Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D04106 Экономика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен дағдыларын пайдалануға, алынған нәтижелерді өңдеуге және бағалауға, ұлттық экономиканың тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру жолдарын ұсынуға, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін басқарудың әдістері мен модельдерін айқындауға, стратегиялық жоспарлаудың әртүрлі проблемаларын шешу әдіснамасын әзірлеуге, жетілдіруге және экономикалық талдауды пайдалануға қабілетті жоғары білікті ғалым-экономистерін даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D070 Экономика
  • Дайындық бағыты 8D041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, сандық және сапалық әдістермен ғылыми зерттеулер жүргізе отырып және ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді өңдейді және бағалайды
  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
  • Стратегиялық жоспарлаудың әртүрлі мәселелерін шешудің әдіснамасы мен әдістерін әзірлей және жетілдіре отырып, стратегиялық жоспарлаудың болжамдарын, экономиканың дамуын анықтайтын бағдарламалық жобалар мен объективті заңнама жоспарларын жасап және басқарушылық шешімдерде экономикалық талдап экономиканың бәсекеге қабілеттілігін басқарудың әдістері мен модельдерін анықтайды
  • Жаһанданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап және болжап, жаһандану және экономиканың интеграциясы жағдайында отандық ғылымның қазіргі заманғы даму тенденцияларының заңдылықтары мен бағыттарын қолдана отырып, жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтандыру тетіктері мен жетілдіру жолдарын талдайды және ұсынады

Ұқсас БББ

Top