Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04281 Халықаралық құқық в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • ҚР Конституциялық құқығы.
    Несиелер: 4

    Пәнді оқытудың мақсаты-білім алушыларда конституциялық құқықтың маңызды ғылыми – теориялық ережелері, Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдері, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілікті құру процесіндегі мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен қызметі, адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы іргелі түсініктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мемлекет және құқық теориясы .
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - қоғамдағы саяси экономикалық, əлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару əдiс-тəсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтау. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тəртiбiн жəне оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi жəне қорғайды. Студенттер қоғамның қалыптасуын, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтарын және қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсатын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықаралық құқық..
    Несиелер: 5

    Халықаралық құқықтың тұжырымдамалық мәселелерімен танысу, маңызды халықаралық келісімдер мен конвенциялар және шарттарды оқып меңгеру халықаралық құқық нормаларын қолдану, халықаралық құқық теорияларын, құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде халықаралық әдет-ғұрыпты, келісім шартты және халықаралық ұйымдардың шешімдерін меңгеруге бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • .Дипломатиялық және консулдық құқық
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттердің халықаралық деңгейінде кәсіби қызметтерді орындауға қажетті білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Дипломатиялық және консулдық құқық халықаралық жария құқық нормалары мен қатар дипломатиялық өкілдіктердің құқықтық мәртебесінің жекелеген элементтерін, дипломатиялық қызметтің принциптері мен тәртібін, сондай-ақ көптеген заңды әдет-ғұрыптар арқылы реттейтін ішкі құқық нормаларын қамтитын күрделі пән.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • .Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әкімшілік құқық.
    Несиелер: 4

    “Әкімшілік құқық” пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларда әкімшілік-құқықтық қатынастар; әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері; атқарушы органдардың құқықтық мәртебесі туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы, оның ішінде. Әкімшілік жауапкершілік, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері. Әр түрлі салалар мен салалардағы басқару және реттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Азаматтық құқық (жалпы бөлім.)
    Несиелер: 4

    Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қылмыстық құқық (жалпы бөлім.)
    Несиелер: 4

    Қылмыстық құқық курсын оқыту барысында студентке жеке адамдардың нақты іс-әрекетіндегі қылмыс құрамының барын дәл анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды дәлме-дәл қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды: бұл жерде жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің мәнің және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере отырып қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • .Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ..Халықаралық құқық тарихы
    Несиелер: 3

    Халықаралық құқық тарихы - халықаралық құқық саласы ретінде халықаралық қатынастарды реттейтін нормалардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Халықаралық құқықтың тарихы мемлекеттердің дамуы мен халықаралық қатынастармен тікелей байланысты. Халықаралық құқық тарихының зерттеу объектісі адамзат өркениеті даму тарихындағы халықаралық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі мен даму заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қылмыстық құқық. (Ерекше бөлім)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқықтың түсінігін, орны мен рөлін білу, қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің негізгі ережелері мен құрылымын білу, қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылықтардың негізгі түсініктерінің, топтары мен түрлерінің мәні мен мазмұнын білу. Қылмыстық құқық ерекше бөлім пәні қылмыстық құқық бұзушылықтың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Азаматтық құқық (ерекше бөлім)
    Несиелер: 3

    Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінде шарттар толығымен қарастырылады. Мысалы: Сатып алу-саты шарты, Мердігерлік шарт, Лизинг шарты, Тапсырма шарты, сыйға беру шарты т.б. айтуға болады. Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі шарттардың түсінігін, мазмұнын, мінін, жасалу нысанын және т.б. түсіндіріп, оқытатын пән. Сондай-ақ, ол шарттарды жасаушы тұлғалардың түсінігін, мазмұнын, мәнін, түрлерін, олардың құқықтары мен міндеттерін оқытатын пән болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көші-қон және халықаралық құқық.
    Несиелер: 3

    Пән әлемдік саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық пәндерімен тығыз байланысты. Пәнді игерудің мақсаттары: бакалаврларды көші-қонды халықаралық құқықтық реттеу тарихымен, халықаралық жария және жеке құқықтағы көші-қон қатынастарын реттеу ерекшеліктерімен таныстыру, халықаралық жағдайдың қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы туралы түсінік қалыптастыру, әмбебап, аймақтық және екіжақты деңгейде көші -қон процестерін құқықтық реттеу, сондай-ақ студенттерге көші -қон процестерін халықаралық құқықтық реттеу саласындағы тарихи даму заңдылықтарын ескере отырып қазіргі заманғы халықаралық құқықтық нормаларды талдауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық жария құқық
    Несиелер: 3

    Халықаралық жария құқық бұл мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық қатынастардың субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы құқықтық жүйе. Халықаралық жария құқық оқу пәні ретінде жеке құқықтық кешен ретінде, оның нормалары мемлекеттердің ерік -жігерінің келісу арқылы бекітіледі және мемлекетаралық қатынастар мемлекеттің ішкі саласында да жүзеге асады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттерге мемлекетіміздің аумағында жүрген шетелдік азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы, әр түрлі санаттағы шетелдік азаматтардың мәртебесінің ерекшеліктері туралы біртұтас және жан -жақты түсінік қалыптастыру. Бұл пәнді оқу практикалық сабақтар үшін қажет, өйткені студенттер практикада туындайтын нақты мәселелерді шешу кезінде құқықтық нормаларды қолдану дағдысын меңгеруі тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық кеден құқығы
    Несиелер: 5

    Халықаралық кеден құқығы – мемлекеттер арасындағы кедендік қатынастарды реттеу бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысушылар арасында туындаған қатынастарды тиімді реттеу үшін қажетті нормалар мен ережелерді қамтитын халықаралық құқық саласы. Халықаралық кеден құқығының мақсаты - экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттердің егемендігін қорғау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық әуе құқығы
    Несиелер: 5

    Қағидалары мен нормалары әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесін және оны аэронавигация үшін пайдалану режимдерін реттейтін халықаралық құқық саласы. Әуе кеңістігін аэронавигациялық мақсатта пайдалану режимдерін реттеу, ең алдымен, мемлекеттік әуе кемелерін қоспағанда, азаматтық әуе кемелерінің халықаралық әуе рейстерінің мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық гуманитарлық құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық гуманитарлық құқық - бұл соғыс құрбандарын қорғауды реттейтін, сондай -ақ соғыс әдістері мен құралдарын шектейтін халықаралық құқықтық нормалар мен принциптердің жиынтығы. Қарулы қақтығыстардың халықаралық құқығы Гаага конвенцияларында, соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі Женева конвенцияларында және басқа құжаттарда кодталған. Халықаралық гуманитарлық құқықпен белгіленген кейбір шектеулер халықаралық емес қарулы қақтығыстарға да қолданылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық ақпараттық құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық ақпараттық құқық ашық және жабық ақпаратты құру, алмасу, сақтау, қорғау, беру және пайдалану процесін халықаралық құқықтық регламенттеу ерекшелігін зерделейді. Бұл пәнді оқу барысында Қазақстанда да, басқа елдерде де әртүрлі ақпараттық жүйелерді құрушылардың, иеленушілердің және пайдаланушылардың құқықтық мәртебесінің регламенттелу ерекшелігі оқытылады .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық теңіз құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық теңіз құқығы - теңіз кеңістігінің режимін белгілейтін және мемлекеттер арасындағы Дүниежүзілік мұхитты пайдалану жөніндегі қатынастарды реттейтін принциптер мен құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазіргі уақытта халықаралық теңіз құқығы нормаларының көпшілігі 1982 жылы БҰҰ -ның теңіз құқығы туралы конвенциясында біріктірілген. Ашық теңіз бостандығы принципі халықаралық теңіз құқығындағы көне принциптердің бірі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ҚР мен шет елдердің еңбек құқығы
    Несиелер: 5

    ҚР мен шет елдердің еңбек құқығы - еңбек саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтың дербес саласы. Еңбек құқығының негізгі қайнар көзі қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі болып табылады. Экономика мен құқықтың жаһандануы, халықаралық экономикалық гуманитарлық байланыстардың өсуі, атап айтқанда халықаралық еңбек миграциясы жағдайындағы курсты оқу құқықтық білімнің қажетті компонентіне айналуда.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық экология құқығы
    Несиелер: 5

    Халықаралық экологиялық құқық, халықаралық құқық жүйесінің арнайы саласын құрайтын және қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу, шектеу және жою жөніндегі іс - әрекетін реттейтін халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларының жиынтығы болып табылады. Пәнді оқудың мақсаты - халықаралық құқық жүйесіндегі экологиялық құқықтың рөлі мен орнын, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін анықтау, оның принциптері мен нормаларының мазмұнын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ҚР мен шет елдердің әкімшілік іс жүргізу құқығы..
    Несиелер: 5

    ҚР мен шет елдердің әкімшілік іс жүргізу құқығы пәні мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды және басқарушылық сипаттағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, сондай-ақ шет елдердің әкімшілік іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар қазіргі заманғы мемлекеттердегі әкімшілік іс жүргізуге қатысты тенденциялар мен басқару қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ұжымдық қауіпсіздік құқығы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық модельдерін зерттеу. Пәннің мазмұны - ұжымдық қауіпсіздік саласындағы халықаралық құқықтық шарттар, конвенциялар, үкіметаралық келісімдер. Ұжымдық қауіпсіздік саласындағы халықаралық құқықтық келісімдердің іс жүзінде орындалуы пәннің ерекше қызуғышылығын тудырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық қылмыстық құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық қылмыстық құқық - бұл мемлекеттер арасындағы халықаралық қылмыстармен күресу, оларды ашу, тергеу және жазалау саласындағы ынтымақтастықты реттейтін халықаралық жария құқықтың дербес саласы. Пәннің мақсаты - қылмыстың және жазаның құқықтық және ерекше сипатын түсіну халықаралық қылмыстық құқық және онымен байланысты нормалар, бұл пәннің басқа пәндермен байланысы; мәні туралы оқушылардың білімін қалыптастыруь қазіргі халықаралық қылмыстық құқық.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Европалық Одақтың құқығы.
    Несиелер: 5

    Еуропалық интеграция процесін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, еуропалық билік институттарының құрылуы мен жұмыс істеу тәртібі және олармен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Еуропалық құқық - ЕО -ға мүше мемлекеттердің ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың түйіскен жеріндегі дербес құқықтық жүйе.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық келісім-шарттар құқығы..
    Несиелер: 6

    Халықаралық шарттар құқығы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығын білдіретін құқықтың бір саласы болып табылады. Халықаралық келісім халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі, мемлекеттердің сыртқы функциясын жүзеге асырудың маңызды құралы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық нотариаттық құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық нотариаттық құқық - екі немесе одан да көп мемлекеттердің құқығына байланысты жеке құқық қатынастары саласындағы ұлттық нотариаттық органдардың қызметін реттейтін нормалар жиынтығы. Нотариаттық іс -әрекетті реттейтін ережелер процессуалдық сипатта, нотариаттық іс жүргізу, нотариаттық іс жүргізу болып табылады. Нотариус ішкі заңнамада және халықаралық шарттарда белгіленген аумақтық және пәндік юрисдикция ережелерін сақтауға міндетті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
    Несиелер: 5

    Жеке адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын халықаралық қорғауды реттейтін және ұлттық құқық үшін адам құқықтарының халықаралық стандарттарын құрайтын принциптер мен нормалардың жиынтығы. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи жүйесі мемлекетаралық және мемлекеттік емес сипаттағы бірлестіктермен ұсынылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Атқарушылық іс жүргізу құқығы
    Несиелер: 5

    Атқарушылық іс жүргізу мамандандырылған мемлекеттік органның заңды күшіне енген атқарушылық құжаттарды орындауға бағытталған процессуалдық және нақты әрекеттерінің жиынтығы. Атқарушылық өндіріс соттардың шешімдері мен уәкілетті органдардың заңды күшіне енген шешімдері ерікті түрде орындалмаған жағдайда ғана болатын азаматтық процестің жеке кезеңі ретінде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық жеке құқық
    Несиелер: 5

    Шетелдік элементпен күрделенген азаматтық, еңбек және басқа да жеке құқық қатынастарын реттейтін ішкі заңнаманың, халықаралық шарттар мен әдет -ғұрып нормаларының жиынтығы. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері заңды және жеке тұлғалар, сондай -ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар болып табылады. Халықаралық жеке құқық пәніне шетелдік элементпен күрделенген жеке құқық қатынастары жатады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адвокатура және адвокаттық қызмет.
    Несиелер: 5

    Оқу пәні ретінде «Адвокатура және адвокаттық қызмет» пәні ғылымға негізделген және оқу материалдарымен анықталған заңгер мамандығын жүйелі оқу процессінде оңтайландыру әдістерін қолдануды үйрететін пән болып табылады. Пәннің мазмұны зерттелетін құқық сaласымен анықталады, яғни құқық салаларымен тығыз байланысты. Мамандықты алу үшін оқытылған пәндерді толықтай қолдану әдістерін, адвокаттық қызметпен байланыстыруды үйретеді. Бұл дағдылар мен қабілеттер, болашақ заңгерлерге өте қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық сауда құқығы және ДСҰ
    Несиелер: 5

    Халықаралық сауда құқығының қайнар көздерін дұрыс саралау және мәнін түсіну, Халықаралық саудада келісім шарттар құрастыру, түсіндіру және талдау дағдысын меңгеру. Мемлекеттер арасындағы сауда дауларын реттеу, халықаралық сауда қатынастары мен ДСҰ құқығын реттейтін құқықтық ережелерді түсіндіру және қолдану қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • .Криминалистика
    Несиелер: 5

    Криминалистика (лат. crіmіnalіs – қылмысқа қатысты) – қолданбалы заң ғылымы. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайды. Бұл тәсілдер мен әдістер қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстарды алдын алу, анықтау және тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ, қылмыстық, кей жағдайларда азаматтық істерді сотта қарау үшін пайдаланылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық сот жүйесі
    Несиелер: 5

    Оқу пәні студенттерге арналған және халықаралық соттардың қызметін терең зерттеуге арналған. Бұл пәннің мақсаты - студенттердің халықаралық сот тетіктерінің жұмыс істеуі саласындағы білімді меңгеруі. Негізгі бөлім аясында халықаралық соттар мен трибуналдарды құру мәселелері, олардың құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметі зерттеледі. Халықаралық соттар шығарған шешімдерді, сондай -ақ консультациялық пікірлерді талдауға көп көңіл бөлінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық экономикалық құқық..
    Несиелер: 5

    Халықаралық экономикалық құқық халықаралық құқықтың саласы ретінде халықаралық құқық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы. Халықаралық экономикалық құқық нормалары халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы мемлекеттердің егеменді құқықтарды кедергісіз жүзеге асыруы; мемлекеттер арасындағы тең құқылы ынтымақтастық; бүкіл әлем бойынша экономикалық өсуге ықпал етуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Лаңкестікпен халықаралық-құқықтық күрес
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты қылмыстың жекелеген түрлерін, оның себептері мен жағдайларын терең зерттеу, оның алдын алу шараларын жасау. Пәннің міндеттері: терроризм мен экстремизмнің криминологиялық аспектілерін зерттеу, террористік және экстремистік қылмыстарға қылмыстық талдау, терроризм мен экстремизмнің алдын алу ерекшеліктері, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің халықаралық құқықтық негіздерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 5

    Бұл пән кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы, сондай-ақ аталған құқықтық қатынастарды реттеуде қолданылатын арнайы заң терминдерін зерделеуге, кәсіпкерлік құқықтың іргелі теориялары мен ұғымдарын, кәсіпкерлік саладағы құқықтық қақтығыстарды шешудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық салық құқығы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студент пәнді оқу барысында теориялық және практикалық тұрғыда шетелдік элементпен күрделенген салықтық қатынастарды реттеу, халықаралық құқықтық нормалар мен құқық қолдану тәжірибесіне сапалы талдау жүргізе білу, талдау негізінде презентациялар, процессуалдық құжаттар, аналитикалық есептер мен басқа да материалдар құрастыру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық инвестициялық құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық инвестициялық құқық оқу пәні ретінде халықаралық инвестициялық қызметтің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін, халықаралық инвестицияларды реттейтін құқықтық институттарды, инвестициялық субъектілердің мәртебесін, қазіргі сот және арбитраждық практиканы зерттеуге арналған. Пәнді меңгерудің мақсаты - халықаралық инвестициялық құқықтың қайнар негізгі көздері мен институттарын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық арбитраж..
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дипломатиялық жолмен шешілмеген дауды шешудің ең тиімді және тараптардың теңдігін сақтайтын әділ тәсілдерді меңгеру. Халықаралық арбитраж нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк не дауды жеке-дара қарайтын төреші. Халықаралық арбитраж азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы дауларды шешудің мемлекеттік емес институттар жүйесін құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қылмыспен халықаралық күресудің құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Қылмыспен халықаралық күресудің құқықтық негіздері пәні - мемлекеттер арасындағы қылмыспен күрес саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты реттейді. Халықаралық қылмыспен күрестің құқықтық негіздері пәнін оқытудың мақсаттары: студенттердің құқықтық мәдениетінің жалпы деңгейін жоғарылату; болашақ заңгерлерде қоғамдық қатынастарды, оның ішінде халықаралық қатынастарды реттеуде заңдылыққа бағытталған идеологиялық көзқарастарды қалыптастыру; студенттердің білім алуы, дағдылар мен дағдылардың дамуы, сонымен қатар қылмыспен халықаралық күресті құқықтық реттеу саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық қаржы құқығы..
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: қаржы-нормативтік құжаттарды талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру, оларды кәсіби құқықтық қызметте қолдану, Қазақстанның қаржы жүйесін жетілдіру перспективалары туралы түсінік алу және білімгерлердің бизнестің қаржылық жағдайын дұрыс болжау. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: нормативтік құқықтық актілерді іс жүзінде қолданыстағы қаржы заңдарының нормаларына сәйкестендірқаржы заңнамасына тән халықаралық құқықтық актілерді дұрыс түсіндіру; халықаралық қаржылық-құқықтық құжаттарды түсіндіру. Пән халықаралық қаржылық қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалардың мазмұны туралы қажетті білімді қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Энергетикалық құқық..
    Несиелер: 5

    Энергетикалық құқық пәні тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуге қатысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Энергетикалық құқық пәнінің мақсаты студенттердің энергия ресурстарын тұтынушыларға жеткізу кезінде туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы негізгі теориялық түсініктерін және бірқатар практикалық дағдыларды қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық банк құқығы
    Несиелер: 5

    Халықаралық банктік құқық университет оқу курсы компоненті болып табылады. Бұл курстың бағдарламасы халықаралық банктік құқықтың теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін қамтиды, атап айтқанда, банктік қызметті ұлттық құқықтық және халықаралық құқықтық реттеудің әр түрлі аспектілерін көрсетеді, халықаралық есеп айырысу, несиелік, валюталық операциялар мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    кәсіби қызметті дамыған құқықтық сана, құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет негізінде жүзеге асырады, кәсіби этика қағидаттарын сақтайды

  • Код ON2

    халықаралық конвенциялар мен шарттар, басқа да құқықтық құжаттарды талдау және жасау жолымен халықаралық құқықтық нормаларды бағалайды

  • Код ON3

    талап қоюлар мен басқа да іс жүргізу құжаттарын жасау кезінде Қазақстанның ұлттық заңнамасының мәтінінде халықаралық жария және жеке құқық нормаларын қолданады

  • Код ON4

    заманауи заңнамалар мен қажеттіліктерге сәйкес тәуелсіз зерттеулер жүргізеді, ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдайды

  • Код ON5

    халықаралық құқықтық нормаларға зерттеу жүргізеді; алынған нәтижелерді бағалайды; ғылыми қызмет нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде ұсынады; ғылыми эсселер, баяндамалар, ғылыми мақалалар, дипломдық жұмыстар жазады, ғылыми жобаларға қатысады

  • Код ON6

    сендіру, сыни ойлау, коммуникациялық қабілеттер, өз бетінше шешім қабылдау және өз ұстанымын қорғау дағдыларын меңгерген, ұжымда және жеке жұмыс істей алады

  • Код ON7

    халықаралық соттар мен ұлттық сот органдарындағы келіссөздер мен процестерде тұтынушы мүддесін білдіріп, білікті заң қызметін ұсынады

  • Код ON8

    салыстырмалы-құқықтық әдісті пайдалана отырып, Халықаралық жария және жеке құқықтық қатынастардың кәсіби іскерлік даму ерекшеліктерін болжайды

  • Код ON9

    халықаралық құқық саласында халықаралық заң терминдерін дұрыс қолданып, кәсіби құқықтық қатынастарда қызметін нәтижелі орындайды

  • Код ON10

    өз құзыреті шегінде халықаралық құқықтық нормаларды бұзуға әрекет етуге кәсіби дайын қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге қабілетті

Top