Жаңа білім беру бағдарламасы

8D07113 Аддитивті өндіріс в Satbayev University

Оқыту нәтижелері

  • Цифрлық машина жасау өндірісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолулар мен әзірлемелерді дайындай отырып, ғылыми-техникалық және ғылыми-танымал мәтіндерге, ғылыми және эксперименттік зерттеулер нәтижелеріне талдау жүргізу.
  • Машина жасау өндірісін цифрландыру жағдайында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және зерттеу әдістерін таңдау қағидаттары негізінде ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін қоюға, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуге қатысу.
  • Өнеркәсіптік өндірісті үлгілеу, автоматтандырылған жобалаудың прогрессивті бағдарламалық пакеттері, энергия және ресурсты үнемдеу қағидаттары негізінде машина жасау өнімінің өмірлік циклын басқару саласында шешімдер қабылдау.
  • Цифрлық фабрикаларды дайындау, жобалау және өндіру кезінде ғылыми зерттеулерде және кәсіби қызметте инновациялық бизнес-модельдерді, бизнес-процестерді, компьютерлік технологияларды қолдану.
  • Наноматериалдардың құрылымы мен қасиеттерін, алу әдістерін, наноматериалдардан жасалған бұйымдарды үш өлшемді басып шығарудың технологиялық процестерін талдау.
  • Өндірісті басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін, бизнес-процестерді, автоматтандырылған машина жасау өндірісін басқарудың озық ақпараттық жүйелерін қолдану.
  • Машина жасау өндірісін цифрландыру саласындағы виртуалды және толықтырылған нақтылық жүйелерін, компьютерлік модельдеу әдістерін талдау негізінде жаңа білім мен технологияларды синтездеу.
  • Материалдарды қысыммен өңдеудің технологиялық процестерін жобалау кезінде цифрлық және аддитивті өндірістің озық әдістерін қолдану.
Top