Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02319 Қазақ филологиясы в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Әлеуметтану және гуманитарлық ғылым салаларындағы соңғы зерттеу әдістері мен әдістемелерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми тұжырымдар жасау үшін ғылыми зерттеулерде жаңа әдіс-тәсілдерді; көркем мәтінді талдаудың филологиялық әдістерін іргелі ғылыми зерттеулермен ұштастыруды; іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар дайындау және бағалауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілі сөзсаптамының құрылымы мен прагматикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ұлттық сөйлеу дәстүрі, қазақ сөзсаптамының өзіндік құрылымы мен прагматикасы туралы білім қалыптастыру, мәтінге лингвостилистикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Курста магистрант: -Қазақ тілінің дәстүрлі сөз саптамының құрылымы, жүйесі, нормасы және стилі туралы ертегі, аңыз, ең алғашқы публицистикалық мақалалар, 20-30-жылдардағы алғашқы әңгімелер, Абайдың қарасөздері, қазіргі ауызша шаршысөз үлгілері негізінде меңгереді; -грамматикалық, логикалық, стильдік, этикалық нормаға сай мәтіндерге лингвостилистикалық талдау жасау дағдысы қалыптасады; -қазақ шаршысөзін бағалау құзыреттігі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық дискурс
    Несиелер: 6

    Пәннің негізгі мақсаты- Құрылымында дискурстық, тектік және түрлік институционалды ерекшеліктері бар академиялық дискурстың жүйелі сипатын түсіну және талдай алу қабілетін қалыптастыру. Пән дискурстың бір түрі ретіндегі академиялық дискурстың сөйлеу кезінде көрінетін жүйелі-құрылымдық ерекшеліктерін тануға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Бұл пән басқару мен көшбасшылықтың психологиялық теорияларын оқытып, сонымен қатар топтық даму және ұжымдық қалыптасу динамикасын көрсетіп, және көпшілік пен тобыр психологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың психологиялық теорияларын және басқарушылық қарым-қатынас шеңберінде өзінің кәсіби қызметі үшін қажетті жанжалды шешудің стратегияларын объективті бағалау бойынша әлеуметтік-психологиялық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ графемологиясының тарихы
    Несиелер: 6

    Мақсаты – қазақ тілінің тарихи графемологиясына қатысты жүйелі білім қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ жазуының фонетика-фонологиялық, графемологиялық тарихи негіздерін меңгеру, қазақ жазуының ғасырлар бойы қалыптасқан грамматологиялық құрылымын талдау; әліпби түріне байланысты графика-орфографиялық білімдер жүйесін, графика түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Курс ғылым философиясы туралы түсініктерді, олардың рационалды-теориялық түсінудегі мәселелерін қамтитын ерекше типтегі білімдер жүйесі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ғылымның идеялық негізі, пайда болуы, қалыптасуы мәселелері қарастырылады. Ежелгі дүниедегі, Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ауызша тіл лингвистикасы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ ауызша тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикологиялық деңгейлерінің өзіндік ерекшеліктері, жазба тіл мен ауызша тілдің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсінік қалыптастыру. Пән: болашақ тіл маманының коммуникативтік құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақ ауызша сөйлеуі мен жазба мәдениетінің этикалық, коммуникативтік, тілдік нормаларын меңгертуге, көпшілік алдында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты – жоғары оқу орындарының дидактикасы, білім беру теориясы, педагогикалық іс-әрекетті талдау және өзін-өзі бағалау бойынша білімдер негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық құзыреттілік пен педагогикалық қызмет қабілетін қалыптастыру. Заманауи жоғары білімді дамытудағы мега-тренд, Болон процесі түрлі стратегиялар, оқыту әдістерін қолдана отырып, лекторлық және кураторлық шеберлікті меңгеру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Латынграфикалы қазақ жазуының әліпбиі мен емлесі
    Несиелер: 9

    Мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі мен емлеге қатысты жаңа нормаларды меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: латынграфикалы қазақ жазуының фонетика-фонологиялық ерекшелігін, грамматологиялық принциптерін саралау; әліпбидегі әрбір әріптің мазмұны мен тұрпатын ажырату; қазақ тілінің жаңа орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын терең меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ұлттық паремиологиялық қор: генезис және прагматика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты фразеологияның тіл жүйесіндегі орнын анықтау; фразеологиялық бірліктердің (ФБ) өзге тілдік бірліктерден өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Пәннің міндеттері – ФБ-дің өзге деңгейлердің тілдік бірліктерімен (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ұқсас және айырым белгілерін анықтау; ғаламның тілдік бейнесінің фразеологиялық фрагментін сипаттау; ФБ-дің сөзжұмсамдағы қолданыстық ерекшеліктерін айқындау; магистранттардың лексика-фразеологиялық қорын байыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ лексикографиясының тарихы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ лексикографиясының дамуы мен қалыптасуы туралы білім беру. Келесі мәселелер қарастыралады: қазақ лексикографиясының қалыптасуына негіз болған тарихи бағыттағы сөздіктердің жіктелуі мен зерттелуін; тарихи сөздік мақаласының құрылымын білу; көне, ескі, кірме сөздердің түсіндірмесін берудің семантикалық ұстанымдарын меңгеру; сөздік әзірлеудің әдістері мен принциптері негізінде қазіргі қазақ сөздіктерін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ахметтану және төте жазу
    Несиелер: 9

    Мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының «төте жазуын» оқу және жазу дағдысын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: Ахмет Байтұрсынұлының жазу теориясы (даму, қалыптасу кезеңдері) туралы білімдерін қалыптастыру; «төте» жазуды академиялық деңгейде үйрету; дауысты және дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптердің қолданысының себептерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Лингвостилистика және көркем мәтінге жаңаша талдау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – лингвостилистиканың зерттелу жолдары мен әдістері туралы іргелі білім бере отырып, қазақ көркем мәтіндеріне жаңа үлгіде лингвостилистикалық талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Магистрант пәнді оқу барысында: -қазақ және әлемдік лингвостилистика саласының теориясы мен практикасы; -қазақ көркем мәтіндеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері; -көркем мәтінді талдаудың қазіргі үлгілері туралы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ортағасыр жазба ескерткіштері: графикасы мен мәтінтану
    Несиелер: 9

    Мақсаты – ортағасыр жазба ескерткіштері түрлері мен графикасымен таныстыру, қолжазбаларға лингвотекстологиялық талдау жасауды меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: ортағасыр жазба ескерткіштер мәтіндеріндегі бірнеше көшірмені өзара салыстыру арқылы лингвотекстологиялық (графикалық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) талдаулар жүргізу; лингвистикалық ауытқулардың себептерін түсіндіру; көшірме нұсқалары арасындағы айырмашылықтарды меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түркі тілдерінің әліпбиі мен графикасы
    Несиелер: 9

    Мақсаты – кирил және латын графикасына негізделген түркі тілдерінің әліпбиі мен графикасы, емлесі туралы толық ғылыми теориялық түсінік беру. Келесі мәселелер қарастырылады: түркі тілдері әліпбилерінің құрамы мен әріп мазмұны, ондағы ерекшеліктерді меңгеру; фонема, графема, әріп қатынасын талдау; әліпби тарихы мен емлесіне қатысты зертеулер бойынша білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    Лингвистиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты мен оның әдіснамасын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін құрастыру. Қазақ филологиясы саласының ғылыми мәселелерін зерттеудің өзекті мәселелерін бағалау.

  • Код ON4

    Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-салғастырмалы, генеологиялық, этимологиялық, типологиялық, модификациялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, лексикографиялық еңбектерді құрастыруға қатысу.

  • Код ON8

    Топтастыру, типтеу, сандық-статистикалық, семантикалық, стилистикалық, модельдеу талдауларды пайдалана отырып, қазақ жазуын жетілдіру үшін грамматологиялық зерттеулер нәтижесінде ұсыныстар беру.

  • Код ON9

    ҒЗЖ-ның шынайы және сенімді нәтижелеріне сүйене отырып, өз көзқарасын қорғап, қарсыласын сендіре білу, бастамашылық пен жеке жауапкершілікті талап ететін жеке қасиеттерді көрсету, командада жұмыс істеу.

  • Код ON5

    Лингвистикалық әдістер мен принциптерге негізделген жобалық менеджментті қолдана отырып, ғылыми ұйымдарда зерттеу жұмыстарын жоспарлау.

  • Код ON2

    Қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру үшін фонетика, фонология, грамматология, қазақ тілі тарихы, лексикология, сөйлеу мәдениеті саласындағы дереккөздерге, тілдік материалдарға, лингвистикалық ілімдерге, әдістерге, әдістемелерге талдамалық зерттеулер жүргізу.

  • Код ON3

    Ортағасырлық жазба мұралар графикасының түрлері және Ахмет Байтұрсынұлының жазуы негізінде қазақ тілінің қазіргі графикасына зерттеу жүргізу.

  • Код ON10

    Орфография, пунктуация, стилистика негіздерін пайдалана отырып, ғылыми, техникалық, көркем, жарнамалық мәтіндерді түзету.

  • Код ON7

    Ғылымның аралас, тарихи-функционалдық, салыстырмалы-салғастырмалы, интертекстуалды әдістерді қолдана отырып, қазақ тілінің құрылымдық лингвистикасының механизмдерін әзірлеу.

  • Код ON6

    Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми нәтижелерімен таныстыру, қазақ филологиясы мәселелері бойынша пікіралысуға қатысу, дәйексөз индексі жоғары мақалалар жариялау.

  • Код ON11

    Жанрлық принциптер, стилистикалық әдістер, тілдік стандарттар негізінде көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.

  • Код ON12

    Әртүрлі педагогикалық әдістерді пайдалана отырып, сабақ түрлерін әзірлеу, жоспарлау, ғылымның, білім мен инновацияның тығыз интеграция қағидаттары бойынша жаңа формацияның жоғары білікті оқытушы құрамын даярлаудың сапасын қалыптастыру және көрсету.

Top