Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Педагогикалық инноватика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: педагогикалық іс-әрекетті, оның принциптерін жаңарту үдерісін зерттей және талдай отырып, жоғары оқу орындарында оқу үдерісіне оқытудың инновациялық технологияларын енгізу мен дамытудың теориялық негіздерімен байланысты докторанттардың құзыреттіліктерін қалыптастыру, заңдылықтар, әдістер мен құралдар, педагогикалық инновациялар жасау дағдыларын меңгеру, оларды бағалау, практикада қолдану және дамыту. Негізгі тақырыптар: Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде қалыптасуы. Шетелдік және отандық елдердің педагогикалық білім беру жүйесінде инновациялық трендтердің дамуы. Педагогикалық технологиялар объективті қажеттілік ретінде. Білім беру технологияларының жіктелуі. Әлемдік білім беру бағдарламалары. Заманауи жаңашыл-педагогтар және жаңашыл мектептер. Интерактивті оқыту технологиялары. Оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерінің негіздері. Сандық білім беру ресурстары және олардың гуманистік негіздері. Жоғары білім берудің оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары оқу орындарында зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: докторанттардың кәсіби салада ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру, докторанттардың теориялық тұжырымдамаларды практикалық тұрғыда іске асыру мақсатында және кейіннен халықаралық деңгейде апробациялай отырып, оларды сыни талдау және меңгеру қабілеті мен іскерлігін дамыту Қысқаша мазмұны. Зерттеу іс-әрекеті жоғары оқу орнының білім беру үдерісінің құрамды бөлігі ретінде.Білім алушыларды кәсіби даярлау үдерісінде зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздері. Білім алушылардың зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың әдіснамалық тұғырлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі сандық технологиялар
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: докторанттың ақпараттық мәдениетін және оның болашақ ЖОО-дағы ғылыми-педагогикалық қызметінде сандық технологияларды пайдалануға дайындығын арттыру. Негізгі тақырыптар:Әлемдік және отандық ғылымдағы сандық білім беру технологияларының даму тарихы. «ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттікбағдарламасы ретінде, оныңнегізгімақсаттары.Білімберудегіжасанды интеллект технологиялары. Оқу үдерісіндегі виртуалды шындық технологиялары. Білім берудегі блокчейн технологиясы. Жоғары оқу орындарының оқу үдерісіндегі сандық технологиялар. Сандық технологиялардың педагогикалық дизайны. Жоғары білім берудің сандық білім беру ортасы. Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі сандық технологиялар. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін арналған сандықбілім беру платформалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – докторанттарды педагогика саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру; педогогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзырлылықтарын дамыту, педагогикалық-психологиялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. Негізгі тақырыптар: Ғылыми білім танымдық іс әрекеттің нәтижесі ретінде. Ғылым әрекет ретінде. Әдіснама – ғылымды тану жолы. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері. Әдіснаманың деңгейлері: философиялық, жалпығылыми әдіснама Ғылым-таным үрдісінің ерекше формасы. Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаттары мен ерекшеліктері, Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру; қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлау алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық жазылым және ғылыми стиль, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, плпгиаттық және одан сақтану жолдары, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, параграф және оның құрылымы, негізгі бөлімдерді жазу, қорытынды бөлімді жазу, түйіндеме және оны жазудың жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Болашақ бастауыш білім мамандарын дайындаудың кәсіби құзыреттілік тұғырлары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- докторанттарда ҚР білім беру жүйесінің құзыреттілік тұғырды жүзеге асыру жолдары туралы, құзыреттілік тұғырдың даму тарихы туралы, құзыреттілік тұғырдың мәні туралы теориялық және практикалық білімді қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: Заманауи әлемдегі құзыреттілік амалдардың дамуының негізгі тұжырымдамалары. Әлемдік педагогикалық ғылым мен ҚР құзыреттілік амалдардың даму тарихы. Болондық үрдістің талаптары Құзыреттілік амалдардың дамуында халықаралық ұйымдардың қызметтік бағыты. Негізгі әдіснамалық амалдардың сипаттамасы: жүйелілік, біртұтастық, аксиологиялық, акмеологиялық, тұлғаға-бағдарланған, іс-әректтік, мәдениеттанушылық және т.б. Аталмыш амалдардың құзыреттілік амалды қамтамасыз етудегі орны мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бастауыш білім мазмұнын жаңартудың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушылардың жаңартылған бастауыш білім мазмұнына байланысты қүзыреттіліктерін қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: бастауыш білім мазмұны, білім мазмұнын анықтайтын құжаттар, бастауыш білім мазмұнын жаңартудың теориялық негіздері, қазіргі бастауыш білім мазмұнын жаңарту мен дамыту үдерістері, «тіл және әдебиет» білім саласы, «математика және информатика» білім саласы, «жаратылыстану» білім саласы, «адам және қоғам» білім саласы, «технология және өнер» білім саласы, «денешынықтыру» білім саласы, бастауыш мектепте педагогикалық технологияларды пайдалану, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселелері, бастауыш білім мазмұнын жаңартудағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын дамыту, жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұны бойынша сыни ойлау тұрғысынан даярлауға қойылатын негізгі талаптарды біледі; білім берудің барлық деңгейлеріндегі жаңартылған білім беру бағдарламаларына талдау жасай алады.

  • Код ON4

    Педагогикалық білім беру жүйесімен байланысты өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінің стратегиясын анықтайды, басқару қызметінің құрылымындағы күрделі шешімдерді моделдейді және әзірлейді, зерттеу нәтижелерін жариялайды.

  • Код ON3

    Педагогикалық эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізеді, талдайды және олардың қорытындысын шығарады; зерттеу мәліметтерін математикалық өңдеу әдістерін меңгереді.

  • Код ON2

    Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды біледі, педагогикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіре біледі, ғылымның қазіргі ағымдарын талдай алады.

  • Код ON5

    Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін педагогикалық сүйемелдеу бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды дербес әзірлейді.

  • Код ON6

    Қазақстан Республикасында және әлемде педагогикалық зерттеулердің қазіргі тенденциялары, педагогикалық ғылымның даму бағыттары мен заңдылықтары туралы білімдерді меңгереді және кәсіби қызметті оңтайландыруға теориялық-әдіснамалық тәсілдемелерді жүзеге асырады.

  • Код ON7

    Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық, оқу-әдістемелік құжаттар туралы білімдерін қолданады; халықаралық білім берудің педагогикалық тұжырымдамалары мен білім беру стратегияларын талдайды.

  • Код ON8

    Академиялық мәтіндердің құрылымдық ерекшеліктерін және оларды рәсімдеуге қойылатын талаптарды ажыратады.

  • Код ON9

    Бастауыш білім беру мәселелерін кәсіби және академиялық ортада білікті талқылайды, қорытындыларды дәлелдейді, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлайды.

  • Код ON10

    Өзіндік бірегей зерттеулерді жүзеге асыра отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануы мүмкін ғылыми саланың шекарасын кеңейтеді.

  • Код ON11

    Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, жаңа курстар әзірлейді және оларды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді, қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін анықтайды.

  • Код ON12

    АКТ-ны пайдалану және ғылыми зерттеу мәдениетін көрсетеді.

Top