Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03238 Журналистика (Телерадио) в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • ХХ ғ.басындағы қазақ публицистикасы және Алаш баспасөзі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - журналистиканың негізгі функцияларын түсіне отырып, Алаш көсемдерінің публицистік қағиадалары мен кәсіби шеберліктерін жан-жақты танып-білуге дағдылану. Алаш көсемдері қозғаған сол кездегі бірқатар ұлттық мәселелердің бүгінгі таңдағы маңызы мен өзектілігін салыстыра отырып, көз жеткізуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға бұқаралық ақпарат құралдарының өзіндік ерекшеліктерін, мерзімді басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының табиғатын, дәстүрлі журналистика мен жаңа медианың өзгешелігін, редакциялық құрылымын, техникалық, шығармашылық мамандардың атқаратын қызметтерін, міндеттері мен оларға қойылатын талаптарын үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазақ баспасөзінің тарихын ұлт тарихымен байланыста қарастыра отырып, алғашқы газет-журналдардан бастап, тәуелсіздік жылдарына дейінгі жарық көрген басылымдар жайлы толыққанды ақпарат беріп, әр кезеңде шыққан газет-журналдардың бағыт-бағдарына, қоғамда атқарған рөлі, тұрақты айдарлары мен арнаулы беттері, публицистикалық мақалаларына бүгінгі күн көзқарасы тұрғысынан талдау жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттану негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары мен жанама тараулары, басты теориялық қағидалары мен ұғымдары туралы түсінік беру. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, өлең құрылысы мен табиғаты, сюжет пен композиция ұғымдары түсіндіріліп, әдебиетті өнердің негізгі түрі ретінде қарап, оған тән басты ерекшеліктер айқындалады, шығарманың көркемдік, жанрлық және стилдік ерекшеліктері, суреткер шеберлігі сараланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді публицистика жанрлары және пішіндерімен, оларға қойылатын талаптармен, жазылу әдіс-тәсілдерімен, өзіндік ерекшелігімен, сипаттарымен таныстыру. Жанрлардың пайда болу тарихынан хабардар етіп, публицистика жанрларының тілдік, стильдік ерекшелiктерiн меңгерту. Жазу машығын қалыптастыра отырып, үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Телерадиожурналистика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттерге қоғамдағы тележурналистиканың алатын орны, ақпараттық қызметі, принциптері мен негізгі тиімді шарттарын үйрету. Тележурналистика қызметінің ерекшеліктерін, мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуындағы тележурналистиканың жалпы теориялық заңдылықтарын, телерадиожурналистикадаға алғашқы ұлттық хабарлар мен телепублицистердің шығармашылық шеберлігін, тележанр табиғатын тануды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Онлайн және БАҚ шолушысы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - шолу жанрының тарихын бүгінгі күн көзқарасы тұрғысынан зерттеп, шолу жанрының басқа жанрлармен өзара байланысын айқындау, шолу жанрының бүгінгі таңдағы маңызы мен өзектілігін салыстыра отырып, көз жеткізу, шолудың озық және классикалық үлгілерін талдай отырып, үйрету, шолудың түрлеріне мысал келтіре отырып, баспасөз материалдарын жан-жақты талдап, тың пікірлер мен тұжырымдарға өзіндік ұсыныстар білдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тұрақты даму, кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру; студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс студенттердің ойлауын экологияландыруға, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, БиоСфера компоненттерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын, адам қызметінің салдарын, әсіресе табиғатты жедел пайдалану контекстінде, қоғам мен биосфера арасындағы қарым-қатынастың практикалық мәселелерін білуге бағытталған; курс кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика және өмір қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: негізгі экономикалық категориялары мен қазіргі экономиканың негіздерін зерттеу, адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу қазіргі экономикалық жүйенің жұмыс істеу заңдылықтары мен тетіктері, салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, өмір қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша біліктер мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Журналистиканың құқықтық негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – БАҚ материалдарын дербес құқықтық талдаудың негізгі дағдыларын меңгеруді үйрету. Нарықтық экономиканың дамуын ескере отырып, БАҚ-тың құқықтық базасы үшін қажетті білім беру.БАҚ саласындағы дербес шешім қабылдауға және құқықтық білімді тереңдетуге бағдарлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық және инновацияларды қабылдау
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаттары: ұжымдағы және ұйымдағы адамның тиімді көшбасшылығының теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, инновациялық қызметпен байланысты құзіреттіліктерді қалыптастыру. Курсты меңгеру барысында студенттер көшбасшылық теориясы мен практикасы туралы білімдерге, оларды болашақ кәсіби қызметінде табысты қолдану дағдыларына ие болады, инновациялық үдерістердің даму заңдылықтарын және инновациялық қызметтің теориялық негіздерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • БАҚ Заңнамасы және этика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттер құқықтық сауаттылықты меңгере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары сүйенетін негізгі принциптер мен міндеттерді, сөз бостандығының жүзеге асырылуын, ҚР Конституциясын, ҚР БАҚ туралы заңын, авторлық және сабақтас құқық жөніндегі заңдарымен таныстырып, теориялық білімді меңгерту, үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Интернет журналистика және интеграция
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - интернет журналистиканың пайда болу тарихымен, веб-сайттардың техникалық ерекшеліктерімен білу. Медианарықтағы интернет журналистика орнын айқындау арқылы заманауи жанрлардың әдіс-тәсілдерін меңгерту, интернеттегі түрлі платформаларда жұмыс істеуге баулу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Журналистің сөйлеу мәдениеті мен техникасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - тіл мәдениетіне қатысты еңбектермен, шығармалармен білім алушыларды жүйелі таныстыра отырып, шешендік сөздегі сөз тапқырлығын, сөзді астарлап, әр ойды анық жеткізудің тәсілдерін, жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды үйрету және журналистің кәсіби этикасы мен міндеттерін, тіл тазалығын жан-жақты меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қоғаммен байланыстың жаңа технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге жаңа медиа талаптарына сәйкес қоғаммен байланыстың заманауи әдіс-тәсілдерін, оның қолдану ерекшеліктерін меңгерту, паблик рилейшнздің пайда болу тарихымен, коммуникациялық ортадағы тиімділігімен таныстыру, сонымен қатар ақпаратты басқару, оны жарнамалық әдіспен мультимедиалық нұсқада ұсыну тәсілдерін үйренеді, имиджмейкинг, брендинг, лоббилік қызмет маңызын жан-жақты түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі теле және радио бағдарламаларында қолданылатын әдеби тілдің түрлі функционалдық стильдерін, оның тілдік құралдарын норма талаптарына сай пайдалануды меңгерту. Сондай-ақ ақпараттық, талдамалы, көркем публицистикалық жанрларда материалды сауатты дайындауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Талдамалы журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - масс медиадағы публицистикалық мәтіннің қазіргі шындықты көрсетудегі және талдаудағы мүмкіндіктерін айқындауды, талдауды үйрету.Талдамалы журналистиканың белгілерін, ерекшеліктерін меңгереді, әдістерін үйренеді, талдамалы журналистика жанрларын жіктеудің сипатын, маңызын, табиғатын таниды. Талдамалы жанрлардың баспасөзде, телевизияда, радиода, интернетте жариялану пішіндерін айқындауды үйренеді, экономикалық, саясат, құқықтық, қаржылық, спорт, мәдениет, әлеуметтік сала бойынша жазылған жарияланымдарды талдауға машықтанады, салалық басылымның әрқайсысына арнап талдамалы жанрда материал дайындауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Публицистикалық шығармашылық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазақ публицистикасының қалыптасу, даму арналарымен таныса отырып, публицистикадағы тақырыптық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді жан-жақты талдау қабілетіне ие болу. Студенттер публицистика ерекшеліктерін, алғашқы бастауларын, шығармашылық даралық құрылымын, публицистиканың тақырыбы мен негізгі бағыттарын, жанрлық ерекшеліктерін, публицистикалық шеберліктің қыр-сырын, белгілі публицистердің шығармашылығын жанрлық тұрғыдан талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Радиодағы аудиториямен байланыс жасау әдебі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – радиожурналистің кәсіби этика талаптарымен таныстырып, жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық-этикалық үлгілерді, сөз бостандығы мен ой-пікір білдіру мәдениетінен хабардар етеді. Тыңдарман аудиториясының сұранысы мен ерекшелігіне сай бағдарламалар жасаудың жүйесі таныстырылады. Әртүрлі сипаттардағы радиоарналар үшін хабар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастырып, аудиториямен байланыс жасау әдебінің негізгі принциптері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыр өңірінен шыққан публицистер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - аймақтық публицистердің шығармашылығын білу, олардың публицистикасына талдау жасау. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, денсаулық сақтау, білім беру, құқық, экология салаларын жазудың ерекшеліктеріне баса назар аударады, жанрлық-стильдік тұрғыдан анализ жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистік зерттеу және талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - журналистік зерттеу жүргізудің тақырыбын дұрыс таңдауға үйрету. Журналистік зерттеудің басты бағыттарымен, жанрлар жүйесімен, тілдік-стильдік ерекшеліктерімен танысады. Ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі публицистер шығармашылығын негізге ала отырып, ақпарат құралдарының жедел хабар тарату мүмкіндігін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыр өңірі журналистикасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - аймақтық журналистиканың қалыптасуы мен даму тарихынан, тәжірибесінен мәлімет ала отырып, алғашқы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарының бағыттары, көтерген тақырыптары және ондағы публицистер шығармашылығымен танысу. «Сыр бойы» газеті мен облыстық телерадионың тарихи кезеңдердегі бет-бейнесін, қалыптасу, даму жолдары мен бүгінгі ахуалына сараптама жасайды. Алғашқы хабарлармен танысады, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы өңірлік ақпарат құралдарының шығармашылық ізденістері, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін сараптауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ публицистері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - студенттерді бүгінгі қазақ публицистерінің шығармашылық шеберханасынан хабардар ете отырып, оларды тақырып қоюға, оқиғаны суреттеуге, талдауға, болжам жасауға, қоғамдық үдеріс пен оқиғаны бағалау мен зерттеуге, белгілі бір саланы таңдау және нақты жанрларға бейімделу секілді шығармашылық дағдыларды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспа ісінің мененджменті мен маркетингі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - редакциялық-баспалық менеджменттің ерекшеліктерімен таныса отырып, жоспарлау, ұйымдастыру, медиабизнестегі бақылауды үйрету. Қазіргі БАҚ-тағы менеджмент пен маркетинг дамуының алғышарттары, менеджмент саласындағы ақпарат тарату мен сақтаудың түрлері, пішіндері, оның даму тенденцияларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттық сауаттылық негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – ақпараттық сауаттылық туралы ұғым қалыптастыру, фактчекинг туралы түсінік беру, әр түрлі коммуникация құралдарындағы және әлеуметтік желідегі ақпараттың мазмұнын, оқиға мен құбылыстардың берілуін сыни тұрғыда қабылдауға үйрету, жалған, шынайы ақпаратты ажырату жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телерадиохабар дайындаудың технологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - телевизияда және радиода хабар дайындаудың алғышарттарын үйрету, түсірілім, монтаж жұмыстарын меңгерту. Білім алушылардың тәжірибесін шыңдау арқылы сапалы хабар жасауға үйренеді, телерадиохабар жасаудың шығармашылық және техникалық ерекшеліктеріне мән береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға "100 жаңа оқулық" аясында аударылған кітапты негізге ала отырып, дәстүрлі және жаңа медиада мәтін жазудың шетелдік тәжірибесін меңгерту, мәтін жазу ерекшеліктеріне талдау жасауды үйрету, редакциялаудың отандық және шетелдік үлгісімен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Публицистика және оның қазіргі заманғы ерекшеліктері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - жазу стилі мен ойлау қабілетін жоғары дәрежеге жеткізіп, шығармашылық даму үрдісін жетілдіруге, жаңа методологиялық ізденістерге толы журналистика саласын толықтыруға үлес қосуды үйрету. Қазіргі қазақ публицистерінің жазу дағдысынан сабақ ала отырып, әлеуметтік-саяси тақырыптарға жазылған мақаларларға сараптама жасау қабілетін шыңдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиасауаттылық негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты –ақпаратты сауатты тұтыну және талдау жасау дағдыларын игерту, жалған ақпарат пен шынайы ақпаратты ажырата білу жолдарын үйрету, өздері тұтынатын ақпарат көздерінің сенімділігін саралай алатын, мәлімет іздейтін кезде сенімді дереккөздерге сүйенудің маңыздылығын көрсету, манипуляцияға жол бермеу, түрлі фейктердің арбауына түспеу үшін қажетті құзіреттерді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телерадиодағы журналистік зерттеу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттерге телерадиожурналистикадағы журналистік зерттеудің қалыптасуын, аталған тақырыптағы бағдарламалардың ерекшелігі аудиторияға өтімділігін, журналистік шеберлік пен ақпаратқа қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін үйрету, болашақ журналистердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жарнама технологиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – ұлттық жарнама жасаудың тарихы, даму жолдары, табиғаты мен ерекшелігімен таныстыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрінде жарық көретін жарнаманың жасалу технологиясын, безендірілу тәсілдерін меңгерту. Жарнаманың экономикалық, коммуникативтік тиімділігін танытып, жарнама өнімін жасауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интернет журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге интернет журналистиканың қалыптасу кезеңімен таныстыру, жаңа медиа ақпараттық қоғамның негізі ретінде қызмет ететін жүйе, сала, кәсіп екендігін түсіндіру. Қазақстандағы интернет журналистиканың дамуы мен қызмет етуіне сипат беретін теориялық аспектілермен танысып, практика жүзінде қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Салалық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - мәдениет, өнер, спорт, ауылшаруашылық, экономика, құқық саласындағы журналистиканың өзіндік орнын тани отырып, білім алушыларды белгілі бір салаға бейімдеу. Салалық журналистикада жиі жазылатын жанрлар мен қазіргі пішіндік өзгерістерден хабардар болады, үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Масс-медиа және PR
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - БАҚ-тағы PR-дың ерекшелігі, жарнаманың теориялық маңызы, жарнаманың қоғамда алар орны, PR-дың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ-тың типологиясын түсіндіріп, БАҚ-тағы жарнама жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін, маңызын, Қазақстандағы қазіргі бұқарамен байланыс жүйесінің теориялық аспектілерін игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиаменеджмент
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - менеджмент және маркетинг ұғымымен, олардың тарихы мен теориясымен, тәжірибесімен, журналистиканы басқарудың тетіктерімен, редакция және баспа маркетингі, экономика дамуындағы журналистиканың рөлі және тағы басқа негізгі ұғымдармен жан-жақты таныстыру, тәсілдерін үйрету. Басқарудың заманауи әдістерін меңгеруге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электронды БАҚ аудиториясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - электронды БАҚ-тың өзіндік ерекшеліктерін айқындап, ақпараттық қоғамның негізгі концепцияларын құрайтын дигитализация, конвергенция туралы түсінік бере отырып, ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде ақпарат таратудың түрлі тәсілдерін меңгерту, үйрету, дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телерадиодағы сараптамалық-проблемалық хабарлар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - телевизиядағы сараптамалық-проблемалық хабарларға тақырып таңдау, оны телекөрермендерге ұсыну ерекшеліктерін кеңінен түсіндіру. Көрермендерді сапалы телеөніммен қамтамасыз ете отырып, олардың ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін болашақ мамандарға бағыт беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телерадиомәтінді редакциялау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттер түрлі функционалдық стилдерге тән тілдік құралдарды норма талаптарына сай дұрыс қолдана білуді меңгерту және мәтіндерге әдеби редакциялау жүргізу жұмысының әдістемесін үйрету. Әдеби шығармаларға редакторлық талдау жасаудың ерекшелігі мен әдістерін, қолжазбаны басылымға дайындау, оны жетілдірудің жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телерадиодағы шығармашылық мамандықтар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - телерадиожурналистика саласының теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын, телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің ерекшеліктерін, құрылымдық сипаты мен жұмыс жүйесінің шығармашылық тәсілдерін және телерадиодағы түрлі шығармашылық мамандықтардың ерекшеліктерін жан-жақты игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Веб-технология негіздері: сайттар, қосымшалар және интерфейстер
    Несиелер: 5

    Білім алушылар cандық қорды пайдалану негізінде ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытады, білім алу сатысында графикалық бейнелеу, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көпкөмегін тигізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • 3D принтинг және 3D модельдеу

    3D-принтинг білім мен ғылымға өте көп түрлі және айқын емес мүмкіндіктер береді. Әрбір бағытта осы технологияның көмегімен оқыту мен зерттеулерді оңтайландырудың өз нұсқалары пайда болады. Мысалы, ол медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне білім беру шығындарын және оқыту кезіндегі қауіптерді қысқартуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телерадиодағы режиссерлік шеберлік
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты –түрлі жанрдағы көркем және деректі телевизиялық бағдарламалардың тұжырымдамасын әзірлеп, оларды жасау мен көпшілік алдында көрсетуді жүзеге асыра білуді үйрету. Режиссерлік жұмыстың жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз ету тәсілдерін, телевизиялық өнерді насихаттау жөніндегі жұмысқа қатысу мүмкіндіктерін, көрермендерді қызықтыру тәсілдерін меңгерту.Телерадиобағдарламалардың басқа да қатысушыларының, кинооператордың, суретшінің, композитордың, дыбыс режиссерінің және т.б. шығармашылық топ мүшелерінің атқаратын қызметтеріне сай жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйлестіру тәсілдерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телерадиохабар дайындаудың тәжірибелік курсы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге телеорталықтың мақсат-міндеттерін, қызмет көрсету аясын, түрлі техникалық бөлімдердің жұмыстарын түсіндіру, тележурналистке қажетті кәсіби істерге баулу, шығармашылық топтарға бөлініп, хабар жасаудың технологиялық ерекшелігімен таныстыру. Сценарий жазу, студия ішінде жұмыс істеу, хабарға қатысушыларды дайындау, жүргізуші және диктор қызметтерін атқару, редактор, оператор, режиссер, комментатор, жарық қоюшы және т.б. қосалқы топтардың міндеттерін біліп, оларға қойылатын талаптарды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Веб-бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Сайттарды серверге орналастыру және пайдаланушының қарым-қатынасына мүмкіндік беретін клиент тарапында орындалатын ActiveX, JavaScript, VBScript сияқты интерактивті технологиялар және сервер жағында орындалатын CGI, ASP, PHP, SSI технологиялары мен скриптілік программалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мультимедиалық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - медиа саласында мультимедиалық құралдарды кеңінен қолдануды үйрету. Мәтіндік, визуальдық, графикалық, анимациялық және дыбыстық сандық ақпараттарды біріктіріп, басқаратын интерактивті мультимедиалық жүйені пайдалану мүмкіндіктерді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • 3D технология және анимация жасау
    Несиелер: 5

    3D модельдеу негіздерін зерделеуді үйретеді; ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетін дамытады; білім алушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін шыңдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мультимедиалық технологиялар

    Пәннің мақсаты – жаңа технология саласында заманауи қабілеттерді жетік меңгерту, конвергенттік редакциялық ұжымда жұмыс істей алатын, мәліметтерді графикалық түрде шығаруды қамтамасыз ететін маман дайындау. Контентті коммуникацияның екі және одан да көп арналары арқылы немесе интернет желісі арқылы бірнеше платформада тиімді тарата алудың тәсілдерін үйрету. Инфографика, анимация, сторителлинг, лонгрид жасай алуды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Цифрлық және әлеуметтік медиа
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ журналистер мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, дәстүрлі редакция мен конвергентті журналистиканың ара жігін ажырату; ақпараттық-коммуникациялық технология, ақпараттық бәсекелестік заманындағы сандық журналистиканың маңызын, сандық журналистика мен шығармашылық ізденіс үйлесімін жан-жақты түсіну.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық және отандық PR
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - халықаралық және отандық PR-дың қалыптасуы, дамуы мен бүгінгі тәжірибесін игеру. Журналистика саласындағы маркетинг, жарнама, байланыс, жарнамалық жазба, сөйлеуді жазу, медиа-жоспарлау, шығармашылық стратегия, статистика, этика ұғымдарымен кеңінен танысып, меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • БАҚ-тағы халықаралық мәселелер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастар жүйесінің құрылысы мен өзгеру заңдылықтарын түсіндіру. Мемлекеттердің сыртқы саясатының мәнін, мазмұны мен мақсатын оқып-біледі. Халықаралық саясаттың барысын, даму зандылықтарын БАҚ материалдары бойынша пайымдауға үйренеді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді жүйелеу, зерттеу тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға ақпаратты басқару тәсілдерін үйрету, қоғамның кез келген саласына ақпарат арқылы жетекшілік жасауға болатынын түсіндіру. Менеджменттің негізгі қағидалары мен медиадағы ақпаратты басқару тетіктерін ұштастыра отырып, оны медиа саласында қолдануды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тікелей эфир табиғаты
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - телерадиожурналистиканың жанрлық ерекшеліктерімен таныстырып, тікелей эфир ерекшелігін, қойылатын талаптарды меңгерту. Телерадио бағдарламаларының дайындалуымен танысып, болашақ журналистерді мамандыққа бейімдеу мақсатында практикалық (семинар), лабараториялық (тәжірибелік) сабақтарда әртүрлі шығармашалық тапсырмалар бере отырып, тікелей эфирде жұмыс істеуді үйренеді. Эфир этикасы мен сөйлеу шеберлігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әр түрлі елдердегі PR мектептері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – АҚШ, Ресей елдеріндегі әлеуметтік басқару жүйесіндегі PR саласының қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Заманауи PR технологиялары мен әлеуметтік қақтығыстың мәнін терең түсінуді үйрету. Американдық, Ресейлік, Қазақстандық PR мектебінің модельдерімен танысып, әдістерін қолдануды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Телепублицистика және дәуір үні
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді бүгінгі қазақ телепублицистерінің шығармашылық шеберханасымен таныстырып, аға буын шеберлігінен үйрету. Қоғамдық үдеріс пен оқиғаны бағалау мен зерттеуге, белгілі бір саланы таңдау және нақты жанрларға бейімделу секілді шығармашылық дағдыларды меңгереді. Тақырып қоюды, оқиғаны суреттеуді, талдауды, болжам жасауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тілдік қарым-қатынас теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - коммуникациялық құралдардың негізгісі - тілдік қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктерін меңгерту, оның типтерін ажырата білу. Тілдік қарым-қатынас жасаудың басты ережелерін түсіндіру арқылы ортада дұрыс сөйлеуге баулу және сауатты сөйлем құрауды үйрету. Тілдік нормаларды меңгертуді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - тілдік, мәдени қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің ерекше көкейкестілігін айқындауды үйрену. Мәдениетаралық коммуникация проблемаларына талдау жасауды үйреніп, ғылыми зерттеулерде көрсетілген маңыздылығын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Балаларға арналған хабар дайындаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазақ телевизиясындағы балаларға арналған телехабарлардың, соның ішінде «Балапан» арнасы арқылы беріліп жүрген түрлі бағдарламалардың жалпы мазмұны мен бағытына, телеэкран мәдениетіне, бағдарлама жүргізушісінің шығармашылық шеберлігін айқындап, жаңашылдық бағыттарын саралауды үйрету. Ұлттық телевизиядағы балаларға арналған телехабарлардың жалпы сипатына, мазмұны мен пішініне баға беруді, оларды дамытудың жолдарын қарастыруды, заман талабына сай телехабарлар жасаудың тәсілін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Телепублицистика және қоғамдық сана
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - телехабар әзірлеудің шығармашылық процесімен танысып, тележурналистикадағы бейнелеуші құралдар арқылы оның көрсетілу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Публицистиканың теориясы мен тәжірибесін игере отырып, қоғамдық пікір туғызудың алғышарттарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынас
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастарға терең талдау жасауды үйрету, шетелдік басылымдардың тәжірибесімен танысып, халықаралық қатынастарға ғылыми көзқарас қалыптастыруды меңгерту. Халықаралық тақырыптарда материал дайындауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Телевизиядағы ұлттық хабарлар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – ақпараттық дәуірде телеарна арқылы мемлекеттің ұлттық саясатының аумақтық мәселесін насихаттауда ұлттық нақышымызды дәріптейтін хабар жасау тәсілдерін үйрету. Теледидар экономикалық, саяси және мәдени мәселелерді насихаттауда ұлттық ерекшеліктерді басты назарда ұстау қажеттігін, қоғамдық теледидар құру, әлемнің ұлттық бейнелерін көрсететін теледидар модельдерін жасаудың маңызын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиа-талдау және ақпараттық аудит
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға медиa-талдау жүргізуді, ақпараттарға талдау жасауды және ақпараттық сауаттылық мәселесін игерту, БAҚ пен aқпaрaттық қызметтердің бұл функциялaрды сaпaлы орындaуына талдау жасау, aқпaрaт aрнaлaрымен тиімді жұмыс жасауды меңгерту. Ұжыммен жұмыс істеу aрқылы медиa және өзге де aқпaрaттық қызметтерге жоғaры сaпaлы қызмет көрсетулер ұсынуды түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми-танымдық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларды қазақ журналистикасы тарихындағы ғылыми басылымдардың тарихы, ерекшелігі, тақырыптық өзгешелігі туралы теориялық біліммен таныстыра отырып, ғылыми мақалаларға қойылатын талаптарды меңгерту. Ғылым және оның қоғамдағы рөлі, ғылыми-таным туралы түсінік қалыптастырады, ғылыми-танымдық журналистиканың қажеттілігін, ғылыми журналистиканың салалық журналистикамен байланысын, журналистикадағы ғылыми-зерттеу әдістерінің тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі заманғы бұқаралық коммуникация құралдары мен PR
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларды қоғаммен байланыс саласына мамандандыра отырып, қазіргі БАҚ-тағы PR көрінісі, БАҚ-тағы PR-дың маңызы және ақпарат құралдары мен PR-дың байланысын меңгерту, PR-дағы зерттеулер мен ақпараттық PR материалдарын жазуға бейімдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Телевизия және ұлттық сана
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - телевизияның негізгі қызметтерінің бірін ескере отырып, телеэкраннан ұлттық идеологияны насихаттауға баулу. Ұлттық хабарлар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сол бағытта әзірленген хабарлардың мазмұны мен құрылымын жасауға бағыт-бағдар беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қоғаммен байланыстағы БАҚ-тың рөлі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - БАҚ саласымен тығыз байланысты қоғаммен байланыстың мәні мен маңызын, функциясын, міндеттерін, алдыға қойған мақсаттарын кеңінен түсіндіру. Қоғаммен байланыстың бүгінгі таңдағы технологияларын кез келген салада қолдануға үйрету, сол арқылы кәсіби дағдыны қалыптастыруға баулу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мультимедиалық және конвергентті журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – мультимедиалық және конвергентті журналистика ерекшелігін және ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, игерген білімін практикада қолдануды үйрету.Нарықтық қатынастардың жаңа медианың дамуына ықпалын, өзекті мәселелерін қарастыра отырып, жанрлық ерекшеліктерін талдауды меңгерту, ақпарат таратуда қолдану жолдарын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Телерадиодағы руханият мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - телерадиожурналистикадағы рухани мұраны насихаттауды үйрету, телерадиобағдарламалар даярлаудың тәсілдерін үйрету, ақпараттық, ойын-сауықтық бағдарламалар жүргізуге бағыт беру, ток-шоу хабарларының ерекшелік сипаттарын игерту, телехабар даярлау технологиясын, сөйлеу мәдениетін меңгерту, телерадиожурналистика үшін бағдарлама даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Жаратылыстану пәндері арқылы алынған білімді өз құқықтары мен міндеттерін, ұлт тарихы мен мәдениетін дамытуға қолданады.

  • Код ON2

    Журналистиканың негізгі ұғымдары мен теориялық аспектілерін түсінеді, қазіргі БАҚ-тың спецификалық өлшемдерін анықтайды және саралайды.

  • Код ON3

    Қазақ журналистикасы тарихының қалыптасуы мен дамуын біледі, публицистиканың жанрлары мен нысандарын, қазіргі теориялық мәселелерді талдайды.

  • Код ON4

    Отандық және шетелдік журналистиканың тарихы мен қалыптасуын салыстырады, тележурналистика жанрларын жіктейді.

  • Код ON5

    Журналистік шеберлікті, журналистік этиканы, эфирлік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, бәсекеге қабілетті маман ретінде сараптама жүргізеді.

  • Код ON6

    БАҚ-та менеджмент және маркетинг мәселелерін қалыптастырады, салалық журналистикаға машықтанады, құқықтық мәселелерді меңгереді.

  • Код ON7

    Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, оларды журналистік зерттеулер мен танымдық хабарлар дайындау барысында іс жүзінде қолданады.

  • Код ON8

    Білім алушылардың игерген теориялық білімдері мен тәжірибесі сараланып, баға беріледі, болашақ маман ретінде құзыреттіліктері қалыптасады.

Top