Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02301 Қазақ филологиясы в А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

  • Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларға әдеби ұғымдар туралы түсінік беріп, олардың пайда болу тарихын зерделейді. Пәнді оқу барысында білім алушылар көркем мәтіннің тегін, түрін, тақырыбы мен идеясын, мазмұны мен пішінің анықтауды үйренеді. Шығармада кездесетін образ түрлеріне, тілдік ерекшеліктерге талдау жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиетi
    Несиелер: 4

    Халық даналығы және халық поэзиясы ұғымдары, ауызша сөз өнері. Фольклор табиғаты мен оның өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары және оны классификациялау принциптері. Тұрмыс салт-жырлары. Лирикалық өлеңдер. Халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тiл бiлiмiне кiрiспе
    Несиелер: 4

    Пән болашақ филологтарды тіл теориясының жетекші ұғымдарымен таныстыруға, қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелерімен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылардың игерген терминдері мен анықтамалары лингвистикалық пәндердің бүкіл циклі үшін негіз болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркi филологиясына кiрiспе
    Несиелер: 3

    Бұл пән бойынша білім алушыларға түркі тілінің тарихын, түркі тектес халықтардың тілі туралы мәліметтер, түркі тілдерінің классификациясы, түркі тілдерінің даму, қалыптасу кезеңі жайында толық мәліметтер алып, түркі тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектерін, түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштердің тарихы туралы мәліметтер алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде білім алушылар ежелгі жәдігерлер мен үлгілерді, яғни VII-XIV ғасыр аралағында жазылған түркі қағанаты дәуіріндегі, оғыз, ислам дәуірі, алтынорда кезеңдерде жазылған шығармалармен танысып, олардың мазмұн-мағынасын, әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын біліп, меңгеріп шығады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Орфография және пунктуация практикумы
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларға қазіргі қазақ жазуының емле және тыныс белгілерінің заңдылықтарын меңгертуге арналған. Пәнде қазақ жазуының қалыптасуы және дамуы, қазіргі күйі, орфографиялық сөздіктердегі өзерістер мен толықтырулардың ерекшеліктері қарастырылады. Білім алушылар сауатты жазуға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы тілі білімі және жаңа ақпараттық ресурстар
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларға тіл білімінің жалпы теориясын меңгертуге арналған. Пәнде лингвистика тарихындағы әртүрлі мектептердің бағыттары, белгілі ғалымдардың ғылыми теориялары мен тұжырымдары қарастырылады. Білім алушылар лингвистикалық әдістер мен жаңа ақпараттық ресурстарды тіл білімінің өзекті мәселелерін талдауда тиімді пайдалагуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • XҮ-ХҮІІІғ. Қазақ әдебиетiнiң тарихы
    Несиелер: 5

    Пән аясында білім алушылар ХV-ХІІІ ғасырлар аралығында жазылған жыраулардың еңбектері мен ерліктері, сол заманда өмір сүрген хандар мен батырлардың ел үшін күрескен ерліктері жайында жазылған жырларына талдау жасау, қазақ халқының басынан кешкен қилы кезеңдерін, басқа ұлтқа отар болмай тұрған кезіндегі әдебиеті зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Пән қазақ тілінің сөзжасам теориясы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады, сөздерді дұрыс қалыптастыру және олардың грамматикалық мағыналарын, категориялары мен формаларын, осы формаларды қолдану ерекшеліктерін анықтау дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазiргi қазақ тiлi фонетикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар фонетиканың нысаны, зерттелуі, транскрипция мен транслитерация, дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі, дыбыстық құбылыстар, буын, бунақ, екпін, буын үндестігі, тіл үндестігі, ерін үндестігі, дыбыс үндестігі, бейімдестік үйлестік (ассимиляция) жөнінде толық мәлімет алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті өзара әрекеттесу этикасы
    Несиелер: 5

    Пән мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау процесінде студенттердің коммуникативті және әлеуметтік дағдыларын дамытуды, ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар адамдардың әлеуметтік, эмоционалды және мінез-құлық қиындықтарының ерекшелігі туралы білімді қалыптастыруды қамтиды, сонымен қатар инклюзивті білім беру және кәсіби ортада туындайтын тұлғааралық өзара әрекеттесу мәселелерін шешуге көмектесуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Бұл пән болашақ филологтарды Абайдың әдеби мұрасын жан-жақты зерделеуге бағыттайды. Өлеңдерінің, поэмаларының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктерін, қара сөздерінің философиялық мәнін жете түсініп, өздігінен талдай алуға дағдыландырады. Абай шығармашылығын зерттеу тарихының бастау көздерімен, бүгінгі күнгі жай-күйімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән экономикалық ойлауды қалыптастырады, бәсекелестік ортада кәсіпорындардың табысты Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық және практикалық дағдылары. Бизнесті ұйымдастыру, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары және бизнес-жоспар жазу туралы білімдерін кеңейтеді және нақтылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Нормативтік қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Бұл пән бойынша білім алушылардың қазіргі қазақ тілінен алған теориялық ұғымы практикамен ұштастырылып талдау, қорытындылау дағдылары қалыптастырылады. Сабақтардың дені жаттығу жұмыстарынан тұрып, білім алушылардың өз беттерінше ізденіп, шығармашылықпен шұғылданып, еңбектене қайталап отырған тіл фактілері туралы тереңірек білім алуына көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу заңнамалық нормалардың рөлі туралы жалпы түсінік беретін құқықтың негізгі салаларының мәселелерін қарауға бағытталған, сондай-ақ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды зерделеуді көздейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орыс әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 3

    Пән білім алушыларды орыс әдебиетінің тарихымен, ұлы орыс жазушыларының, ақындарының шығармаларымен таныстырады. Әдеби материалды жүйелеуге, библиография жасауға, аннотация жазуға үйретеді. Пәнді оқу барысында көркем мәтінді талдау дағдылары дамиды. Білім алушылар әр түрлі кезеңдегі әдебиеттерді салыстыруға, ерекшеліктерін анықтауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылыми шығармашылық технологиялары
    Несиелер: 3

    Бұл пәнді игеру барысында білім алушылар ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктерімен, ғылыми шығарманың құрылымымен, библиографиядан дәйексөз алу және ресімдеу ережелерімен танысады, ғылыми әдебиетті аннотациялау және рефераттау білігін дамытады, өз мәтінін жазуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән экологиялық ойлауды және табиғи экожүйелер мен техносфералардың жұмысында қауіпті, төтенше жағдайлардың алдын алу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тiлінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән негізгі сөздерді, фразеологизмдерді, олардың тобын ғана емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін зерттейді. Лексикология мен лексикографияның қарастыратын негізгі мәселелері – сөздердің, тұрақты сөз тіркестерінің лексикалық жүйеде алатын орны мен мағыналық жағының пайда болуы, даму, қолданылу деңгейі, сөздердің мағыналық, семантикалық қатынасына қарай жіктелуі, сөздердің лексикалық мағыналарының түрлері, эмоциялық, стильдік сипаты.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мәнерлеп оқу
    Несиелер: 5

    Пән аясында білім алушылар сөйлеу техникасын меңгереді. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтырады, сөйлеу техникасын жақсы біліп, игереді. Дикцияны жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу кезінде білім алушылар көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, кәсіпорын, аймақ және тұтастай ел деңгейінде әсер ету әдістерін қолдана отырып, адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқарудың әдістемесі мен практикасын игереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлем әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 3

    Курсты оқи отырып, білім алушылар шетелдік әдеби дәстүрлермен, әдебиеттегі әртүрлі стильдер мен бағыттармен, сондай-ақ антикалық әдебиеттің шығармаларымен, 17-18 ғасырлардағы әдебиеттермен, 19-20 ғасырлардағы шетелдік әдебиеттермен танысады. Көркем шығармаларды талдай отырып, әлем әдебиетінің даму тарихының ерекшелігін ашады, яғни антикалық дәурден қазіргі кезге дейін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң тарихы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді игеру барысында білім алушы ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты, ұлт азаттығын жырлаған ақындар, зар заман әдебиетінің ақындары; айтыс ақындары; сал-серілер; қиссашыл ақындар; жаңа жазба әдебиеті өкілдері жайында толық мәлімет алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Салғастырмалы грамматика
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде агглютинативті қазақ тілі мен флективті орыс тілінің фонетикасы, морфологиясы салғастырмалы түрде қарастырылған. Екі тілдің құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты ерекшеліктер әр сала бойынша салыстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Пән филолог маманының кәсіби қызметінің ерекшелігін, мәнін ашуға көмектеседі, грамматиканы оқыту үдерісінде алған білімін байқататын негізгі қолданыс салаларына қажетті пән, жоғары біліктілікті,сонымен қатар бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пән қазақ тілінің тарихи дамуын, зерттелуін қарастырады. Білім алушылар фонетика, морфология, синтаксис заңдарымен танысады. Өзгерістерді бақылайды, ежелгі қазақ тілінің дыбыстарының, формаларының, лексикалық құрамының ерекшеліктерін анықтайды, қазіргі грамматикамен салыстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудің инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларға заманауи интерактивті педагогикалық технологияларды меңгертуді көздейді. Пән аясында студенттер технологияларды ұтымды және орнымен қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдағы тарихи проза
    Несиелер: 5

    Бұл пән аясында ХХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген прозалық шығармалар талданып, олардың көркемдік, жанрлық, тақырыптық-идеялық ерекшеліктері сөз болады. Тарихи тақырыпқа жазылған романдардың композициясы, сюжеті, образдар жүйесі талданып, объективті баға беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы (1900-1930ж.)
    Несиелер: 5

    Пән аясында білім алушылар 1900-1930 жылдар аралығындағы әдеби-көркем шығармалар мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастырады, әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін таниды, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындайды, бұрынғы-кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аударманың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға аударма тарихы, түрлері, бір тілден екінші тілге аударма жасау техникасы жөнінде түсінік береді. Теориялық білімдерін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін аудару барысында қолдануға дағдыландырады. Екі тілдің грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктеріне мән беруге, түрлі тәсілдерді тиімді қолдануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің фразеологиясы
    Несиелер: 5

    Пән аясында білім алушылар фразеологизмдердің теориялық негізімен, зерттелуімен, фразеологизмдерге ұйытқы сөздермен, оларды топтау мәселесімен танысады. Фразеологиялық норма және одан мақсатты, мақсатсыз ауытқудың түрлерін, көркем шығарма тіліндегі тұрақты тіркестерді, фразеологизмдердің пленастикалық, элипсистік тәсілімен жұмсалу ерекшелігін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Бұл пән бойынша жай сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері оқытылады. Жай сөйлемнің түрлері және олардың құрылымдық белгілері қарастырылады. Синтаксистің теориясы практикалық жағынан талданады. Жай сөйлемнің түрлеріне, сөйлемнің құрамындағы сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне талдау жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Корпустық лингвистика
    Несиелер: 3

    Бұл пән білім алушылардың зерттелетін тілдік құбылыстарды талдауға деген ғылыми-бағдарлы көзқарасын қалыптастырады, оларды корпус лингвистикасының келешегі зор ғылыми бағыттарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың ІІ-жартысындағы қазақ әдебиеті (1941-2000) қазақ елі үшін ғана емес, адамзат қоғамы үшін де санаға сансыз өзгерістер, сілкіністер алып келген кезең болғандығын танытады. Пән аясында ақын-жазушылар шығармаларының туу тарихы, тақырыбы мен идеясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спичрайтинг негіздері
    Несиелер: 3

    Бұл пәнді оқу кезінде білім алушылар аудиториямен жұмыс істеуге, тақырыпты насихаттауға, белгілі бір фактілер мен оқиғаларды көпшілік алдында түсіндіруге арналған аналитикалық материалдар жасау дағдыларын игереді. Аудиторияны да, жазылған мәтінді оқитын адамды да сезінуге үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Функционалдық стилистика
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларды стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстырып, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсетеді. Білім алушыларға стилистикалық норманы меңгертеді, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрмалас сөйлем синтаксисінің практикумы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді игеру нәтижесінде білім алушы құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйесін, құрмалас сөйлемнің сипаты мен түрлерін ажыратуды меңгереді, теориялық білімді практикамен ұштастыруды, тіл фактілерін нақты танып, олардың сөйлеу мәдениетін, жазу сауатын қолдануді игереді. Мәтін құрамындағы құрмалас сөйлем жүйесін талдай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазiргi қазақ тiлiнiң құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пән аясында білім алушылар сөйлем синтаксисі мен сөз тіркесі синтаксисінің яғни сөз, сөз тіркесі сөйлемнің құрылыс материалы екендігін, құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуды үйренеді. Пән мәтін синтаксисінің өзіндік ерекшеліктерінің элементтерін құрмалас сөйлем материалдары негізінде толық бағдарлауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ілеспе аударма негіздері
    Несиелер: 5

    Осы пән аясында студенттер синхронды аударманың тарихымен, түрлерімен, синхронистерге қойылатын негізгі талаптармен танысады. Пән көзбен шолу және есту арқылы жүзеге асырылатын ілеспе аударманың, ауызша бірізді және екі жақты аударманың бастапқы дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән аясында қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі боп саналатын ақындар мен жыраулардың шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қоры қалыптастырылады. Халықтың ауыз әдебиеті мен жеке авторлар шығармашылығының рухани үндестік табуы арқылы жасалған ұлт әдебиеті тілдік тұрғыдан зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазiргi қазақ әдебиетi және әдеби сын
    Несиелер: 5

    Бұл пән аясында білім алушылар тәуелсіздіктен кейінгі жазылған шығармалармен таныс болады. Тәуелсіздіктен кейінгі жазылған тарихи романдар мен повестердің ерекшелігін, шығармалардағы жаңашылдықтарды ажырату және заманауи жазылған шығармаларды өмірмен байланыстары отырып, көркемдік жанрлық-тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктерін жаңаша талдап, өзекті мәселелерді айқындауға үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құжаттаманы басқару негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларда құжаттарды басқару дағдыларын қалыптастырады, іскерлік (басқарушылық) операциялардың жүргізілуін дәлелдеу мақсатында ұйымдарда құжаттарды жасау, пайдалану, сақтау және жою бойынша жоспарлы және тиімді іс-қимылдарға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Латын негізді қазақ әліпбиі
    Несиелер: 5

    Осы пән аясында білім алушылар латын әрпіне негізделген әліпбидің құрамымен, жаңа емлемен танысады. Жаңа үлгідегі әріптерді еркін оқуға, жазуға дағдыланады. Латын негізді қазақ әліпбиін енгізу саясатымен танысып, осы мәселеге қатысты пікірталастарға өзіндік көзқарас білдіруге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Копирайтинг негіздері
    Несиелер: 5

    Осы пәнді оқу аясында студенттер жарнамалық, ақпараттық, презентациялық және басқа мәтіндерді құруды және орналастыруды үйренеді, контентті құру және орналастыру стратегиясын қалыптастыру дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Іскерлік риторика
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларды әңгімелесу, келіссөздер, кеңестер және т.б. өткізу кезінде әртүрлі салаларда табысты қарым-қатынас жасауға дайындайды, ауызша іскерлік байланыстың сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, психологиялық мәдениетті, қызметтік өзара іс-қимыл этикасын меңгеруге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аудармашы жұмысындағы Интернет-технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл пән ғаламтор арқылы түрлі мәтіндер аудармасын тиімді жолмен жүзеге асыру тәсілдерімен таныстырады. Аударылатын мәтінді алдын ала өңдеу, қажет болған жағдайда оны ықшамдау, маңызды емес ақпаратты алып тастау, жалпылау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Филологиялық ілімдер тарихы, қазіргі жағдайы және даму перспективалары туралы түсініктерін көрсете білу қабілетіне ие болу.

  • Код ON2

    Тіл білімі, әдебиет теориясы, қазақ әдебиеті тарихы, әлем әдебиеті тарихы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларға қатысты білімін, әдеби және фольклорлық мәтіндердің жанры жөніндегі түсініктерін айқын көрсете білу.

  • Код ON5

    Түрлі типті мәтіндерді әзірлеудің және өңдеудің (түзету, редаккциялау, комментарий жазу, рефераттау) базалық дағдыларын қалыптастыру, аналитикалық материалдарды, жарнамалық, ақпараттық, презентациялық және басқа мәтіндерді құру дағдыларын меңгеру, контентті құру және орналастыру стратегиясы бойынша білімдерін көрсету.

  • Код ON10

    Тіл және әдебиет теориясы мен тарихы саласындағы озық білім элементтеріне, заманауи технологияларға негізделген білімдерін түрлі кәсіби салада, ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану, тіл мәдениетін меңгеру, ауызша іскерлік қарым-қатынастың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, психологиялық мәдениетті, қызметтік өзара іс-қимыл этикасын меңгеру.

  • Код ON3

    Тілдік және әдебиеттік фактілерді жинау және талдау бойынша негізгі дағдыларды қалыптастыру.

  • Код ON8

    Қазіргі қазақ жазуының емле және тыныс белгілерінің заңдылықтарын білу, қазақ тілінің сөзжасам теориясы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру, салыстыру, талдау, жалпылау дағдыларын іскери құжаттармен жұмыс істеу кезінде қолдану; сөйлеу техникасын көрсете білу.

  • Код ON7

    Жүргізілетін зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, аннотациялар дайындау, реферат жазу, библиография құрастыру дағдыларын, библиографиялық сипаттау тәсілдерін игеру, іздеу жүйелерін білу, құжаттарды басқару дағдыларын қалыптастыру.

  • Код ON4

    Тіл білімі және әдебиеттану саласындағы іргелі білімдері мен дағдыларын білім беру мекемелерінде филологиялық пәндерді оқыту кезінде құзыретті шешімдер шығару мақсатында қолдану.

  • Код ON11

    Құқықтық, экологиялық білім жүйесін меңгеру, табысты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық және практикалық дағдыларын қолдану, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын тиімді басқара білу.

  • Код ON9

    Ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отыра кәсіби қызметтің қалыпты міндеттерін шешу.

  • Код ON6

    Тілдер арасындағы өзара үндестік пен өзгешіліктерді ұғыну арқылы оларға салғастырмалы талдау жасау дағдысын қалыптастыру; сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару техникасын игеру, аударма түрін ажырата білу қабілетіне ие болу.

  • Код ON12

    Басқару әдістерін анықтайды, орындаушылардың жұмысын ұйымдастырады, қарама-қайшы талаптар жағдайында басқару шешімдерін табады және қабылдайды.

Top