Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02122 Баспа ісі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Қазіргі қазақ публицистикасы мен әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ публицистикасы мен әдебиетіндегі жанрлар жүйесі, көркем шығармалар мен публицистиканың жаңа бағыттары жайлы біледі. Публицистика мен әдебиеттің өзара байланысы туралы толыққанды түсінік қалыптастырады. Қазіргі қазақ публицистикасы мен әдебиетіндегі танымал шығармалар мен авторлардың шығармашылық шеберханасы туралы мәтіндік талдау жасауға үйренеді. Публицистика мен әдебиеттің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен өзекті мәселелерін талдауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медиа және журналистика
    Несиелер: 5

    Қоғамдық сфера, медиа институттар, медиаталдау, жаңалық дайындау, коммуникация этикасы, цифрлық медиа, әлеуметтік медиа және журналистика практикасы туралы түсінік қалыптасады. Медиа мен журналистиканың жаңа бағыттары жайлы теориялық білімді тәжірибе барысында айқындайды. Жаңалық жазуға дағдыланады. Сондай-ақ мәтіндік талдау мен медиазерттеу жасауды үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 8

    «Мамандыққа кіріспе» пәні – гидросфера концепциясы; гидрология және басқа ғылымдар арасындағы оның орны; су ресурстары және оларды пайдалану; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетінің құрылымы; олардың дамуының қысқаша тарихықарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кітаптану негіздері
    Несиелер: 5

    Кітаптану ғылымының негіздері, салалары, қызметі мен қазіргі жай-күйі жайлы мәлімет беріледі. Кітаптану ғылымының тұжырымдамалары мен ғалымдар еңбектерімен танысады. Кітаптану ғылымының нысандары туралы біледі. Кітаптану ғылымының негізгі тұжырымдарын меңгереді. Кітаптану ғылымының даму кезеңдерімен танысады. Алғашқы қолжазба кітаптан бүгінгі күнгі электронды кітаптардың сапасы мен мазмұнына талдау жасай алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Электронды кітап
    Несиелер: 5

    Электронды кітапхана тарихы, электронды кітапхана дамуының үрдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы түсінік қалыптасады. Электронды кітапхананың білім берудегі жылдам әрі тиімді көмек көрсететін құрал ретіндегі рөлі айқындалады. Кітапхана мәліметтерін сақтау және өңдеу барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдануды меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Баспа өнімдерін тарату теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Кітап саудасы, баспа өнімін тарату жөнінде теориялық білім алуы керек. Кітап өнімін тарау жолдарын, оқырмандардың сұранысын, маркетологтар мен менеджерлердің негізгі жұмысын білуі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдеби тіл нормалары
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастыруға, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдануға үйрету; тіл мәдениетіндегі тілдік норманың түрлерін (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы), сөз нормаларын (сөйлеу этикасының ережелері), коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) және әбеди тіл нормаларын меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Веб-басылымдарды құрастыру
    Несиелер: 5

    Студенттерді толыққанды сайтты құрудың негізгі кезеңдерімен таныстыру. Веб-парақтарды құру кезінде қолданылатын негізгі технологиялармен (HTML тілі, CSS- стильдердің каскадты кестелері, JavaScript - қосымша мүмкіншіліктеріне шолу жасау, серверлік скрипттер, CMS-сайттарды басқару жүйелері), таныстыру, үйрету. Веб-сайттарды жасау кезінде пайдаланылатын бағдарламалармен (HomeSite, FTP-клиент, PhotoShop) танысады. Сайтқа арналған мәтіндерді және графиканы дайындау жолдарын қарастырады. Сайттың дизайны және сайт бойынша сауатты навигация құру сұрақтарын қарастырады. Сайттың өмірлік циклі, сондай-ақ Интернетте одан әрі қолдау және алға жылжу тақырыптарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Аталған пәннің мақсаты болашақ мамандарға қолайлы қоршаған орта құру үшін, сонымен қатар қауіпсіз және зиянсыз тіршілік жағдайларына керекті теориялық білімдер мен практикалық іс дағдыларды оқыту болып табылады. Адамның әсерінен қоршаған табиғи ортадағы болуы мүмкін теріс жағдайларды болжау мен бағалау, қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту және табиғи ресурстарды тиімді пайдлану мен оларды сақтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Отандық медиаөндіріс
    Несиелер: 5

    Қазақстандағы медиаөндірістегі заманауи технологиялар мен жаңалықтар қарастырылады. Медиаөндірістегі телевизияның, радионың, интернеттің рөлі мен қызметі туралы түсінік қалыптасады. Отандық медиаөндірісті дамыту жолындағы мемлекеттік сыйлықтар мен халықаралық шаралардың ұйымдастырылуы жайлы ақпарат алып, медиаөндіріс саласындағы өзекті мәселелер тиалқыланады. Білім алушылар қазіргі медиаға тұтынушының сұранысын қанағаттандыратындай өнім дайындауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі баспа ісі
    Несиелер: 6

    Қазіргі баспа өндірісіндегі өзекті мәселелер талданады. Кітап ісі мен баспа саласындағы озық технологиялар жетістігі туралы түсінеді, компьютерлік бағдарламаларды үйренеді. Баспа саласын дамытудың өзық тәжірибесін меңгереді. Отбасылық кітаптар, мемлекеттік тапсырыс бойынша кітап шығару, кітап саудасын ұтымды ұйымдастыру жолдарын қарастырады. Аударма кітаптар мен мемлекеттік тілдегі кітаптарды шығару ісі жайлы білім жинақтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    «Сөйлеу мәдениеті» курсының мақсаты - бұл дұрыс сөйлеу және жазу, сондай-ақ қарым-қатынастың мақсаттары мен жағдайларына сәйкес сөздер мен сөздерді қолдана білу. Сөйлеу мәдениетінің басты критерийлері – дұрыс және коммуникативтік мақсаттылық, сондай-ақ дәлдік, қисындық, айқындық және қол жетімділік, тазалық, мәнерлілік, әртүрлілік, эстетикалілік, орындылық. Сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің дағдыларын меңгеру сөйлеу қарым-қатынасының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Оқу пәнін оқытудың мақсаты – мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазастан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып қарастырады. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Курс қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кітап ісіндегі кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: баспа ісіндегі бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кітап дизайны
    Несиелер: 6

    Кітап безендіру технологиясындағы графиктік бағдарламаларды, компьютердегі графикалық кескіндер, декоративті Word Art қаріптерін қолдану, «Adobe Page Maker», «InDesign» бағдарламалары, кескіндемелік-суреттік Corel Draw, Adobe Photo Shop бойынша жұмыс істеуді меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Контент-редактор
    Несиелер: 6

    Ақпарат құралының ресми порталы мен сайттардағы мазмұн сапасын анықтауды және оны жақсартудың жолдарын меңгереді. Сайт мазмұнын дамытуда мәтін, видео, графика, суреттерді үйлестіру, мәтінмен жұмыс жасау дағдысын меңгеру, HTML туралы негізгі білімді меңгереді. Копирайтингтің негізгі дағдыларын үйренеді. Құжаттарды жылдам жүктеу мен мәтінді тез өңдеудің жолдарын үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу
    Несиелер: 6

    Масс-медиа, шығармашылық өндірістің негізгі элементтері, интернеттегі интерактивті әдіс-тәсіл, формат пен стиль, жарнама мен хабарлама, жаңалықтар мен спорт бағдарламасы, очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама, сұқбат және ток-шоу хабарлары, музыка, варьете және комедия, корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар, қойылым, кәсіби мүмкіндіктер жайлы толыққанды түсінік қалыптасады. Әртүрлі ақпарат құралына мәтін жазудың ерекшеліктерін меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • MS Share Point Designer-дағы Web-технологиялар
    Несиелер: 6

    Еліміздегі және әлемдік баспасөз басылымдарында журналист қолданатын әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар жайлы түсінік беріліп, нәтижесінде заманауи репортердің жұмысындағы жаңашылдықтарды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі
    Несиелер: 7

    Нарық жағдайында баспа ісінің менеджментін меңгерген, білімді де білікті баспагер-редакторларды, баспа ісінің проблемалық мәселелерін шешуге байланысты жүйелі дағдыларды меңгерген, еңбек нарығында бәсекеге қабылетті жалпы және кәсіби мәдениетін меңгереді. Баспа саласын ұйымдастыру мен басқарудағы түрлі технологияларды үйренеді. Маркетингтік қызмет туралы ұғым, маркетингтің базалық концепциялары, маркетингтің функционалдық концепцияларын меңгереді. Маркетингтік технологиялардың басқа арналарымен жарнаманың өзара әрекеттестігі тұрғысынан кітаптар нарығына жарияланымдарды насихаттау мәселелерін қарастырады. Кітап таратуға арналған науқандар дайындау жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Редакция жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Редакция құрылымы, жауапты қызметкерлер қызметі, әрбір қызметкердің құқықтары мен міндеттері жайлы түсінік қалыптастырады. Редакцияның дәстүрлі және веб түрлерімен танысады. Редакция жұмысын ұйымдастырудағы күндік, апталық, айлық, тоқсандық, жылдық, стратегиялық жоспар жасауды үйренеді. Жоспарлаудың маңызы мен орындау жауапкершілігін меңгереді. Жауапты мамандар қызметін бағалау мен тапсырма берудің тәсілдерін тәжірибемен салыстыра отырып талдау жасайды. Қазіргі әртүрлі ақпарат құралдары, ақпарат агенттіктері, жарнама агенттіктерінің редакция құрылымымен танысып, жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибесін үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Отандық баспа ісінің тарихы
    Несиелер: 5

    Білім алушыларды отандық кітап ісінің даму үрдістерін біледі. Отандық баспа ісінің тарихына қатысты ғылыми еңбектермен танысып, баспаны дамыту жолындағы танымал баспалар мен баспагерлермен танысады. Отандық баспа саласындағы үдерістер мен жаңалықтар туралы түсінік қалыптастырады. Қазақстандық баспа өндірісін дамытудың өзекті мәселелерін зерттеуді үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Компьютерлік және желілік жүйелерді ақпараттық қорғаудың теориялық негіздерімен, IP желісінің қауіпсіздігінің негізгі мәселелері; сымсыз және сымды желілердің қауіп-қатерлері мен осалдығы, ақпаратты өңдеу жүйелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғауды зерттеу, қазіргі заманғы әдістермен және қорғау құралдарын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби сын
    Несиелер: 5

    Әдеби сынның қалыптасуы мен даму кезеңдерін, әдеби сын жанрлары туралы білім алады. Әдеби сынның бүгінгі ахуалы туралы зерттеу жасауға дағдыланады. Қазақ әдеби сынының кәсіби мәселелерін зерделей отырып, сыни мақала жазуға машықтанады. Бүгінгі әдеби үдерістегі сынның әлеуеті жайлы көзқарас қалыптастырады. Соңғы жылдары баспадан жарық көрген көркем шығармаларға сыни мақала жазуды үйренеді. Әдеби сынның публицистикалық және сатиралық жанрларын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспа ісі және социология
    Несиелер: 5

    Баспа ісі және социология арасындағы байланыс туралы түсінік беріледі. Болашақ баспагерлер әлеуметтанудың проблематикасымен, тәсілдерімен танысады. Баспа ісіндегі әлеуметтік зерттеулерді пайдалануды үйренеді.Әлеуметтанудың тәсілдерін меңгереді. Мәдени және рухани құндылықтар жайлы түсінік қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспа ісінің құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты баспа ісі мен БАҚ саласындағы заңдарды жетік білудің маңызы мен мәнін түсіну. Баспагердің ар, заң алдындағы жауапкершілігі туралы жалпы мағлұмат беру. Авторлық құқық мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру. Сөз бостандығы, журналистің құқықтары мен міндеттері туралы үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Журналистиканың жанрлары
    Несиелер: 5

    Студенттер журналистика жанрлары, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін білуі керек. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісі

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиаэтика
    Несиелер: 5

    Медиа саласындағы этикалық мәселелер мен оларды шешудің жолдарын қарастырады. Жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілер талқыланады. Моральдық тұрғыдан кемелденген кәсіби медиа маманының құзыреттіліктері жайлы түсінік қалыптасады. Сақтық және әлеуметтік желі, иммерсивті журналистикадағы этика, жеке бас құпиясын сақтау әдебі, қоғамдық құқық, сөз бостандығы, этикалық нормалардың қақтығысына қатысты мысалдардан тәжірибе жинақтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспа ісіндегі логистика
    Несиелер: 5

    Баспа нарығындағы логистика туралы түсінік қалыптастырады. Баспа саласындағы өнімді қабылдау, өңдеу, жасақтау, басып шығару, тарату жүйелерінің заманауи әдістерін меңгереді. Өндірістік логистика, өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика туралы түсінік қалыптастырады. Ақпараттық логистика жасау, логистика функциялары мен концепциясын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кино өнеріндегі аударма және редакторлық жұмыс
    Несиелер: 5

    Аударма және редакторлық жұмыстың маңызы мен мәні туралы түсінік қалыптасады. Медиаөндірістегі аударма жасаудың қиындықтары мен өзекті мәселелерін біледі. Кино өнеріндегі аударма және редакторлық жұмыстың құрылымы мен ерекшеліктерін меңгереді. Кино тілін зерттеуші ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, қазіргі кино аудармаға талдау жасауға дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Редактордың шығармашылық шеберлігі
    Несиелер: 5

    Танымал редакторлардың шығармашылық шеберханасымен танысады. Редакторлық шығармашылықтың қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік қалыптастырады. Мәтінмен жұмыс жасаудаағы редактор мен автордың байланысы, редакторлық түзетудің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Мәтінді түзетудегі редакторлық позицияны қалыптастыруға үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиазерттеу
    Несиелер: 5

    Медиақұрылымды зерттеудің маңызы мен мәнін, ерекшеліктерін, әдістерін біледі. Медиазерттеудің түрлі мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастырады. Медиа саласында стратегиялық жоспарлаудың моделін меңгереді. Медиаөндірістегі өнімді өткізу және жоспарлы, нақты көрсеткіштерді салыстыра талдауға үйренеді. Медиаөндірістегі сұраныс пен қызығушылықты қанағаттандыру әдістерін меңгереді. Медианы зерттеудің түрлі тәсілдері мен әлеуметтік зерттеу әдістерін үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиабілім беру
    Несиелер: 5

    Бұқаралық ақпарат құралдарымен (медиа) қарым-қатынас мәдениетін, шығармашылық, коммуникативті қабілеттерін, сыни ойлауын, медиамәтінді қабылдау, түсіндіру, талдау және бағалау дағдыларын қалыптастырады. Медиатехниканың көмегімен өзін-өзі көрсетудің әртүрлі формаларын үйренеді. Жеке тұлғаның даму процесіндегі теледидар, радио, видео, кино, баспасөз, интернет мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға дағдыланады. Курс барысында медиамәтіндерді талдау, дайындау, сыни тұрғыдан түсіну қалыптасады. Өз медиамәтіндерін жасау, тарату, мүдделі аудитория үшін өнім дайындауды игереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Баспа ісіндегі мультимедиялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Баспа ісіндегі инновациялық технологиялар және олардың қазіргі кездегі маңызы, ерекшелігі туралы. Автоматтандыру жүйелеріндегі ақпаратпен жұмыс істей білетін мамандарды даярлау. Баспа бизнесіндегі ақпараттық басқару жүйесінің принциптерін, баспа бизнесіндегі ақпараттық кеңістік технологиясын дамытуды білуі, сандық деректер базасын басқару жүйесін ұйымдастыру және пайдалану әдістемесін меңгерту

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиаөндірістегі PR технологиялар
    Несиелер: 5

    Медиаөндіріс саласында тиімді қарым-қатынас жасаудың тәсілдерін біледі. Қоғаммен байланыс жасаудың медиа нарықтағы өнімді жылжытудың технологиясын меңгереді. Қоғамдық пікірді зерттеу арқылы медиаөнім дайындауды ұйымдастыруға дағыдаланады. Қарым-қатынас жасау мен әрекет етудің амалдарын үйренеді. Медиаөндіріс саласындағы аудиятория сұранысы мен талабын, қызығушылығы мен психологиялық ахуалына талдау жасай алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиапсихология
    Несиелер: 5

    Әлемдік мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқан саласы ретінде медиапсихология туралы түсінік қалыптастырады. Сондай-ақ тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының психологиялық аспектілерін қарастырады. Медиаөнімді қабылдау және оның әсері туралы түсінікті дамытады. Ақпараттың берілу және қабылдау түріне, сондай-ақ пайдалану мүмкіндіктерін игереді. Медианы қолданудың әлеуметтік мәселелерін талқылайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аударма кітаптар шығару
    Несиелер: 6

    Аударма кітап шығару тарихы мен тәжірибесімен танысады. Аударма кітап шығарудың маңызы мен аударма жасау, редакторлық жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін меңгереді. Аударма кітаптардың ғылым мен білімді дамытуда, ұлттық руханиятта алатын орны мен рөлі туралы пікір қалыптастырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «100 жаңа оқулық. Гуманитарлық білім» арнайы жобасының өнімдерінің сапасы, мазмұнымен танысып, аударма, редакторлық қызметтің қыр-сырын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлемдік баспа ісі теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 6

    Баспа өнімдерін пайдалану тарихы мен оның даму кезеңдері жайлы біледі. Баспа ісінің теориясы жайлы әлемдік деңгейдегі тәжірибелі ғалымдардың еңбектерімен танысады. Баспа саласындағы көшбасшы елдер Германия, Италия, Франция, АҚШ, Ресейдің баспа саласының қызметі, тәжірибесін үйренеді. Баспа саласындағы соңғы жаңалықтар мен елеулі оқиғалар, баспа саласының зерттелуіне байланысты пікір қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Баспа және полиграфия
    Несиелер: 5

    Баспа және полиграфия өндірісінің қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, руханият саласындағы қызметі мен рөлі туралы түсінік қалыптастырады. Мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығарудағы заманауи технологиялар мен баспа ісіндегі редакторлық жұмыстың өзара байланысын үйретеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салалық басылымдарды редакциялау
    Несиелер: 6

    Салалық басылымдардың редакциялау курсында білім алушылар салалық терминдермен танысады. Салалық мәтіндердің оқырманға түсінікті әрі қарапайым тілмен жеткізу әдістерін меңгереді. Салалық басылымдардың ерекшеліктерін айқындай отырып, әртүрлі саладағы мәтіндермен редакторлық жұмыс жасауға үйренеді. Білім, ғылым, өнер, мәдениет, экономика, саяси басылымдардың мәтіндерін спецификалық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақ журналистикасының пайда болу, қалыптасу және қазіргі кезеңіне дейінгі жарық көрген басылымдар, телеарна, радиолар туралы толыққанды мәлімет береді. Қазақ журналистикасының ел тарихымен тығыз байланысты кезеңдеріне ғылыми тұрғыдан сараптама жасалады. Алғашқы газеттер мен бүгінгі электронды газет, цифрлық технологияның көмегімен жарыққа шығатын ақпарат құралдарының тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктерін айқындайды. Журналистика тарихы жайлы еңбектермен танысады. Баспа өнімдерін дайындау процесін үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем журналистикасының тарихы
    Несиелер: 6

    Әлемдік журналистиканың қалыптасуы мен дамуы, тарихи кезеңдері туралы толыққанды білім алады. Танымал ақпарат агенттіктері мен алпауыт медиамагнаттар, конгломераттар тәжірибесі туралы деректермен танысады. Әлемдік журналистиканың бағыт-бағдары мен даму кезеңдері бойынша өзіндік көзқарас қалыптастырады. Журналистік ақпарат тарату тәжірибесімен танысып, кәсіби біліктілігін дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми және журналистік зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Ғылыми зерттеу әдістері мен журналистік зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін біледі. Ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді. Журналистік зерттеу мен ғылыми зерттеудің өзара ұқсастықтарымен танысады. Бақылау, сұқбат, сауалнама әдістерінің мүмкіндіктерін меңгереді. Ғылыми зерттеудің құрылымы, әдебиеттермен жұмыс, ғылыми тұжырымдарды салыстыру, түйін жасауға дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Полиграфия өндірісінің технологиясы
    Несиелер: 7

    Полиграфия өнімдерінің сипаттамасы, кітап беттері мен парақтары, өлшем бірліктер, кітаптың көлемдік көрсеткіштері, компьютерлік өңдеу және безендіру бағдарламалары туралы білім алады. Коррректура және корректуралық таңбаларды үйренеді. Кітап аппаратын және мәтін-бейне материалдарды беттеуді меңгереді. Полиграфиялық өңдеу-безендіру үдерістерімен танысады. Кітап мұқабасын дайындау технологиясын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Стилистика және әдеби редакциялау
    Несиелер: 6

    Мәтінді жасау және өңдеу заңдылықтары, журналистік шығарманы талдау және редакциялау әдісі туралы редактор-баспагерлердің жүйелі ұғымын қалыптастыру. Газеттегі, баспадағы қолжазбалармен жұмыс істеу кезінде әдеби редакторға қойылатын талаптарды білу

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дата журналистика
    Несиелер: 7

    Жаңалықтар туралы статистикалық деректерді, маңызды деректерді көрсету және сараптауды біледі. Деректерді сұрыптау арқылы мазмұнды репортаждар мен жаңалықтар дайындауды үйренеді. Әлемдік журналистикада ауқымды деректерді жинау мен жариялау тәжірибесімен танысады. Деректерді табу, жинақтау және сұрыптау, жариялауға дайындау секілді үдерістерді меңгереді. Аудитория үшін қызықты деректерді жинақтаудың әдістерін біледі. Нақты мәліметтер базасымен жұмыс істеуге дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON7

    баспа ісіндегі мультимедиялық технологиялар бойынша білімін көрсетіп, ақпараттық өнімдерді өндіру, WEB басылымдарға арналған кескіндерді редакциялап, фрагменттеу, Web-сайттар мен Web-басылымдарды жасап, әзірлеу дағдыларына ие болады

  • Код ON8

    баспа ісінің менеджменті және басқару туралы білім алып, оны іс жүзінде қолдана алады

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау

  • Код ON6

    баспа ісі саласының тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері мен авторлық мәтінді редакциялау, кітап басу ісі жөніндегі нақты білімдерін көрсететеді

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау

  • Код ON9

    баспа өнімдерін тарату теориясы мен практикасын, отандық және шетелдік баспа ісіндегі қоғаммен байланыс қатынастары жөніндегі білімін және оларды баспа бизнесінде пайдалану дағдысына көрсетеді

  • Код ON10

    сапалы баспа өнімдері және ақпараттарды ұсынып, әртүрлі жанрдағы баспалық және журналистік жарияланымдар тудырады, баспа ісі мен бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істей алады

Top