Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M06109 Кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшілендіру, бақылау және қорғау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Киберқауіпсіздік жүйелерінің сәулеті
    Несиелер: 5

    Курста киберқауіпсіздік модельдері, қауіп-қатерлер, осалдықтар және деректер ағындарын талдау туралы мәліметтерді қамтитын киберқауіпсіздік жүйелерінің заманауи архитектурасын құру негіздері баяндалған. Сонымен қатар, желілік қауіпсіздік сұрақтары қарастырылады: маршрутизация; шифрлеу;IPv6, SSL / TLS VPN; желілік қауіпсіздік мониторингі; оқшауланған орындау ортасы (құмсалғыш), зиянды бағдарламаларды анықтау технологиясы, қауіпсіз қашықтан кіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін басқару бойынша стандарттар
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық қауіпсіздік саласындағы негізгі халықаралық және қазақстандық стандарттарды зерттеуге бағытталған. Магистранттар ISO/IEC 27001-2015 «Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі. Талаптар» ҚР СТ стандарты бойынша АҚБЖ әзірлеу және енгізу бойынша нормативтік талаптарды, АҚБЖ үдерістерін құжаттандыру бойынша стандарттарды ұсынуды, ішкі және сертификаттау аудиттерін жүргізуді, тәуекелдерді талдау және АҚБЖ -ның тиімділігін өлшеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • IoT қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарға cloud services, жасанды интеллект, Big Data технологияларымен және олардың негізінде құрылған жүйелердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарымен тығыз байланыста болатын M2M, IoT технологияларының парадигмасы мен қолдану салалары туралы тұтас түсінік беруге бағытталған. Магистранттарда IoT ақпараттық процестерін қорғау технологиялары, IoT жүйелерінде құрылғылар мен шлюздер, желілер мен көлік, қосымшалар деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары, криптографиялық механизмдер мен хаттамалар туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бұлттық есептеулерді қорғау
    Несиелер: 5

    Пән бұлттық есептеулер технологиясы туралы теориялық және тәжірибелік білімдерді және бүгінгі бизнесте бұлттық технологияларды тәжірибеде тиімді іске асыру дағдыларын қалыптастыруға бақытталған. Магистрантттар бұлттық технологияны қорғаудың құрал-саймандарын пайдану дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Киберқауіпсіздікті жоспарлау және басқару
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық жүйелердегі киберқауіпсіздік бұзылуының негізгі қауіптерін зерттеуге, киберқауіпсіздікті жоспарлауға және басқаруға мүмкіндік береді. Магистранттар ақпараттық шабуылдардың алдын алу дағдыларын меңгереді, жүйелер программалары мен құрылғыларында декларацияланбаған мүмкіндіктерді, жүйелер жұмысындағы істен шығулар мен қателерді, соның ішінде аппараттық және программалық іркілістер мен операторлардың қателерін, деректер қателерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігі
    Несиелер: 5

    Пән ақпаратты қорғау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі теориясында базалық білім алуға бағытталған. Магистранттар Webgoat қауіпсіз веб-қосымшасы арқылы веб-қосымшаға бағытталған арнайы шабуылдарды (XSS, SQL injection, сессия ауыстыру, прототип ауыстыру және т.б.) анықтауды және болдырмауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық технология жүйелеріндегі тәуекелдерді басқару
    Несиелер: 5

    Курста ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптары, тәуекелдерді сапалық және/немесе сандық бағалау әдістемесі, сондай-ақ активтерді, қауіп-қатерлерді және осалдықтарды сәйкестендіруді жүргізу үшін мамандандырылған программалық қамтама мүмкіндіктері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздік аудиті
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық қауіпсіздік аудитінің мазмұнына қойылатын негізгі ұғымдарды, талаптарды, процестер мен жүйелерді бақылау және тексеру негіздерін, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау әдістерін зерделеуге бағытталған. Магистранттар ақпараттық қауіпсіздік аудиті саласындағы методологияны, стандарттарды және нормативтік талаптарды пайдалану дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Байланыс және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін бағалау
    Несиелер: 5

    Пән коммуникациялық және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік жағдайын бағалау, ақпаратты жинау және талдау, коммуникациялық және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік деңгейін оңтайландыру бойынша есептер дайындау және ұсыныстар әзірлеу дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Нақты уақыт жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді құру технологиясы
    Несиелер: 5

    Курс нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін цифрлы ақпарат пен басқару жүйелерінде есептеу процестерін ұйымдастыру қағидаларын және осы жүйелердегі программалық және аппараттық құралдардың өзара байланысын, өзара әрекеттесу процестерін басқару және синхрондау әдістерін баяндайды. Сондай-ақ нақты уақыт режимінде программалық қамтаманы әзірлеу кезінде пайдаланылатын халықаралық және мемлекеттік стандарттар қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көпагенттік жүйелер
    Несиелер: 6

    Пән магистранттардың үлестірілген интеллектуалды жүйелерді программалау саласында теориялық білімдерін қалыптастыруға, көпагентті жүйелерді өңдеу технологиясымен танысуға бағытталған. Магистранттар көпагентті жүйелерді құрудың негізгі концепцияларын, агенттік архитектура түрлері және көпагентті жүйелерді басқару стратегиялары туралы білімді қалыптастыруды оқып, зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Деректер базасының киберқауіпсіздігін жобалау
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу деректер базасының киберқауіпсіздігін жобалау технологиясы туралы түсінік береді. Пәнді оқытудың негізгі міндеті-магистранттарға киберқауіпсіздік құрылымдарын құру технологиясын формалдауда, практикалық дағдыларды меңгерту, деректер базасын қорғаудың негізгі әдістерін игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік криминалистика
    Несиелер: 6

    Пән компьютерлік қылмыстарды және сараптамалық қызметті тексеруде компьютерлік технологиялар мен компьютерлік техниканы қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Магистранттар жоғары компьютерлік технологиялар мен қазіргі заманғы программалық қамтаманы пайдалана отырып, компьютерлік қылмыстардың дәлелдерін жинау және талдау дағдыларын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Киберқауіпсіздік және желілерді қорғау
    Несиелер: 6

    Пән құралдар мен компьютерлік жүйелерге қол жетімділікті физикалық қорғау, компьютерлік жүйені қорғау негіздерін оқытуға бағытталған. Магистранттар периметрі бойынша шабуылдардың типтерін, қауіпсіздік аймақтары мен құрылғыларын, DMZ күйін, брандмауэрлерді, Nat, VPN маршрутизаторын, веб-қатерлерден қорғауды зерттейді, желіні қорғау (NAP) және сымсыз желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздіктің интеллектуалдық платформасы
    Несиелер: 6

    Пән интеллектуалды платформаларды құру, ақпараттық қауіпсіздікті басқару мәселелерін қарастырады. Магистранттар ақпараттық қауіпсіздіктің жіктелуін, заманауи интеллектуалды платформалардың ерекшеліктерін зерттейді, зияткерлік платформаларды енгізу мен жобалаудың инновациялық тәсілдерін басқару дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зиянды программаларды талдау
    Несиелер: 6

    Пән өзекті зиянды программалардың мүмкіндіктерін және киберқауіпсіздіктің қазіргі жағдайын айқындауға мүмкіндік береді; VMWare ПҚ базасында зертханалық стенд құруды үйретеді; кодты талдауға арналған утилиттермен жұмыс істеуге дайындайды. Магистранттар зиянды программалық қамтама әсеріне байланысты инциденттерге (жұқтырудың пайдаланылған арналары, зиянды программалық қамтама мақсаттары, шабуылданған объектілер және нақты келтірілген залалдарды тексеру) тергеу жүргізуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қауіпсіздік мақсатындағы Java
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу Java программалау тілінің көмегімен әзірленген программалық қамтаманың сенімділігін, бүтіндігін және қол жетімділігін басқаруды үйретуге мүмкіндік береді. Ол Java программалау тілінде қауіпсіз кодтау ережелерінің жиынтығын ұсынатын кодтау стандарттарымен танысады. Бұл Ережелердің мақсаты-инженер-программистерді кодтаудың дұрыс емес әдістерінен қорғау. Оқу материалының негізі ретінде Java-кодтау үшін Java-CERT® Oracle Secure Coding Standard стандарты қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білімді басқару
    Несиелер: 5

    Пәнді оқуда компанияның білімі барлық қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдерінің жиынтығы ретінде, сондай-ақ компанияның деректер базасы мен репозитарийлерінде сақталған формальды білімі болып табылады. Бұл ретте білімді басқарудың екі құрамдас жүйесіне баса назар аударылады: ұйымдастырушылық және технологиялық. Негізгі назар білімді басқару теориясы туралы тұтас ұғымға, жаңа ұйымдастырушылық білімді құру процесіне, сондай-ақ білімді басқару бойынша негізгі процестер мен құралдарды іс жүзінде қолдануға бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON3

    Нақты уақыт режимінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін тиімділеу, ақпараттық жүйелердің осалдықтарын анықтау және блоктау әдістерін пайдаланады; кәсіпорындардағы ақпаратты және программалық қамтамаларды қорғау үшін осалдықтарды тексеру және қауіпсіздік жүйелеріндегі әлсіздіктерді анықтау, вирус және вирусқа қарсы компьютерлік технологияларды және бұзу әдістерін қолдану

  • Код ON7

    Түрлі кластардың қолданбалы есептерді шешуде және жүйені құруда автоматтандыру және ақпараттандыру үшін қолданбалы информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын қолдану

  • Код ON8

    Ұйымның (мекеменің) ақпараттық технологиялар (АТ) архитектурасын сипаттау, талдау және құжаттандыру, оларды талдау және жобалау кезінде технологияларды, модельдерді және кәсіпорынның (мекеменің) қауіпсіздік саясатын әзірлеу және бағалау үшін әдістерді, стандарттар мен әдістерді реттейтін негізгі халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану; қорғалатын жүйелердің теориясы мен әдістерін қолдануға негізделген кәсіпорынның (мекеменің) модельдері мен қауіпсіздік саясатын әзірлеу және бағалау; ақпаратты қорғау үшін стандартты криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды қолдану

  • Код ON6

    Киберқауіпсіздік принциптері мен әдістерін Java, Java шифрлау кеңейтімі арқылы программалық қамтаманы әзірлеуге қолдану

  • Код ON5

    Ақпараттық-басқару жүйелерінің функционалдық қауіпсіздігі мен тәуекелдерін талдай білу және бағалау

  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық білімді көрсету, оның ішінде пәнаралық сипаттағы және кәсіби қызметте нәтижелерді пайдалану

  • Код ON2

    Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу

  • Код ON4

    Қорғалатын жүйелерді бағалау стандарттарына сәйкес ақпараттық және коммуникациялық жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін; ақпараттық жүйені техникалық қорғаудың нормативтік құжаттарының талаптарына сəйкес ақпаратты рұқсатсыз алуға қарсы əдістер мен құралдарды қолдану

Top