Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01518 география в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 5

    Жаратылыстану ғылымы–әлемнің ғылыми бейнесі. Әлемді тану философиясы. Таным формалдары. Әлемнің географиялық, биологиялық, физикалық, химиялық, математикалық бейнелері. Әлемді зерттеу әдістері. Жердің даму заңдылықтары. Әлемді зерттеу тарихы, кезеңдері. Жаратылыстанушы ғалымдар.Жаратылыстану бағытындағы ғылыми еңбертер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Топография геодезия негіздерімен
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты, міндеті, зерттеу нысаны мен әдістері қарастырылады. Курсы мазмұны үш бөлімнен тұрады: кіріспе мәлімет, топографиялық карталар мен пландар, топографиялық түсірілмдер. Топографиялық картаны құрастыру әдісі. Геодезия- жердің пішінін, көлемін зерттейтін ғылым. Жер бетінің өзгерістерін зерттеу, өлшеу әдістері. Мұхиттар мен материктердің жағалаулық сызықтарының өзгерістерін зерттеу әдістері./

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы педагогика, психология, денешынықтыру, дефектология сияқты пәндерді оқу үшін базалық курс болып есептеледі және педагогикалық бағыттағы бакалавриатқа арналады. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы пәні бойынша алған білімдері мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісінде қажет, себебі, қазіргі педагогика осыны меңзейді және қазіргі уақыт балалардың денсаулығын сақтау мәселесін шешуді талап етеді. Балалар организмінің өсуі мен дамуының заңдылықтары және жасына сәйкес физиологиялық ерекшеліктерін түсіну олардың ойлауы, есте сақтауы, зейіні, ерік күші сияқты психофизикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуына көмектеседі, бұл интеллектуалды дамыған және дені сау тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 5

    Жалпы жер тану –географиялық білім негізі ретінде. Географиялық ғылымдар жүйесіндегі жертану ғылымының орны. Жалпы жертану ғылымының даму тарихы. Жердің географиялық қабығы. Географиялық қабықтың негізгі құрама бөліктері. Ландшафтық орта. Олардың шекаралары. Атмосыералық қабық. Гидросфера. Литеросфера. Озон қабығы

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Картография топография негіздерімен
    Несиелер: 6

    Картография ғылымы, зерттеу нысаны, пәні, негізгі міндеттері. Картография ғылымының қалыптасу тарихы. Карта туралы түсінік. Карта түрлері. Карталардың шығу тарихы. Географиялық картаның негізгі шартты белгілері, тілі. Глобус. Картографиялық проекция. Топографиялық карта. Карта құрастыру және редакциялау әдістері. Математикалық есептеулер. Масштаб.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Палеогеография
    Несиелер: 4

    Палеогеография ғылымына түсінік. Палеогеография ғылымының географиялық ғылымдар жүйесіндегі орны. Палеогеография ғылымының тарихы даму кезеңдері, зерттеу нысаны, әдістері,салалары. Физикалық-географиялық орта ға сипаттама. Физикалық географиялық орта өзгерістерінің динамикасы, оған әсерт етуші факторлар. Тектоникалық қозғалыстар, түрлері. Жердің геологиялық даму тарихы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика және өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: негізгі экономикалық категорияларымен қазіргі экономиканың негіздерін зерттеу, адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу қазіргі экономикалық жүйенің жұмыс істеу заңдылықтары мен тетіктері, салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геология
    Несиелер: 4

    Геология ғылымы туралы түісінік. Геология және оның оның дамуы. Жер және жер қыртысының геологиялық даму тарихындағы болған өзгерістердің геохронологиялық кестесі. Стратиграфиялық кесте туралы түсінік. Геологиялық карталар мен қималарда бейнелер арқылы анықтау тәсілдері. Тау жыныстары мен олардың түрлері, минералдар туралы түсінікті, олардың көрініс беру ерекшеліктеріне талдау жасай білу дағдыларын, халық шаруашылығындағы маңызын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тұрақты даму, кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру; студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс студенттердің ойлауын экологияландыруға, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, БиоСфера компоненттерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын, адам қызметінің салдарын, әсіресе табиғатты жедел пайдалану контекстінде, қоғам мен биосфера арасындағы қарым-қатынастың практикалық мәселелерін білуге бағытталған; курс кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық және инновацияларды қабылдау
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаттары: ұжымдағы және ұйымдағы адамның тиімді көшбасшылығының теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, инновациялық қызметпен байланысты құзіреттіліктерді қалыптастыру. Курсты меңгеру барысында студенттер Көшбасшылық теориясы мен практикасы туралы білімдерге, оларды болашақ кәсіби қызметінде табысты қолдану дағдыларына ие болады, инновациялық үдерістердің даму заңдылықтарын және инновациялық қызметтің теориялық негіздерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Орта білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Студенттердің кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттің теориясы мен практикасын меңгеру. Студенттерде педагогикалық бағытты қалыптастыру өзінің кәсіби қызметін жүйелі түрде көру және қазіргі заманғы мұғалімнің бейнесі/

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гидрология
    Несиелер: 5

    Гидрология ғылымы, зерттеу пәні, негізгі міндеттері. Гидрология ғылымының салалары. Зерттеу әдістері. Ғылымның қалыптасу тарихы. Су көздерінің түрлері: өзендер, көлдер, теңіздер. Гидрометрия. Гидрометриялық зерттеулерді ұйымдастыру ережелері. Гидрологиялық заңдылықтар. Гидрологиялық болжамдар. Гидрологиялық есептеулер. Су көздерін бақылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Топырақ географиясы
    Несиелер: 5

    Топырақ географиясы курсының мақсаты, міндеттері. Топырақ географиясы ғылымының тарихы. Топырақтың зона бойынша таралу заңдылықтары. Топырақтың түзілуі. Топырақтың механикалық құрылымы. Топырақ экологиясы. Топыраққа әсер етуші факторлар. Топырақтың қасиеттері. Топырақты қорғаудың маңызы мен мақсаты

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биоалуантүрлілікті бағалауда биогеографиялық әдістерді пайдалану
    Несиелер: 6

    Биологиялық әртүрлілік туралы жалпы түсінік. Экологиялық мониторинг жүйелері, соның ішінде биоәртүрлілік, биоәртүрлілікті сақтау жолдары туралы түсінік. Түрлердің әртүрлілігін бағалау әдістері. Биоалуантүрліліктің өзекті мәселелері. Табиғаттағы биоәртүрлілік деңгейлері. Биоалуантүрлілікті жіктеу. Биоәртүрлілікті бағалау тәсілдері. Биоалуантүрлілік индексі. Биоәртүрліліктің аумақтық дифференциациясының факторлары. Биологиялық индикаторлардың түрлері және жергілікті жердің индикаторлық түрлерінің белгілері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құрлық гидрологиясы
    Несиелер: 5

    Құрлық гидрологиясының физикалық және химиялық қасиеттерін, өзендердің, көлдер мен су қоймаларының гидрологиясындағы негізгі жіктелуді; су объектілерінің гидрологиялық режимінің басты заңдылықтарын, құрлықтағы судың шығындары мен деңгейін, ағу жылдамдығы мен тереңдігін өлшеу әдістерінің мәнін анықтауды меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның ландшафт географиясы
    Несиелер: 6

    Қазақстанның географиялық ландшафтарымен, принциптерімен және зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Қазақстан ландшафтасының қалыптасу ерекшеліктер. Қазақстан ландшафтасының типтері. Қазақстан ландшафтасының өзгерістеріне әсер етуші факторлар. Қазақстан ландшафтасының картасы. Қазақстан ландшафтасының экологиялық проблемалары. Қазақстан ландшафтасын қорғау шаралары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Топырақтану негіздері
    Несиелер: 5

    Топырақтану ғылымы туралы түсінік. Топырақтану ғылымының негізін салушы В.В.Докучаев. Топырақ генезисі. Топырақ түрлері: сазды топырақ, шымды топырақ, қумайт топырақ, олардың қалыптасу шарттары, сипаттамалары. Топырақтың құрамы: минералдық, химиялық. Топырақты өңдеу технологиясы: ауыспалы айналым жүйесі, егін егу жүйесі. Топырақтың механикалық сипаттамасы. Агрономиялық заңдылықтар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Ерекше және арнаулы қажеттілігі бар балаларға арналған білім беру теориясы мен практикасының іргелі мәселелері саласындағы білімдер, ерекше балалардың білім алуын ұйымдастыру, бағалау бойынша құжаттаманы. сондай-ақ құқықтық және нормативтік құжаттаманы біледі

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Менеджмент туралы түсінік, оның білім беру үдерісіндегі орны мен рөлі. Педагогикалық үдеріс басқару нысаны ретінде. Педагогикалық менеджменттің әдістнамалық негіздері. Педагогикалық менеджменттінің негізгі принциптері. Педагогикалық менеджмент функциялары. Қазіргі мектепті басқарудың негізгі ерекшеліктері, бағытары

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геоморфология
    Несиелер: 5

    Геоморфология ғылымының анықтамасы, зерттеу нысаны, әдістері. Қалыптасу тарихы. Құрылымы. Жер бедерінің эволюциялық даму заңдылықтары. Жердің геоморфологиялық ерекшеліктерін зерттеудің әдістері: тарихи-генетикалық, морфогенетикалық, морфометриялық, картографиялық, аэроғарыштық, эксперименттік,зертханалық және т.б. Тау жыныстарының түрлері, жіктемесі

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географиялық қабық
    Несиелер: 6

    Географиялық қабық туралы түсінік. Жердің географиялық қабықтары: анықтамасы, құрамы, құрылымы, көлемі, шекарасы. Географиялық қабықтың қасиеті мен тұтастылығы. Атмосфера қабығы. Гидросфера қабығы. Литосфера қабығы. Химиялық құрамы. Географиялық қабықтардың қалыптасу тарихы., даму кезеңдері, айырмашылықтары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ландшафтану
    Несиелер: 6

    Ландшафтану ғылымы туралы түсінік. Табиғи кешендер. Ландшафтанудың ережелері. Ландшафт туралы түсінік. Ландшафтардың қасиеттері. Ландшафт түрлері. Ландшафтардың жер беріне сәйкес жіктелуі: Жазық аймақтағы ландшафтар, таулы аймақ ландшафтары. Ландшафт өнімділігі. Ландшафт өнімділігін экологиялық бағалау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Физикалық географияның зерттеу нысаны, пәні, негізгі міндеттері. ҚР географиялық орны. Жер көлемі. Шеткі нүктелері. Тектоникалық-геологиялық құрылымы. Шекаралары, жер бедері, гидрографиясы, орографиясы. Табиғи ландшафтары, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Климаты. Экологиялық проблемалары

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Материктердің физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Материктер: Евразия материгі, С.Америка, О.Америка, Африка, Австралия, Антарактида. Олардың қалыптастыру кезеңдерінің сипаттамасы. Олардың жер бедері мен климаттық жағдайға сəйкес таралу заңдылығы. Географиялық орындары, жер көлемі. Табиғатының жалпы ерекшеліктері. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, топырағы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географиялық ақпарат көздері
    Несиелер: 6

    Географиялық ақпарат туралы түсінік. Географиялық ақпарат көздерінің алуан түрлілігі. Географиялық ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар: ақпараттың жаңашылдығы, нақты бағыттылығы, динамикалғы, алынған ақпараттың зерттеу тақырыбына сәйкестігі, демек, қойылған мақсат, ақпараттың объективтілігі (сенімділігі), тексерілуі. Карталар.Топонимикалық атаулар. Ғылыми әдебиеттер. Статистикалық материалдар. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері. Фенологиялық бақылаулар. Геоақпараттық жүйелер. Далалық зерттеулер/

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Метеорология және климатология
    Несиелер: 5

    Атмосферада болып жатқан негізгі құбылыстар мен процестердің мәнін, атмосфераның құрамы мен құрылысын; ауа райын және ауа райын анықтайтын физикалық процестерді біледі және табиғатты пайдалану саласында климаттың шектеуші факторларының экожүйеге әсерін бағалауды, климаттық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын, алғашқы метеорологиялық ақпаратты өңдеу және талдауды меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Атмосфера физикасы
    Несиелер: 5

    Жердің ауа қабығы туралы жалпы мәлімет. Атмосфералық ауа құрамы. Ауаның жерге жақын қабытының құрамы. Ауаның жерден қашық бөлігінің құрамы. Ауа ылғалдылығы. Ауа температурасы. Ауа қабатарының бөліну принциптері. Атмосфералық озон. Ауа тепе теңдігі жағайындағы күш. Барометрлік қысым. Атмосфера термодинамикасы. Атмосфераның радиациялық режимі. Ауадағы жылу режимі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
    Несиелер: 5

    Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы курысының мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні, әдістері. Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясының өзекті проблемалары. Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы курсының даму тарихы. Әлеуметтік-экономикалық географияның жаңа бағыттары. Әлеуметтік-экономикалық аудандастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Критериалды бағалаудың дәстүрлі бағалаудан айырмашылығы. Білім беруге критериалды бағалауды енгізу қажеттілігі. Тәжірибеде критериалды бағалау әдістері. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сыни талдау, критериалды бағалау құралдарымен білім деңгейін анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географиялық зерттеулердің әдістемесі және тәсілдері
    Несиелер: 6

    Географиядағы зерттеу жұмыстарының әдістері-бақылау, вивисекция, эксперимент, географиялық тест әдісі, геобиохимиялық әдістерін меңгеріп, география пәнінен белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде ғылыми әдістерді және ережелерді қолдануға дайын болады. Географиялық зерттеу әдістері: картаға түсіру, бақылау, әуе түсірулері, физикалық географиялық зерттеу әдістері және т.б

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географиядағы ғылыми таным әдістемесі
    Несиелер: 6

    Ғылым теориясы мен әдіснамасы. География ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. География құрылымы және оның ғылым жүйесіндегі орны. Географиялық таным негізі. Ғылыми зерттеу әдістерін жіктеу: бақылау әдісі, картографиялық әдіс, статистикалық әдіс, аудандастыру әдісі, географиялық болжау әдісі. Географиялық ашылулар. Географиялық зерттеу объектісін жүйелеу және жіктеу. Географияның ғылыми тілі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Minor Қызылорда облысы туризмінің биологиялық ресурстары
    Несиелер: 5

    Туризм түрлері. Туризм факторлары. Туризмнің биологиялық ресурстары: өсімдіктер, жануарлар дүиесі. Қызылорда облысы туризмнің биологиялық ресурстарын бағалау әдістері мен тәсілдері.. Қызылорда облысы туризмінің биологиялық ресурстары: биологиялық ресурс түрлері, өсмдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі. Табиғи кешендері. Қызылорда облысын биологиялық ресурстар бойынша жіктеу. Қызылорда облысы туризмінің биологиялық ресурстарын қорғау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Minor Гид-экскурсовод
    Несиелер: 5

    Табиғатқа экскурсиялардың түрлері, мазмұны және олардың құрылымы. Өндіріс орындарына танымжорық мазмұны. Экскурсияны ұйымдастыру және өткізу кезеңдері. Экскурсия кезінде білім алушылардың бақылаулары мен практикалық жұмыстарының негізгі түрлері. Экскурсия тақырыбын анықтау және жоспарлау. Экологиялық соқпақ-оқу-тәрбие процесінің бір түрі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан ландшафтасының экологиялық күйін бағалау
    Несиелер: 5

    Қазақстанның географиялық ландшафтарымен, принциптерімен таныстыру. Қазақстан ландшафтасының типтері. Қазақстан ландшафтасының экологиялық жағдайын бағалау әдістері. Қазақстан ландшафтасының өзгерістеріне әсер етуші факторлар. Қазақстан ландшафтасының картасы. Қазақстан ландшафтасының экологиялық проблемалары. Қазақстан ландшафтасын қорғау шаралары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аз комплектілі мектептерде географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Аз комплектілі мектептердегі білім беруді ұйымдастырудың негізгі нормативтік құжаттарын, базалық географиялық білім беру ұйымының мазмұны мен құрылымын, оқытудың жаңа технологияларының негізгі принциптерін, шағын комплектілі мектептегі білімді бақылау жүйесін біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
    Несиелер: 3

    ҚР инновациялық білім беру: тәуекелдер мен перспективалар. Қазіргі білім беру үрдістері. Оқу нәтижесіне негізделген оқу дизайнының моделі (Instructional Design). Сабақты ұйымдастыру дизайны. Білім беру мазмұнының, құрылымының дизайны. Эргономикалық талаптар. Онлайн курстар дизайны. Оқыту құралдарының дизайны. Оқу бөлмелерінің дизайны.Сабақ кестесінің үйлесімділігі

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңартылған мазмұндағы география курсын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Жаңартылған білім беру бағдарламасын оқу барысында білім алушылар оқу қағидаттары мен табысты оқытушыға қажетті әдіс-тәсілдер мен дағдыларды, тәжірибе жүзінде сынап көрген тәсілдер туралы ойлануына және меңгерген білім мен ақпарат негізінде тиімді жоспарлау тәсілдерін меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттер мектептерде географияны оқытудың тарихы, әдістері, құралдары, оқушыларды бағалаудың тәсілдері, география пәні бойынша оқу тәрбие үдерісінің ерекшеліктері жөніндегі түсініктерді меңгереді. Білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен танысады. Сыныптан тыс оқыту формаларымен танысады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Әлемдік мұхиттар. Мұхиттар гидросфераның бір құрама бөлігі ретінде. Тынық мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Атлант мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Үнді мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Солтүстік мұзды мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Мұхиттардың зерттелуі, игерілуі./

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географиядағы сыныптан, мектептен тыс жұмыстар
    Несиелер: 5

    Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыс түрлері. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстың оқу үдерісіндегі орны. Сыныптан және мектептен жұмыс түрлерінің формалдары: жалпы, жеке. Географиялық алаң. Географиялық танымжорық, географиялық кеш, географиялық мереке. Географиялық зерттеу жұмыстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физика-географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Физгеографиялық зерттеу нысаны, пәні. Табиғи аймақтар кешенді зерттеу нысаны ретінде. Табиғи аймақ кешендерін кеңістектегі құрылымын зерттеу. Табиғи аймақтарды зерттеудің дайындық кезеңі. Далалық зерттеу жұмысының мазмұны. Материалдарды камералдық өңдеу. Табиғи аймақ кешендердің жұмыс істеуі мен эволюциясын зерттеу. Ландшафтық-геохимиялық зерттеулер. Ландшафтық-геофизикалық зерттеулер. Кешенді физика-географиялық стационарлық зерттеулер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Конструктивті оқыту технологиясының теориялық негіздерін; конструктивті оқытудың жеті модулін; жеті модуль мәтінінде үшінші деңгей бағдарламасының теориялық негіздерін; оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті практикалық дайындықты игеріп, оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға; конструктивті оқытуға негізделген география пәні сабақтарын ұйымдастыруды меңгереді/

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географияны оқытудағы сандық білім беру рессурстары
    Несиелер: 5

    География сабағында және сабақтан тыс жұмыстарда сандық білім беру ресурстарын қолданудың өзектілігі. Сандық білім беру ресурстары туралы жалпы түсінік. Сандық білім беру ресурстарын жіктеу. Географиялық білім беру үдерісі және сандық білім беру құралдары. Оларды сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану. Карталардың электронды түрлері. Аталстардың электронды формалары. Оларды оқу үдерісінде қолдану эргономикасы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықтар географиясы
    Несиелер: 5

    Халықтар географиясы курсының зерттеу пәні, мақсаты. Жер шары халықтарының нәсілдік, діни құрамы,демографиялық саясат. Ұлттық құрамы. Халық саны, оның өзгеру себептері, халықтың құрамы мен құрылымы, олардың орналасу ерекшелігін, география ғылымының жер беті тұрғындарының әлеуметтік жағдайын зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Minor Мектепте географиялық-биологиялық мұражай ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Географиялық –биологиялық мұражайды мектепте ұйымдастырудың өзектілігі. Ботаника, зоология, жалпы биология бойынша биологиялық экспонаттарды дайындау тәсілдері және оларды сақтауға қойылатын талаптар. Географиялық –биологиялық мұражай экспонаттарын география және биология сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан табиғатының зерттелу тарихы
    Несиелер: 5

    XIX –XX ғасырлардың аяғында Қазақстанның физикалық – географиялық зерттелуі. Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін геологиялық қима құру. Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін гипсометриялық қима құру. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар картасын құру. Қазақстан табиғи ортасының климаттық көрсеткіштері. Қазақстанның топырақ жамылғысы. Казакстанның табиғат зоналары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 5

    Қазақстаның оның жеке аймақтары мен халық шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын, әлеуметтік-экономикалық факторларды географиялық тұрғыда қарастыру барысында осы заманғы әлемдік өмірмен байланысын меңгереді. Жеке экономикалық аудандың географиялық орналасу мен шикізат көздерінің, өнідірстерді орналастыру ерекшеліктерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Географиядағы зерттеу жұмыстары
    Несиелер: 5

    Географиядағы зерттеу жұмыстары: бақылау әдісі, жербедерін зерттеу, климатты зерттеу, топырақты зерттеу, эксперимент, геобиотест тест әдісі, биохимиялық әдіс. Зертеу жұмыстарының негізгі кезендері. Эксперименттік мәліметтерді алу. Нәтижелерді статистикалық өңдеу, графикалық бейнелеу. Жұмыс нәтижесін жариялау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси география геосаясат негіздерімен
    Несиелер: 5

    Саяси география геосаясат негіздерімен курсының мақсаты, міндеттері. Саяси география зерттеу нысаны, пәні. Дүниежүзілік саяси қарым-қатынастар түрі. Территория және кеңстік ұғымы. Мемлекеттік шекаралар. Дүниежүзілік саяси карта. Дүниежүзілік саяси картаның пайдалау таихы, кезеңдері. Мемлекет формалары. Мемлекеттік басқару формалары. Дүние жүзі елдерінің типологиясы. Мемлекеттік аралық саясат

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоэкология және Қазақстан республикасының табиғат ресурстарын қорғау
    Несиелер: 3

    Геоэкология ғылымы туралы түсінік. Геоэкология ғылымының қалыптасу тарихы, зерттеу әдістері. Табиғи ресурстар туралы түсінік, олардың түрлері. Қазақстаның табиғи ресурстары, таралуы, зерттелу жағдайы. Табиғи ресурстардың қазіргі жағдайы және оларды бағалау. Қазақстандағы геоэкологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғаламдық экология
    Несиелер: 3

    Ғаламдық экология білім алушының экологиялық ойлауын, экологиялық мәдениетін, табиғаттағы адам қызметінің салдарын бағалау және қауіпті факторлардың адам денсаулығына әсерін зерттеу, тірі әлем дүниесіне қатысты дұрыс іс-әрекеттер мен көзқарастарды таңдау, әртүрлі елдер мен Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық міндеттері бойынша құзыреттіліктерді қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Географиядағы геоақпараттық жүйелер
    Несиелер: 5

    Студент ақпаратты сақтаудың, өңдеудің, тарату мен ұсынудың принциптері, негізі техникалық құралдар мен олардың сипаттамасы, кәсіби іс-әрекетте қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдануды; географияда компьютерлік моделдеуді қолдану арқылы ғылыми-зерттеу әрекетінің нақты моделін құруды меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Болашақ география пәні мұғалімінің зерттеушілік әрекеті
    Несиелер: 3

    География ғылымының салалары бойынша оқу және ғылыми – кәсіптік салаларда қолданылатын негізгі терминдер. Мамандық бойынша ғылыми мақалалардың рефераттары және географияның өзекті зерттеу салалары бойынша рефераттар жазу. География салалары бойынша жазылған ғылыми мақалаларды рецензиялау. Баяндау, баяндаудың құрылымы мен ерекшеліктері. Эссе жазу ережелері. География (физикалық, экономикалық) саласында таңдалған зерттеу траекториясы бойынша эссе жазу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Картография және географиялық деректер базасы
    Несиелер: 5

    Географияның пәндік облысы шегіндегі деректердің байланысқан құрылымдық жиынтығы, ЭЕМ сыртық жадында сақтау және тұрақты пайдалану үшін арналған. Қазіргі кезде географиялық деректер базасы ақпартты сақтау және өңдеуде үлкен рөл атқарады. Елдер мен қалалар туралы ақпаратты, әртүрлі статистикалық деректер және туристік агенттіктер туралы, көрсетілген қызметтер, халық және миграциялық ағын, елдер мен өңірлер арасындағы сауда т.б. сақтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектептегі экспериментальді география
    Несиелер: 5

    Зертханалық практикум мектеп бағдарламасында қамтылған және мектеп географиясы курсының негізгі мәселелерін тереңдетіп эксперименталды пысықтауға арналған тәжірибелерді қоюмен байланысты. Ауа райына фенологиялық бақылау жүргізу. Жергілікті жер топырағын биоиндикациялау. Су деңгейінің климатқа әсерін анықтау

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Далалық зерттеу әдістері
    Несиелер: 3

    Далалық ботаникалық-географиялық зерттеу әдістері. Флораны зерттеу. Биоиндикациялау. Фенологиялық зерттеу. Зерттеу алаңдарын анықтау. Зерттеу алаңдарының географиялық сипаттамасын жасау. Зерттеу аймағының климатын бақылау. Жергілікті жер ерекшеліктеріне сәйкес өсімдіктердің топтарын анықтау. Өсімдіктерге морфологиялық сипаттама жасау. Өсімдіктердің жыл маусымдарына сәйкес даму сатыларын бақылау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми жұмыстарды жазу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Ғылымға кіріспе. Ғылыми таным. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері. Ғылыми аппарат. Зертеу мақсаты мен міндеттері. Зерттеу пәні және нысаны. Зерттеу кезеңдері, жоспары, болжамы. Ғылыми зерттеу әдістері: талдау, салыстыру, көшіріп жазу, бақылау. Ерттеу жұмысын қорытындылау, рәсімдеу

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі дүние географиясы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты, міндеттері, зерттеу нысандары. Дүниежүзілік экономика жүйесіндегі сауда экономикасының, халықтаралық сауда қарым-қатынасының заңдары, ішкі сауда айналымы, халықаралық валюта жүйесінің қалыптасу және әрекет ету ерекшеліктері. Халықаралық сауда байланысының түрлері. Валюта түрлері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Елтану және саяси география негіздері
    Несиелер: 5

    Елтанудың негізгі принциптері, заңдары, категориялары, оның негізгі проблемалары мен құндылықтары туралы негізгі түсініктерді қалыптастырып, елтанудың қысқаша тарихын; пәннің әдіснамалық негіздерін, елтанудың ғылыми принциптерін; елтанудың географиялық және басқа да ғылымдар жүйесіндегі зерттеу маңызын; елтанушылық зерттеулер бағдарламасын талдауды; елдің халқы, шаруашылық жүргізудің аумақтық құрылымын, аймақтық, әлемдік геоэкономикалық, геосаяси, геосаяси жағдайды бағалау бойынша салыстырмалы және типологиялық зерттеулердің әдіснамасын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экономикалық-географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Экономикалық-географиялық зерттеулерді жүргізудің ғылыми тәсілдері мен әдістері. Қоғамдық географияда қолданылатын жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер. Жеке ғылыми (арнайы) әдістер. Ақпарат жинау. Деректерді өңдеу. Экономикалық және географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың ерекшеліктері. Аймақтық экономикалық-географиялық зерттеулер. Жергілікті экономикалық-географиялық зерттеулер. Далалық экономикалық және географиялық зерттеулердің ерекшеліктері/

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    Оқушылар физиологиясы білімін тәжірибеде қолданады; оқушылардың жас ерекшеліктері арасындағы айырмашылықтарды көре алады; болашақ кәсіби қызметке психофизикалық дайындығын қамтамасыз ету үшін жеке физикалық қасиеттерді дамытады және жетілдіреді; болашақ мамандықтың мәні мен маңыздылығын түсінеді; мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін, оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру нысандарын біледі

  • Код ON6

    Мектепте географияны оқыту мазмұны, әдістері мен технологиялары туралы білімді анализдеу және бағалау, география сабағын жоспарлау және әзірлеу, өз тәжірибесінде қолдану; педагогикалық үдеріс тиімділігін арттыру мақсатында оған тартылған адамдармен қарым-қатынас орнатуға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету; оқыту үдерісінде оқушылардың психикалық және психофизиологиялық дамуының жалпы, ерекше заңдылықтарына сәйкес жеке ерекшеліктеріне бақылау жүргізу, баға беру және тұжырым жасау

  • Код ON3

    География ғылымының дамуының негізгі кезеңдері, әлем және ҚР көрнекті ғалымдарының географияны зерттеуге қосқан үлесі, болашақ мамандардың практикалық қызметінде кәсіби деңгейін анықтайтын базалық географиялық пәндердің теориялық негіздері, географиялық қабықшаны құрайтын табиғаттың негізгі компоненттерінің қасиеттері, табиғи компоненттермен биосфера арасындағы терең байланысы, олардың шаруашылықтағы маңызы туралы білімдерді өз тәжірибесінде қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету

  • Код ON5

    География және аралас жаратылыстану-ғылыми пәндер саласындағы негізгі ережелер, ұғымдар мен заңдарды интерпретациялау, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік нормалар мен оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін өз тәжірибесінде қолдану.

  • Код ON1

    Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.

  • Код ON4

    Географялық іргелі пәндер бойынша теориялық материалдарды практикада қолдану, заманауи ақпараттық және білім беру технологияларын өз бетінше пайдалана отырып, география саласындағы жаңа білімді синтездеу және бағалау

  • Код ON8

    Далалық және зертханалық жағдайда географиялық зерттеу жұмысын жүргізу әдістемесі және тәсілдерін практикада қолдану; болашақ география мұғалімдерінің географиялық құзіреттіліктерін қалыптастыратын пәнаралық білімді біріктіру; ғылыми географиялық зерттеу нәтижелерін, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді тұжырымдау

Top