануға қабілетті
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары мен зерттеу нормалары және академиялық адалдықты ескере, мәліметтерді бағалау әдістерін талдай отырып стандартты емес шешімдерді өз бетінше қабылдау және кәсіптік этикалық пікір білдіруге қабілетті.
  • Академиялық жазу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетуге, ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, басқарушылық есептілікті ұсынуға қабілетті.
  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IAS, IFRS) сәйкес есеп және салық саясатын дайындау үшін ұйым пайдаланатын заңнаманы, қағидаттарды, келісімдерді, қағидаларды және халықаралық практиканы қолдануға қабілетті.
  • Халықаралық аудит стандарттарын және ISO қолдана отырып, ішкі және сыртқы аудиттер негізінде қаржылық есептерді қалыптастыру кезінде ұйымда қолданылатын бухгалтерлік есеп әдістемесінің сәйкестігін және дұрыстығын белгілеуге қабілетті.
  • Фактілер мен зерттеулерге сүйене отырып, ауызша, жазбаша, коммуникативтік дағдыларды дәлелді пайдалана отырып, сондай-ақ командада жұмыс істей білу қабілетін көрсете отырып, жоғары басшылықтың мүдделі тараптарының шешімдер қабылдауына ықпал ете алады.
  • Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің FATF стандарттарына және ОЭРС қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, қаржылық бұзушылықтар мен алаяқтықты анықтауға қабілетті.
Top