Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02305 Қазақ филологиясы в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Филологияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Филология мамандығының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі ерекшелігін, сөз өнерін кешенді талдау мен саралаудың теориялық негіздерін пайымдату. Әдеби ұғым, термин, категорияларды меңгеріп, сөз өнерінің поэтикасын жанр, стиль, әдіс, ағым, бағыт тұрғысынан талдауға машықтандыру. Филологиялық талдаудың әдебиеттану ғылымы салаларымен сабақтастығын зерделеуге бейімдеу. Филологиялық ұғымдарды көркем туындыларды, әдеби шығармашылықты талдауда, қазақ әдебиетінің даму үрдісін оқытуда қолдануға мамандандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклор және Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Фольклоры және ежелгі дәуір әдебиетін жаңаша бағдарлау барысында ұлттық бірегейлікті сақтау, рухани кемелділікті еселеу тұрғысындағы синкреттік қызметін, көркемдік тәсілдердің дәстүр ұласуындағы жасалу жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
    Несиелер: 6

    Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшелігін, дыбыстардың жасалуын, тілдік заңдылықтардың сипатын таныту. Пән тілдің дыбыстық жүйесін, оның заңдылықтарын меңгертуге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 6

    Пән студенттің тіл байлығын арттыруда сөздік құрамының аясын меңгеруге бағытталған. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы қазіргі қазақ тілі курсының құрамдас бөлігі ретінде жеке сала болып қалыптасқан пән болғандықтан, өзіндік нысаны, ішкі мазмұны, пәндік мәселелер көкжиегімен ерекшеленеді. Сөзжасамға қатысты тілдік құбылыстарға тән ерекшеліктерге назар аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мағжантану
    Несиелер: 6

    Мағжан өмірі мен шығармашылығы, классикалық мұрасын зерттеудегі ізденістерге тоқталу. Ақынның қазақ әдебиетін мазмұн, түр, форма, әдіс, ағыс жағынан түрлендірудегі реформаторлық қадамдарын саралау. Ұлттық әдебиетті әлемдік сөз өнерінің биігіне шығарудағы көркемдік шеберлігін айқындау. Поэзиясының көркемдік-эстетикалық жүйесін теориялық талдаудағы дағдыларын ұштау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесі
    Несиелер: 6

    Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша негізгі ұғымдар мен тұжырымдарды практикалық тұрғыдан меңгеруге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Авторлық ауызша әдебиет
    Несиелер: 5

    Сан ғасырлық қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарындағы поэтикалық жүйесін пайымдау. Ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара байланысына тән жанрлық, стильдік ерекшеліктерін авторлық ауыз әдебиеті тұрғысынан қарастыру. Қазіргі фольклортанудағы авторлық ауыз әдебиет ұғымына қатысты зерттеушілік пікірді саралай отырып, оларға кеңінен тоқталу. Авторлық ауыз әдебиеті үлгілерінің көркемдік сипатын айқындап, оның жасалу тәсілдеріне түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесу, адамның қоршаған ортасының қауіпсіздігі, қоршаған орта факторлары және қоршаған орта сапасының жаһандық өзгеруі және олардың салдары туралы білім беру. Сұрақтар: су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, әуе бассейні, жер ресурстарының сарқылуы, экологиялық тәуекелдер, азық-түлік қауіпсіздігі, адамның қызметімен байланысты табиғи және техногендік апаттар және олардан қорғану жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 6

    Абай шығармашылығы, ақын шығармаларындағы тақырып пен идея, лиризм, өзіндік ерекшеліктері теориялық тұжырымдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Пән ақын шығармашылығына теориялық тұрғыда назар салумен бірге, ұлттық әдебиетіміздің қалыптасып, даму жолдарын оқытып, саралауға бағытталған. Абайдың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын, абай шығармаларының текстологиялық зерттелуін бағамдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • XV-XVIII ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ хандығы дәуіріндегі мемлекетшіл әдебиет, жыраудың шығармашылық тұлғасы, қоғамдағы орны, толғау жанры, ақын және жырау, көшпелілер эстетикасы, дала демократиясы ұғымдарына жан-жақты тоқталу. Халық бірлігін жырлап, сыртқы басқыншыларға қарсы жанкешті күресте ұлтқа тұтқа болған хан, батырлар бейнесін сомдаудағы жыраулар шеберліктерін әдеби-тарихи бірлікте талдау.Ақын және жырау шығармашылығының ортақ сипаты мен өзіндік ерекшеліктерін зерделеудегі әдеби пайымдарын тереңдету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семасиологиясы
    Несиелер: 6

    Сөз мағынасының табиғаты, оның қалыптасуына әсер етуші жағдаяттар. Сөз мазмұнының құрылымы мен оны құраушы компоненттер. Сөз мағынасының түрлері және олардың ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні "Бизнес, басқару және құқық" бағытындағы білім алушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сынды мемлекеттік құжаттар сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер дәрежесіне көтерді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ХІХ ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Отаршылдық қысымдағы ұлт тағдырын арқау еткен күрделі кезең әдебиетінің ерекшелігін әдеби бағыттар тұрғысынан бағалауды қалыптастыру. Ұлт азаттығы, дін бостандығы, жер мәселелерінің көкейкесті тақырыпқа алынуының тарихи негіздерін меңгерту. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі тақырыптық-идеялық арнаны қазіргі тәуелсіздік кезең мұраттарымен байланыста зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Алаш кезеңіндегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Алаш кезеңіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшелігін қарастыру. Қалам қайраткерлерінің ұлттық ояну дәуірінде атқарған таихи қызметіне кеңінен тоқталу. Әдеби және ғылыми мұраларының маңызына талдау жасау. Сөз өнерін жанрлық түрлендірудегі жаңашыл қадамдарының көркемдік дамудағы маңыз ашып көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Әдеби тіл және норма. Әдеби тілдің даму барысын дәуірлеу жөніндегі көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тарамдалуы. Әр дәуірдегі жазба ескерткіштердің әдеби тілді қалыптастырудағы рөлі. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың бірінші артысындағы әдеби дамуға шолу. Ұлттық ояну дәуірі әдебиетін зерттеудегі тоталитарлық кезеңдегі шығармашылық табиғатын кеңес идеологиясы, лениндік ілім зардаптарымен байланыста пайымдату. Өмір болмысын, тарихи шындықты суреттеуді социалистік реализм қалыбына салудың өнер заңдылықтарына қайшы келуін түсіндіру. Әлемдік рухани кеңістіктен оқшаулану, адамзаттық гуманизмді таптық, партиялық ұстаныммен бағалау, оны қабылдамаған суреткерлердің қуғындалуын обьективті таразылауын тереңдету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы
    Несиелер: 5

    Тіл мамандарына дұрыс сөйлеу, сауатты жазу ережелерін меңгертіп, тыныс белгілерінің қызметін, орнын анықтау, орфоэпиялық, орфографиялық нормалардың мәнін түсіндіру, сауатты жазуға үйрету, әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру болып табылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Зар заман поэзиясы
    Несиелер: 5

    Отаршылдық қасіретін болжай білген «зар заман» ақындары шығармашылығы маңызының әдеби-тарихи сипатын ашып көрсету. ХІХ ғасыр әдебиетін кешенді зерттеудегі идеология зардаптарын қазіргі тәуелсіздік талабында талдау қағидаттарын қалыптастыру. «Зар заман» поэзиясының өзіндік ерекшелігін әдеби-тарихи тұрғыдан қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің морфонологиясы
    Несиелер: 5

    «Қазақ тілінің морфонологиясы» пәні сөз, морфема және фонема, сөз тұлғасындағы морфонологиялық құбылыстардың фонетикалық, морфологиялық заңдылықтардан ерекшелігін көрсететін морфонологиялық бірліктер мен үдерістердің түрлерін, қызметін, пайда болу жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Сөз өнерінің типологиялық өрісін қазақ әдебиетінің қазіргі поэтикалық жүйесі бойынша талдау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 5

    Жазу таңбаларының күрделі табиғатын таныту, олардың семасиографиялық кезеңі мен фонографиялық кезеңі арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ жерінен табылған петроглифтердің графикалық жағынан зерттелу жайын, түркілердің тұңғыш дыбыстық жазу жүйесі көне түрік руна жазуының зерттелуі мен шығу тегі жайлы көзқарастарды жүйелеп беру, көне ұйғыр, араб, латын, армян, латын, орыс жазуларының түркілер арасына таралу себептерін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі әдеби үдеріс
    Несиелер: 5

    Заманауи әдеби үдерістің жаңашыл тенденцияларын қарастыру. Қазіргі модернистік және постмодернистік әдебиетке тән поэтикалық жүйе, эстетикалық қағидаттарын меңгеру. Заманауи әдеби үдеріс бағытын айқындап отырған ақын-жазушылар туындылары, шығармашылық тұлғаларына тән сипаттарын талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Терминтану
    Несиелер: 5

    Термин және терминология туралы түсінік. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы. Терминжасам, сөзжасамдық тәсілдердің термин жасаудағы көрінісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті дамуының көркемдік сипатын саралау. Социалистік реализм қасаңдығынан арылуағы шығармашылық ізденістердің ұлттық сөз өнеріндегі маңызын қарастыру. Коммунистік идеология қысымынан арылып, тәуелсіздікке аяқ басқан кезеңдегі шығармашылық ахуал, әдеби үдеріс табиғатын жаңаша танымда бажалайлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің сөз жүйесі
    Несиелер: 5

    Студенттерге сөз және оның формалары, сөз құрамы, морфемалар, сөздердің тұлғалық өзгеруі, грамматикалық ерекшеліктері жөнінде жүйелі ғылыми-теориялық білім беру, сол теориялық түсініктерді пайдаланып, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау әдістері мен тәсілдерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жылымық жылдарындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    «Жылымық» жылдарындағы «алпыскерлер» буынының жаңашыл қадамдарымен қазіргі әдебиет ұғымының орнығуы, оның тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетке ұласуы қарастырылады. Бұл тұста шығармашылық тұлғалары қалыптаса бастаған суреткерлер ізденістерінің жаңашылдығын зерделеу. Тарихи тақырыптағы туындылардың көркемдік ойлау жүйесін тарихи ойлау жүйесімен дәнекерлеуінің маңызын байыптау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Салыстырмалы әдебиеттану
    Несиелер: 5

    Әдебиеттанудағы ғылыми әдіс, ғылыми мектептерге тін концепцияларға тоқталу. Әлемдік және отандық әдебиеттанудағы ғылыми-әдіснамалық мәселелерге шолу жасау. Салыстырмалы әдебиеттануға тән зерттеу әдістерін қарастыру. Аталмыш әдістің әдеби дамуды, қаламгерлер шығармашылығын зерттеу тезінен өткізудегі маңызын ашып көрсету

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көркем мәтінді әдеби талдау
    Несиелер: 5

    Көркем шығарма мен мәтін арақатынасын анықтай білу, мәтіндік талдауларды меңгеру, шығарманың көркемдік-эстетикалық сипаты мен құрылымдық ерекшелігін әдеби тұрғыда талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ драматургиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ драмасының тарихи негіздеріне тән көркемдік ерекшелігін ашып көрсету. Қазақ драмасының жанрлық жүйесі, поэтикасын зерттеудегі еңбектерге тоқталу. Қазақ драмасының генезисі мен типологиясын жан-жақты қарастыру. Қазіргі қазақ драмасының жанрлық өрістеуіндегі фольклорлық мұра маңызын талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 5

    Студенттерге қазіргі қазақ әдеби тіліндегі тіл мәдениетінің негізгі категориялары мен ұғымдары туралы мағлұмат беру. Тілдің мәдени ресурстары туралы, тілдің нормалар жөнінде ғылыми анықтама беру, осы нормалардың яки сөздердің қолданылуы мүмкіндіктеріне сәйкес өзгеріп отыратындығы жайлы түсінік беру, тілдік құралдардың көркемдік мәнерлігі мен синтаксистік құбылыстарға қатысты теориялық пікірлермен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдеби аударма әдістері
    Несиелер: 5

    Әдеби аударма негіздерінің мәдениеттер мен рухани құндылықтарды еселеудегі маңызын ашып көрсету, әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударылу тәжірибесін меңгеру, әдеби аударманың ғылыми қағидаттарын білу. Көркем мәтінді түпнұсқадан аударудағы шыберлік қырларын талдау. Әдеби аударма шығармашылығының күрделі табиғатын қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    “Қазіргі қазақ тілі” курсы бойынша тіліміздің грамматикалық құрылысы, жүйесі оның грамматика саласы бойынша синтаксис бөлімінен айқын көрінеді. Өйткені синтаксис тіл заңдылығында жеке сөздердің тіркесінен бастап, жеке сөйлемдердің де өзара бірге үйлесе жұмсалуын тексереді. Жай сөйлемнің құрамындағы және семантикасындағы құбылыстарды бағамдату.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лингвоэкология
    Несиелер: 5

    Эколингвистика немесе тіл экологиясы - лингвистиканың философиялық, психологиялық, әлеуметтік бағыттарында қалыптасқан тіл білімінің жаңа ғылыми бағыттарының бірі. Эколингвистика экология мен лингвистиканы біріктірген ғылыми бағытта адам мен қоршаған ортаны, тілдік тұлға ретінде қоршаған ортаның тілге әсерін оқытады. Тіл мәселесі қоғам, табиғат және адам арасындағы ажырамас тізбекте қарастырылады. Тілдің дамуы мен қызметі - экожүйе, ал қоршаған орта - тілдік тұжырым, яғни лингвистикадағы экологиялық сұрақтар, лингвистикалық терминдер мен әдістері бар, қоршаған ортаның мәселелерін сипаттауда тілдің қызметін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси лингвистика
    Несиелер: 5

    «Саяси лингвистика» пәнін оқыту арқылы саяси дискурстың мәні - оның қоғамда маңызды функциялар атқаруында екенін түсіндіру. Қоғамдағы маңызды функциялардың қатарында: саяси билікті жүзеге асыру, сендіру, қоғам санасына түрлі манипуляциялар жасау екендігі туралы білім мазмұнын меңгерту. Биліктің жүзеге асырылу жолдарын конституция, заңдар, партиялық декреттер, жарғылар мен бағдарламалардың, елдегі саяси жүйенің қызметін реттеуші ресми құжаттардың мәтіндері арқылы зерттеп-тану әдістері меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шығыс классикалық әдебиеті
    Несиелер: 5

    Шығыс классикалық әдебиеті туралы түсінік. Шығыс классикалық әдебиетінің әлем әдебиеті тарихындағы орнын ашып көрсету. Шығыс классикалық әдебиетінің жанрлық ерекшелігіне әдеби-теориялық талдаулар жасау. Шығыс классикалық әдебиетінің қисса, дастан, ғазал, бәйіт, хамса т.б. түрлеріне сипаттама беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эмиграциялық әдебиет
    Несиелер: 5

    Эмиграциялық әдебиет туралы түсінік беру. Қазақ эмиграциялық және шетел эмиграциялық әдебиетінің ортақ сипаттары, ерекшеліктеріне талдау жасау. Шетелдегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларына талдау жасау. Эмиграциялық қазақ әдебиетінің кешегі, қазіргі көркемдік дамуының басым бағыттарын қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Сөз өнерінің поэтикасын теориялық талдауғағы филологиялық дағдылары біліктіліктерін барынша тереңдету. Ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму тенденциялары мен басым бағыттарын зерделеудегі көркемдік танымдарын ұштай түсу. Модарнистік, постмодернистік әдебиеттің ортақ сипаттары мен ерекшеліктерін теориялық талдауда қазіргі әдебиеттанудағы озық әдістерді, ғылыми мектептердің бағыт-бағдарын пайдалануды меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 6

    “Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі” курсы тіл заңдылығында жеке сөздердің тіркесінен бастап, жеке сөйлемдердің де өзара бірге үйлесе жұмсалуын тексереді. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы және семантикасындағы құбылыстарды бағамдату

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Жалпы тіл білімі – тіл білімінің жалпы теориясы. Бұл пәннің алдына қойылатын міндет – тыңдаушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және әлі шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Студенттердің стилистика туралы жүйел теориялық білім алуына, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға негізделеді. Студенттерге ғылымның қоғам өміріндегі аса зор қызметі арта түсіп отырған жаңа дәуірде әдеби тілдің өмірлік мәселелерін шешудің, халықтың тіл мәдениетін арттыру проблемасының маңызы зор екендігінен мағлұмат беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Академиялық жазу - бұл ғылыми аудиторияға арналған формальды және бейтарап жазу әдісі. Ол көп жағдайда зерттеулерге, нақты дәлелдерге, білімді зерттеушілер мен ғалымдардың пікірлеріне негізделеді. Ғылыми эсселер, зерттеу жұмыстары, диссертациялар және т.б. академиялық жазудың бірнеше мысалдары болып табылады. Жазбалардың осы түрлерінің барлығында кіріспе, тезис, талқыланған тақырыптарға шолу, сондай-ақ жақсы тұжырым жасалған қатаң құрылым мен макет бар. Бұл курс барысында білім алушылар құрылымды және нақты дәлелді дәлелдерді құруды, қажетті дереккөздерді қолдануды, грамматика мен жазу механикасын жетілдіруді қамтитын жазбаша ғылыми коммуникацияны қалай жүргізуге болатынын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиеттану ғылымының тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ және әлем әдебиеттану ғылымының тарихына тоқталу. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму жолдарын айқындау. Әдебиеттану ғылымындағы зерттеу әдістеріне, ғылыми метептеріне тән концепцияларды саралау. Әдебиеттану ғылымының негізгі және қосымша салаларының маңызын игеру. Әдебиеттанудың басқа да ғылым салаларымен байланысына тоқтылу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби сыны
    Несиелер: 5

    Қазақ әдеби сынының тарихын қарастыру. Әдеби сынның бастау көзі саналатын халықтық эстетикадан бастап, кейінгі туу, қалыптасу және даму жолдарын айқындау. Сын жанрлары, сынның ғылыми-әдіснамалық қағидаттарын меңгеру. Қазақ әдеби сынының тарихи негіздерінен бастап қазіргі көркемдік дамуды бағалаудағы эстетикалық таным эволюциясын қарастыру. Әдеби сын тарихындағы қате таным, теориялардың зардаптарын байыптау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау

  • Код ON11

    әдеби тіл нормаларын сөйлеуде іс жүзінде іске асыру,

  • Код ON9

    тілдің белгілі бір деңгейін зерттеуге бағытталған лингвистикалық пәндер жүйесінде ұсынылған жүйелік тілдік бірліктердің қарым-қатынасын түсіне алу

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықтыарттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON14

    қазіргі заманғы әдеби жағдайды ескере отырып, кең тарихи және әдеби тұрғыда әдеби шығармаларды талдау дағдыларына ие болу

  • Код ON12

    белгілі бір тілдік стильге байланысты тілдік құралдарды өзгерту дағдыларын иеленеді

  • Код ON13

    фольклордың теориялық негіздері мен ежелгі және жазба әдебиетінің алғашқы туындыларының мазмұнын сараптау арқылы, өзіндік ерекшеліктерін жүйелей білу.

  • Код ON6

    коммуникацияның барлық салаларында қазіргі қазақ әдеби тіліне ие болу

  • Код ON15

    әдебиеттану теориясы мен әдіснамасына сүйеніп, әдебиет туындысын білікті бағалау және түсіндіру дағдыларын меңгеру

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімдіқолдана білу.

  • Код ON10

    синхрондық және диахрондық аспектілерде тіл жүйесінің қызмет ету заңдылықтарын білуі

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.

  • Код ON8

    кәсіби және әлеуметтік маңызды мазмұндағы мәтіндерді құруға және редакциялауға қабілетті болады.

  • Код ON7

    кәсіби тіл мәдениетіне ие болу.

Top