Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01515 Физика в Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Физиканы оқыту саласында кәсіби оқытуды жоспарлау, ғылыми ақпаратты зерттеу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қолданылуын бағалау;
  • Ғылымның даму тарихын, ғылымның қалыптасуы мен дамуы туралы идеяны, ғылыми мәселелерді нақты философиялық түсіну жүйесін, сондай-ақ ғылыми проблемалар мен процестерді талдау, жинақталған тәжірибе мен білімді сыни бағалау;
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-педагогикалық пәндер саласындағы қолданбалы білімді, кәсіби-педагогикалық қызметті жетілдіру және дамыту;
  • Ғылыми-инновациялық жобаларды ұйымдастыру және басқару, педагогикалық ұжымның жұмысын жоспарлау және болжау;
  • Деректерді өңдеудің компьютерлік технологияларының қолданылуын талдау, кешенді зерттеулер мен олардың нәтижелерін өңдеуді саралау, физикалық зерттеулерде компьютерлік технологиялардың қолданылу аясын бағалау, физикалық зерттеулерде компьютерлік технологияларды енгізудің заманауи үрдістерін сипаттау;
  • Кәсіби қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша шет тілінде пікірталас жүргізу, кәсіби терминологияны қолдана отырып, ғылыми жұмысты шет тілінде жариялау;
  • Барлық физикалық принциптерге әсер ететін қолданыстағы жалпы заңдарды жіктеу, нақты ғылыми-практикалық міндеттерді шешуде терең (іргелі) білімнің қолданылуын бағалау;
  • Қазіргі заманғы физикалық эксперимент жүргізу әдістерін және наноматериалдардың оптикалық қасиеттерін, сипаттамаларын тіркеуге арналған аппаратураны меңгеру
Top