Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01511 Информатика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Граф теориясында оқыту мазмұнын құру әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Курс графтар теориясы негізінде информатиканы оқыту мазмұнын тұрғызу кезінде математикалық әдістерді қолданудың әдістемелік негіздерін оқытуға бағытталған. Графтар теориясының әдістерін түсіндіру және негізгі түсініктерін қалыптастырады. Оқытудың мазмұнын тұрғызу кезінде графтар теориясының әдістерін және алгоритмдерін тәжірибеде қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі заттар интернеті
    Несиелер: 5

    Курс магистранттардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, нейрондық желілерді құру және қолдану процесін үйреніп, әртүрлі нейрондық желілерді оқытуда қолданылатын негізгі теориялық идеялар мен практикалық әдістерді түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауқымды деректерді басқару
    Несиелер: 5

    Курста мәліметтерді басқару мен мәліметтерді өңдеу алгоритмдерінің кең ауқымды әдістері қарастырылады. Ақпаратты құру, жинақтау және өңдеу процестерін зерттеуді орындау, соның ішінде деректер және білімдер моделдерін құру және талдау, оларды сипаттау және басқару тілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Инноватика
    Несиелер: 5

    Білім беруде инновациялық қызметті ұйымдастыру принциптерін және ережелерін оқыту және IT саласында оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдануды үйрету. Магистранттарды оқытудың әртүрлі инновациялық технологияларын оқу процесіне ендіруге даярлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны мыналарды қамтиды: Қазіргі заманғы студентке бағытталған білім беру парадигмасын игеру негізінде инклюзивті білім берудің теориялық және әдістемелік негіздері туралы білім алу; Қазақстан мен әлем елдерінің инклюзивті білім беру саласындағы білім беру саясатының негізгі қағидаттарын мемлекеттік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде салыстыру және бағалау, стратегиялар мен құндылықтарды анықтау және инклюзивті білім берудегі инновациялар бойынша ұсыныстар әзірлеу. ; кредиттік оқыту жүйесі жағдайында дидактика мен жоғары оқу орнында білім беру теориясының біліміне негізделген университеттегі педагогикалық процесті жоспарлау, жобалау және жүзеге асыру, кәсіптік міндеттерді тиімді шешудің жаңа тәсілдері мен әдістерін іздестіру. инклюзивті ортада білім беру және тәрбиелеу саласында; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке дамуы үшін инклюзивті білім беруде инновациялық технологияларды шығармашылықпен қолдану;инклюзивті білім беру жағдайында оңалту іс-шараларының инновациялық стратегияларын, әдістері мен технологияларын қолдану;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-практикалық зерттеулердегі педагогикалық әдістер
    Несиелер: 5

    Курс статистикалық заңдылықтарды анықтау үшін ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін жинаудың, жүйелеудің, өңдеудің және түсіндірудің математикалық әдістері туралы, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуді орындау кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Цифрландырылған білім және оқыту мәселелері
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту нәтижесінде магистранттар жобалық іс-әрекетте сандық медиа мазмұнды әзірлеуді және пайдалануды үйренеді. АКТ қолдану жағдайында педагогтердің кәсіби қызметін қалыптастыру, білім беруді ақпараттандыру әдіснамасы саласындағы білім жүйесін ұсыну, білім беру мекемесін ақпараттандыру процесін жобалау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары білім берудегі жаңа парадигмалар. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі замағы білім беру технологиялары. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көпдеңгейлі клиент-сервер технологиялары
    Несиелер: 5

    MS SQL Server платформасының компоненттері және басқару құралдарымен жұмыс. Желілік байланысты ұйымдастыру. Протоколдарды тағайындау, серверлік және клиенттік баптаулар жүргізу. Қашықтағы жергілікті серверде T-SQL тілінің көмегімен клиенттік сұраныстар орындау. Сақталған процедуралар, көрсетілімдер, триггерлер және транзакциялар құру. Бұлттық шешімдерді академиялық қызметте қолдан

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім беруді цифрландыру жағдайындағы инновациялық үдерістер
    Несиелер: 5

    Курс магистранттарды инновациялық технологиялар эволюциясының қазіргі кезеңімен және оларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерімен, ақпараттық технологияларды қолдана отырып педагогикалық мәселелерді шешудің әдістері мен құралдарымен, шығармашылық ойлауды дамытудағы инновациялық технологиялардың рөлімен таныстыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Автономды және әлеуметтік роботтар
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны адам қызметінің түрлі салаларында робототехниканы қолдану әдістерімен, сондай ақ роботтарды құру құралдары және әдістерімен таныстыруға бағытталған. Білім алушылардың микророботтарды бағдарламалау және құрастыру (жинау) бойынша біліктерін және дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Киберпедагогика
    Несиелер: 5

    Киберпедагогика - бұл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі педагогикаға қарағанда, мұғалімнің оқытуды интуитивті басқару әдістемесін "қолмен" қарастыратын, компьютермен оқытуды автоматты бағдарламалық басқару әдістемесін ұсынатын педагогика ғылымының жаңа бөлімі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары жылдамдықтағы желілердегі ақпаратты қорғау
    Несиелер: 5

    Курс жоғары жылдамдықтағы желілердегі мәлімет алмасуда ақпаратты қорғаудың негізгі әдістерін, желіде ақпарат қалай алмасатынын түсінуге және кәсіби қызметінде қалдана алуына бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • IT курстарының мазмұнын құруға арналған заманауи білім беру технологиялары
    Несиелер: 5

    Курс IT курстардың мазмұнын құруда инновациялық білім беру технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім беру цифрлық ресурстарын жобалау мен әзірлеуде виртуалды және толықтырылған нақтылық технологияларын қолдану. Білім беру ресурстарын оқытуды басқару жүйесі платформаларында орналастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Желілік әкімшіліктендіру
    Несиелер: 5

    Бұл курста маршруттау хаттамалары және желілік сүзгілерді баптау сұрақтары, OSI моделі, желілер мен телекоммуникация жүйелері, олардың ішкі жүйелерінің, түйіндерінің жұмысқа қабілеттілігін талдау және болжау, жергілікті және ауқымдық желілерді жобалау және құрастыру жолдары қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім онлайн-платформалары
    Несиелер: 5

    Курс онлайн-платформаларды оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдануды, интеллектуалдық меншік құқықтарын рәсімдеуді, ашық курстарды құру процестерін және ашық электрондық білім беру ресурстарын ұсыну модельдерін оқытуға бағытталған. Онлайн платформаларда оқу курстарын құруды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мобильдік қосымшалар және деректерді интеллектуалдық талдау
    Несиелер: 5

    Курс мобильдік қосымшаларды жобалау және құрастыру: Android және IOS платформаларының құрылғыларын және мобильдік жүйелерді құру үшін аталған платформалар ұсынатын мүмкіншіліктерді қарастыру, Python тілінде деркетерді интеллектуалдық талдау бойынша білік және дағдыларын қалыптастыралы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Программалаудың есептік ойлауды дамытуға тигізетін семантикалық әсері
    Несиелер: 5

    Курс процедуралық тәсілдемені және бағдарламалаудың негізгі түсініктерін, жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің құрылымын, ақпараттық процестерді сипаттаудың қарапайым модельдерін оқып-үйретуге бағытталады. Магистранттардың білім беруді цифрландыруды зерттеу саласындағы ғылыми және зерттеу құзыреттіліктерін дамыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бейнедәрістер және бейнебаяндар жасау практикумы
    Несиелер: 7

    Курстың мазмұны бейнедәрістерді құрастыру үшін арналған бағдарламалық құралдарға шолу жасауға, бейнедәрістерді құру үшін Adobe Premiere Pro бағдарламасының мүмкіндіктерін оқып-үйренуге бағытталады. Бейнеақпараттарды оқу процесінде қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар, бейнедәрістер және бейнеклиптер құрастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Параллель есептеулер кластері
    Несиелер: 5

    Параллель есептеулер кластері туралы түсініктер. Параллельді жүйе деректерін өңдеу классификация. Білім берудегі параллель есептеулер кластерінің программалық қаптамасы. Параллель есептеулер кластерін баптау ортасы. Байланыстыру және үйлестіру. Білім берудегі параллель есептеулер кластерін баптау. Параллель есептеудің тиімділігін бағалау. Білім берудегі параллель есептеулер кластерінде сызықты емес теңдеулерді, сызықты теңдеулер жүйесін, интегралды, кәдімгі дифференциалдық теңдеулерді есептеу. Ғылыми зерттеулерде параллель есептеу қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім беру ортасындағы визуализация технологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны кәсіби қызметте заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және сыни түрде бағалау түсінігін және қабілетін қалыптастыруға бағытталады, өзінің кәсіби саласында оқу жұмысының нәтижелерін визуалды ұсыну технологияларын қолдану ерекшеліктерін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудағы бұлтты технологиялар
    Несиелер: 7

    Курс білім алушыларды жоғары және орта білім беру саласының оқыту үрдісінде педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруда бұлттық технологияларды қолдану, онлайн бұлттық есептеулер жүргізу, академиялық бұлттық қойма құру, виртуалдау технологиясын жүзеге асыру бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулердегі заманауи бағдарламалау тілдері
    Несиелер: 5

    Пәнді игерудің мақсаты LabVIEW ортасындағы графикалық бағдарламалаудың негізгі түсініктері мен тұжырымдамаларын зерттеу болып табылады, өйткені бұл орта бүкіл әлемдегі техниктер, инженерлер, оқытушылар мен ғалымдар өлшеу тапсырмаларында күрделі қосымшаларды тез құру, білім беруде ғылыми эксперименттің автоматтандырылуын басқару үшін қолданылатын графикалық бағдарламалау ортасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық дизайн
    Несиелер: 5

    Курс тиімді және инновациялық білім беру жүйелерін қолдану, әртүрлі мақсатты тұжырымдалған логикада зерттеу және білім беру өнімдерінің дизайнын жобалау, білім беру өнімін жобалауда пәндік, дидактикалық, психологиялық, когнитивті, эргономиялық сызықтарын келісу, білім беру ортасының ақпараттық және инструменталдық ресурстарын ажырата алу біліктерін қалыптастыруға арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі
    Несиелер: 7

    Курс ғылыми зерттеу бағытын таңдау ерекшеліктерін және оны жүзеге асыру кезеңдерін, теориялық зерттеулердің міндеттері мен әдістерін, эксперименттік зерттеулердің жіктелуі, түрлері мен міндеттерін, ғылыми-практикалық зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуді зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім жүйесін цифрландыру зерттеу жұмысы
    Несиелер: 5

    Курсты игеру барысында педагогикалық ғылымның тарихи даму заңдылықтарын, білім беруді цифрландыру әдіснамасы туралы заманауи идеяларды анықтау, білім беру процесіне оқытудың цифрлық әдістерін дербес әзірлеу және енгізу дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электронды басылымдарды әзірлеуде динамикалық объектілерді жобалау
    Несиелер: 5

    Курс электрондық басылымдарды құрастыру кезінде, кейін қолдану мүмкіндігі үшін оқу материалы мазмұнының объектілерін жобалау және динамикалық ұсыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім берудің электрондық ресурстарын ұйымдастыру және жүзеге асырудың заманауи әдістемелерін және технологияларын қолдану қабілеттілігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON3

    Заманауи педагогикалық технологияларды қолдануды және педагогикалық-психологиялық білімдерді игеру

  • Код ON2

    Шетел тілін меңгеру арқылы коммуникативті қабілеттіліктерді игеру

  • Код ON7

    Білім беру саласында АКТ-трендтерді ендіру әдістерін игеру, ауқымды деректерді желіде басқаруды меңгеру, білім беру саласында заттар интернетінің маңызын білу, жоғары жылдамдықтағы желілердегі ақпаратты қорғау, киберпедагогика әдістерін игеру, көпдеңгейлі клиент-сервер технологияларын меңгеру, микророботтарды бағдарламалау дағдыларын меңгеру.

  • Код ON5

    Ғылыми-зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және тәжірибелік білімдерін қолдану, пәнаралық байланысты жүзеге асыру

  • Код ON9

    Қазіргі заманауи таратылған деректер технологиялларын, бұлттық технологияларды және педагогикалық технологияларды қолдана отырып ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізе білу.

  • Код ON4

    Білім беруді цифрландыру жағдайында дидактиканың қағидаларына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруды жоспарлау және таңдау, оқытудың инновациялық әдістерін, инноватиканы меңгеру, заманауи педагогикалық менеджмент және стратегиялық басқару әдіснамасын білу

  • Код ON6

    Аппараттық және бағдарламалық құралдардың заманауи әдістерін білу, желілік таратылған технологияларды қолдануды бағдарламалау, мобильдік қосымшаларды құруда бағдарламалауды игеру, зерттеулерде қолдана білу. Параллель есептеулер кластері негіздерін білу. Білім берудегі параллель есептеулер кластерінің аппараттық және программалық қаптамаларын білу. Параллель есептеулер кластерін баптау. Параллель есептеулер кластерінде есептер шығару. Параллель есептеудің тиімділігін бағалай білу

  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады

  • Код ON8

    Қашықтықтан оқыту үдерісін ұйымдастыруда және басқаруда білім беруді цифрландыру үшін IT курстарының мазмұнын құрылымдау, білім берудегі онлайн платформаларды игеру және оларда мультимедиялық технологияларды кіріктіруді меңгеру.

Top