Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B02124 Медиаөнер в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Медиакоммуникация негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты медиаөндіріс жәнебұқаралық коммуникация жайлы, ондағы ұғымдар мен термин сөздер, ондағы қызмет түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ өнерінің тарихы
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты қазақ өнерінің тарихымен, өнер әлеміндегі тұлғалардың шығармашылығы және қазақ өнері салаларының ерекшеліктерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медиа теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты медиа теориясы ұғымдарына анықтама беру; білім алушыларды медиа теориясы мен практикасының негізгі салаларымен таныстыру; медиатехнология мен қоғамның өзара әрекетінің теориялық аспектілеріне оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Анимациялық өнер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларға анимациялық өнердің қалыптасу, даму жолдары мен жанрлық ерекшеліктерін, қазіргі цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдаланудағы ізденістер туралы нақты ақпарат беру, мультфильм сценарийін жазу, режиссерлік шеберлікке үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балаларға арналған медиаөнім
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты медиаөнім дайындаудың, оның ішінде балаларға аудиториясына арналған өнім жасаудың жолдары мен технологиясымен таныстыру; балалар аудиториясының ақпаратты қабылдаудағы психологиялық ерекшелігін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Видеоөнім дайындау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты бейнетүсірілім мен монтаж жасаудың негізгі техникасын үйрету; цифрлық технологияларды қолданып видеотүсірілім, видеомонтаж жасау кезінде түрлі анимациялық, телевизиялық эффектілер қолдануды, монтажкезінде кадрлар ережесін сақтауды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Графикалық дизайн
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты коммуникация ғылымы мен эстетика өнерінің өзара байланысын түсіндіру, коммуникациялық дизайн ретінде медиаөнімнің аудиторияға әсер ету мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ графикалық бағдарламаларда түрлі элементтер мен әдістерді пайдалануды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кинотану өнері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты эстетикалық қызмет пен өндіріс түрі ретіндегі кино өнерінің табиғаты туралы түсінік қалыптастыру; ХХI ғасыр мәдениетіндегі кинематографтың рөлі мен орнын, оның өнердің басқа түрлерімен өзара байланысын зерттеу; әлемдік және отандық киноның дамуындағы негізгі кезеңдерге үйрету, жекелеген авторлардың: сценаристердің, режиссерлердің шығармашылығын монографиялық зерттеу, кинофильмді талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдеби тіл нормалары
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастыруға, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдануға үйрету; тіл мәдениетіндегі тілдік норманың түрлерін (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы), сөз нормаларын (сөйлеу этикасының ережелері), коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) және әбеди тіл нормаларын меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Медиа және бизнес
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерде заманауи медиа-бизнес туралы түсінік қалыптастыру; медиа бизнесті және оның қоғамдық экономикалық жүйедегі орны мен рөлін зерттеу; түрлі зерттеу тәсілдері мен әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін арттыруға, коммуникативтік әрекеттестіктің әртүрлі жағдайында сөйлеу барысында тілдік құралдарды дұрыс қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; сөйлеу мәдениетінің негізгі белгілерін, сөйлеу мәдениетінің нормативтік, коммуникативтік, этикалық аспектілерін, сөйлеу этикасын, сөйлеу стратегиясын, әдіс-тәсілдерін, моммуникативтік сәтсіздіктердің себептерін, ауызша іскерлік сөйлеу мәдениеті және жазбаша сөйлеу мәдениетін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағытындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні адамның толық моральдық дамуы үшін қажет. Гуманитарлық мамандықтар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін нормативті актілерді зерделеу лингвистика, өнер, дизайн және басқа салалардағы мамандарды даярлауға арналған. Бұл пәнді оқытудың мақсаты - негізгі мамандықтар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Адамзаттың басты құндылықтарына бағынышты жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық ақпараттың жариялылығына сай қазіргі кездегі қоршаған ортаның көптеген экологиялық мәселелерін шешу қоғамның саналы іс-әрекеті мен әрбір адамның жоғары деңгейде экологиялық ой-санасына байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кинодраматургия
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты әдеби-кинематографикалық шығармашылықтың табиғатын, ерекшеліктерін, әдебиеттің прозалық және драмалық шығармаларының негізінде фильм жасаудың мүмкіндіктерін, фильмнің көркемдік негізі сценарий жазуға, оны талдауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Медиадизайн
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарды заманауи дизайнерлік технологиялармен, дизайн мен фирмалық стиль жасаудың базалық қағидаларымен іс жүзінде таныстыру; жеткілікті теориялық білім беру және қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Режиссура
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты туындының саяси-әлеуметтік, көркемдік-идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, философиялық мән-мағынасын түсіндіру, біртұтас көркемдік идеялық ойға құрылған туынды жасауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Web технология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты веб-қосымшалардың жұмыс істеу механизмдерін, сонымен қатар қосымшаларды жазу үшін қажетті білім мен дағдылар туралы түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі медианың менеджменті мен маркетингі
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты студенттерді журналистика менеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясымен, әлемдік журналистикадағы озық тәжірибелерімен таныстыру; олардың мәселелері мен болашағын тарата түсіндіру; интерактивті тәсілді меңгерту; менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын игерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медиамәтін жазу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерді заманауи медиатекстердің алуан түрлілігімен таныстыру; медиатекстердің типологиясы туралы (жанрлар, мақсаттар, тарату арналары, текстуралар және т.б. бойынша), сондай-ақ жанрлық формалардың конвергенциясы туралы түсінік қалыптастыру; дәстүрлі журналистік мәтіндерді (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық), жарнамалық және PR-мәтіндерді журналистік мәтіндермен салыстыра отырып оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медиаөндірістің құқықтық негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты болашақ журналистердің құқықтық, этикалық білімдерін арттыру мақсатында ҚР Конституциясын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы», «Жарнама туралы», «Тіл туралы» заңдарды, этика Кодекстерін, ұлттық тәрбие бастауларын негізге ала отырып, журналистік жауапкершілік ұғымын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Драматургия жанрлары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты драматургия негіздері бойынша теориялық білімді меңгеру; классикалық драматургияның дәстүрлі негіздері туралы білімді қалыптастыру; драматургиялық шығармаларды ғылыми талдау техникасын меңгеру; классикалық және қазіргі заманғы драматургияның негізгі бағыттарын зерделеу; драматургиялық шығарманы жасаудың негізгі ережелері мен тәсілдерімен таныстыру; театрландырылған көріністер мен мерекелер үшін драматургиялық негіз құру әдістерін зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиасын
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттердің медиа-сын сияқты журналистік қызмет саласы туралы түсініктерін және БАҚ-тың барлық түрлерінің медиа мәтіндерін дұрыс сыни талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиакоммуникация жанрлары
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты студенттерге медиа жанрлары мен пішіндерін, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін таныстыру; түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдістерін меңгерту; жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай өзгеріске ұшырау ерекшеліктерін оқыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кинорецензия
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерге киноға рецензия жазуды үйрену, рецензия жанрының ерекшеліктерін, тілдік, стильдік және көркемдік сипатын, кинорецензияның сын және журналистика жанры ретіндегі мүмкіндіктерін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Театртану
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты сахналық өнердің тарихы мен теориясын, сынын, театр мен медиа арасындағы байланысты түсіну, театрдың әлеуметтік институт ретіндегі ағартушылық, тәрбиелік, танымдық, ойындық міндеттерінің қоғамдағы қажеттілігін білу, театр сынын жазуға үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Режиссердің шығармашылық шеберханасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты режиссура саласына керекті барлық техниканы жетік меңгерту; әлем мен қазақстандық өнер туралы толық түсінік қалыптастыру; кино мен телевидение саласында жұмыс жасайтын ең мықты режиссер теоретиктер мен практиктердің шығармашылығымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректі кино өндірісі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты кино тарихы бойынша базалық білімді қалыптастыру; деректі кино өнерінің қалыптасу заңдылықтарын жинақтау; ұлттық деректі фильм өнері дамуының әр кезеңдегі ерекшеліктерін ұғыну; өзінің шығармашылық мәтіндерін жазу кезінде кино өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білімді қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиаэтика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты болашақ журналистерде шығармашылық-практикалық дағдылармен қатар, ақпараттық нарық жағдайында ақпаратты егжей-тегжейлі тексеру арқылы өзіндік кәсіби-адамгершілік қасиетін дамыту; әлемдік мәдениет жетістіктері негізінде моральдық, эстетикалық нормалар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды, кәсіби этика мен аксиологияны қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиажобалар экономикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты экономикасы саласындағы тұжырымдамаларды, негізгі ғылыми бағыттарды, жобалардың жаңа медиа саласындағы жобалық қызметті талдау әдіснамасын, медиа жобаларға қызметті трансформациялау қағидаттарын, медиа жобалардың тиімділігін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, медиа жобалардың тиімділігін бағалаудың есептік модельдерін, медиа жобаларды өндірістік және маркетингтік жоспарлау негіздерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Видеоблоггинг
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді ең танымал жұмыстарды мысал ете отырып, заманауи бейне жанрларымен таныстыру; бейнеблогингтің көрнекі бөлігінің ерекшеліктерін, блогта және репортажда режиссураны үйрету; вирустық бейнелердің ерекшеліктерін талдау; түсірілімнің барлық параметрлерін сақтай отырып, жұмыс жасауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аудио және видео өңдеу техникасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты аудио, видео өңдеу техникасын үйрету, аудио-видеоны өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаларды меңгеру, өз өнімдерін дайындап, өңдеуге дағдылану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемдік медиасаясат
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарда медиаполитика саласында теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін қалыптастыру; билік және басқару органдарымен медианың өзара іс-қимыл дағдыларын меңгеру; әлеуметтік және экономикалық мүдделерді ілгерілету мақсатында қоғамдық (лоббистік және ақпараттық) науқандардың тиімділігін талдау мен бағалауды ұйымдастыру және жүргізуді үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиасауаттылық
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты БАҚ-тың рөлі мен функцияларын, БАҚ өз функцияларын орындайтын жағдайларды түсінуге, медиаконтентті сыни бағалауға үйрету; өзін-өзі көрсету және сапалы контентті тұтыну үшін түрлі медиамен өзара іс-қимыл жасауға баулу; кез келген медиаконтентті құру үшін дағдыларды меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Редакциялау теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерге әлеуметтік қарым-қатынастың тарихи процесінде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени қызметтің нақты саласы ретінде аударылған мәтіндерді редакциялаудың теориясы мен практикасы туралы түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік медиа
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерге әлеуметтік медианың жұмыс істеу принциптері туралы білім қалыптастыру, кәсіби қызметте әлеуметтік медианың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктері мен дағдыларын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саунд дизайн
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты медиөнімді дыбыстық безендіруге, түрлі дыбыстық эффектілерді сәтті пайдалануға үйрету. Кинофильмде, театрда, телевизияда дыбыспен әрлеудің техникасын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиа жоспарлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты медиа-жоспарлау технологияларын меңгеру; студенттерде медиа-жоспарларды, медиа-жоспарлау теориясының негізгі ұғымдарын әзірлеуге қажетті білім мен дағдылардың негізгі кешенін қалыптастыру; медиа-жоспарлаудың негізгі параметрлерін және жарнамалық науқандарды жоспарлау процесінің кезеңдерін, медиа-жоспарлау процесінде қолданылатын зерттеу құралдарын, жарнамалық медианы таңдау технологияларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аудио және видеоподкаст
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерде подкасттардың медиа-формат ретіндегі ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру; аудио және видео подкасттардың негізгі жанрларымен таныстыру; әртүрлі тілдердегі қолданыстағы подкасттарды зерттеу; подкасттарды жазу, орнату және жобалау дағдыларын дамыту; подкасттар аудиториясының ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру, подкасттың әлеуетті аудиториясын анықтай білу; подкасттарды монетизациялау тәсілдерімен таныстыру және жергілікті жарнама жасау дағдыларын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиапсихология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерді психологиялық ғылымның жаңа саласы - медиапсихологиямен таныстыру; студенттерде медиапсихология, оның пәндік саласы, зерттеу принциптері мен бағыттары туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру; қазіргі әлемдегі бұқаралық ақпарат жүйелері, олардың рөлі, функциялары, түрлері туралы тұтас түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиастилистика
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты медиастилистика туралы лингвистикалық білімнің ерекше саласы ретінде, оның гуманитарлық білімнің басқа салаларымен, сондай-ақ стилистикалық ғылымның басқа бөлімдерімен байланысы туралы түсінік беру; медиатекстердің стильдік мәртебесін анықтаудың негізгі тәсілдерімен таныстыру; медиастиль ұғымдарын байланысты ұғымдармен байланыстыру, медиатекстің негізгі стильдік және стилистикалық сипаттамаларын, сондай-ақ типологияны қарастыру стилистикалық аспектідегі медиа мәтінді талдау; функционалды семантикалық-стилистикалық категориялар аспектісінде медиа мәтінді талдау; медиа мәтінді кешенді стилистикалық талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Фотоөнер: мобилография
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерді фотографиямен өнер ретінде таныстыру; фотография жасау процесін меңгеру; фотографияны мобилография мен арт-журналистикада қолдану ерекшеліктерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сценарий жазу өнері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты драматургия мен сценарий жазу шеберлігінің теориялық негіздерін меңгеру; әр түрлі іс-шара сценарийлерін өз бетінше жазу дағдыларын қалыптастыру және сценарийлік жоспарды әзірлеу әдістемесін меңгеру; драматургияның, сценарийлік шеберліктің теориялық негіздерімен және сценарийлердің әр түрлі типтерімен таныстыру; сценарийлік материалды іріктеу технологиясын және беруді ұйымдастыру, дайын сценарийлердің идеялық-көркемдік деңгейін анықтау және драматургиялық талдау әдістемесін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі

  • Код ON4

    әлеуметтік және экологиялық мәдениет, қауіпсіздік сақтау мәдениетін меңгеру, жасыл экономикадан хабардар болу

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби қызмет этикасын сақтаудың маңызын түсіну

  • Код ON6

    медиа теориясы мен тәжірибесін, медиакоммуникация негіздерін, жазу өнерінің қыр-сырын, ақпаратты жеткізудің тәсілдерін меңгеру; медианың әртүрлі аудиториясына арнап мәтін жазуға үйрену; мәтіннің мазмұны мен құрылымын, әдеби тіл нормалары мен сөз мәдениетін білу, қазақ өнерінің тарихымен танысу

  • Код ON7

    медиамәтін жазу, медиастилистика, редакциялау тәжірибесін үйренеді, мәтін өңдеу теориясын біледі, кинорецензия жазуға дағдыланады

  • Код ON8

    балаларға арналған контентті зерттеуге, медиаөнім, медиадизайн теориясын, web технология, фото, аудио, видеоөнімдерді дайындауға, анимациялық өнердің мүмкіндіктерін түсініп, мобилография, графикалық, саунд дизайн жасауға, медиаөнердің технологиялық мүмкіндіктерін үйрену

  • Код ON9

    медиаұйымды басқаруды, ұйымдастыруды, жобалық менеджментті, медиасаясатты білу. Медиаөндірістің құқықтық негіздерімен танысып, менеджмент пен маркетинг тәсілдерін жоба басқаруда, контент талдауда үйрену. Аудитория сұранысы мен қызығушылығын зерттеу, тапсырыс талабын түсіну, медиа этиканы сақтауға, медиакоммуникация жанрларында жазуға дағдыланады. Тұтынушы нарығына талдау жасауға үйрену. Аудиторияны зерттеудің түрлі әдістерін меңгеру

  • Код ON10

    медиаөнім дайындауда өнер, психология, сыни ойлау мәдениеті бойынша озық тәжірибелерді үйрену; өнер туындыларының табиғатын түсініп, драматургия, кинодрамтургия, театртану және сын жанрларын білу, режиссерлік шеберлікке үйреніп, медиаөнім сценарийін жазуды меңгеру

  • Код ON11

    медиалық сауаттылыққа үйрену; әртүрлі жанрдағы медиаөнім дайындау, видеоблог жүргізу, әлеуметтік медианың түрлі тәсілдерін меңгеру, кинотану өнерін, деректі кино табиғатын түсіну және шығармашылық шеберлігін дамыту

Top