Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07325 Сәулет в Каспий университеті

  • Бизнес, экология және құқық
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: экономика және құқық саласында құзыреттерді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін меңгеру, сондай-ақ кәсіпкерлік, көшбасшылық саласында дағдыларды және инновацияларды түсіну және пайдалану қабілетін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сурет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты мен міндеті академиялық сурет негізін үйрену, сурет салуды орындауда әртүрлі графикалық құрал-жабдықтармен техникалық тәсілдерді игеру, білімгерлерді кәсіби ойлауға алғашқы композициялық-кеңістікті ойлау дағдысына тәрбиелеу, орындалатын жұмысқа деген шығармашылық талабын арттыру және негізгі эстетикалық талғамды дамытуға үйрету болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты бірінші курс студенттерін болашақтағы сәулетшінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру болып табылады. Сәулет өнерінің пайда болуы мен дамуының негізгі тарихи кезеңдерін, табиғи және жасанды орта ұғымдарының ара-қатынасын, сәулет пен технологияның байланысын, сәулет ортасының эстетикалық қасиеттерін, сәулеттің тарихи даму ерекшеліктерін, сондай-ақ сәулеттегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын зерттеу. Сонымен қатар, бұл курс студенттерге өмір сүру ортасын ұйымдастырудағы адам қызметінің нысаны мен құрылысы процесінің маңызды бөлігі ретінде сәулет туралы алғашқы білімді береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Инженерлік графика-I
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жазықтықта түрлі кеңістіктік геометриялық пішіндерін бейнелеу және жазық сызбада инженерлік-геометриялық есептерді шығыру, сондай-ақ ортогональды проекция негізінде кеңістіктің белгілі графикалық үлгілерін алу жолдарын зерттеу. Кеңістік формалары мен олардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты мәселелерді шешу дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сәулеттік композиция теориясы
    Несиелер: 5

    Сәулеттік композиция теориясының негіздері, қалалық жоспарлау, құрылыстарды, ландшафттық нысандарды, экологиялық жүйелерді құрастыру жайлы білімгерлерге қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Өзіндік жеке тұжырымдама дағдыларын меңгерген білімгерлер оқу нәтижесі бойынша сәулетшінің кәсіби қабілеттілігінің негізгі ретінде кеңістіктік ойлауды қалыптастырудың композициялық мәселелеріне қатысты тапсырмаларды шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сәулеттік жобалау негіздері
    Несиелер: 5

    Білімгерлердегі кеңістіктік ойлау мен графикалық мәдениеттің қалыптасуы, сәулеттік жобалау туралы негізгі ұғымдар мен түсініктемелер, сызықтық және тональды сәулеттік графиканың тәжірибелік дағдыларын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби қазақ(орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Оқытудың кәсіби бағыттылығы қағидатын іске асыруды қамтамасыз етуге, қызмет саласында тиісті кәсіби қарым-қатынас жасауға қажетті коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Мамандық тілі негізінде коммуникативтік және тілдік құзыреттілік дағдыларын қалыптастыру, кәсіби дайындықты жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сәулеттік графика және макеттеу
    Несиелер: 5

    Жобалық идеямен басқа да жұмыстарды қағазда көрсетудің графикалық дағдыларын үйренудің теориялық және тәжірибелік дағдыларын меңгеру. Әр түрлі сурет құралдарымен және материалдарымен (қағаз, картон, ағаш және т.б.) жұмыс істеу қабілетін, сондай-ақ сызбадағы стилизацияны игеру. Жазықтық, көлемдік және көлемдік-кеңістіктік композициялардың түрлі-түсті макеттерін орындау. Сәулеттік (ионикалық, дорикалық, коринфтік және тоскандық) ордерлерді салу. А3 форматты бетте қағаздың иілгіштік мүмкіндіктері бойынша жаттығуларды орындау. Макет жасау техникасының негізгі графикалық әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың сәулеті
    Несиелер: 5

    Азаматтық ғимараттардың конструктивтік шешімдерін, оларға қойылатын талаптарын, жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық бағалау әдісін қарастыру. Ғимараттар мен құрылыстар туралы жалпы ақпарат. Оларға қойылатын талаптар. Ғимараттар мен құрылымдардың негізгі құрылымдық элементтері мен бөліктері. Құрылысты индустрияландыру, типтеу және біріктіру. ҚMKӨ және негізгі ережелер, өлшемдердің түрлері, орталық осьтер жүйесі және олар үшін ғимараттардың құрылымдық элементтері. Сәулеттік-құрылыстық жобасы және оны дамыту әдістері. Жобалау кезеңдері: жоба, типтік және жұмыстық жобасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғимараттар мен құрылымдардың конструкциясы
    Несиелер: 5

    Пән келесі сұрақтарға жауап береді: ғимараттар мен құрылыстар туралы жалпы мәліметтер және олардың талаптары; ғимараттардың сәулеттік және құрылымдық элементтері; ғимараттардың тірек шеңберінің элементтерін есептеу негіздері және жобалау негіздері; ерекше табиғи жағдайдағы ауданда ғимараттар салу; ғимараттарды жобалау және қайта құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сәулеттік жобалау (Кіші сәулеттік пішіндерді жобалау)
    Несиелер: 5

    Сәулеттік жобалауды оқытудың мақсаты шығармашылық әдісін және шығармашылық ойлауды кеңінен меңгерген білімді сәулетші маманын дайындау болып табылады. Сәулетші мамандығы ғылым мен өнер тоғысында жатқан терең дәстүрлері бар сәулет өнерінің мәдениетіне жатады. Сәулеттік жобалаудың, композициялық модельдеудің негіздерін меңгеру, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды әрі қарай жобалау үшін сәулетшілерге қажетті дағдыларды дамыту, білім беру мен жобалау пәндері бойынша жинақталған білімдерді шоғырландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сәулеттік композиция
    Несиелер: 5

    Білімгерлердің кәсіби санасын қалыптастыру, кеңістіктік-бейнелік ойлау қабілеті, эстетикалық талғам мен форма сезімін тәрбиелеу мен дамыту. Көркем ұйымдастырылған кеңістікті түсіну мен жобалау үшін қажетті теориялық білім алу мен практикалық дағдыларды меңгеру. Сәулеттік композиция мен өнердің басқа түрлеріндегі композицияның айрықша өзгешелігі, ол тек көркем заңдылықтарға ғана емес (симметрия және ассиметрия, ырғақ және т.с.с.), сонымен қатар ғимараттарда болатын функциональдық немесе техногендік үдерістердің заңдалықтарына және ғимараттардың конструктивтік шешімдеріне байланысты техникалық заңдылықтарға да негізделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кескіндеме
    Несиелер: 5

    Шығармашылық ойды түсіну және дамыту үшін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар. Практикалық сабақтар студенттерге түс формаларын үшөлшемді бейнелеу әдісі арқылы студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін, байқауын, бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, табиғатты шынайы түрде көрсетуге, конструктивті бояу сапасын жеткізуге үйрету арқылы нысандарды шынайы бейнелеу қағидаларын түсінуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түсті үлгілеу
    Несиелер: 5

    Сәулет құралы ретінде полихромды кеңінен қолдану үшін қажетті теориялық білімдер және практикалық дағдыларды қалыптастыру. Студенттерді полихромия мен түстің жалпы түсініктерімен таныстыру. Түсті пайдалана отырып, модельдік әдіс-полихромды үшөлшемді нысанды ахроматикалық монохромды пішінде алу әдісін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сәулеттік сурет
    Несиелер: 5

    Сәулеттік сурет-геометриялық ерекшеліктері бар әртүрлі мінезді сәулеттік нысандарды көрсетуге қажет болатын графикалық пәндердің бірі болып саналады. Мұндай нысандармен жұмыс жасау сәулеттік және көркемдік жобалаумен байланысты әртүрлі инженерлік және шығармашылық міндеттерді шешуге қажетті нақты кеңістіктік ұғымдарды, шығармашылық ой мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кәсіби-бағытталған шет тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби бағытталған мәтіндерді рефераттау үшін жазбаша сөйлеуді меңгеру, сондай-ақ өзге тілді Кәсіби бағытталған сөйлеуді одан әрі жетілдіру; Кәсіби бағытталған өзге тілді сөйлеудің барлық формаларының іскерліктерін жетілдіру, сондай-ақ мұнай инженериясында болашақ мамандардың коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттілігін дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бүкіләлемдік сәулет тарихы
    Несиелер: 5

    Сәулет және оның жеке компоненттерінің қазіргі кездегі көпаспектілі түсінігіне алып келген, ежелгі дәуірден XIX ғасырға дейін қалыптасқан тұжырымдамалардың эволюциясы туралы заманауи көзқарастар. Әлемдік сәулеттің дамуын түсіну мен курстық және дипломдық жобалаулардағы әртүрлі тағайындалуы бар нысандар жайлы қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сәулеттік жобалау (Көрме павильонын жобалау)
    Несиелер: 5

    Қоғамдық қызмет көрсету ғимараттарын жобалау саласындағы студенттердің болашақ кəсіби қызметі үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру. Ерекше функционалдық-жоспарлақ құрылымы бар көрме ғимаратының конструкторлық процесін жетілдіруді игеру. Көпфункциялы қоғамдық ғимарат сәулетінің функционалдық, санитарлық-техникалық және көркемдік шешімдерін меңгеру жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Компьютерлік графикадағы дағдыларды дамыту және ол үшін қажетті негізгі білімдерді беру. Курстық және дипломдық жобалардың графикалық бөлігін іске асыруды автоматтандыру үшін орындалатын жұмыстардың сапасына ықпал ететін қажетті білім алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Арнайы сурет-I
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту бойынша курстың мақсаты болашақ сәулетшілердің конструктивтік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыру, сурет салудың қосымша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын игеру болып табылады. Жобалаудың негізгі кезеңдерінің мәселелері, жобалық идеяның ықшамды бейнесі, көлемдік эскизді орындау, сызықтық эскиздер, тональды сурет, түсті эскиз және т.б. зерттеледі және қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сәулеттік жобалау (Жеке тұрғын үйді жобалау)
    Несиелер: 5

    Жеке тұрғын үйдің архитектурасының функционалдық, құрылымдық, техникалық және көркемдік шешімдерін зерттеу, қазіргі уақытқа сай, барлық тиісті сұрақтарға жауап беретін, функционалдық аймақтарға нақты бөлінген және жоспарлық құрылымы өңделген жеке тұрғын үйді жобалаудың тәжірибелік дағдыларын игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сәулеттік нысанды жобалау-II
    Несиелер: 5

    Қоғамдық қызмет көрсету ғимараттарын жобалау саласындағы студенттердің болашақ кəсіби қызметі үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру. Функционалдық-жоспарлақ құрылымы бар монофункциональды ғимараттың конструкторлық процесін жетілдіруді игеру. Қоғамдық ғимарат сәулетінің функционалдық, санитарлық-техникалық және көркемдік шешімдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сәулеттік нысанды жобалау-I
    Несиелер: 5

    Жеке жайы бар тұрғын үйдің архитектурасының функционалдық, құрылымдық, техникалық және көркемдік шешімдерін зерттеу, нақты типті функционалдық жоспарлық құрылымы бар тұрғын үйдің осы түрінің жобалау процесін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ландшафттық сәулет
    Несиелер: 6

    Студенттерді ландшафт сәулетінің негізгі терминдерімен және ережелерімен таныстыру. Ландшафт сәулеті арқылы қауіпсіз, экологиялық таза және эстетикалық өмір сүру ортасын қалыптастырудың негізгі түсініктері. Табиғи компоненттерді: рельефті, суды және өсімдіктерді тиімді пайдалана отырып кеңістіктік ортаны ұйымдастыру. Сондай-ақ, ландшафттық композицияларды ұйымдастыру мен функционалды жоспарлау, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық мәселелерді сауатты шешу. Сәулет маманын даярлаудың қажетті құрамдас бөлігі ретінде қала аумақтарының ландшафттық сәулетін зерттеу. Ландшафттық сәулеттің тақырыбы мен әдістері, ландшафттық сәулеттің пайда болу алғышарттары және қазіргі тенденциялары туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жеке дамыту модулі (Академиялық хат, дизайнерлік ойлау)
    Несиелер: 4

    Студенттерде ғылыми еңбектерде ойларын қысқа және қол жетімді түрде жеткізе білуді, пайдаланушыны түсінуге, оның проблемасын түсінуге, балама шешімдерді табуға көмектесетін нақты мәселелерді шешу әдісі мен процесін қолдана білуді қалыптастыратын өзара байланысты білім кешенін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Теориялық механика
    Несиелер: 5

    Пән теориялық механиканың негізгі түсініктерін, байланыстың және реакцияның тепе-теңдік жағдайларын, бөлімдердің геометриялық сипаттамаларын, материалдардың кедергісінің негізгі гипотезаларын, статикалық анықталған жүйелерде кернеу мен қысуды, иілуді, тұрақтылықты қарастырады және оқытады. Статикалық және динамикалық жүктемелердің әсерінен күш, тұрақтылық, қатаңдық үшін түрлі инженерлік құрылымдарды есептеу әдістері жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сәулеттік жобалау (Демалыс орталығын жобалау)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – демалу орталығының функционалдық, конструктивтік – техникалық және сәулеттік шешімдерінің дұрыс орындалуын қарастыру, өзіндік ерекше функционалдық – жоспарлық құрылымы бар мұндай нысанды жобалаудың процесін игеру. Беріліп отырылған мәліметтердің мазмұны: сәулетші – білімгерлерді қазіргі уақыттағы қалалық шарттардағы демалыс орталығын жобалауды үйретуге; жергілікті климаттық, этникалық, конструктивтік – техникалық ерекшеліктеріне байланысты нысанның осы түрі бойынша шетелдік және отандық тәжірибедегі мысалдармен таныстыруға; қазіргі заманғы демалыс орындарының функционалдық және санитарлы – гигиеналық талаптарына сәйкес ішкі кеңістігін аймақтарға бөлуді ұйымдастыруды үйретуге; келешекте экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді түрлерін жобалап тәжірибеге ендіру мақсатындағы теориялық білімнің құралуына бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инженерлік желілер
    Несиелер: 5

    Қалалар мен қоныс орындары туралы жалпы мәлімет беру. Инженерлік желілердің жіктелуі, олардың мақсаты, түрлері және негізгі элементтері. Сумен жабдықтау желілерін және көшелер мен қала жолдарының ағынды суларын жобалау. Жерасты суларын тазарту қондырғылары. Инженерлік желілерді салу жолдары. Инженерлік желілерді салу және орнату технологиясы. Жерасты коммуникацияларын салу сапасын басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қалақұрылысы тарихы
    Несиелер: 5

    Қала құрылысы тарихы-студенттердің ғылыми және теориялық көзқарастарын қалыптастыруға, сәулеттік-тарихи мұраны құрметтеуге, мәдени дәстүрлерге және әлеуметтік- мәдени айырмашылықтарға құрметпен қарауға, кеңістіктік өнердің тиісті салаларында біліммен айналысу қабілетін дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құрылыс конструкциялары
    Несиелер: 5

    Құрылыс конструкцияларының түрлері мен оларды қолдану салаларын, сондай-ақ монолитті, құрастырмалы, темірбетон, прокат, композиттік металл, композициялық ағаш конструкциялары жайлы білім беріледі. Құрылыс конструкцияларының дамуының қысқаша тарихы. Құрылыс конструкцияларын есептеу теориясын дамытуда отандық және шетелдік ғалымдар мен инженерлердің алатын орны. Құрылыс конструкцияларын есептеудің негізгі ережелері. Құрылыс конструкциялары туралы ақпарат. Құрылыс конструкцияларын есептеу әдісінің негізгі ережелері. Материалдардың нормативтік және жобалық мәселелері және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Аралас қабатты тұрғын үйді жобалау
    Несиелер: 5

    Аралас қабатты тұрғын үй құрылысының жергілікті климаттық, этникалық, құрылымдық және техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі заманғы тұрғын үй ғимаратының ерекше түрін қалыптастыру, қалалық құрылыс үшін аралас қабаттытұрғын үйдің тиісті түрін және нақты қала құрылысы жағдайына жоспарлау және жобалау схемаларын әзірлеу мен дамыту үшін тиісті дағдыларды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кәсіби компьютерлік бағдарламалары-I
    Несиелер: 5

    Жобалаудың негізгі құралдарының бірі ретінде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы шығармашылыққа деген қазіргі заманғы көзқарасты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Конструкцияларды есептеу және жобалау
    Несиелер: 5

    Темірбетон, металл, ағаш және тас конструкцияларының элементтерін есептеу мен жобалаудың мәселелері бойынша студенттердің білім алуы жүзеге асырылады. Ең тиімді жобалық шешімдерді жобалаудағы мәселенің қазіргі жай-күйін зерттеу. Жобалау саласындағы энерготиімді конструкциялық шешімдердің қазіргі уақыттағы мәселелерін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі заманғы сәулеттегі пішіндеу
    Несиелер: 5

    Форма қалыптастыру сәулеттегі жобалаудың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Бұл, затпен нысанның конструктивтік ерекшеліктерін, сыртқы және ішкі мәнін өзіне қосатын тек қана форма құралу екендігімен түсіндіріледі. Сәулеттің негізінде үш құрамдас компонент жатыр: функция, конструкция және әдемілік. «Форма» сияқты графикалық кескіндеме заңдылықтарының осындай параметрін меңгеру білім алушыларға пропорцияларды, көлемді, конструктивтік құрылымдарды, пластикалық шешімдерді беруде форманың құраушы бөлігі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сәулеттік жобалау (Орта қабатты тұрғын үйді жобалау)
    Несиелер: 5

    Тұрғын үй құрылысының жергілікті климаттық, этникалық, құрылымдық және техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі заманғы орта қабатты тұрғын үй ғимаратының ерекше түрін қалыптастыру, қалалық немесе ауылдық құрылыс үшін орта қабатты тұрғын үйдің тиісті түрін және нақты қала құрылысы жағдайына жоспарлау және жобалау схемаларын әзірлеу мен дамыту үшін тиісті дағдыларды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сәулеттік нысанды жобалау-III
    Несиелер: 5

    Сәулеттік сызбаларда идеяны графикалық түрде көрсету дағдысын теория мен тәжірибе жүзінде меңгеру. Функционалдық аймақтарға бөлуді және қажетті жабдықтарды таңдауды ескере отырып, қоғамдық ғимараттардың жабық ішкі кеңістіктерін ұйымдастыру бойынша дағдыларды игеру. Сәулеттегі түрлі стильдерге негізделген кеңістікті бейнелеу және әрлеу материалдарын таңдау. Жұмыстық сызбалар жиынтығын сызу дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қалақұрылысы негіздері
    Несиелер: 5

    Қала құрылысы іс-әрекетінің құрылымдары мен нысандарын, олардың типологиясын, қалалық және басқа да елді мекендерді жобалаудың аудандық жоспарлауын, қала құрылысы мен сәулеттік -жоспарлық аспектілерді қарастыру және оқыту, атап айтқанда, олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі және дамуы әлеуметтік-экономикалық және табиғи шарттары. Қалалық композициялық құрылымдарды, ансамбльдерді ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтары талқыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Конструкция элементтерінің беріктігі теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Цель преподавания дисциплины-формирование научного мышления в вопросах обеспечения прочности и прочностной надежности типовых элементов конструкций. Изучение методов расчетов на прочность, жесткость и устойчивость элементов конструкций типа стержней, экспериментальных методов определения сопротивления материалов деформациям и разрушению.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты-келешек мамандардың сумен жабдықтау және канализация, газбен жабдықтау, елді мекендерді жылумен жабдықтау, ішкі су құбырының құрылысы, газ құбыры, желдету, тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау және үйлердің инженерлік жабдықтары туралы теориялық білім негіздерімен тәжірибелік дағдыларды үйрену, сонымен қатар арнайы ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана алуын қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі заманғы сәулет
    Несиелер: 5

    Ғимараттың сыртқы және ішкі келбетін ескере отырып құрылыстағы жаңа технологияларды, сәулет саласындағы заманауи жетістіктерді және жаңа стильдерді қарастыру. Шетелдік сәулет өнерінің жетістіктері мен озық технологияларын зерттеу. Пәннің мақсаты - студенттерді заманауи сәулет өнерінің ең үздік жұмыстарының үлгілерімен, жобалау мен конструкциялаудың жаңа әдістерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сәулеттегі заманауи құрылыс материалдары
    Несиелер: 5

    Ғимараттардың заманауи әрлеу материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін алу технологияларының теориялық және тәжірибелік білімдері. Заманауи азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс ғимараттары үшін озық материалдарды пайдалану. Сапаны жақсарту мақсатында құрылыс және сәулет тәжірибесінде материалдарды өндірудің мәселелерін және қазіргі заманғы әрлеу материалдары мен бұйымдарын қолдануды жүзеге асыру оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қалақұрылыстық жобалау
    Несиелер: 5

    Білімгерлердің жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттіліктері мен қалалық тапсырмаларды шешуде дағдыларды қалыптастыру, оларды тәжірибеде жүзеге асыру; қалалық жоспарлау жүйелерін ұйымдастыру мен қалыптастыруға байланысты заманауи қоғамның әлеуметтік, экономикалық және құқықтық мәселелерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Құрылыс материалдары
    Несиелер: 5

    Ғимараттардың материалдарын өндіру мен пайдаланудағы қазіргі жағдаймен жаһандық үрдістерді көрсету. Оның құрамына бірқатар өзара байланысқан блоктар кіреді: табиғи тас материалдар; минералды шикізатты жылумен өңдеуден алынған материалдар; органикалық байланыстырғыш заттар; органикалық байланыстырғыш заттар негізіндегі материалдар; полимерлік материалдар; ағаш материалдар. Материалдардың ұзақ мерзімділігі, олардың сапалы жағдайларын қамтамасыз етудегі рөлі және адам өмірінің қауіпсіздігі, құрылыс материалдарын өндірудің және пайдаланудың экологиялық, экономикалық аспектілерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәулеттік жобалау (Кіші қоныс орындарын жобалау)
    Несиелер: 5

    Қалалардың жоспарлық құрылымдарын зерттеу, халықты есептеу әдісін игеру, функционалдық аймақтарды анықтау және қалалық аумақтарды ұтымды пайдалану. Қаланың қалыптасқан салаларының экономикалық-шаруашылық ерекшеліктерін, климаттық және әлеуметтік-демографиялық жағдайларын ескере отырып, тұрғындардың санына байланысты қабылданған классификацияға сәйкес кіші қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау, сондай-ақ оңтайлы өмір сүру ортасын құрудың талаптары мен ұсыныстары бойынша теориялық білімдер және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инженерлік жайластыру және көлік
    Несиелер: 5

    Қоныс орындарына арналған аумақтарды таңдаудың әртүрлі факторларын, тік жоспарлау негіздерін және оны жобалаудың әдістерін, жер үсті ағынын ұйымдастыруды, дренажды және көгалдандыруды, қалалық жерлерді инженерлік даярлаудың ерекше жағдайларын, қала аумағын инженерлік жайластырудың элементтеріне әсер ететін мәселелермен байланысты жағдайларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Кәсіби компьютерлік бағдарламалары-ІІ
    Несиелер: 5

    Виртуалды модельдеу дағдыларын игеру, жазық, көлемді және кеңістіктік нысандарды жобалау, сондай-ақ түрлі бағдарламаларда модельдерді өңдеу. Алдыңғы өтілген «Кәсіби компьютерлік бағдарламалар-I» пәніне қарағанда жоғарғы деңгейде компьютерлік техниканы пайдалану арқылы шығармашылыққа деген қазіргі заманғы көзқарасты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәулеттік нысандарды жобалаудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жобалаудың әдістемесі пәнін меңгерудің мақсаты – жобалау мәдениетінің тұжырымдамалары мен кезеңдерін, жобалау әдістемесінің негізгі теориялық қағидаларын, олардың қысқаша эволюциясы мен перспективалық мәселелерін, қазіргі заманғы жобалау теорияларының саналуандығын айқындап түсіндіріп, қажетті білімдерді беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстанның бірегей ғимараттарының сәулеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-білімгерлерді Казақстанның бірегей ғимараттарымен, еліміздің бірегей сәулеттік ескерткіштерімен, оларды жобалаудың және құрылысының ерекшеліктерімен таныстыру. Бірегей ғимараттарды жобалаудың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын игеру. Ғылыми және техникалық прогрестің нәтижесінде туындаған бірегей ғимараттарды жобалаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Толық жоспарлау жобасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және эстетикалық факторларды есепке ала отырып, адам өмірі мен қызметі үшін оңтайлы кеңістіктік ортаны құру үшін қажетті теориялық білім мен кәсіби дағдылар кешеніне негізделген шығармашылық жобалау үрдісінің әдістемесімен таныс кәсіби сәулетшілерді дайындау болып табылады. Бас жопсарларды жобалаудың кезеңдерімен әдістері, тұрғын кешендерін толық жоспарлаудың жобалары зерттеліп қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Кіші қаланы қайта құру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-студенттерді шағын қалалардың қала құрылысы мәселелерімен сәулеттік-композициялық шешімдерінің ерекшеліктерімен таныстыру, қала құрылысын қайта құрудың теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ сәулеттік нысандарды қайта құрудың қалалық-жоспарлық алғышарттары мен аспектілерін зерттеу жайлы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәулеттік жобалау (Тұрғын кешенін жобалау)
    Несиелер: 5

    Тұрғын үй кешендерінің функционалдық, құрылымдық, техникалық және көркемдік шешімдерін зерттеу, нақты типті функционалды жоспарлық құрылымы бар тұрғын үйдің осы түрінің жобалау үдерісін меңгеру. Тұрғын үй кешенін жоспарлау және түстік шешімдерін әзірлеудің әдістері мен дағдыларын меңгеру, ғимараттың конструкциялық схемасы мен көлемдік жоспарлары. Орналасқан жердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, көп қабатты тұрғын үй кешенінің сәулеттік жоспарлақ әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәулеттік типология
    Несиелер: 5

    Сәулеттік типология-әлеуметтік, идеологиялық, функционалдық, конструктивтік-техникалық, экономикалық, қалалық жоспарлық және сәулеттік-көркемдік талаптарға негізделген ғимараттардың, құрылымдардың және кешендердің түрлері мен типтерінің жіктелуін анықтайды. Сәулет типологиясы ғимараттардың технологиялық байланыстары мен олардың жабдықтарын жобалаудың стандарттарын, құрамын, өлшемін және сипатын белгілейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жобалаудың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Жобалау негіздері теориясының және қала құрылысының мәселелері қарастырылады және оқытылады, сәулеттің қалыптасуы мен сәулетшінің шығармашылық үдерісіндегі табиғи және мәдени факторлардың рөлін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәулет теориясы
    Несиелер: 5

    Сәулет және қала құрылысының теориясы мен тарихының мәселелері, сәулеттің қалыптасуына және сәулетшінің шығармашылық процесіне әсер ететін табиғи және мәдени факторлардың рөлін анықтау. Әлемнің сәулеттік дәстүрлері, елдердің, мектептердің, шеберлердің, мәдени және тарихи дәуірдің архаикалық заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстанның сәулет тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан сәулетінің тарихи кезеңдерінің сәулеттік мектептердің негізгі жетістіктері, дәстүрлі аймақтық сәулет өнерінің ең ерекше ескерткіштері мен прогрессивті үрдістері, ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі сәулеттік нысандардың құрылысын қарастырады. Қазақстан Республикасының сәулетін дамытуда болашақ мамандардың түсінігін қалыптастыру мақсатында студенттерді еліміздің сәулет мұрасымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәулеттік нысанды жобалау-IV
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - қалалық тұрғындардың мәдени және тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заманауи талаптарға сай келетін заттық-кеңістіктік ортасын өңдеумен қоса бірегей қоғамдық ғимаратты жобалау бойынша сәулетші-білімгерлерге қажетті дағдыларды игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сәулеттік жобалау (Бірегей ғимараттарды жобалау)
    Несиелер: 6

    Бірегей ғимараттың функционалдық, конструктивтік-техникалық және көркемдік сәулеттік шешімдерімен таныстыру, белгілі бір функционалдық-жоспарлық құрылымы мен көрнекі сәулеттік және ерекше жобалық шешімдері бар азаматтық ғимараттар үшін бірегей ғимараты нысанын жобалаудың үдерістерін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ғимараттар мен кешендерді қайта құру және жаңарту
    Несиелер: 5

    Ғимараттар мен кешендерді қайта құру және жаңарту бойынша теориялық білімдер мен жұмыс істеу саласында талап етілетін дағдыларды дамыту. Пәннің мазмұны әртүрлі сәулеттік нысандарды қалпына келтіру және жаңарту, олардың кешенді зерттелуі және қайта құру саласындағы жанжақты мәселелері мен міндеттерін шешу туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сәулеттегі жұмыстық жобалау
    Несиелер: 6

    Әртүрлі негізгі СШ мен БЖ жұмысшы сызбаларын орындаудың мәселелерін шешудегі теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар. Әртүрлі маркалардағы негізгі жинақтардың толық жиынтығын қамтамасыз ететін техникалық мәселелер жиынтығын қарастыру. Студенттерді әртүрлі маркалардың негізгі жиынтығын құрастыру және орындау қағидаларымен өзара байланыстың анықтамасымен олардың өзара келісуі, жобаны қадағалау, сараптама жобасын ұсынуға қатысты мәселелерін қарастырып таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Азиялық ескерткіштерді қайта құру
    Несиелер: 5

    Орта Азия сәулет ескерткіштерін қалыптастыру негіздерін және әртүрлі тарихи кезеңдерге арналған негізгі құрылыстардың типологиясын, сондай-ақ ескерткішті, оның фрагменттерін немесе оның көркемдік-декоративтік бөлшектерін қайта қалпына келтіру және графикалық қайта құру бойынша жұмыстың тәжірибелік дағдыларын зерделеу. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері болашақ кәсіби қызметте қажетті білім мен дағдыларды дамытуға, сондай-ақ аймақтық Орта Азия сәулетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге және осы білімді өз жобаларында пайдалану дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру
    Несиелер: 5

    Берілген курс сәулет ескерткіштерін қалыптастыру негіздерін зерттеу теориясын, негізгі құрылыстардың типологиясын, қайта қалпына келтіру жұмыстарының негізгі түрлерін, ескерткіштерді қайта қалпына келтіру әдістерін, ескерткіштердегі жобалау мен зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін қамтиды. Бұл пәнді оқу ұлттық дәстүрлерге қатысты белгілі бір мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Болашақ сәулетшілерді тәрбиелеудегі негізгі және маңызды мақсат - тарихи мұраға белгілі бір қатынасты қалыптастыру, алған білімдерін келешектегі жобаларда қолдана білу, бұл біздің қалаларымыздың дәстүрлері мен мәдени мұрасын сақтай отырып келбетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жобалық-сметалық іс
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты-білімгерлерге жобалық-сметалық құжаттаманың құрамы жайлы қажетті білімдерді беру. Білімгерлердің сызбаларды және мәтіндік жобалық құжаттамаларды оқу дағдыларын меңгеру; экономикалық тұрғыдан маңызды ақпаратты алу және оны пайдалану, баға ұғымдарын игеру, білімгерлерді жұмыстардың құндылығын бағалауда дұрыс шешімдер қабылдауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сәулеттік жобалау (Мектеп ғимаратын жобалау)
    Несиелер: 6

    Болашақ сәулетшілердің қазіргі заман талаптарына сай келетін орта білім беру мектебі ғимаратын жобалауға қатысты теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игеру. Оқу ғимараттарының сәулеттік, функционалдық, санитарлық-техникалық және көркемдік шешімдерін жасауды үйрету. Жергілікті климаттық, этникалық, құрылымдық және техникалық ерекшеліктерді есепке ала отырып, мектеп ғимаратын жобалаудың отандық және шетелдік тәжірибелерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қалалық ортаны қайта құру
    Несиелер: 5

    Қалалық ортаны қайта құру бойынша теориялық білімдер мен қайта құруды жүзеге асыруға үшін қажетті дағдыларды дамыту. Қалалық ортаны қалпына келтірудің жолдары мен негіздерін, ғимараттар мен кешендерді жөндеу, қайта құру, қалпына келтіру, тарихи құнды сәулеттік нысандардың алатын орны және оларды қазіргі заманғы пайдалану шарттары туралы түсінік беру. Қалалық ортаны қалпына келтірудің заманауи мәселелері бойынша қажетті білімдерді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Оқу-тәрбиелеу ғимаратын жобалау
    Несиелер: 6

    Оқу-тәрбиелеу ғимаратының жобасын зерттеу. Жеке блоктардан құралатын ансамбльді жасау. Кешеннің орналасқан жері нақты функционалдық аймақтарға бөлінген үлкен аумақты қамтиды. Жобаланатын ғимараттың жалпы тұжырымдамалық бағытына сәйкес келетін сәулеттік-жоспарлық шешімдерін әзірлеу. Тиісті нормалар мен ережелерді және барлық қажетті аймақтарды ескере отырып бас жоспарды орындаудың дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • BIM-технология негіздері
    Несиелер: 6

    Автоматтандырылған жобалаудың жаңа технологияларын - BIM-Building Information Modeling (BIM-Building Information Modeling) немесе BIM технологиясын игеру. Жақын арадан бастап ҚНИМТ (Құрылыс Нысандарын Информациялық Модельдеудің Технологиясы) деп аталатын, BIM-ғимаратты информациялық модельдеу (BIM-Building Information Modeling) немесе BIM технологиясының соңғы компьютерлік жобалау технологиясының негіздерін және тұжырымдамаларын үйрену.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Энерготиімді ғимараттарды жобалау
    Несиелер: 5

    Энергия үнемдейтін сәулеттік жобалау баламалы энергияның инновациялық технологияларын тиімді пайдалануды, сондай-ақ ғимараттарды қоршаған табиғатпен біріктіретін және табиғатқа аз зиян келтіретін бөлмелерде ыңғайлы микроклиматты құратын сәулеттік жоспарлау және арнайы ортаны кеңістіктік құралдармен жасауды қарастырады. Пәннің маңызды бөлігі халықаралық LEED және BREAM жасыл дизайн жүйелерін зерттеу болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Диплом/Жоба алдындағы талдау
    Несиелер: 10

    Болашақ сәулетшілерге тиісті материалдарды іздеп жинауды және өздігінен талдауды, ұқсас жобалар мен нысандарды салыстыруға, болашақ жоба бойынша өз тұжырымдамасын жасауға мүмкіндік береді. Жобаланатын құрылыстың маңыздылығын, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімділігін, нысанның болашақ құрылысының маңыздылығына әсер ететін барлық аспектілерді болжауды игеру. Алдын-ала шешімдердің ерекшеліктерін зерттеу: бастапқы деректерді жинау және талдау, алдын-ала шешімдерді әзірлеу, концептуалды жобаны әзірлеу, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Код ON7

    Сәулеттік жобаларды орындау үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларды білу. Сәулет-қала құрылысын жобалаудың халықаралық тәжірибесін талдай білу.

  • Код ON1

    Әлемнің ғылыми, философиялық және діни көріністері туралы түсінікке ие болу. Кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, шешендік өнерді меңгеру. Өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту.

  • Код ON4

    Жалпы экономикалық негіздеме жүргізу. Сәулет жобаларын басқару мен бағалаудың тиімді әдістерін меңгеру. Экономикалық, техникалық, қаржылық, психологиялық және адами факторларды ескере отырып, өндірістік қатынастар мен басқару принциптері туралы түсінікке ие болу.

  • Код ON3

    ҚР дамуының тарихын, кезеңдері мен келешегін білу. Ғылыми жаратылыстану пәндері саласындағы базалық білімді меңгеру.

  • Код ON5

    Әр түрлі кеңістіктегі заттардың, объектілер мен ортаның эскиздік және демонстрациялық суреттерінің, заттардың жай - күйінің түс және жарық беру, сондай-ақ Жобаланатын объектінің сыртқы келбетінің дағдыларын меңгеру. Композициялық, графикалық шешімдерде, сондай-ақ макеттер жасауда шығармашылық концепциялар жасай білу.

  • Код ON9

    Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру және оларды ұжымды басқаруда пайдалану. Жобалық іске асыру процесінде қалыптасатын сыни жағдайларды анықтау және шешу.

  • Код ON2

    Мемлекеттік, орыс және шет тілдерін білу. Қоғамдық үдерістер контекстінде жеке білім деңгейіне және жалпы мәдениетке баға беру, өз бетімен оқу және өзінің біліктілігін бүкіл еңбек қызметі барысында арттыру қажеттілігін сезіну.

  • Код ON10

    Нақты қала құрылысы жағдайларында жобалау дағдысы болу. Жоба алдындағы талдаулар мен зерттеулерді өз бетінше жүргізу, міндеттерді тұжырымдау және шешу, сондай-ақ жобалық ұсыныстарды кәсіби түрде баяндау.

  • Код ON8

    Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмотұрақтылық негіздерін білу, азаматтық ғимараттардың құрылысында энергия тиімді құрылымдарды қолдана білу, өндірістің қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерін меңгеру, Инженерлік жүйелер туралы түсініктерді білу.

  • Код ON6

    Архитектураның дүниежүзілік тарихының даму кезеңдерін, архитектуралық форманың теориясы мен әдістерін, конструкциялық элементтерді, ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік типологияларын білу. Нормативтік-анықтамалық құжаттаманы және техникалық әдебиетті сауатты пайдалану. Сәулет-құрылыс, арнайы және ғылыми терминологияны меңгеру.

Top