Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02304 Филология: қазақ филологиясы в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Жұбановтану
    Несиелер: 4

    Қ.Жұбановтың тіл білімі саласындағы еңбектері, ғылымға қосқан жаңалықтары мен соны тұжырымдары, қазіргі ғылыми парадигмамен сабақтастығы, теориялық маңыздылығы талданып, ғалымның ғылыми тілдік тұлғасы жан-жақты ашылып, меңгереді. Сонымен қатар ғалымның көркем әдебиет,публицистика, әдістеме салаларындағы зерттеулері, аудармашылық, драматургтік, ақындық, суретшілік өнері туралы мәлімет беріледі. Ғалым еңбектері туралы қорғалған диссертацияларға шолу жасалып, жұбановтану ілімінің жалғастығы баяндалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық) қарастырылады. Әдеби шығарманың сыры мен сипаты; әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт), әдеби әдістер мен әдеби ағымдар заңдылығы меңгертіледі. Көркем шығарманың мән-мазмұнын терең ұғыну және талдай алу дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәнді оқу барысында студенттер тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелілік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, ара қатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы туралы нақты теорияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ тілі
    Несиелер: 4

    Пәнді оқу барысында кәсіби тіл, оның ерекшеліктері мен стилистиканың жалпы мәселелерін меңгереді. Кәсіби сипаттағы монолог, диалог құра білу дағдыларын, өзара қарым-қатынас жасау, кәсіби қызмет, кәсіби жазбаша мәтіндерді қажетті сала бойынша құрастыру, оны рәсімдеу, кәсіби сала, кәсібилік, кәсіптік сөйлеу, маманның кәсіптік мәдениетінің құрамдас бөлігі ретіндегі және эмоционалдық, стилистикалық бояулармен сөйлеу заңдылықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ұлттық руханият
    Несиелер: 5

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Курс мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктерімен танысуға бағытталған, білім алушылар қазақстандық құқық жүйесі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері, заңды жауапкершілік негіздері туралы білім алады. Курсты оқу барысында білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мінез-құлық негіздерімен қатар қоғам мен мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қалыптасады, білім алушылар сыбайлас жемқорлық құбылыстарына заңды түрде қарсы әрекет ету қабілетін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ жазуы және латын әліпбиі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту аясында білім алушылар жазу тарихы, графика және лингвистика, қазақ жазуының зерттелуі, әліпбиі мен жазу ерекшеліктері туралы, Көне түркі жазба ескерткіштері, араб, латын алфавитіне негізделген қазақ әліпбиі, графикалық таңба мен фонема арасындағы заңдылықтар, орфография мәселелері туралы ақпарат алады. Лингвистиканың салалары, көне түркі жазба ескерткіштері, орфоэпия мен орфография мәселелері және қазіргі орфографияның теориялық мәселелерінің шешімдері туралы негіздей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
    Несиелер: 4

    «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» курсында фонетика ғылымы туралы түсінік беріліп, аталған саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектері, олардың тілдің дыбыс жүйесін зерттеген ғылыми тұжырымдары жан-жақты талданып, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы, өзіндік ерекшеліктері мен түрлері, буын, сингармонизм, екпін, интонация, орфоэпия, орфография, графика, транскрипция т.б. жөнінде теориялық білім беріліп, фонетикалық талдау жасау дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Бұл курс адам мен тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, адамның өмір сүру ортасына әсер етудің ауқымы мен рұқсат етілген шектері, теріс әсерлерді азайту және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы білім алуға бағытталған. Пән төтенше жағдайлар туындаған кезде адамның қоршаған ортамен өзара байланысының қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік сала объектілерінің тұрақты жұмысын, теріс факторлардан қорғау және мониторинг жүргізу, техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика, бизнес және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді экономика мен бизнестің теориялық негіздерімен, елдің экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің үрдістерімен және рөлімен, мемлекеттік реттеу принциптерімен және қолдау әдістерімен таныстырады; нарықтық экономикада қолданылатын білім алушылардың ұғымдық аппаратты игеруіне және иеленуіне, бизнесті жүргізудің негізгі нысандарымен, бизнес-жоспарды әзірлеу дағдыларымен, қазіргі экономикалық жағдайларда компания қызметіндегі тәуекелдерді бағалаумен ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру барысында студенттер әдебиетіміздің ежелгі, әрі көне қатпары – сақ-ғұн, түркі, ислам дәуіріндегі көркем шығарма үлгілерімен танысады. Түркі жұртының жазу-сызу, көне тарихи ескерткіштері, қала мәдениетінен тұратын түркі өркениеті болғандығына, тарихта қалғандығына ғылыми тұрғыдан көз жеткізеді. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің қазіргі қазақ қоғамымен байланысын, үндестігін, оның рухани өміріндегі орнын туралы түсініп қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу, зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда студенттерде ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік өзгерістер, тарих сахнасына Қазақ хандығының шығуы, сол кезеңдегі әдебиеттің негізгі бағыты жыраулар поэзиясы түрінде дамуы туралы негізгі түсініктер қалыптастырылады. Жырау және ел басқарушы, жыраулар поэзиясының басты тақырыбы, жыраулар поэзиясының негізгі жанры - толғау екендігі, жырау- өз қоғамының басты идеологы, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен болатындығы жайлы әдеби зерттеулермен, пайымдаулармен таныстырылады. Жыраудың түрлі әлеуметтік функциялары туралы біледі..

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Лексикалық тіл бірліктерінің типтерін, сөздік құрамның құрылымын, толығу жолдарын, сөздің семантикалық тұрғыда қарастырылуын, сөз, сөз арасындағы синтагматикалық, парадигматикалық қатынастар туралы білім беру көзделеді. Сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастырылады. Аталған сала бойынша жетекші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалып, негізгі тұжырымдар оқытылады. Тілдік талдау жасаудың тәсілдері меңгертіліп, өз білімдерін қолданудың әдістері үйретіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мұраларын қазіргі әлемдік өркениет талаптарына сай оқыту басты мақсат болып табылады. ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет, Шернияз, зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, әйгілі айтыс ақындары мен сал-серілер, жазба әдебиет өкілдері Абай, Ыбырай, Шоқан. ХІХ ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстырып қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша мынадай манызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: тілдің грамматикалық единицалары (морфема, сөз), тілдің грамматикалық құрылысы, грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, форма, категория, тәсілдер), сөздің тұлғалық құрамы (негізгі туынды сөз), қосымшалар (жұрнақ, жалғау), олардын түрлері, сөз, оның түрлері (жалаң, күрделі) және сөздердің лексика-грамматикалық топтары, тілдің морфологиялық ерекшелігі, сөз құрамы, сөз таптастыру мәселесі т.б. мәселелерді игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Шетел әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Студенттер «шетел әдебиетінің тарихы» пәнін оқу барысында дүниежүзілік әдеби процестің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, заманның мәдениетімен байланыстыра оқиды. Шетел әдебиетінің рөлі мен орны, тарихи әдеби процестің негізгі ерекшеліктері, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына ықпалы қарастырылады. Оған қоса көркем туындылардың дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің орны жан-жақты меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану курсында кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылығы, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарасы, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектер мен ғылыми тұжырымдар талданып, оның ұлттық және жалпыадамзаттық гуманизм биігіндегі тұғыры оқытылады. Ұлы ақынның лирикасына, поэмаларын, қара сөздеріне әдеби талдау жүргізу жолдары түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Аймақтық әдебиеттану
    Несиелер: 5

    Аталған пәнде Ақтөбе өңірі әдебиетінің негізгі үш саласы оқытылады: халық ауыз әдебиеті (фольклор), ақын-жырау поэзиясы және жазба әдебиеті. Осылардың ішіндегі ауыз әдебиеті үлгілері қазақ елінің басқа өңірдегілеріндей негізінен қатар дамыған болса, жырау поэзиясы басқа аймақтарда бұрын көтеріліп, қаланды деуге болады. Пәннің мақсаты жергілікті әдебиет өкілдерінің мұрасын жан-жақты оқыту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Жай сөйлемнің теориялық мәселелерін меңгерту, жай сөйлемнің айырым белгілері, типтері, баяндауыштарының бастауышпен қиысу мәселелері, жасалуы, қазіргі қазақ тілінің синтаксис саласының ғылыми негіздемесін меңгереді. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі болып табылатын құрамындағы сөздердің өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болуы,, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі, тіл білімінің негізгі салаларының жіктелімін, ғылымдағы жаңа терминдермен таныс болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ лирикасының тарихы
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ лирикасының табиғатын, қазақ поэзиясының идеялық-тақырыптық қуатын түсінеді. Лирикалық туындылардың көркемдік-эстетикалық мәнін игеріп, поэзиялық шығармалардың көркемдік ерекшелігін анықтай білуге үйренеді. Өлеңмен жазылған шығармалардағы образдар жүйесін, көркем туындылардың адамзаттың рухани, мәдени өмірдегі маңызын талдай білу дағдысы қалыптасады, әдебиеттің лирикалық тегінің өзіндік сыр-сипатын, адамның рух бостандығын, кемелділігін тақырып еткен туындыларының өміршеңдігіне әдеби-теориялық талдаулар жасауды талдай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Алаш әдебиеттануы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ұлт тұтастығы идеясының әдебиет тарихындағы ең елеулі, маңызды, кезең XX ғасырдың алғашқы ширегінде екендігін ұғындыру. Аталған кезеңдегі Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері; кітап басу ісінің жандануы; негізгі әдеби бағыттар; діни-ағартушылық ағымдағы ақындар және ағартушылық демократтық бағыттағы қаламгерлердің шығармашылығымен танысады. Алаш тақырыбының қазақ әдебиетіндегі маңызы, өміршеңдігі, дәстүр сабақтастығы, қолданылу ауқымы, таралу кеңістігі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құрмалас сөйлемнің синтаксисі
    Несиелер: 5

    Құрмалас сөйлемнің синтаксисі курсын оқытуда қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер мәселелеріне арналған жаңа зерттеулердің нәтижелерімен таныстырылады. Жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамаларды игертіледі. Құрмалас сөйлемдер, зерттелуі, құрмалас сөйлем түрлері, салалас құрмалас сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп құрамды құрмалас сөйлемдер, түрлеріне анализ жасау, ажырату негізінде сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап үйретіледі. Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі
    Несиелер: 5

    Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем синтакисі мәселелеріне арналған зерттеулермен танысып, теориялық тұжырымдарды игереді. Құрмалас сөйлемдердің зерттелуін саралап, айырым белгілерін, лексика-грамматикалық, интонациялық тәсілдер арқылы байланысып, мағыналық, құрылымдық бір бүтін болатындығын меңгереді. Екі құрамды және көп құрамды құрмалас сөйлемдер түрлеріне анализ жасап, мағыналық түрлерін ажырату негізінде сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлем әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында рухани құндылықтарды тереңдету үшін әлем халықтарының шығармаларын игерту маңызды болып табылады. Көркем дүниелерді өзара салыстыру, оны ғылыми ізденістерге сабақтастыру аталған пәннің басты міндеттерінің бірі. Әлем әдебиеті пәнін оқыту барысында қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастыруды басты назарға ала отырып жан-жақты меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 5

    "Журналистикаға кіріспе" пәні студенттердің танымдық-әдіснамалық бағытын, қоғамдағы журналистиканың рөлін, ақпараттық қызметтің табиғатын, журналистік қызметтің ерекшеліктерін, журналистиканың функциялары мен принциптері, оның әсерлілігі мен тиімділігі, қазіргі блог мәтіндерінің әлеуметтік аспектілері туралы нақты түсініктерін қалыптастыруға; журналистік мамандықты құжаттық-әдеби және ұйымдастырушылық шығармашылықтың ерекше нысаны ретінде дәлелдеудің теориялық және практикалық дағдыларын белсенді әдістер арқылы қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • «Қоғаммен байланысқа» кіріспе
    Несиелер: 5

    Курс барысында студенттер қоғаммен байланыстың (PR) және коммуникациялардың алдыңғы қатарлы жетістіктері, классикалық және сандық PR-құралдарын қолдана білуді меңгереді; PR-жобаларды жүзеге асыру дағдылары негізінде құзыреттіліктерін қалыптастырады. Қазақстанда және халықаралық нарықта жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандармен, имиджмейкерлермен, брэнд-менеджерлермен, продюсерлермен, SMM-мамандармен, контент модераторларымен, аккаунт-агенттермен одан әрі жұмыс істеу үшін медиарилешнз, сандық PR, SEO бойынша тұрақты практика арқылы қоғаммен байланыс жасауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    XX ғасыр басындағы Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері, кітап басу ісінің жандауы, әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлердің тартысы, тіл шұбарлануына қарсы күрес, аталған кезеңдегі негізі әдеби бағыттар туралы оқытылады. Діни-ағартушылық, ағартушы-демократтық және азатшыл бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығы оқытылады. Әдебиеттегі «Алаш» идеясының, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың әдебиеттегі көрінісі түсіндіріліп, туындыларға талдау жасау әдісі үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Паблик рилейшнз теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Паблик рилейшнз институтының жұмыс істеу теориясы мен тәжірибесі, принциптері, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы рөлі туралы білім беру, жобаларды табысты іске асыру үшін алынған білімді пайдалана білуге үйрету, қоғамдық пікірді қалыптастыру, оған ықпал ете білуді үйрету, коммерциялық қызметке PR негізгі қағидаттарын енгізуді үйрету, қалыптастыруға бағытталған нәтижелі ұйымның (фирманың) имиджін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу механизмдерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Менеджмент және көшбасшылық
    Несиелер: 5

    Бұл курс басқару мен көшбасшылық жөнінде білімдер кешені мен көшбасшылық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді игеру барысында менеджмент пен көшбасшылық теориясы, басқару әдістері мен функциялары, басшылық пен билік стилдері, көшбасшылық қызметтің заңдылықтары мен оны жүзеге асырудың механизмдері, командақұру және коммуникация, басқарушылық шешімдер, мотивация, жанжалдарды және өзгерістерді басқару, көшбасшы имиджі, сұрақтары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Стилистика және тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    «Стилистика және тіл мәдениеті» ғылымының теориялық, қолданбалы, прагматикалық негіздерімен таныстыра отырып, қазақ әдеби тілінің мәдениеті мен стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мәлімет беріледі. Стиль түрлерін ажыратудың жолдарын оқытып, меңгертеді. Қазақ әдеби тілінің функциональды (мақсатты) стиль түрлері, классификациялау, дәстүрлі классификация, жалпы және жеке тіл біліміндегі бағыт-бағдары бойынша кең түрде мәлімет беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында студенттер Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті өкілдердің шығармашылығымен танысады. ХХ ғасырдың 40-80 ж.ж. әдебиет өкілдерінің көркем шығармаларын, оқу-ағарту, мәдениет саласының түрлі мәселелеріне арналған еңбектерін жан-жақты қамти отырып, олардың қазіргі заманғы әдебиетімізде алатын орнын зерделеу, әдеби туындылардағы қоғамдық, тарихи мәселелердің көрінісін ажырата алуға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тележурналистика
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында студенттер журналистің негізгі кәсібімен танысады, оның ерекшеліктері, қиындықтары, мамандықтың маңыздылығы игереді. Теле, радио және интернет журналистиканы қоса алғандағы журналистика түрлерін меңгереді. Репортаж түрлері, оны жасау ережелері; кадрдағы журналистің жан-жақтылығы; сұхбат жүргізушінің шеберлігі; жұмыс түрлері; интернеттен түсетін ақпаратпен жұмыс; қажетті ақпаратты ала білу; баспасөз қызметтерін тиімді ұйымдастыра білу шарттары туралы біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХ ғ. ІІ ж. қазақ әдебиетінің тарихы (1960-1990жж.)
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 1960-1990 жж. әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген табыстары турасында студенттерге толық, тиянақты білім беріледі. Әр түрлі ауқымды тақырыптарға арналған көркем туындылардың өзіндік ерекшеліктері мен маңызы, өзіндік сипаты, дәстүр жалғастығы кеңінен оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдебиеті пәнін оқуда студенттер тәуелсіздік алған жылдардағы ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, тағылымдық-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат-көркем туынды қарым-қатынастарын игереді. Қаламгерлердің көркемдік ізденістері, әдеби туындылардың танымдық және тағылымдық мәні, орны, маңызы, ұлттық сипаты туралы біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ауызекі дискурстың зерделенуі мен тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты – ауызекі дискурстың зерделену ерекшеліктерін меңгерту арқылы қарым-қатынастың сәттілігін қамтамасыз етуге үйрету. Негізгі мазмұны келесідей тақарыптарды қамтиды: дискурс терминінің мәні, оны талдаудың, зерттеудің қажеттілігі, әңгімелесу, сөз, дискурстың арақатынасы және сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына үңілу. Сондай-ақ, «Сөйлемдегі тіл» мен «Әрекеттегі тіл» арақатынасын да қарастырады Билік, білім, тәжірибе және әлеуметтік шындық құрылысын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Неология саласының негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі жаңа атаулар туралы, оны зерттейтін сала туралы ғылыми теориялықбілім беру, неология саласының пәні бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдай біледі және білім мен ақпаратты игереді, неология саласының негіздері пәні бойынша практикалық тұрғыда талдау жасай біледі; неология саласының негіздері пәні бойынша теориялық білімді игеріп, практикалық дағды алады; аударма, терминология мәселелері бойынша зерттеу жүргізе біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Бұл пән қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастырады; Оқыту технологияларымен, сабақтың формалары мен түрлерімен, оқыту әдістерімен таныстырады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқуға қызығушылықты оятатын заманауи білім беру технологияларын саналы түрде таңдауды жүзеге асыруға дайындайды; қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тұжырымдамалық-әдістемелік тәсілдеріне тұтас көзқарас қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бизнес-риторика және қарым-қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында көзделетін мақсат Бизнес риториканың қалыптасу тарихы, бизнес-риторикадағы белгілі есімдердің өмір жолы, аталған саланың теориясы, концепциялары, танымал ғалымдар мен шешендердің шеберлігі туралы түсінік беру. Сондай-ақ, көпшілік алдында сөйлеудің талаптары мен ережелері; аудиторияның түрлері; әр түрлі жанрдағы пікірлерді ұйымдастыру, құру; іскерлік қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларында сөйлеушінің сөйлеу мінез-құлқына қатысты этикеттік талаптарды меңгерту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қ.Жұбанов - әдебиет және фольклор зерттеушісі
    Несиелер: 5

    Ғалымның рухани қазынасының мен ғибратты ғұмыр жолы, Қ.Жұбанов мұрасының ғылыми сипаты мен әлеуметтік маңызына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қ.Жұбановтың озық ойлы көзқарасын танытатын зерттеулері «Абай – қазақ әдебиетінің классигі», «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы», «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» т.б. ғылыми зерттеулеріндегі фольклортану, әдебиеттану, түркітану мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдары толыққанды түрде талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • PR-дағы мультимедиялық және IT-қолдау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты студенттер бойында заманауи PR саласындағы білім мен практикалық қабілеттердің жүйелік кешенін дамыту болып табылады. Пәннің міндеттері: PR-ды қолданудың функциялары мен IT-қолдау міндеттері, бағыттары туралы түсінік қалыптастыру; PR-маманының жұмысының негізгі бағыттары туралы түсінік беру; мамандықтың біліктілік сипаттамасымен таныстыру; PR-маманының кәсіби және этикалық талаптарын ашып көрсету; мемлекеттік құрылымдарда, қоғамдық-саяси ұйымдарда және коммерциялық секторда қоғаммен байланыс бөлімшелерінің жұмыс ерекшеліктерін көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әдебиет пен мәдениет саласындағы PR
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру нәтижесінде студент мәдениет саласындағы қоғаммен байланыстың мәні, пәні, PR функциялары және ерекшеліктері туралы білім игереді; мәдениет және өнер саласындағы PR функционалдық бағыттары жайлы ұғынады; жұртшылықпен байланыс қызметтерін ұйымдастырудың негізгі модельдерін игереді; PR-дің технологиялық негіздері: PR-мәтіндерді құрастыру және БАҚ-пен жұмыс істеуге дағдыланады; мәдениет және өнер мекемелерінің имидждік жұмысын ұйымдастыруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Коммерциялық ұйымдардағы PR
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудағы басты мақсат - болашақ мамандардың белгілі бір ұйымның халық арасындағы имиджін қалыптастырудың жолдарын; мекеме мен жұртшылық арасындағы корпоративтік байланысты жолға қоюдың талаптарын; қоғамдық пікірге әсер ететін көшбасшылар, саясаткер, бизнес өкілдерімен қарым-қатынас орнатудың тәсілдерін; БАҚ пен жұмысты ұйымдастыру, баспасөз конференцияларын өткізу, көпшілік алдына сөйлеу, пресс-релиз, мақалалар жазудың талаптарын үйрету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Жалпы және жеке тіл біліміне тән ортақ заңдылықтарды, тіл білімінің теориялық мәселелері, лингвистикалық ілімдер мектебі мен тарихын, тілдің қоғамдық, таңбалық сипатын, олардың өзіндік айырмашылықтарын ажырата біледі, жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін, әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениетті құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бизнес журналистикада ақпарат жинау және жазу
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: студенттерді бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру және практикалық мерзімді басылымдарда жұмыс істеу, ұйымдастыру және шығару үшін қажетті дағдыларды игерту. Міндеті: ақпаратты жинаудың журналистік әдістерін практикалық тұрғыда жасап көру; журналистік жанрларды игеру; газет дайындау және өндіріс техникасымен таныстыру; дербес шығармашылық және оқыту дағдыларын дамыту; баспа басылымын өндіру технологиясын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    «Әдебиет теориясы» көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ұйымдар тілі
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында студенттерге ұйымдар тілінің жалпы тілдік жүйедегі орны мен қолданыс ерекшеліктері туралы білім беріледі. Ұйымдар тілі туралы ұғым, олар туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдары игертіледі. Ұйымдар тілінің қолданыс ерекшеліктері мен тиімділіктерін т.б. ажырата алу, ұйымдар тілі мен олардың тілдік жүйедегі қолданысы туралы зерттеген ғалымдар пікірлеріне тұжырым жасай алу, теориялық білімдерін қызмет барысында тәжірибеде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары
    Несиелер: 3

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары орта білім беретін білім мекемелерінде және де колледждерде аталған пәндерді игертудің тиімділігін арттыруда жаңа инновациялық технологияларды үйрету арқылы студенттерге оқыту технологияларының сабақ өткізудегі маңызы, аталған технологиялардың ерекшеліктері мен сабақ нәтижесіне әсері туралы мәселелер қарастырылады. Пән арқылы студенттер оқытудың әр түрлі жаңаша әдістерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ әдебиетіндегі тарихи проза
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетіндегі тарихи прозаның даму, қалыптасуы, көркем шығармалардың құндылығы, тарихи-әдеби процестер, олардың негізгі ерекшеліктері, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі орны, көркем туындыдағы дүние танымдық, ұлттық, көркемдік, ерекшеліктер түсіндіріледі.Әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаяны, шығармашылық ізденістері, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектер оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жаңа медиа жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаты жаңа технологияны пайдалана отырып, баспасөз мәтінін, аудио, бейне, интернет және басқа да материалдарды даярлап, редакциялау, түрлі типтегі БАҚ-та орныққан норма, стандарт, формат, стиль, технологиялық талаптарды орындау; ақпаратты өңдеуде заманауи компьютерлік бағдарламаларды, мобильді құралдарды және іздеу жүйелерін пайдалана отырып, техникалық және электронды есептегіш құралдарды меңгерту; БАҚ-тың түрлі құрылымдарында, шығармашылық ұжымдарда жұмысты ұйымдастыра білу сияқты дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Интернет-журналистика
    Несиелер: 5

    Аталған пән журналистика саласындағы ақпараттық технологиялардың тиімділігі, қалыптасуы және даму сатылары; ақпараттық – телекоммуникациялық, электрондық техникамен жұмыс істеу, модельдеу, интерактивті құралдарды қолдану, интернетте жұмыс істеу, әлеуметтік желілердің жұмыстарын жүргізуді меңгертуге негізделеді. Ақпараттық байланыс құралдарын пайдалану арқылы кәсіптік шеберлігін, дағдыларын жетілдіреді. Студенттер телевидение, радио, интернет, спутниктік байланыс, соңғы ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мультимедиялық журналистика
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты БАҚ-тың барлық түрлерінің теориялық негіздерін, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының әр түрлі конвергенция процесін зерделей білуге үйрету болып табылады. Курстың міндеті - журналисттің мультимедиа жұмысының ерекшелігін таныту. Курста студенттердің өзіндік жұмысына арнайы көңіл бөлінеді, мультимедиялық материалдарды жаза білуге үйретеді. Оны практикада қолданудың әдісін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әдеби шығармашылық
    Несиелер: 5

    Әдеби шығармашылықтың сан алуан ерекшеліктері, көркем туындыны жазу процесіндегі әр қилы күрделі сипаттары жөнінде жан-жақты мағлұмат беріледі. Пән студенттердің танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға негізделіп, шығармашылық жұмыстың сан қырлы мәселелерімен таныстыру негізінде творчестволық процестің заңдылықтарын білу, қабілет деңгейіне қарай оның технологиясы мен әдістемесі меңгертіледі, көркем әдебиет шығармаларына сыни көзқарас қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON5

    Тіл білім және әдебиет тарихы, лирика жанры, журналистика салалары, оқыту әдістемесі бойынша озық ғылыми нәтижелерді игеріп, ақпараттық коммуникациялық технологияларды өзінің кәсіби қызметінде еркін қолданады.

  • Код ON2

    Кәсіби бағыттағы филологиялық білімдерін еңбек нарығындағы нақты сұраныстарға, экономикалық талаптарға сай кәсіпкерлік мақсатқа және бизнес, қоғаммен байланыс, менеджмент салаларына құқықтық нормалар аясында пайдаланады және қолданады.

  • Код ON4

    Әдебиет тарихын, қазақ жазуы тарихы мен латын әліпбиіне қатысты мәселелерді, оқылатын тілде әдеби көркем сөйлеу, осы тілдегі кәсіби бағыттағы ауызша және жазбаша қарым-қатынастың және қоғаммен байланыстың, әдеби шығармашылықтың барлық түрлерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін игереді.

  • Код ON7

    Тіл білімі мен әдебиеттану, журналистика бойынша қазіргі ғылыми парадигманың және оның даму динамикасы, зерттеулердің, ғылыми зерттеу негіздерінің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін, мәтінді қажетті деңгейде стилистикалық талаптарға сай түсіндірудің базалық дағдыларын игергендігін көрсете алады.

  • Код ON6

    Кәсіби қызметке және магистратурада оқуды жалғастыруға қажетті тіл білімі мен әдебиеттану, журналистика салалары, әдебиет тарихы бойынша жаңа білімді, ұлттық рухани құндылықтарды, кәсіби тіл заңдылықтарын, құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет талаптарын, өмір қауіпсіздігі негіздерін меңгереді.

  • Код ON1

    Тіл білімі мен әдебиеттану саласы, қазақ жазуы тарихы, әдебиет тарихы, кәсіби қазақ тілі, менеджмен және көшбасшылық бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін, түсінеді, көрсете біледі, оны кәсіби деңгейде қолданады.

  • Код ON3

    Лингвистикалық бағыттағы және аймақтық, қазақ, шетел әдебиеті бойынша, Алаш әдебиетіне қатысты материалдарды жинаудың, дискурстық талдаудың, мәтінді қажетті деңгейде түсіндірудің базалық дағдыларын меңгереді.

  • Код ON8

    Өзін-өзі дамыту және кәсіпкерлік мансаптық дәрежеде өсу қағидаларын, өмір қауіпсіздігі ережелерін біледі, ұлттық рухани сипаттағы, филологиялық теориялық, әдеби шығармашылық сала бойынша және теле және бизнес саласындағы журналист ретіндегі білімін терең, жан-жақты көрсете алады.

Top