Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04144 Ақылды қала в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Ақылды қала» бағдарламасының мақсаты – мемлекет және ғылыми сала, бизнес арасындағы тұрақты байланысы арқылы ақылды қала тұжырымдамасын енгізу мен цифрландыру жағдайында қала экономикасы мен оны дамытуды басқару саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық, әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздік жүйелерінің жұмыс істеуінің қағидаттары мен нормативтік заңдылықтарды қолдана отырып, қала өмірін жақсарту үшін тиімді бағыттары мен инновациялық және инвестициялық жобалардың таңдау.
  • Әртүрлі экономикалық құбылыстарға өз анықтамасын ұсыну, экономиканың өзекті ғылыми әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, таңдалған ғылыми зерттеу тақырыбының маңыздылығын негіздеу, зерттеу нәтижелерін қолдану, қорытындылау және бағалау.
  • Ақылды қаланың экономикалық тұрақтылығын талдау және бағалау және әлеуметтік-экономикалық және қаржылық мәселелерді шешу жолдарын анықтау үшін аналитикалық жұмыс әдістерін қолдану.
  • Экономикалық болжамдар мен саяси ұсыныстарын сыни тұрғыдан бағалауға басшыларға мүмкіндік беретін негізгі макроэкономикалық теорияны қолдану және экономика мен IT-технологиялар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау негізінде инновациялық экожүйелерді құру.
  • Экономикалық-математикалық модельдерді пайдалана отырып, макроэкономикалық көрсеткіштердің, қала экономикасының өзгеруін түсіндіру үшін статистикалық мәліметтерді бағалау.
  • Қала өмірінің барлық салаларында end-to-end технологияларын талдау және пайдалану, үлкен деректер мен виртуалды, толықтырылған және аралас шындық технологияларын, жаңа коммуникациялық технологиялар мен заттар интернетін, блокчейн, 3D сканерлеу, ұшқышсыз көліктерді және ақылды роботтар кеңінен қолдануды талдау.
  • Аймақтық және халықаралық бизнес нысандарын анықтау және әлемдік нарық конъюнктурасын болжау үшін қаланың стратегиялық, тактикалық және оперативті жоспарларын, ақылды қала бюджеттерін әзірлеуге арналған статистикалық, салықтық және қаржылық есептерді салыстыру.
  • Әртүрлі деңгейдегі экономикалық жүйелердің қызмет ету заңдылықтарын анықтау үшін сандық және сапалық бақылау деректерін, ғылыми есептерді, құжаттарды өңдеу әдістерін қолдану арқылы қаржылық-экономикалық есептеулер үшін әртүрлі ақпарат көздерін талдау, жүйелеу және пайдалану.
  • Әлеуметтік, этникалық, конфессионалдық және мәдени ерекшеліктерді, мемлекеттің, қаланың тарихи мұрасын қабылдай отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында ұжымды басқару қабілетін көрсету.
  • Заманауи әдістерді қолдана отырып, деректерді тиімді ұйымдастыру, сақтау және өңдеу, негізгі бизнес мәселелерін шешу үшін математикалық әдістер мен деректерді ұсыну модельдері негізінде деректерді өндіруді қолдану.
  • Қала инфрақұрылымын жақсарту, нақты уақыт режимінде технологияларды енгізу арқылы урбандалған аумақты құру арқылы азаматтарға қолайлы қалалар құру үшін жағдайларды іске асыруды жасау.
  • Кеңістіктік және ұлттық экономиканың дамуының негізгі тенденцияларын анықтау және басқарушылық шешімдердің салдарын талдау, облыстың, қаланың коммерциялық, инвестициялық, өнеркәсіптік, экологиялық саясат іс-шараларын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу.
Top