Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04104 Қаржы в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты біліктілігі жоғары кадрларды даярлауға бағытталған, құзыреттілік тәсілге, көптілділікке және оқытудың инновациялық технологияларын пайдалануға негізделген қаржы саласында білім беруді жүзеге асыру және аналитикалық, жобалық-экономикалық, ұйымдастырушылық-басқару, консалтингтік, ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметте кәсіби міндеттерді шеше алатын еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық құқықтық нормалар мен ұлттық заңнама шеңберінде ақша-кредит, салық жүйелерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында қаржы механизмінің құралдарын пайдаланады
  • Командада жұмыс істей алады: басқа адамдармен тез және оңай байланыс орнату, өз ойлары мен сезімдерін дәл жеткізу, өз іс-әрекеттерін ұжым мүшелерімен үйлестіру, өз көзқарасын дұрыс қорғау, ұжымдық шешім қабылдау, кәсіби қызмет саласында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешудің жаңа нұсқалары мен тәсілдерін ұсыну
  • Қаржы практикасының жоғары білікті мамандарының тәжірибесін пайдаланады, кәсіби қызметке жоғары ынталымға ие, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға ұмтылады
  • Қазіргі кезеңде қаржылық қатынастарды жетілдіру призмасы арқылы заманауи білім беру технологияларын, академиялық сауаттылық дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын және кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асырады
  • Ұтымды қаржылық шешімдерді әзірлейді және олардың лауазымдық міндеттері шегінде іске асырылуына жауап береді, сондай-ақ олардың себеп салдарын бағалайды
  • Бизнес-жоспарлар мен инвестициялық жобаларды құру барысында жасанды интеллект құралдары мен дағдыларын, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында техникалық-экономикалық негіздемесін, тактикалық және стратегиялық басқару есептерін жүзеге асыру дағдыларын қолданады
  • Талдамалық, жоспарлау қызметтері, болжау мен модельдеуді, экспериментті жүзеге асыру, жасандды интеллект технологияларын қолдану, жеке және ұжымдық ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларына ие, сондай-ақ оларды қаржы практикасында пайдалана алады
  • Экономиканы реттеудің түрлі фискалдық құралдарын қолдана отырып, салық-бюджет, монетарлық саясатты әзірлеу және іске асыру қабілетін көрсетеді
  • Кәсіби қызмет саласында қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу процесін ұйымдастыруға, көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қатысады
  • Қаржылық басқару процесінде стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдау кезінде құқықтық заңнама шеңберінде алған теориялық білімді қолданады, талдамалық бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпарат дайындауда қаржылық есептілік деректерін пайдаланады
Top