7M01717 Қазақ тілі мен әдебиеті в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі саласында іргелі және қолданбалы білімді меңгерген және педагогикалық және ғылыми қызметке қабілетті білікті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Қазақ антропонимикасы
Курстың мақсаты – қазақ антропонимикасының шығу, даму, қалыптасу кезеңдерін және өзекті мәселелерін оқыту, антропонимикалық деректерді ғылыми негізде талдау жолдарын түсіндіру. Курстың мазмұны – антропонимика негіздерін, қазақ антропонимикасының тарихы мен өзекті ғылыми мәселелері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ әдебиеттануының тарихы
Курстың мақсаты – қазақ әдебиеттануының даму, қалыптасу тарихы туралы білім беру, әр кезең әдебиеті тарихының дамуына тиісті басты ерекшеліктерін саралау. Курстың мазмұны – қазақ әдебиеттануы тарихына шолу, кезеңдерін жүйелей талдау, әдебиеттанушы ғалымдардың іргелі еңбектеріндегі басты ұстанымдарды саралау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің өзекті мәселелері
Курстың мақсаты – қазақ тілі – жалпы тіл білімінің органикалық бөлігі ретіндегі мәліметтерден бастап, қазіргі даму бағыттарымен аралықтағы материалдық ғылыми-теориялық сипатын меңгерту. Курстың мазмұны – тіл білімінің өзекті мәселелерін қарастыру, ғылымдар тоғысында қалыптасқан бағыттардың зерттелу жүйесі, заңдылықтары мен қағидаттарын талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудағы антропология
Мәдени және әдеби антропологияның мәні туралы тұжырымдар. Әдеби-көркем антропология категориялары және әдебиеттанудағы антропология ұғымдарын теориялық тұрғыда түсіндіру. Көркем антропология – көркем туындының және мифтік таным бастаулары мен архетиптік бейнелердің негіз болғанын таныту. Шығармашыл тұлға қабылдауындағы ғалам моделін мифопоэтикалық-архетипптік әдіс тұрғысынан зерттеп, антропоморфтік бейнелер табиғатын түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Компьютерлік лингвистика
Пәннің мақсаты – компьютерлік лингвистиканың негізгі мәселелерімен, тілдік құбылыстарды модельдеудің компьютерлік әдістерімен, табиғи тілді автоматты өңдеу саласындағы негізгі құралдармен және жасанды интеллект технологияларымен танысу, мәтінді талдау және синтездеу процестерін алгоритмдік түрде көрсете білу. Пәннің мазмұны тілдік деректерді жасанды интеллект құралдары арқылы жинау, талдау, бағдарламаларды модельдеу, мәтіндер мен сөйлеуді автоматты түрде өңдеудің қолданбалы мәселелерін шешуді қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Курстың мақсаты – әдебиеттанудың өзекті мәселелерін,маңызды ғылыми-теориялық тұжырымдарды меңгерту. Курстың мазмұны – әдебиеттанудың даму ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері, ғылыми негізде шешілуге тиісті теориялық зерттеулер, жаңа қағидалар мен тұжырымдар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автор және кейіпкер
Курстың мақсаты – көркем туындыдағы автор мен кейіпкер қызметін таныту, автор мен кейіпкер туралы теориялық ұжырымдарды меңгерту. Курстың мазмұны – автор және кейіпкерлер туралы тұжырымдар мен пайымдаулар, автор бейнесі, имплицитті және нақты автор туралы талдау-тұжырымдарды негіздеу. Авторлық ұстаным, автор мен нарратор байланысын, кейіпкерлер категориясын талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ этнолингвистикасы
Курстың мақсаты – қазақ этнолингвистикасы туралы ғылыми-теориялық білім беру. Курстың мазмұны – этнолингвистика арқылы этносты, оның тілін танып-білуді назарға алу, тілдің коммуникативтік қызметімен қоса, куммулятивтік қызмет атқаратын ерекше ғылым саласы екені.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абайтанудың жаңа парадигмалары
Курстың мақсаты – абайтанудағы жаңа ізденістер мен зерттеулердің бағытын, Абай мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеу мәселелерін, Абай поэзиясын структуралық-феноменологиялық тұрғыда талдау негіздерін меңгерту. Курстың мазмұны – Абай мұрасын зерттеудің жаңа аспектілерін жүйелеу, жаңа көзқарастағы зерттеулердің маңызы, олардағы тың тұжырымдар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Курстың мақсаты – әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту, әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын таныту. Курстың мазмұны – әдебиет тарихының теориялық негіздемелері, әр кезеңге тән сипаттар, зерттеулердегі пайымдаулар мен пікірталастар, әдебиттанушы ғалымдар тұжырымдары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тіл мен мәдениет контексіндегі зерттеулер
Курстың мақсаты – тіл мен мәдениет контексіндегі лексикалық құрамның даму, толығу үрдістерін түсіндіреу. Курстың мазмұны – сөздің тілдің негізгі бірлігі ретіндегі құрылымдық белгілері мен мағынасын номинативті, коммуникативті, когнитивті және прагматикалық тұрғыда қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Курстың мақсаты – тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту. Курстың мазмұны – тіл тарихына қатысты шолулар, тұжырымдар, тіл дамуының заңдылықтары, ішкі, сыртқы факторлары, тілдік зерттеулердің концепциялары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
«Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты – қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың әдістемесін үйрету, білім берудің жаңа тұжырымдамасын, жаңа педагогтық және дидактикалық тұрғыда оқытудың тұтас жүйесін меңгерту. Курстың мазмұны: жаһандану және жаңашаландыру (модернизациялау) жағдайындағы тіл білімі саласындағы білім берудің кешенді әдіснамасы, оқыту әдістемесінің тиімді үлгілері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты – қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесін меңгерту, оқу-әдістемелік кешендердің түрлері, студенттермен жұмыс істеу дағдыларын игерту. Курстың мазмұнында әдебиет сабақтарында білім берудің жаңа тұжырымдамасы, (парадигмасын), жаңа педагогтық және дидактикалық білімнің тұтас жүйесі қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Грамматика теориясы
Курстың мақсаты – граматика теориясын, ғылыми негіздерін меңгерту. Курстың мазмұны – грамматикада қалыптасқан принциптер мен заңдылықтардың жүйесі, грамматиканың құрылымдық, семантикалық, логикалық, функционалды- коммуникативтік аспектілерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәтіннің әдеби-теориялық негіздері
Курстың мақсаты – шығарма мен мәтін арасындағы байланысты негізге ала отырып, әдеби мәтіннің табиғатын, құрылымын түсіндіру, теориясын меңгерту. Курстың мазмұны – мәтіннің құрылымдық элементтерін талқылау, мәтіндегі дискурс және оның түрлері туралы теориялық негіздемелер, көркем мәтіннің құрылымдық-прагматикалық табиғаты.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Фольклортану тарихы мен теориясы
Курстың мақсаты – фольклортанудың тарихы мен теориясын ғылыми тұрғыда меңгерту. Курстың мазмұны – фольклор тарихының зерттелуі, жетекші фольклорист ғалымдардың еңбектерінің жүйесі, басты ұстанымдары, фольклордағы ұқсас мотивтер мен сюжеттер, жанрлар функциясы, тілі, көркемдігі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін зерттеу әдістері мен әдіснамасы
Әдебиеттану ғылымындағы зерттеу бағыттары мен арналарын ғылыми тұрғыда меңгерту. Әдеби зерттеу әдістері және олардың негізгі мақсат-міндеттерін теориялық бағытта саралау. Көркем шығарманы тұтастай және жекелей талдау жолдарын дәйектеу. Зерттеу әдістерінің негізгі ұстанымдарын жасанды интеллект құралдары арқылы жинақтап көрсету. Әдеби туындыны түрлі әдіс ұстанымдарымен талдауда жасанды интеллектіні пайдалану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілді зерттеу әдістері
Курстың мақсаты – ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуын, жоспарлануын, ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту. Қазақ тілін зерттеу әдістері туралы ақпараттарды игерте білу туралы білім жүйесін қалыптастыру. Курстың мазмұны – тілді зерттеу әдістері, олардың негізгі принциптері мен тұжырымдары, зерттеу әдістерінің ықпалдастығы, теориялық негіздері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін теориясы
Курстың мақсаты – мәтіннің ғылыми-әдістемелік негіздері басқа ғылымдармен қатар қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын алатынын дәйектеу. Курстың мазмұны – тілдің даму тарихы, әдеби тіл дәрежесіне көтерілу сатылары мәтіннің психологиямен, тілдік қатынаспен байланыстылығы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайдау және кәсіби қызметте пайдалану.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу.
- Негізгі категорияларды, тіл тарихының теориялық негіздері туралы түсініктерді, әдебиет тарихын кезеңдеу мәселелерін, тіл, әдебиет тарихын оқытудың маңызды аспектілері туралы мәліметтерді, зерттеудің практикалық дағдыларын меңгеру.
- ХХ-XXI ғғ. әдебиеттанудың негізгі әдіснамалық бағыттарын айқындау, оларға тән қағидаттар мен ауызша-көркем шығармаларды талдау және интерпретациялау тәсілдерін қарастыру. Әдебиеттанулық, тілдік зерттеу жүргізу формаларын, нормалары мен әдістемесін меңгеру.
- Тілдік, әдеби материалдарды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, оқыту және бақылау әдістерін меңгеру, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша оқу, ғылыми сабақтар мен іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыруда ЖИ қолдану жолдарын меңгеру.
- Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі мен әдіснамасын, өзіндік ғылыми және зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеру; лингвистикалық және әдеби зерттеулерде жасанды интеллект әдістерін тиімді қолдану.
- Фольклорды зерттеу саласындағы ғылыми мектептердің қалыптасу тарихы мен бағыттары бойынша жүйелендірілген білімді меңгеру, арнайы әдебиетте бағдарды түсіну, этнолингвистика, қазақ антропонимикасының дамуын түсіну; тіл қызметін модельдеуге қатысты пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар мен тілдік деректерді жасанды интеллект арқылы өңдеу дағдыларын меңгеру.
- Фольклор мен антропологияны ұлттық рухани мәдениеттің феномені ретінде түсіндіру.