Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11380 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Физика 1
    Несиелер: 4

    Физика 1 - алыс планеталардың қозғалысын, денелердің жерге құлауын, электр тоғын, магниттерді, оқтын ұшу траекториясын, судын ағысын, желдің соғуын, тағы сол сияқты табиғаттың объектілері және процестерің зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика
    Несиелер: 4

    ЖОО-да математиканы білім алушыларға мамандандыру бойынша қолданбалы есептерді шешу, математикалық аппараттың негіздерімен алгебра элементтері, аналитикалық геометрия және математикалық талдау негіздері сияқты пәндерді болашақ инженер мамандары үшін үйретеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік дағдылары
    Несиелер: 5

    «Кәсіпкерлік дағдылары» пәні кәсіпкерліктің теориясы мен практикасын кәсіпкерлік құрылымдардың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастарының жүйесі ретінде зерттеу негізінде кәсіпкерлік іс-қызметтерді жүзеге асырудың тәжірибелік дағдысын игеру. Білім алушыларға кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік шешімін қабылдау, қажетті кәсіпкерлік идея, кәсіпкерлік қасиеттер мен қабілеттіліктер ұғымдары туралы түсініктерді меңгеру. Білім алушыларға кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік шешімін қабылдау, қажетті кәсіпкерлік идея, кәсіпкерлік қасиеттер мен қабілеттіліктер ұғымдары туралы түсініктерді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инженерлік графика және сызба геометриясы
    Несиелер: 3

    Сызба геометрияда кез келген объекттердің ақиқи не абстрактты болсын, жер асты, жер үсті болсын проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі, қарастырылады. Сызба геометрияның әдістері геология мен құрылыста қолданылатын бірталай объекттерді: нүкте не түзумен, жазықтық не беттермен модельдеуге мүмкіншілік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және құқық
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты экономикалық мəселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін, мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика 2
    Несиелер: 4

    Эксперименталды дағдыларды қалыптастыру, аспаптар мен құралдарды пайдалану, өлшеу нәтижелерін өңдеу және эксперименталды деректер негізінде қорытынды жасау. Физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру, анықтамалық және хрестоматиялық әдебиетті, есептеу техникасын пайдалану

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика 2
    Несиелер: 4

    Жоғары математиканың базалық бөлімдері саласындағы Білім және оларды кәсіби қызметте қолдану. Математикалық әдістермен практикалық және теориялық мазмұнның инженерлік-техникалық есептерінің практикалық дағдылары. Мамандық бойынша математикалық есептің әдістері мен аппараттары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жүктану
    Несиелер: 3

    Жүк, орамдар және оларды орналастыру түрлері, жүк қозғалысы түрлері, жүктерді тиеу және түсіру технологиясы, оларды басқару технологиясын сипаты, жүктер түрлерінің жіктелуі, жүк тасымалдаудың мақсаттары мен міндеттері, белгілері және ұйымдастыру қағидалары

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
    Несиелер: 3

    Пəндерді зерттеу нəтижесінде студенттер білу керек: -автокөліктердің бос жүрістерін болдырмау; -тиімсіз тасымалдарды болдырмау; -автокліктерді басымырақ өрістету; -автокөлік паркі құрамын жақсартуды меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік кешендерінің техникалық жобалау нормалары
    Несиелер: 4

    Көлік кешендерінде техникалық пайдалану негіздері көлікпен басқарудың ұйымдық құрылымы, негізгі қызметтері мен алатын орынын қамтамасыз ету болып табылады. Білу және сақтау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік құралдарын лицензиялау және сертификаттау
    Несиелер: 4

    Автомобильдердің белсенді, пассивті, авариядан кейінгі, экологиялық қауіпсіздікке сәйкестігін сертификаттық сынау. Сертификаттау жүйелерінің негізгі принциптерін, халықаралық және ұлттық сертификаттау жүйелерін зерттеу. Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын құру, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді оқып үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік және тиеу-түсіру құралдары
    Несиелер: 5

    Автомобиль көлігінің жүк және мамандандырылған жылжымалы құрамына талдау жасайды. Ол автомобиль көліктерін пайдалану стандарттарының мәні мен қолданылуын, автомобиль көліктері мен тиеу-түсіру құралдарын пайдалану саласындағы талаптарын ашады. Бірлескен және өнімді жұмыс үшін тиеу-түсіру құралдары мен жылжымалы құрам түрлерін таңдау әдістерін қолдану, еңбек өнімділігін және Көлік қызметтерінің сапасын арттыру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көліктің жалпы курсы
    Несиелер: 3

    Көлік түрлерінің әлеуметтік экономикалық дамуына шолу жасау. Көлік түрлерінің сипат-тамасы,басқару құрылымы, Көліктің дамуына қысқаша талдауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік құралдарын сертификаттау
    Несиелер: 4

    Елімізде көлік жүйсеніде көлік құралдары сертификаттауда алатын ролі, ТМД мен алыс шет елдердің көлік құралын белгілену жүйесі.Тежеу принципі.Тежеу жүйелерінің тағайындалуы. Тежеу жүйелерінің құрамды бөліктері. Көлік құралдарын сертификаттаудың жаңаша көрсеткіштерімен оқып меңгере білу және олардың техникалық деңгейінің бағалануын. Эксплуатациялық қасиеттерінің көрсеткіштерін есептеуді оқып үйрену. Көлік құралдарын сертификаттауды игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы
    Несиелер: 4

    Әр түрлі көлік түрлерінің техникалық-пайдалану көрсеткіштерін есептеу дағдыларын қалыптастырады. Көлік түрлерінің өзара қарым қатынасы түсінігі, оның технологиясының және тұжырымдамасының сипаттамасы, көлік түрлерін іріктеу технологиясы, көлік техникасы түрлерінің өзара қарым қатынасының сипаттамасы, көлік мекемелері қарым-қатынасы, көлік түрлерінің қарым қатынасын бағалауы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жол қозғалысындағы көлік заңнамасы
    Несиелер: 5

    Көлік құқығы саласында теориялық білім мен түсінік жүйесін, шаруашылық, тасымалдау және кәсіпкерлік қызметті реттейтін көлік нормаларының ерекшеліктерін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының және халықаралық деңгейдегі көлік заңнамасының негізіне, көлік құқықтық қатынастарының ұғымына, мазмұны мен түрлеріне талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы
    Несиелер: 5

    Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының құрылымы мен теориясының негіздерін, автомобиль көлігінің жіктелуін, негізгі сипаттамалары мен техникалық параметрлерін, автомобильді пайдалану материалдарының қасиеттері мен сапа көрсеткіштерін зерттеу. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық процесін әзірлеу және жүзеге асыру, автокөлікті техникалық бақылауды жүзеге асыру, өндірістік қызметтің тиімділігін бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік құралдарының құрылысы
    Несиелер: 5

    Көлік құралдарының жалпы құрылысы (автомобиль, теміржол, әуе, су, және құбыр).негізгі механизмдер, жүйелер мен олардың тағайындалуы. Көлік құралдарының (автомобиль, теміржол, әуе, су, және құбыр) техникалық сипаттамаларының параметрлері. ТМД өндірісінде көлік құралдарының унификациясы мен стандартизациясы. Көлік құралдарының оқиға себептері, шу, қоршаған ортаны ластау көздері ретінде болуы. Теміржол экипаждары, автомобиль, ұшу аппаратының жалпы құрылысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жол қозғалысы ережелері
    Несиелер: 5

    Халық шаруашылығының автомобилизациясы және қозғалыс қауіпсіздігі. Жол-көлік оқиғаларының статистикасын зерттеу. Табиғи зерттеу әдістемесі. Жол жағдайларын тексеру. Жол қозғалысын зерттеуге арналған Аппаратура. "Жүргізуші-автомобиль жол" кешені құрамының жол пайдалануды қамтамасыз етудегі рөлі. Қозғалыс жағдайларының және геометриялық элементтердің, автомобиль жолдарының қозғалыс қауіпсіздігіне әсері. Жүріс бөлігіндегі қозғалыс жолақтары санының және бөлу жолағының енінің әсері. Көріну қашықтығының әсері. Жол бойындағы белдеуде үйінділер мен кедергілердің құламаларының әсері. Бір деңгейдегі жолдардың қиылысуы мен жанасуы. Қауіпті учаскелерді бағалау әдістері. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу кезектілігі. Жолдардағы қауіпті орындарды жою принциптері. Көшелер мен жолдарды жасанды жарықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлікті пайдалану негіздері
    Несиелер: 4

    Көлікті жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстар тасымалдауға, негізінен алғанда, оның бастапқы және ақырғы операцияларына, жөнелтілетін жүкті қабылдаудың техникалық сипаттамаларын меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көліктік механикалық-техникалық жұмыстар
    Несиелер: 4

    Білім алушылар білімдерін көліктік механикалық-техникалық жұмыстар саласындағы қолданбалы механиканиканы толық меңгереді. Техникалық пайдалану негіздері көлік құралдарын, сигнал беру және байланыс құралдары, жылжымалы құрамның қолданбалы механика бөлімдері бойынша есептерді шешуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік құралдарын пайдалану
    Несиелер: 4

    Көлік құралдарын пайдалану көлік құралдарының құрылғысымен, негізгі тетіктермен, жүйелермен және олардың мақсаттарымен, жабдықтарды құрастыру және орналастырумен, негізгі техникалық сипаттамаларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік құралдарын лицензиялау
    Несиелер: 4

    Лицензиялау заңда қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар" Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ тікелей олармен байланысты терминдер Заңдарда "стандарттау туралы", "қамтамасыз ету" жайлы білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жол шарттары және қозғалыс қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Жол қозғалысы ұйымдастыруының теориялық негіздерімен танысу және жол қозғалысын ұйымдастыруды оңтайландыру мен зерттеу әдістерімен көше бойымен және жолдардан көлік құралдары мен жүру қозғалысын сипаттайтын параметрлермен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен шарттарының теориялық негіздерін оқып үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыған соң студенттер міндетті: түсінігі болуы тиіс: тасымалды басқару үрдісінің анық ұйымдастырылуына байланысты көлік кешенінің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету туралы. Күтілетін нәтиже: көліктік үрдісті ұйымдастыру және басқару әдістерін; өнеркәсіп мекмелерінің өндірістік үрдісін; барлық көлік түрлерінің жұмысын ұйымдастыру техникасы мен технологиясын. Істей алуы керек: біріңғай көлік жүйесі жұмысында анық қарым-қатынасты қамтамасыз ету; тасымалды жедел басқаруды жетілдіру; әртүрлі көлік түрлерін таңдау және пайдалану, республикада бірыңғай көлік жүйесінің қарым-қатынасы бойынша көлік жұмысы көрсеткіштерін бірыңғайландыру жүйесін дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Автоматтандырылған жобалау негіздері
    Несиелер: 5

    Автоматтандырылған жобалау негіздері-графикалық сызба жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, компьютерлік графиканы игеру .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Компьютерлік графика білім алушыларға жобалау-сызу жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ білім алушылардың осы қуатты әрі жетілген программалық грфикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт сілтеу. Күрделі инженерлік сызбаларда бағдарламаларды қолданып машина жасау саласындағы конструкциялық сызбаларды жасауды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көлік құралдары
    Несиелер: 3

    Көлік құралдарының құрылғысымен, негізгі тетіктермен, жүйелермен және олардың мақсаттарымен, жабдықтарды құрастыру және орналастырумен, негізгі техникалық сипаттамалармен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көлік техникасын техникалық пайдалану
    Несиелер: 4

    Көлік техникасын техникалық пайдаланудың негізгі міндеті оны құру кезінде салынған көлік техникасының әлеуетті қасиеттерін іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, техника арналған жұмыстарға шығындарды төмендету болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көлік түрлерінің өзара байланысы
    Несиелер: 3

    Тасымалдауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру қазіргі замандағы техниканың көптеген саласының ғылыми негізін игеру. Студенттердің мамандық пәндер курстарында олардың болашақ инженерлік қызметінде қажет болатын барлық механизмдер мен машиналарды оқып білуін қалыптастыру және іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру Қазіргі заманда техника үздіксіз күрделі де жаңа машиналармен толықтырылуды игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • AutoCAD және автоматтандырылған жобалау жүйесі негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы компьютерлік жобалаудың негізгі принциптерін, компьютерлік графиканың құралдары мен әдістерін, AutoCAD редактор командаларын игереді. Дизайн командаларын сызу, суреттерді өңдеу, AutoCAD бағдарламасындағы примитивдердің қасиеттерін, құрылыс сызбаларын салуды уйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Автокөлік кәсіпорындарының бақылау және көлік жұмысын ұйымдастыру /
    Несиелер: 3

    Автокөлік кәсіпорындарында көлік құралдарының құрылғысымен, өндірістік-технологиялық қызметімен, жүйелермен және олардың мақсаттарымен, жабдықтарды құрастыру және орналастырумен, ұйымдастыру-технологиялық қызметі сипаттамаларымен таныстыралады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Біртұтас көлік жүйесі
    Несиелер: 4

    Нарықтық экономикада көліктің әрбір түрі мен көлік жүйесінің мәнін анықтау бойынша білім алу. Өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруға, көлік жүйесінің өңірлік ерекшелігіне байланысты Бірыңғай көлік жүйесін қалыптастыру қағидаттарын қолдану.Өзара іс-қимыл нысандарын түрлі көлік түрлерін, жалпы заңдылықтары дамыту, техникалық құралдарды пайдалану және әр түрлі көлік түрлерінің ерекшеліктері әр түрлі көлік түрлерінің бірыңғай көлік жүйесі. Істей алу тиіс: бірыңғай көлік жүйесінің анықтау мәнін көліктің әрбір түріне және көлік жүйесінің жалпы алғанда, қолдану принциптері қалыптастырылуын игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Машина жасау технологиясы
    Несиелер: 3

    Машина жасау технологиясының ұтымды технологиялық үдерістерді жасау мен құрастыру әдістерін, дайындаманы алу тәсілін таңдауды, жабдық, аспаптар мен құралдарды таңдап алуды, кесу режимдерін белгілеу және техникалык негізделген уақыт нормаларын анықтауды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Автомобильдердің автоматты жүйелері
    Несиелер: 4

    Автоматтандыру мәселелерін шешу үшін инженер – механиктер автоматты басқару, автоматтандыру және роботтандыру әдістері мен құралдары саласында жеткілікті білім деңгейіне ие болуы қажет. автоматтандыру құралдарын әзірлеу мен енгізудің жалпы қажеттілігі, әсіресе вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде қол еңбегінің салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен және еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігімен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік факторлармен де байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тасымалдауда және қозғалыста қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелер
    Несиелер: 3

    Жол қозғалыс қауіпсіздігін басқарудың мемлекеттік жүйесі; жол қозғалысын басқару жүйесінде кері байланыстардың рөлі, мәні мен түрлері; жол қозғалысы қауіпсіздігінің құрылымды-функциональды моделі және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерінің түрлері мен сипаттамалары; жол қозғалысын басқару жүйесінде әлеуметтік үдерістері; жол қозғалысы мен оның қауіпсіздігінің сапасы; басқару үдерісіне тең ықпалы қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүк тасымалдау технологиясы және қауіпсіздігі
    Несиелер: 4

    Көлік жүк жүйелері туралы түсінік. Көлік-жүк жүйелері жайлы сипаттама. Негізгі түсініктер.Көлік-жүк жүйесінің таралы-даналы жүктер. Көлік-жүк жүйелері орман жүктердітасымалдау үшін. Көлік-жүк жүйелері үшін құймалы жүктерді қарастыру. Жобалау негіздері көлік-жүк жүйелері. Жүк тасымалдаудың жалпы принциптері пайдалану жұмысын қолдану негізінде алдыңғы қатарлы техникасы мен технологиясын, жұмыстың жекелеген темір бөлімшелерін қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
    Несиелер: 3

    Автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымы объектілері мен көлік құралдарының әр түрлі санаттары үшін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талап және тиімділікті қамтамасыз ету мәселелері. Көлік инфрақұрылымы объектілерінде пайдаланылатын көлік және инженерлік-техникалық құралдары қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері .

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Студенттердің жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру және басқару негіздерін игеруі,студенттердің жүк және коммерциялық жүктерді орындау бойынша жұмысты ұйымдастыра білу, Ақпараттық технологиялар мен математикалық әдістерді қолдану, жүктерді тасымалдау және тасымалдау коммерциялық жұмысты ұйымдастыруды білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндіріс менеджменті
    Несиелер: 5

    Өндірістегі менеджментті ұйымдастыру шарттарын, модельдерді басқару, өндірісті, желілік кестелерде және матрицалық процестерді жоспарлауды меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көліктік логистикада кластерлік жүйені дамыту
    Несиелер: 5

    Көлік логистикасында кластерлік жүйені дамыту. Өндірістік үдерістердің логистикасы Көлік логистикасы саласына қолданылатын материалды ағындарды жобалау және "толассыз" басқару принциптерін зерттеу, көліктік қамтамасыз ету және көлікті басқару жүйесі саласындағы білім, көліктің мамандандырылған және дәстүрлі емес түрлері туралы, көлікті таңдау принциптері мен әдістері туралы білім.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автоматтандырылған басқару жүйесі
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында білім алушылар автоматтандырылған басқару жүйелерді жобалау әдістерімен, жобалаудың заманауи әдістері мен маршруттарымен, жобалау үдерісін автоматтандыру құралдары мен тәсілдері, жаңа бағдарламалық өнімдерді, заманауи модельдеу әдістерін пайдаланып микроэлектрондық компоненттер мен құралдарды шығарудың типтік базалық технологиялық үдерістерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көлікпен тасымалдауды ұйымдастырудың қазіргі уақыттағы мәселелері
    Несиелер: 3

    Білім алушылар көлік ағындарының сипаттамаларын зерттеудің қазіргі тәсілдері, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен ұйымдастырылуы туралы теориялық білім жүйесін қалыптастыру, кешенді көлік сұлбаларын жоспарлау, қазіргі заманға сай көліктік жоспарлау және имитациялық үлгілеу жүйелерінің жалпы түсінігін қалыптастыру, көлік қызметтерінің сапасын арттыруға кешенді көзқарас, темір жолдардың автомобиль көлігімен өзара іс-қимылы, станциялардың, автокәсіпорындардың және жүктерді шығару-әкелу бойынша экспедиторлық компаниялардың уақытша жұмыс режимдерін келісу, темір жолдардың су көлігімен өзара іс-қимылы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар көлік құралдарына қойылатын талаптарды білуі қажет, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі бағыттары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарын,есеп айырысу және есеп айырысу -эксперементальды әдістері негізгі көрсеткіштерін анықтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жолаушы тасымалдау технологиясы
    Несиелер: 5

    Жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалдарының сипаттамаларымен тасымалды ұйымдастыру негіздері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көлікті пайдалану және тасымалдау
    Несиелер: 3

    Салалық көрсеткіштер бойынша қалалық, қала маңындағы, қалааралық, ауылдық және халықаралық бағыттар бойынша коммерциялық және жолаушылар тасымалдарын тасымалдау технологиясын зерттеу. Тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар ағынын, жолаушылар айналымын зерделеу, облыстағы автокөлік кәсіпорындарының қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар тасымалдау процесінің тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер, жолаушылар ағынын зерделеуді ұйымдастыру және әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндірістегі менеджментті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті - өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін, олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу; кәсіпорынның еңбек, шикізат материал ресурстары, энергияның шығындарын ең аз қылып; жабдықтарды толық пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүк тасымалы
    Несиелер: 4

    Жүк тасымалының проблемаларын, олардың жылжымалы құрамын және жолаушылар ағынын есептеп, тасымалдаудың тиімді жолдарын анықтай білу. Жүк тасымалдау үрдісін басқару ; жұмыстың озық әдістерін қолдана отырып, көлік обьектілерінің озық жұмыс технологиясын құрастыра білуге; көлік обьектілерінің қызметін талдау негізінде көлік құралдарын тиімді қолдануды ескеру. Жүктасымалдаудың маңыздылығы, тиімділігін және оның негізгі көрсеткіштерінің мәнін білу және жүк тасымалын толық меңгеру. Жүк тасымалдау жұмыстарын игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көліктегі идентификациялау және бақылау жүйелері
    Несиелер: 4

    автокөлікті бақылау жүйесі, автоматты ақпараттық жүйесі және GPS-навигаторлар ақпараттарын пайдалана отырып, автокөліктің агенттік модельдерінің параметрлерін сәйкестендіру әдістері, көлік ағыны туралы ақпарат алу үшін GPS-навигаторлар деректерін пайдалану, көлікке бақылау жүйелерін таңдау, таңбалау және сәйкестендіру жүйелерін таңдау, сондай-ақ электрондық деректер алмасу технологиясы, таңбалау, байланыссыз сәйкестендіру технологиясы, EANUCC халықаралық автоматты сәйкестендіру жүйесі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Темір жол көліктерімен қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Жүктерді тасымалдаудағы көліктік бақылау және оны дамытуды анықтайтын факторлар, көлік жүйесінің құрылымдық-қызметтік сипаттамасы және оның ерекшеліктері, жүк тасымалдаудағы автомобиль көлігі, оның ерекшеліктері мен негізгі көрсеткіштер . Алыс және жергілікті қатынаста жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда кәсіби білім алу. Жолаушылар және қала маңындағы поездардың қозғалыс кестелерін құру және олардың айналымы, жолаушылар тасымалын техникалық және технологиялық қамтамасыз ету негіздерін білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тиеп-тасымалдау машиналарын техникалық пайдалану негіздері
    Несиелер: 3

    Көліктің конструктивтік ерекшеліктерін, пайдалану шарттарын және көлік пен оның агрегаттарына қойылатын талаптарды, көліктің техникалық жағдайын диагностикалау тәсілдерін, көлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету технологиясын, көліктің өмірлік циклін, бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Темір жол көлігінде халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Ресурстардың жалпы шығындарын мейлінше төмендету мақсатында берілген үрдістер шегінде орындалатын операцияларды, рәсімдер мен қызметтерді біріктіру мен үйлестіру негізінде материалдық ағымдарды басқарудың нақты ғылыми ұғымдары мен дағдыларын қалыптастыру, жүктер мен жолаушыларды жеткізу әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тиеу түсіру жұмыстарының технологиясы
    Несиелер: 5

    Тиеу-түсіру жұмыстары және жүктерді орналастыру негіздерін қалыптастыруы жылжымалы құрамды, сонымен қатар жүкті тиеу мен сақтау тәсілдерін тереңінен зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Су көлігімен тасымалдау технологиясы
    Несиелер: 5

    Су көлігімен тасымалдау технологиясын ұйымдастырудың жетілдіру саласында техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық шараларға экономикалық бағасын дұрыс беруді үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жол қозғалысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары сипатталған. Жол белгілері мен белгілеулерді пайдалану дағдыларын қалыптастырады, көлік құралдарының қозғалысы кезінде қауіптердің туындауын қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көлік құралдарын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету
    Несиелер: 3

    Пәнді оқу барысында білім алушылар автокөлік құралдарын техникалық пайдалану негіздері, жөндеу және техникалық қызмет көрсету түрлері, автомобильдерді диагностикалау туралы білім алу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көлікті пайдаланудың кешенді теориясы
    Несиелер: 3

    Білім алушыларды автомобильдерді техникалық пайдалануды ұйымдастырумен, автомобильдің (торап, механизм, жүйе) техникалық жай-күйінің өзгеру заңдылықтарымен таныстыру және соның негізінде автомобильдерді жарамды күйде ұстауға бағытталған әдістер мен құралдарды оқу, яғни олардың жұмысқа қабілеттілігін басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Темір жол көлігіндегі пайдалану жұмысын басқару
    Несиелер: 5

    Білім алушылар темір жолдардағы тасымалдау процесін басқарудың жалпы қағидаларымен, темір жол желісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін және оған кіретін бөлімшелерді қолдануды есепке ала отырып, жекелеген темір жол бөлімшелерінің жұмысымен, темір жол станциялары мен тораптарының өндірістік процестерін оңтайландыру бойынша теориялық негіздермен, вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесімен, поездар қозғалысының графигін құрумен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көліктік-логистикалық кешендер жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Көліктік-логистикалық кешендер жұмысын ұйымдастыру пәні логистикалық жұмыстарды практикалық іске асыру мәселелерін, кәсіпорында логистикалық қызметті ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Интеллектуалды көлік жүйелерін қолдана отырып бар мәліметтер негізінде тасымалдау құнын есептеуді үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Көліктерге техникалық қызмет көрсету станцияларының жіктелуін зерттеу, техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру, техникалық қызмет көрсету станцияларын жобалаудың негізгі талаптары мен принциптері, ТЖҚ функционалдық-технологиялық құрылымы және оның өндірістік қызметінің мазмұны.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көлікті пайдалануда және тасымалдауда инновациялық технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Инновациялық технологияларды қолдану және оның Көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың рөлі көлікті пайдалану және жүктерді тасымалдау кезінде жұмыс сапасын арттыру тәсілдерін меңгеру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Автокөліктегі технологиялық жабдықтарды қолдану
    Несиелер: 5

    Автокөлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін есепке алу мен бақылауды ұйымдастыруды талдайды. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткізу қағидалары мен тәртібін айқындайтын жаңа нормативтік құжаттарды қолдану білігін дамытады. Пән ТМД елдерінде және шетелде автомобильдердің техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастырудың механизмін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көліктік-логистикалық жүйелердің сапасын арттыру әдістері
    Несиелер: 5

    Логистикалық жүйелерді бағалаудың қазіргі критерийлері мен әдістерін, көліктік қызмет көрсету және оның сапасын көлік ағындарын басқару жүйесін, көлік қызметінің логистикалық аспектілерін, жүк тасымалдау сапасының негізгі параметрлерін, логистикадағы теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жолаушы тасымалдау және оны ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Жолаушылар тасымалдаудағы жалпы ұйымдастыру принциптері; техникалық құралдар ұйымдастыру үшін жолаушылар тасымалдаудың негізгі принциптері; көліктік құқық, жолаушылар тасымалдау және басқарудың тарифтерін құру құрылымын ұйымдастыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Техникалық жүйелерді басқару
    Несиелер: 5

    Автокөлік логистикасында техникалық жүйелері мен олардың техникалық бағдарын есепке алу мен бақылауды ұйымдастыруды басқарады. Көлік құралдарының техникалық жүйелерін басқару қағидалары мен тәртібін айқындайтын жаңа нормативтік құжаттарды қолдану білігін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Автомобиль көлігі логистикасы
    Несиелер: 5

    Пән материалдық ағындарды басқарудың теориялық мәселелері туралы түсініктерді қалыптастырады және логистикалық жүйелер құрамындағы тиімді жеткізу ішкі жүйелерін негіздеудің практикалық дағдыларын алады. Көліктік логистиканың негізгі ұғымдары мен мәнін, көліктік жүйелерді логистикалық талдау және оңтайландыру қағидаттары мен әдістерін зерделеуді, көліктік логистиканың теориясы мен әдіснамасын практикалық қолдануды қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көліктік сервис нысандарының жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Көліктік сервис түсінігі, оның тұжырымдамасының сипаттамасы, көліктік сервис нысандарының өзара байланысы, көліктік сервис нысандарының жұмысы мен операциялары, қосалқы бөлшектердің материалдық ағындар түрлерінің жіктелуі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Автокөліктегі көліктік-барлауды қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Білім алушылар автокөліктегі көліктік тексеріс, барлау, бағалау қағидалары бойынша қызмет көрсету сапаларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Көліктегі ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 5

    Мамандық бойынша білім алушылар ақпараттық жүйелер, оның ішінде модельдеу, әзірлеу құралдарының ролі, талаптарды басқару процестерді толықтай игеруі. Талаптардың классификациясы жүргізіледі, қасиеттері талданылады, прототиптері, модельдері, әзірлеу құралдардың рольдері, талаптарды басқару процесі, талаптармен жұмыс істеу процесін жетілдіру. Білім алушыларға көліктік тасымалдау саласында ақпараттық жүйелермен танысу, оқу және тәжірибеде қолдана білуін үйрету және дағдылау. Көліктегі ақпараттық жүйелерді оқып игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Көлік логистикасы
    Несиелер: 5

    «Көлік логистикасы» пәнінің мақсаты қойма ішіндегі үрдістерді үйлесімді ұйымдастыру, қойма ішілік үрдістерді қойманы қоршаған экономикалық ортада болып жатқан үрдістермен техникалық, технологиялық және жоспарлы ұйымдық үйлестіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қалаларды көліктік жоспарлау
    Несиелер: 5

    Қалалардағы көліктік жоспарлау көлік техникасын пайдаланудағы техникалық баптау жасау және жөндеу жұмыстарына қолданатын құрал-жабдықтарды жоспарлау болып табылады. Көлік құралдарының қауіпсіздігі бойынша негiзгi бiлiмді алуға қызмет етедi. Автомобильдердің конструктивтік қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін көлік құралдары қасиетінің классификациясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Дүниетанымды қалыптастыру үшін философиялық, тарихи білімдер негіздерін пайдалана алады. Құжаттармен жұмыс істеуге және еркін сөйлеу үшін тілдерді ауызша және жазбаша қолдану, әлеуметтік және этикалық коммуникативтік тәсілдерді меңгереді.

  • Код ON2

    Физика теориясының, заманауи және классикалық заңдардың, физикалық үдерістер мен құбылыстар негіздерінің ғылым мен экономикадағы үлесін, математика және физиканың қазіргі өмірдегі атқаратын рөлін біледі

  • Код ON3

    Өзінің қызметтік міндеттерін орындауда практика жүзінде алынған теориялық және әдістемелік білімін қолдана алады, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалай алады, көлік мекемелерінде техникалық эксперименттер жүргізе алады. Жолаушылар тасымалын басқару, жол қозғалысын бақылау дағдылары, көлік қауіпсіздігін бағалау және тасымалдауды ұйымдастырудың көптеген басқа аспектілері туралы білімі қалыптасады.

  • Код ON4

    Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.

  • Код ON5

    Көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік түрлерін пайдалану үдерісіне қатысушылардың қызметтеріне сыни талдаулар жасауға қабілетті, тасымалдау үдерісін жақсарту мақсатында өз әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс атқара алады.Өндірістік қатынастар мен басқару принциптерінің негіздерін игереді.

  • Код ON6

    Тасымалдауды ұйымдастыру кезінде заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, пайдаланудың технологиялық процестерін жетілдіру бойынша қажетті ақпаратты, техникалық деректерді, жүк жəне оны тасымал жұмысын ұйымдастыруда прогресстік технологияны игере алады. Көлік құралдарын техникалық пайдаланудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерін жақсарту жолдарын меңгереді.

  • Код ON7

    Инновациялық технологияларды қолдана отырып өзінің кәсіби қызметінде өз бетінше керекті жағдайларды жасай алады. Қиыншылық туғызатын мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таба алады (кәсіби қызметінде,ғылымда), мамандығы бойынша мәліметтерді салыстыруды, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды өз бетінше жүргізе алады.

  • Код ON8

    Күтілетін нәтижелер мен мақсатқа жетуді қамтамасыз ету жобаларын жоспарлайды, жасайды және басқарады. Өзінің кәсіби қызметінде қолдануға керекті тиімді заманауи ақпараттық құралдарын қолдана алатын ақпаратпен, зертеулер нәтижесін өңдеу мен талдауды тиімді бағалауды жүргізе алады.

Top