Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04105 Бизнес-талдау және бизнес-консалтинг в ҚарУ Е.А.Бөкетов

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «6B04105 - Бизнес-аналитика және бизнес-консалтинг» білім беру бағдарламасының мақсаты – бизнестегі өзгерістерді басқаруды аналитикалық қамтамасыз етудің қолданбалы әдістемесін құрастыру және әдіснамалық негіздерді талдау, коммерциялық ұйымдардың операциялық және инновациялық-инвестициялық қызметті, олардың бизнес-үлгілерімен және бизнес-үрдістерімен, олардың тиімділігін бағалау, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін талдау және болжау, олардың тұрақты даму стратегиясын айқындау саласында дамыған құзыреттіліктері бар түлектерді дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы білімдерді қолданады
  • Кәсіпорын қызметінің экономикалық талдауында экономикалық ақпаратты өңдеудің заманауи математикалық модельдері мен компьютерлік технологияларын қолданады
  • Дизайн-ойлау негізінде және ҚР Кәсіпкерлік құқығына сәйкес стартап-жобаларды әзірлеу мен іске асырудың инновациялық технологияларын қолданады
  • Экономика және кәсіпкерлік және бизнес негіздерін, кәсіпорынның бизнес-процестерін талдау және жоспарлау әдіснамасын, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді шешу үшін нормативтік құқықтық актілерді білу
  • Инновациялық кәсіпкерлік іс-шараларын енгізу үшін маркетингтік зерттеулер жүргізеді және кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарады
  • Экономикалық ілімдер тарихын ескере отырып, экономикалық субъектілердің микро және макродеңгейдегі тәртібін ерекшеліктерін айқындайды және саланы, нарықты және тұтастай экономиканы талдау үшін микро және макроэкономика қағидаттарын, заңдары мен модельдерін пайдаланады
  • SPSS деректерін талдауды жүзеге асырады және заманауи ақпараттық жүйелердің көмегімен экономикалық тәуекелдерді басқарады
  • Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өндірісті диагностикалау және ұйымдық дамуды болжау әдістемесін қолданады
  • Бизнес пен өндірістік процестердің тиімділігін бағалау үшін экономикалық талдау құралдарын қолданады, дағдарыс жағдайында бизнесті дамыту жолдарын негіздеу мақсатында жобаларды басқару проблемаларын анықтайды
  • Дағдарыс жағдайында бизнестің тиімділігін арттыру үшін стратегиялық консалтинг және инжиниринг және бизнес-үдерістердің реинжинирингін жүзеге асырады
  • Статистикалық әдістерді, бухгалтерлік есепті білімдерді қолдана отырып микро - және макроэкономикалық талдау жүргізеді және Салық кодексіне сәйкес салық базасы мен салықтар мен алымдар сомасын есептейді
  • Кәсіпорынның ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін маркетинг және менеджмент әдіснамасын қолданады
  • Әлемдік шаруашылықтың жай - күйі мен даму серпінін талдайды, өңірлік дамудың негізгі үрдістерін, Корпоративтік қаржыны пайдалану тиімділігін, экономикалық қауіпсіздікке ішкі және сыртқы қатерлерді бағалайды
  • Бизнес-талдаудың халықаралық стандарттарына сәйкес бизнес-консалтинг өткізеді және кәсіпорын қызметін жақсарту үшін коучинг-сессия өткізу технологиясын қолданады
  • Институционалдық және халықаралық экономика тұрғысынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экономикалық саясатын талдайды
Top