Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01511 Физика пәні мұғалімдерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Теориялық физиканың таңдаулы сұрақтары
    Несиелер: 5

    :Білім алушыларға әлемнің қазіргі физикалық бейнесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарының концепциясы
    Несиелер: 5

    «Жаратылыстану ғылымдарының концепциясы» курсында табиғатты танып білудің дүниеге көзқарастық және методологиялық проблемаларын оқу доктаранттың дүниеге ғылыми козкарасын және теориялық ойын қалыптастыруға, жаратылыстану-ғылыми білімдерін өздерінің болашақ мамандығына байланысты қызметінде методологиялық жетекші ретінде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға көмектесетіндіктен, бұл оқу пәні жалпы жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттер, олардың өзара бірлігі, ғылыми әдісі, ғылыми танымның ерекшелігі мен құрылымы, ғылымның даму логикасы мен заңдылықтарын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    «Ғылыми зерттеу әдістері» пәні зерттеудің жалпы негіздерін, ғылыми жетістіктерін, оқу-тәрбие әдістерін үйрету, озық тәжірибелерді меңгерту. Осы мақсатта – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғылами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтарын табу. Пәннің қарастыратын сұрақтары: Ғылыми іс – әрекет, ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптері, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі, зерттелетін мәселенің жағдайын талдау, ғылыми зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі, ғылыми зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі, зерттеу әдістері және олардың жіктелуі, зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы, эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері, эмпирикалық зерттеу әдістері және эксперимент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физиканың қазіргі заманғы өзекті мәселелері
    Несиелер: 3

    «Қазіргі заманғы физиканың өзекті мәселелері» пәнінің негізгі мақсаты – физикалық теорияны ғылымның қазінгі кезеңдегі жетілдіруін, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелердің және орындалған эксперименттердің нәтижелерінің қорытындысы ретінде көрсету. Болашақ маманнның негізгі физикалық құбылыстарды, заңдар мен үрдістерді айқын түсінуі, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістермен өрнектей білуі, физиканың негізгі заңдарын теориялық және практикалық есептерді шығаруға пайдалануды, меңгеруді, жұмыс барысында анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білуді, қажетті ғылыми-техникалық мағлуматты интернет жүйесі арқылы тауып пайдалануы болып келеді. Оқытуда материяның құрылымы мен табиғаттың заңдарын тану үшін студенттің теориялық әдістерді пайдалану ебдейлігі мен дағдыларын қалыптастыру – пәннің негізгі мақсаты болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы физика курсының тандаулы сұрақтары
    Несиелер: 5

    білім алушыға жалпы физика бөлімдеріндегі өте күрделі методологиялық мәселелерді физикалық құбылыстарды ғылыми-танымдық әдістермен байланыстыра отырып, тұжырым жасауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық жазылым және ғылыми стиль, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, плпгиаттық және одан сақтану жолдары, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, параграф және оның құрылымы, негізгі бөлімдерді жазу, қорытынды бөлімді жазу, түйіндеме және оны жазудың жолдары қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физиканы оқытуда политехникалық білім беру
    Несиелер: 3

    Физиканы оқытуда политехникалық білім берудің негізгі принциптерін жүйелі түрде оқыту. Курста физиканы оқытуда политехникалық білім берудің мазмұны ғылымның дамуының бағытына байланысты физикалық теорияның мазмұнына сәйкес қарастырылады. Ол мына бағыттарда жүзеге асырылады: А)ғылымдағы маңызды бағыттар;Ә)техника мен өндіріс салалары; Б)физиканың даму перспективалары;В)нақты техникалық қондырғылар мен құралдардың жұмысының физикалық негізі;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON3

    Эмпирикалық және теориялық әдістерді қолдана отырып ғылыми зерттеуді жүзеге асырады; зерттеуде тұжырымдамалық идеяларды жүзеге асырады; зерттеу деректерін өңдеудің заманауи әдістерін қолданады; ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдейді, алынған нәтижелердің нақтылығы мен шынайылығын бағалайды

  • Код ON1

    Ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әртүрлі дереккөздерді оларды мазмұны бойынша салыстыра отырып, сыни бағалауға талдау жасайды; өз пікірін негіздейді; оларды жазбаша түрде сауатты баяндайды

  • Код ON4

    Қазіргі заманғы ғылымда қолданатын физиканың зерттеу әдістерін, олардың мүмкіндіктерін, теория мен практиканың байланысын біледі

  • Код ON2

    Ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістерін, зерттеу жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін әзірлейді, өзекті зерттеу міндеттерін салыстырады және тиісті бақылауды орындайды, білім беру процесінің сапасына мониторингті жүзеге асырады, ғылыми физика-математикалық зерттеулердің теориялық және эксперименттік нәтижелерін талдайды және оларды одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында қолданады

  • Код ON5

    Физиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құңдылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі

  • Код ON6

    Білім беру ортасын қалыптастырады және инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда өз қабілеттерін пайдаланады; физика-математикалық білім беру саласындағы инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асырады

  • Код ON7

    Жаратылыстану-ғылыми тәжірибенің негіздері мен нәтижелерін қолданады, әлемнің қазіргі жаратылыстану-ғылыми бейнесінің теориялық негіздерін, жаратылыстанудың негізгі ұғымдарын, заңдары мен модельдерін, талдаудың негізгі жаратылыстану-ғылыми әдістері туралы идеяларды практикада қолданады.

Top