Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03204 Журналистика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Журналистік шығармашылықтың зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Магистранттарға журналистік шығармашылықтың ғылыми-зерттеу аспектілері туралы білім беру, түсіндіру. Ғылыми зерттеулерді жүргізу барысында мақсатты анықтап алу мен ғылыми болжамдар жасауға дейінгі процестерді үйрету. Сонымен қатар магистрант ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдыларды: ақпараттарды жинау және талдау, зерттеу әдістерін таңдау, алынған нәтижелерді қорытындылауды меңгеруі тиіс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы теле және радио журналистикасы
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы теле және радио журналистиканың өзекті мәселелерін зерттеу, коммуникативтік және мультимедиалық технологиялар, бұқаралық коммуникациялар мен жаңа медиалармен сабақтастыру. Интерактивті медиалардың қоғамға әсері мен әлеуметтік аспектілері туралы. Ақпараттық технологиялар мен жаңа медиалардың теле және радио журналистиканы дамытудағы маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникацияның қазіргі ғылыми тұжырымдамалары
    Несиелер: 5

    Магистранттарға бұқаралық коммуникацияның негізгі ұғымдары туралы білім беріп, италяндық фашизм тұжырымдамасы, фашистік Германия ұлтының идеясы, сондай-ақ «еркін ерік» немесе «баспасөз бостандығы», «баспасөздің әлеуметтік жауапкершілігі», сызықтық модельдер секілді тұжырымдамалар, коммуникация, шектеулі эффектілер идеялары және жаңа СМЖ концептуализациясы. Магистранттар сонымен қатар артықшылықтар мен қанағаттану, аудитория қызметі, әлеуметтік қатысу және компьютерлік қарым-қатынастың ақпараттық байлығы және т.б. туралы кейінгі түсініктермен таныс болуы керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Веб-журналистика және мамандықтағы трансформация
    Несиелер: 5

    Журналистік қызметтің қазіргі заманғы медиа кеңістіктегі трансформациялануы, жаңа коммуникациялық технологиялардың, веб-журналистиканың дамуы. Магистранттардың веб-журналистикада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру қажет. Журналистикадағы трансформацияның себептеріне талдау жасай отырып, оның қоғамдағы әлеуметтік ролін білуі, медиа индустрия мен трансформацияның болашағы туралы болжам жасай алуы тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Масс медианы ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Ақпарат таратудың параметрлері: уақыт категориясы, ақпараттың эмоционалдық сипаты, ньюсджейкингтің рөлі; дағдарыс жағдайында берілетін ақпараттардың мазмұндық-экспрессивтік сипаты; манипуляцияның тиімді әдістері; жағымсыз ақпараттың күшін жою тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ көсемсөзінің пайда болу, қалыптасу, дамуы
    Несиелер: 5

    Қазақ көсемсөзінің бастаулары. Тоталитарлық кезең журналистикасы; 1920-жылдардағы баспасөзге тән ерекшеліктер; «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ» газетерінің тарихы мен ондағы жарияланымдар; Осы басылымдардағы оқу-білім, жер, ұлттық тіл мәселелері. 1920-жылдардағы публицист-қайраткерлер көсемсөзі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық нарық конъюнктурасы
    Несиелер: 5

    Магистранттардың аудиторияның қажеттіліктері мен мүдделері, аудиторияны зерттеу әдістемесі туралы түсініктерін арттыру, медиа-жоспарлау, ақпараттық нарықтың жағдайы, аудиториямен редакциялық қарым-қатынас принциптерімен таныстыру, белгілі бір әлеуметтік топқа бөлу және тағы басқа мәселелер бойынша білім беру. Сонымен бірге, аталған курсты оқып-үйрену нәтижесінде магистранттардың аудитория көлемін арттырудың әдіс- туралы теориялық білімін жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарының нарықта өмір сүру жолдары туралы теориялық білімдерін арттыру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Журналистика пәндерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Сабақ журналистика пәндерін оқытудың теориялық және практикалық негіздерін, оқыту әдістемесінің маңызды категориялары мен тұжырымдамаларын үйретеді. Магистранттар белгілі бір пәннің негізгі ерекшеліктерін талдауды үйренеді және қазіргі заманғы заманауи әдіснама тұрғысынан журналистикадағы әртүрлі пәндерді оқытудағы дағдыларды меңгереді. Сыни ойлау, мазмұнды талдау, рөлдік ойындар, белсенді, интеллектуалды оқыту әдістеріне ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ публицистикасының теориясы мен практикасының зерттелуі
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында магистранттар қазақ публицистикасы теориясы мен практикасының зерттелу барысымен, соңғы жылдардағы осы саладағы тың ізденістермен танысады. Бұл пән өзінің бастауын сонау ерте кезеңдерден, орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінен алады. Ал, кеңестік кезеңде бұл пәнді кеңінен зерттеп, ғылыми еңбектер жазған ғалым, профессор Т. Амандосов. Оның бұл ісін тәуелсіздік жылдарында К. Қамзин, С. Садықов, Б.Жақып сынды ғалымдар одан әрі жалғасытруда.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заманауи медиа технологиялар
    Несиелер: 5

    Заманауи медиа технологиялардың теориясы мен тәжірибесі және даму тенденциялары, веб-талдау т.б. Жаңа медиадағы соңғы технологиялық өзгерістерге тез бейімделу, артықшылықтарын анықтау мақсатында интернетті қолданып ғылыми-зерттеу жүргізу әдістерін меңгеру. Мультимедианың жаңа қыр-сырын игеру, үнемі зерттеу тәсілін қолданып, жаңа шыққан құралдарды біліп, бірден қолданысқа енгізіп отыруға дағдылану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпаратты жеткізудің медиа аралық стратегиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты әлемдік ақпарат кеңістігіндегі медиааралық және коммуникативтік процесстер, трансмедиалық стратегиялар, ақпараттық технологиялар мен жаңа медиалар жүйесін қарастыру. Медиааралық стратегияларды ғылыми тұрғыда сараптау. Трансмедиалық технологиялардың табиғаты мен ерекшеліктерін айқындау. Медиакеңістігіндегі коммуникациялық көріністер мен коммуникациялық жүйені және елдің тұрақты дамуын сараптау. Интерактивті медиа қызмет, әлеуметтік аспектілеріне ғылыми талдау жасауды меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қоғамдағы трансформациялық үрдістер: телерадио аудиториясының эволюциясы
    Несиелер: 6

    Қоғамдағы трансформациялық үрдістер, бұқаралық коммуникация аудиториясына ықпалы. Телевизия мен радио аудиториясы, өзгерістер мен даму траекториясы. Бұқаралық медиа және қоғамдық процестер, жеке тұлғаның эволюциясы. Ақпараттық коммуникация қоғам мен адамзат өркениетін дамытуда жаңаша мейнстрим қалыптастырды. XXI ғасырдағы ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік-саяси өзгерістер, олардың арасындағы байланыстар. Телерадио аудиторияны зерттеу, сұранысы мен талабын анықтау, болжау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Публицистің шығармашылық шеберханасы
    Несиелер: 6

    Танымал публицистердің журналистік еңбектерінің тақырыптық, жанрлық, тіл-стильдік, көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру, талдау жұмыстарын жүргізу. Магистрант журналистік шығармашылықтың теориялық және әдіснамалық негіздерінің талаптарын, түрлері мен формаларын білуі тиіс; қазақстандық журналистиканың даму үрдісі және көрнекті публицистердің шығармашылық лабораториясын, құбылыстарды, проблемаларды және журналистік талдаудың тәжірибелік ерекшеліктерін меңгеруі көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі электронды БАҚ-тың мәдениеттанулық контенті
    Несиелер: 5

    Электронды БАҚ-тардың қазіргі заманғы мәдени көптүрлілікке әсері, ғаламдану процесінің ұлттық ерекшеліктерге әсері, БАҚ-тардың көптілділік мәселесі, мәдениетаралық толеранттылықты қалыптастырудағы электронды БАҚ-тардың ролі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Журналистика және қазіргі геосаясат тұжырымдамалары
    Несиелер: 6

    Пәнді оқыту нәтижесінде магистрант негізгі геосаяси тұжырымдар мен олардың қазіргі заманғы БАҚ-пен өзара қарым-қатынасын білуі тиіс; Ең маңызды тұжырымдамалық жұмыстарды анықтап, геосаясат пен масс медианың негізгі өзара байланыстарын айқындау: геосаясат теорияларының дәстүрлі және жаңа тұжырымдамаларын білу; осы саладағы білімдерін журналистік қызметтерінде пайдалана алуы, госаясат тақырыбымен айналысатын ғалымдар еңбектерін талдай алулары қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Теле-радио журналистика зерттеушілерінің ғылыми зертханасы
    Несиелер: 6

    Теле- және радио журналистика зерттеушілердің ғылыми зертханасы, шығармашылық қызметінің басты кезеңдері. Ғылыми зерттеу жұмыстары, тақырыптары мен еңбектері, монографиялары. Жетекшілігімен орындалған ғылыми жобалар. Әлемдік теле және радио журналистиканы зерттеу арқылы отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі. Ғылыми зертханасы мен публицистикалық шеберлік қырлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арт-журналистика
    Несиелер: 5

    Магистранттар бұл пәнді оқу барысында БАҚ-тағы өнер мен мәдениет мәселелерінің жазылу ерекшілктерімен танысады. Қазіргі заманғы артжурналистика, оның даму ерекшеліктері, бүгінгі өзекті мәселелерін зерделейді. Артжурналистиканың ең танымал авторларының еңбектерін талдай білуі қажет. Кино және масс-медиа. Артжурналистика тақырыбын жазатын басылым, телеарна, интернет-БАҚ жұмыстарымен тереңірек танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON4

    акпараттық нарық, газеттер мен электронды БАҚ аудиториясының демографиялық сипаттамаларын зерттеу және өлшеу, айналымды ұлғайту жолдары, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша аудиторияның көзқарастарын анықтау, жариялаудың «ішіндегі» аудиторлық преференциялар, ұсынылған ақпарат мазмұнына қатысты аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыру деңгейін әлеуметтік бағалау.

  • Код ON2

    заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу

  • Код ON7

    Белгілі зерттеуші-журналистердің ғылыми-педагогикалық және шығармашылық лабораториясын зерттеу, тарих, теория және практика саласындағы, журналистік ғылым саласындағы еңбектерін жинау және талдау.

  • Код ON3

    Ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті, бұқаралық ақпарат құралдарын мен масс-медианың қалыптасу, даму заңдылығын анықтайтын зерттеу әдістерін білу. Публицистердің шығармашылығын, тақырыптарын, өзекті мәселелерін талдау

  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады

  • Код ON9

    бұқаралық ақпарат құралдарының медиа менеджментін білу, іс жүзінде басқару туралы білімін көрсетіп, медиа бизнесін дамыту әдістерін жетілдіру арқылы қолдану.

  • Код ON5

    Бұқаралық коммуникацияның негізгі концепциялары, шектеулі ықпал ету идеясы және жаңа СМЖ концептуализациясын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық ақпараттық салаға кіру үшін әлеуетін, жаһандану жағдайында ғаламдық ақпараттық кеңістікке шығудың жолдары мен формаларын білу, геосаясаттың қазақстандық және әлемдік тәжірибелерін меңгеру.

  • Код ON8

    Арт-журналистика жөнінде алынған білімді қолдана алу, БАҚ пен көркем публицистика саласында деректер мен образдарды берудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдебиет пен журналистиканың, кино мен масс-медианың өзара байланысын ұғыну, театр және кино рецензияларды жазу дағыдысын меңгеру, мәдениет пен әдебиет мәселелері төңірегінде медимәтін дайындау.

  • Код ON10

    конвергентті редакцияда, жаңа «онлайндық» БАҚ-да, мультимедиалық ақпараттық өнімдерді өндіру ерекшеліктерін білу, WEB-ге бейнелерді оңтайландыру және жұмыс істеу дағдыларын меңгеру

  • Код ON6

    оқу-педагогикалық қызметпен таныс, журналистік піндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістерін және практикасын білетін маман.

Top