Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02132 Дизайн в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Дизайн саласының қыр-сыры барша жұртшылыққа түсінікті бола бермеуі де мүмкін. Бұл негізінен адамның қиялымен, көркем ойлау жүйесімен байланысты сала болғандықтан оны шығармашылық бағытқа жатқызамыз. Мәселен, оқу үдерісі бірнеше кезеңдерді қамтиды. Атап айтқанда, «Үйлестіру кезеңінде» мамандықтың негізін оқып үйрену, яғни композиция-ның, суреттің, бейнелеудің, мүсіннің, түс танудың көркемдік құралдарын, ин¬женерлік графиканың, жарнама мен баспа графикасының, макеттеудің негіздерін, сонымен қатар өнер тарихы, дизайн тарихы мен теориясы бойынша теориялық білімді меңгеру жүзеге асырылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 300
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B031 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер
  • Инженерлік графика I
    Несиелер: 6

    Инженерлік графикасы – инженерлік білімнің негізін құраушы іргелі пән болып табылады. Бізді қоршаған ортадағы заттар (ғимараттар, машиналар, жекелеген тетікбөлшектер және т.б.) жайлы ақпараттарды жазықтықта кескіндеу арқылы тарату ережелерін жасаушы техникалық пән сызу деп аталады. Кеңістіктік объектіні сызықтардың көмегімен жазықтықта бейнелеу нәтижесі сызба деп аталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлем өнер тарихы
    Несиелер: 6

    Әлем өнер тарихы — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Әлем өнер тарихы өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дизайн мамандығына кіріспе
    Несиелер: 3

    Дизайнер мамандығы қазіргі уақытта алдыңғы орындардың біріне ие, нарықтық экономикадағы дизайн саласы көптеген бағыттарды қамтиды. Дизайн мамандығы — өнеркәсіптік дизайн, графика және буып-түю, тоқыма, киім модельдеу, ұйымдастыру, қалалық және ауылдық ортаны жобалау, интерьер және жарнама, веб-дизайн, т.б Алайда, дизайнер өзі үшін емес, өнер үшін нақты тапсырыс берушінің және міндетті болуы туралы түсінік қажеттіліктері туралы өзінің клиенттің, сондай-ақ соңғы тұтынушы болып табылады. Сайып келгенде, дизайн мамандығы мүдделері мен қоғам сұраныстарына ие шығармашыл жандар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инженерлік графика ІI
    Несиелер: 2

    Инженерлік графика пәнін инженерлк білімнің негізін қалаушы пәндердің бірі деп есептейтін болсақ, сызбаны техника тілі деп есептеумізге болады. Себебі, кез-келген нәрсенің егжей-тегжейлі сыйпаттамасының өзі, бізге ол туралы сызба беретіндей толық түсінік бере алмайды. Сондықтан әрбір болашақ маман сызбаларды орындай, оқи және олардың көмегімен инженерлік есептерді шығара білуі қажет. Бірақ, сызба адамның ойын жеткізетін құрал ретінде өз мақсатына жетуі үшін мемлекеттік стандарттар тағайындаған ережелермен орындалуы тиіс. Ұсынылып отырылған оқу құралына мынадай тақырыптар кірген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дизайн негіздері
    Несиелер: 3

    Курсты оқу барысында студенттер мынандай қабілеттерін қалыптастырады: дизайн саласындағы негізгі теориялық білім мен дағдылар, кәсіби қызметте дизайнды қолданудың функциялары, техникасы, негізгі әдістері мен тәсілдері туралы түсініктер, дизайн объектілерінің функционалдық, эстетикалық құндылығын ажырата білу. Пәнді оқу кезінде студенттер келесі аспектілерді зерттейтін болады: дизайнды өнердің ерекше түрі ретінде; дизайнның негізгі әдістері мен тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дизайн негіздері II
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дизайн негіздерін үйрету, дизайн мен өнердің ерекше саласы ретінде дизайнның ерекшеліктері туралы негізгі идеялар беру. Курсты оқу барысында студенттер мынандай қабілеттерін қалыптастырады: кәсіби қызмет барысында дизайнды қолданудың функциясы, технологиясы, негізгі әдістері туралы идеялар, дизайн объектілерінің функционалды, эстетикалық құндылығын ажырата білу, дизайнның мәселелерін шешу үшін композицияның, жарықтандырудың көркемдік құралдарын қолдану. Пәнді оқу кезінде мынандай аспектілерді меңгереді: дизайн ерекше өнер түрі ретінде; дизайн ерекшеліктері мен функциялары; дизайнның негізгі әдістері мен тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Материалдық мәдениет және дизайн тарихы
    Несиелер: 5

    Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін және түсінігін ашу. Міндеттері: - Сыбайлас жемқорлықтың түсінігін және сыбайлас жемқорлықтың таралу себебін қарастыру; - Сыбайлас жемқорлыққа карсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігін ашу; - Сыбайлас жемқорлықпен байланыс- ты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен заңды жауапкершілікті ашу; - Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігін ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Композиция І
    Несиелер: 5

    Композиция негіздерінің пайда болу уақытынан, оның дамуы мен қалыптасуы, қазіргі кезеңдегі даму жағдайын қамтитын мағлұматтармен таныстыру, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауды үйрету. Композиция элементтерінің көлемін рең, түс, заттардың жеке және құлайтын көлеңке көмегімен көрсету тәсілдермен көркем бейнені салуды меңгеру, Сәуле мен көлеңкелі қатынастармен (жарық, көлеңке, күңгірт көлеңке, рефлекс, әуе перспективасы) жұмыс істеу; Кеңістікте заттардың перспективалық және жазықтық-сызықтық бейнелеудің негіздерін және адамның костюмдегі фигурасын салу дағдыларын пайдалану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кескіндеме I
    Несиелер: 5

    Кескіндеме, кескіндеу өнері — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шрифт
    Несиелер: 4

    Шрифтер арқылы көрнекі ойлау ерекшеліктері. Графикалық дизайн мағынасында визуализация негізгі әдістері. Графикалық дизайнда шрифтер құрамы . Графикалық дизайнда көркем өрнектер. Типографика және каллиграфияның пайда болу уақытынан, оның дамуы мен қалыптасуы, қазіргі кезеңдегі даму жағдайын қамтитын мағлұматтармен таныстыру, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауды үйрету. Шрифт пайда болу тарихын, шрифт түрлерін білуге тиіс. Шрифте қандай жүктеме бар және жүктеме қалай орындау керек білуге тиіс. Шрифтердің түрлерін талдап оны адамға қандай әсер ететінің білуге тиіс. Теориялық білімдерін бекіту арқылы шрифтермен тәжірибелік жұмысын жүргізу білуге тиіс. Шрифтерді дұрыс қолдану мәселелерінде құзыретті болуы тиіс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    «Кәсіби бағытталған шетел тілі» Курстың мақсаты негізінде жұмыс бағдарламасына сәйкес студенттердің тақырып шегінде шет тілде сөз сөйлеу болып табылады, студенттерге ережелерді ұғынуға көмектесу, сөз сөйлеу контексінде өздерінің әрекетіне байланысты грамматикалық, лексикалық және құрылымды модельдерді қолдану

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 4

    Компьютерлік графика – шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика. Компьютерлік графикада бейнені жасау және визуальдау ұғымдарын ажыратады. Компьютерлік графикада жұмыстың орындалуы кейде оның графиктік берілуінен жекеленген болуы мүмкін. Компьютерлік-графиктік процесті аяқтаудың тәсілдерінің бірі виртуальды шығару болып табылады, яғни, файлды есте сақтау құрылғысына шығару. Файлға шығарылған мәліметтер соңынан қалпына келтіріліп, мәліметтерді графиктік беруге қолданылуы мүмкін. Бейне деп шынайы объектінің адам қандай да бір механикалық, электрондық, фотографиялық процесс көмегімен белгілеген визуальды берілуі аталады. Компьютерлік графикада бейне деп шығару құрылғысы қабылдай алатын объект айтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дизайн эстетикасы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: студенттердің дизайнды шығармашылық қызметтің ерекше формасы ретінде эстетикалық түсінігін қалыптастыру. Оқу курсы дизайнер студенттерде қалыптастыруға арналған: дизайн эстетикасын дүниетанымдық тәртіп, әлемдік көркемдік ойдың бір бөлігі ретінде түсіну қабілеті, дизайнерлік қызмет процесіне кіретін таныс объектілерді эстетикалық жобалау және модельдеу. Пәнді оқу кезінде студенттер: эстетика тарихын; техникалық эстетика негіздерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Кəсіби қазақ (орыс) тілі пәнін оқып үйрену жоғарғы оқу орындарындағы мамандар дайындаудың негізгі (базалық) деңгейінің құрамдас бөлігінде орындалады. Қазақстан Республикасындағы қарқынды даму үдерісі мен экономикалық әлеуметтік жағдайы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны әр мамандық саласы бойынша тәжірибе жүзінде қолдана алуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Композиция ІI (бейін бойынша)
    Несиелер: 4

    Натюрморт композициясы. Композиция пәнінің мақсаты мен міндеті. Натюрморт композициясының эскизі. Интерьер композициясы. Ауыл пейзажының композициясы. Қала пейзажының композициясы. Композиция этюды. Композицияның және түстердің бейнелеу мүмкіндіктерінің негізгі заңдылықтарын игеру, живопись құралдарының көмегі-мен реалистік бейнелерді салу. Натураның көлемі мен кеңістіктегі кейпін шыншылдықпен бейнелеу, бейненің көркемдік – мәнерлігіне жету

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дизайндағы қазіргі заман материалдары
    Несиелер: 5

    Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Композиция ІІI (бейін бойынша)
    Несиелер: 5

    Композиция негіздерінің пайда болу уақытынан, оның дамуы мен қалыптасуы, қазіргі кезеңдегі даму жағдайын қамтитын мағлұматтармен таныстыру, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауды үйрету. Композиция элементтерінің көлемін рең, түс, заттардың жеке және құлайтын көлеңке көмегімен көрсету тәсілдермен көркем бейнені салуды меңгеру, Сәуле мен көлеңкелі қатынастармен (жарық, көлеңке, күңгірт көлеңке, рефлекс, әуе перспективасы) жұмыс істеу; Кеңістікте заттардың перспективалық және жазықтық-сызықтық бейнелеудің негіздерін және адамның костюмдегі фигурасын салу дағдыларын пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сурет IІ
    Несиелер: 4

    Сурет салудағы негізгі заңдылықтар үйрету, суретте кеңістікті жәнп сызықтық перспективаны ұтымды қолдануға, көлемді заттарды жарық көлеңке арқылы формасын сала алуға үйрету. Гипстан жасалған геометриялық денелерден құралған натюрморт, үй заттарынан құралған натюрморт, күрделі емес денелерден құралған натюрморт, тақырыптық натюрморт, қима бас /обрубовка/, гипсті бас Давид басы Микеланджело мүсінінің көшірмесі, антикалық бас суреті, адам бас сүйегінің үш түрлі көрінісін бейнелеу, экорше бейнесі Гудон еңбегі. портрет қойылымы / нұсқаның басы/, қойылымның /нұсқаның/ беліне дейінгі көрінісі, адам бейнесі қолымен, әр түрлі құлыптағы адам фигураларының долбарлары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түстану
    Несиелер: 4

    Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену керек. Оны картинада дұрыс үйлесімді табылған түстердің қатынасы шешеді. Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді. Студенттер білу керек. -Түр-түс теориясының негіздерін меңгеру; -Түр-түстік белгі, түстік ортаның дамуы; -Түр-түстік үйлесімділігі және сипаттамасы; -Түр-түстің психологиялық және эмоциялық әсер етуі; -Түр-түс және кеңістік; -Көлем және түр-түс

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайн саласындағы элементтер мен үрдістер I
    Несиелер: 5

    Графика түрлері, анықтамалары. Координаттық графика (Координатная графика; coordinate graphics) — кескін бейнелеу командаларынан жөне координаттық мәліметтерден қалыптасатын машиналық графика. Растрлық графика (Растровая графика; raster (image) graphics — кескін нүктелердің екі өлшемді жиым түрінде (растрлық элементтер) берілетін машиналық графика.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспа және жарнама графикасы
    Несиелер: 5

    Білу - бәсекелістік қабілетті баспа және жарнамалық өнімдерін графикалық құралдарды пайдалана білу; Игеру - көлемді материалынан жүйелі білім алу; Қабылдау - графикалық бейнелеудің әр түрлі құралдармен, техникалармен, материалдармен; Істей алу - жобалау проблемаларын белгілеу, оны шешу үшін бірнеше варианттарды ұсыну, ұсынған варианттардың арасынан ең жақсы вариантты таңдау; Ұғу - бұл пән адамның білімін кенейтеді; Болу - мәдениет спецификасы туралы білім; Ұғып алу - негізгі теориялық және тәжірибелік білімдерді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби компьютерлік бағдарламалар I
    Несиелер: 5

    Кәсіби компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды үйрету. Кәсіби компьютерлік бағдарламалар қарастырылады. Графикалық эфекттер, Қабаттармен жұмыс, бейнелерді сканерлеу, Сканерленген бейнелерді тазалау. PhotoShop редакторында бейнелерді трансформациялау. Фигура – векторлық бейнелердің құрама элементі ретінде. Күрделі векторлық эффекттер, үшжақты модельдеу бағдарламалары, полигра фиялық басылымға графиканы дайындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графика және макет
    Несиелер: 6

    Графика түрлері, анықтамалары. Координаттық графика (Координатная графика; coordinate graphics) — кескін бейнелеу командаларынан жөне координаттық мәліметтерден қалыптасатын машиналық графика. Растрлық графика (Растровая графика; raster (image) graphics — кескін нүктелердің екі өлшемді жиым түрінде (растрлық элементтер) берілетін машиналық графика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайн саласындағы элементтер мен үрдістер II
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дизайн саласындағы элементтер мен үрдістер саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастыру. Курсты меңгерген студент әр дәуірдің көркемдік стилдері мен көркемдік мектептерінің өкілдері графикалық материалдарды өз шығармашылықтарында қалай қолданғанымен, түстердің адамға әсер тигізуін, берілу жолдары, тәсілдері мен ерекшеліктерін, материалдар мен орындалу технологиясымен танысып және іске асыра білуі .

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы сурет І (бейін бойынша)
    Несиелер: 6

    Арнайы сурет негіздері және көркемдеу графикасы.Қарапайым геометриялық денелердің суретін салу. Натюрморттардың, драпировкалардың (гризайль, графика) суретін салу. Түстер туралы жалпы мәліметтер. Сәндік суреттер салу (орнамент). Адам басы мен тұлғасын бейнелеу. Киімдегі адамның графикалық шешімі ( ақ- қара графика). Екі тұлғалы композициядағы сәндік шешім.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дизайн нысандарын құрылымдау
    Несиелер: 5

    Құрылымдау - инженерлік жобалаудың әдісі іспетті, оның ерекшелігі және әдістері, жұмыс негіздері. Конструкциялар, статистикалық және динамикалық жүктемелер; Күш түсіру және ақаулану; конструкцияның өзара байланысу эле-менттері; конструкция жұмысын сипаттау; техтоника мен көлемдік-кеңістік қүрылымының өзара байланысы. Нысанның композициясына дайындалған материал дардың ерекшелігіне дайындау технологиясына конструктивті шешімнің бағыныштылығы; конструктивті шешімнің көп нұсқалылығы және оның бұйым, нысан, үймереттің сыртқы керінісіне әсері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дизайн саласындағы нысандарды жобалау I
    Несиелер: 6

    Жобалау ситуациясына сараптама. Біріккен жеке бұйымдар жиынтығы. Курстық жұмыстарының тұжырымдамасы. Материалдың пластикалық ерекшелігі. Жобалау бұйымдардың ерекшелігі. Берілген пластикалық және тектоникалық ерекшеліктері. Сызудың конструкциясының құрылысы. Шығармашылық ойлау қажеттіңлігі. Композициялық және графикалық деңгейі. Әлеуметтік техникалық көркемдік ерекшеліктері. Сән журналындағы жастардың киімін талдау Арнайы тігілген киім үлгілерінің суреті. Арнайы тігілген киім үлгілерін және сараптама жасау. Кеңсе жиһаздарының суреттерінің ерекшелігі. Ас үй жиһаз жиынтығының үлгілеріне сараптама.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Автокад
    Несиелер: 6

    Corel DRAW, Photoshop. және 3ds MAX бағдарламаларына қысқаша шолу: Corel PHOTO-PAINT Corel TRACE Corel R.A.V.E.. графикалық бағдарламаларды үйретеді Компьютерлік бағдарламалардан алған білімдерің, көне суреттерді өңдеуге суреттерді көшіруге, суреттер салуға, иллюстрация жасауға және әр түрлі форматта басылымды баспаханаларға дайындауға үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дизайн саласындағы нысандарды жобалау II
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - өнеркәсіп үлгілерін жобадау бағытындағы табысты жұмыс үшін, сериялы өндіріс үшін эстетикалық, техникалық, эргономикалық, саяси әлеуметтік талаптардың кең көлемдегі жаңа әдістер мен көркем құрастырудың қазіргі кездегі құралдарын меңгеру. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет: көркем форманың материал спецификасымен байланысы, оларды өндірудің технологиясы мен функционалды қажеттігі; істей алуы: жобалау алдында өнеркәсіп өнімдерінің жүйленуі бойынша жоба объектісін оған сәйкес келетін түрмен, топпен және класпен дұрыс көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экстерьер дизайны
    Несиелер: 6

    Курсты оқу барысында студенттер мынандай қабілеттерін қалыптастырады: адамның эстетикалық қабылдауын қамтамасыз ететін көркемдік немесе сәулеттік келбеті, ғимараттың, автомобильдің дизайны, жануарлардың (жылқылардың, иттердің) дене құрылымы және т.б. Экстерьер дизайны - сыртқы дизайн адамның өмір сүру жағдайларын тұтас эстетикалық тұрғыдан жетілдіруге бағытталған прагматикалық және көркемдік идеялар мен шешімдердің синтезіне негізделген.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дизайн саласындағы элементтер мен үрдістер ІIІ
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің дизайн саласындағы элементтер мен үрдістер туралы кәсіби түсініктерін қалыптастыру. Курсты меңгерген студент әр дәуірдің көркемдік стилдері мен көркемдік мектептерінің өкілдері графикалық материалдарды өз шығармашылықтарында қалай қолданғанымен, түстердің адамға әсер тигізуін, берілу жолдары, тәсілдері мен ерекшеліктерін, материалдар мен орындалу технологиясымен танысып және іске асыра білуі .

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арнайы сурет IІ (бейін бойынша)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-әр түрлі түрлер мен жанрларда бейнелі және көркемдік объект ретінде сурет салу қабілетін дамыту. Оқу барысында пән мына қабілеттерді қалыптастырады: кез-келген объектінің сызбаларын сызықтық-құрылымдық құрылыстың принциптері, дағдылары негізінде құрастыру, оның бейнелеу мүмкіндіктерін ашатын суреттің негізгі әдістемелік әдістерінің жүйесін жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік (сала бойынша)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - кәсіпкерлік қызметтегі инновация туралы, инновацияның негізгі түрлері, проблемалар және болашақ кәсіби қызмет контекстінде инновациялық жобаларды әзірлеу әдістері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: кәсіпкерлік қызмет пен инновацияның негізгі түрлері, бизнес пен кәсіпкерлік қызметтің арасындағы айырмашылық, кәсіпкерліктің негізгі теориялары, бизнес идеяны әзірлеу ережелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заманауи дизайн (бейін бойынша)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: заманауи дизайн өндірісін оқыту. Курсты оқу барысында студенттер мынандай қабілеттерін қалыптастырады: дизайнердің заманауи дизайн өндірісінде өз дағдыларын жүзеге асыру қабілеті, заманауи дизайнын өндіру тәсілдерін жүзеге асыру және саралау тәсілдері мен тәсілдері. Пәнді оқу кезінде студенттер келесі аспектілерді зерттейді: қазіргі заманғы дизайнының мәні, функциясы, экономикалық маңызы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жарнаманың арнайы түрлері
    Несиелер: 5

    «Жарнаманың арнайы түрлері» курсы студенттерді жарнаманьң коммерцияльқ емес және адамньң жеке басы жарнамаларының негізгі түрлерімен таңыстыруға шамаланған. Болашақ дизайнерлерді теориялық дайындауда бұл пән негізгілердің 6ipi болып табылады. Біріншіден, жарнамалық қызмет жөніңдегі түсініктің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, екіншіден басқа да оқу пәндері үшін, жоба идеясыньң дамуына және жарнамалық кампаниялардың жасайтын тапсырма - бағдарламаларын қайта өңдеп тұжырымды етіп беру ушін бұл курс теориялық базамен қамтамасыз етеді. Пәннің мақсаты - коммерцияльқ емес жарнаманың ерекшеліктерін оқып біліп, үйренуден, сондай-ақ қоғамдық, ұйымдар мен қозғалыстардың жеке мемлекеттік институттар, коммерциялық емес ұйымдардың жарнамалық кампаниялардың негізгі жоспарларын құру арқылы коммерциялық емес жарнамаларды жобалаудың практикалық дағдысы және теориялық негіздердің меңгеруден тұрады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графикалық дизайнның типологиясы
    Несиелер: 6

    «Графикалық дизайн типологиясы» курс студенттерді графикалық дизайнның басты түсініктермен таныстырады. Графика түрлері, графика материалдар, техникалар және т.б. туралы. «Графикалық дизайн типологиясы» оқып болған соң студенттер алған білімдерін дизайн өрісінде қолдана алады. Осы курс дәрістерден және тәжірибе жұмысынан түрады. Пәннің мақсаты - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып графикалық объектілерін жасау және студенттерге эстетикалық талғамын үййрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сәулеттік дизайн
    Несиелер: 6

    Жобалау ісінде орталық көзқарас ала бастағалы сәулеттік орта дизайнының кешендік ғылыми-практикалық пән ретіндегі қарқынды дамуы маңызды болады. Кәсіби білім беруде «Сәулеттік дизайн» студенттер оқу процессінде қабылдаған теориялық білімдер мен практикалық машықтар кешенін өзінде біріктірген бағыттаушы пән болып табылады. Сәулеттік-дизайн процессінде алғышарттарды талдау, проблемалық, үйлестік, салыстырмалы-типологиялық, графикалық және үлгілік секілді объектімен жұмыс істеу тәсілдері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дизайн саласындағы нысандарды жобалау IІI
    Несиелер: 6

    Өндірістік бұйымдарды жасауда қолданылатын ортақ ойлар із імен шешілетін міндеттерді жобалау көркемдік жобалаудың заңдылықтарын білу керек. Өндірістік бұйымдардың эстетикалық және әлеуметтік белгісі бар коммуникативті мағынасымен дизайнерлерді таныстыру; ансамбльдерді өндірістік дизайн саласында студенттерді негізгі бағыттармен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жарнама және маркетинг
    Несиелер: 6

    «Жарнаманың және маркетингі» курсы студенттерді жарнаманьң коммерцияльқ емес және адамньң жеке басы жарнамаларының негізгі түрлерімен таңыстыруға шамаланған. Болашақ дизайнерлерді теориялық дайындауда бұл пән негізгілердің 6ipi болып табылады. Біріншіден, жарнамалық қызмет жөніңдегі түсініктің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, екіншіден басқа да оқу пәндері үшін, жоба идеясыньң дамуына және жарнамалық кампаниялардың жасайтын тапсырма - бағдарламаларын қайта өңдеп тұжырымды етіп беру ушін бұл курс теориялық базамен қамтамасыз етеді. Пәннің мақсаты - коммерцияльқ емес жарнаманың ерекшеліктерін оқып біліп, үйренуден, сондай-ақ қоғамдық, ұйымдар мен қозғалыстардың жеке мемлекеттік институттар, коммерциялық емес ұйымдардың жарнамалық кампаниялардың негізгі жоспарларын құру арқылы коммерциялық емес жарнамаларды жобалаудың практикалық дағдысы және теориялық негіздердің меңгеруден тұрады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Түсті графика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түрлі-түсті графика техникасын меңгеру дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында студенттер мынандай қабілеттерін қалыптастырады: түрлі-түсті графика негіздерін меңгерудің кәсіби дағдылары; шығармаларды жасау барысында түс, Жарық, қарама-қайшылықтар, нюанстар мен түрлі-түсті графика техникасын қабылдау ерекшеліктерін қолдана білу. Пәнді оқу кезінде студенттер келесі аспектілерді меңгереді: гүл жазу өнері мен практикасы, түс психологиясы, түрлі-түсті компьютерлік технологиялар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Дизайндағы формалар мен композициялар
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты-композицияның заңдары мен принциптерін практикалық қолдану қабілетін дамыту. Оқу курсын қалыптастырады: композицияның заңдары мен принциптерін әртүрлі салаларда қолдану дағдылары, композицияның негізгі әдістері, ырғақ пен үйлесімділік сезіміү. Пәнді оқу кезінде студенттер келесі аспектілерді зерттейді: көркем дизайн тұрғысынан композицияның практикалық әдістері мен тәсілдерін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Бизнес дизайн
    Несиелер: 5

    «Бизнес-процесті басқару (BPM) - бұл бизнес-процестерді табу, модельдеу, талдау, өлшеу, жетілдіру, оңтайландыру және автоматтандыру үшін түрлі әдістерді қолданатын операцияларды басқару саласындағы пән. BPM бизнес-процестерді басқару арқылы корпоративті көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған ».

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Код ON6

    6. Мәдениеттегі мәдени мұраны зерттеуді, әлемдік материалдық мәдениет, өнер, дизайн тарихындағы көркемдік процестердің мәнін, қарым-қатынас мәдениеті мен этикасының мәнін түсінеді. Дизайн формалар мен композициялық жобаларды әзірлейді.

  • Код ON3

    Шрифттердің жіктелуін, анатомиясын, эстетикасын, кескіндеме заңдары мен техникасын, миниатюраларды, колористиканы және жарық түсініктерді, әртүрлі пластикалық материалдарда жұмыс істейді. Сурет, кескіндеме, мүсін, гравюраның бейнелеу тілі әдістерін меңгереді.

  • Код ON4

    4. Дизайнның ерекшеліктері мен функцияларын, дизайнның негізгі әдістері мен тәсілдерін, дизайнды шығармашылық қызметтің ерекше формасы ретінде эстетикалық түсінігін қалыптастырады. Заманауи дизайндағы материалдарды, жарнамалық өнімді графикалық өңдеу тәсілдерін, баспа өнімінің графикалық бейнесін, жарнаманың арнайы түрлерін біледі. Қажеттіліктерді зерттеуді талдайды.

  • Код ON5

    5. Жобалау қызметінде кәсіби компьютерлік бағдарламаларды, autocad және САПР негіздерін меңгерген. Екі өлшемді жобалау, гейм-дизайн, веб-дизайн және анимацияны қолданады. Жарнамалық-графикалық объектілердің графикалық стилизациясын меңгерген. Жарнама түрлері мен нысандарын, жарнамалық акцияларды ұйымдастыруды біледі. Графикалық дизайн нысандарын құрудағы композициялық, техникалық және көркемдік-графикалық тәсілдерді қолданады. Модельдеу және макеттеу әдістерін қолданады.

  • Код ON1

    Шетел тілінде білім берудің халықаралық үлгісі, экологияның негізгі ұғымдарын анықтау, Ұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатын, өлкетанудың тарихи-мәдени дамуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, кәсіпкерлікті ұйымдастыру принциптерін біледі.

  • Код ON8

    Жобалау алдындағы талдау технологиясын, дизайн нысандарын жобалаудың негізгі әдістерін, нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді біледі. Көркем-композициялық шығармашылық заңдарын, интерьер және экстерьер, дизайн декорын, нақты суретті орындау техникаларын біледі. Көрнекі материалдарын (сызбалар, макеттер) орындайды. Нақты дизайнерлік мәселелерді зерттейді, дипломдық жобалау процесінде және одан әрі кәсіби қызметте дизайн-тұжырымдамаларды әзірлейді

  • Код ON7

    Дизайн саласындағы элементтер мен үрдістердің жан-жақты қасиеттерін, бағыттары мен технологиярын қарастырады. Инженерлік графикалық дизайн саласында инновациялық бағыттар мен материалдарды біледі. Құрастыру логикасын, материалды баяндауды, қорытындыларды ресімдеуді түсіну арқылы сәулеттік дизайынның жан жақты қырарымен танысады.

  • Код ON2

    Композицияның , сызудың және инженерлік графиканың негізгі заңдары мен ережелерін, заманауи бейнелеу-ақпараттық технологияларды қолданады. Көркем-дизайнерлік қызметтің негіздерін меңгерген, нақты көркем-жобалық міндеттерді шешеді. Графикалық дизайн нысандарының көрнекі бейнелерін жасайды. Интерьер перспективасын салады, жарнаманың тиімді дизайнын жасайды.

Top