Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02122 Баспа ісі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
  • дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
  • құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
  • ҚР БАҚ туралы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, іскерлік қатынастар этикасын, мәтінді редакциялаудың емлесін, синтаксисін, орфографиясын, материал стилін білу; баспа ісі саласының тарихын, қалыптасу және даму кезеңдері мен аворлық мәтінді редакциялауды, кітап басу ісі жөніндегі нақты білімдерді меңгеру, шығармашылық шеберлік пен редакторлық жұмысты дамыту.
  • ақпарат көздерімен жұмыс істеу принциптерін және ақпарат жинау әдістерін білу (сұхбат, бақылау, мәтіндік, графикалық, бейне, аудио нысандардағы мазмұнмен жұмыс), газет-журнал (теле, радио, интернет) өндірісінің негіздерін білу; баспа ісіндегі мультимедиялық технологиялар бойынша білімін көрсетіп, ақпараттық өнімдерді өндіру, WEB басылымдарға арналған кескіндерді редакциялап, фрагменттеу, Web-сайттар мен Web-басылымдарды жасап, әзірлеуге дағдылану, полиграфия өндірісінің технологиясын меңгеру.
  • редакциялық қызметтің теориясын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын, газет-журнал өндірісінің негіздерін білу; баспа ісінің менеджменті және басқару туралы білім алып, оны іс жүзінде қолдану, редакция жұмысын ұйымдастыруды игеру.
  • ақпараттың қоғамның санасы мен мінез құлқына әсер ету әдістерін, медиаиндустриядағы отандық қазақ мерзімді баспасөзі мен телерадиожурналистикасының тарихы мен технологиясын білу; баспа өнімдерін тарату теориясы мен практикасын, отандық және шетелдік баспа ісіндегі қоғаммен байланыс қатынастары жөніндегі білімін және оларды баспа бизнесінде пайдалану дағдысына көрсету, отандық баспасөз бен телерадиожурналистика тарихы мен медиаөндіріс технологияларын меңгеру.
  • журналистиканың негізгі жанрларын, олардың стилистикалық ерекшеліктерін, оқырмандарды баспа өнімдері мен ақпараттарды сапалы ұсыну бойынша өз қорытындыларын жасауға шақыратын әртүрлі журналистік жанрлардың стилистикасы туралы білу; әдебиет теориясы мен тарихын білу, сапалы баспа өнімдері және ақпараттарды ұсынып, әртүрлі баспасөз және телерадио жанрларында жазуды меңгеру, журналистік жарияланымдар дайындау; баспа ісі мен бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істей білу.
Top