Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01403 Музыкалық білім педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілі пәні курсы магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, ағылшын тілінде лексикалық және тілдік ерекшеліктерін дамыту, шетел тілін меңгеруін және ағылшын тілде сөйлейтін елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуін қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың түрлі дәуіріндегі философиялық ойлардың дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі философиялық түсініктер мен теориялар, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. Пәнді зерттеуде проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау, философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды қамту көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музыкалық білім берудің теориясы мен тарихы
    Несиелер: 5

    Музыкалық мәдениет пен өнердің теориясын, шетел және отандық музыкалық педагогикалық ойлар мен білімнің қалыптасуын, музыкалық білім тәжірибесі мен тарихи зерттеулердің дамуын, музыкалық білім берудің заманауи әдістерін,зерттеу контексінде өз ойлары мен идеяларын қалыптастыруды, мәдени, этикалық және әлеуметтік көзқарастарын музыкалық білім беруді зерттеу негіздерімен ұштастырып, кәсіби мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ музыка мәдениетінің антологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерін, сарындарын, аспаптық күйлердің нұсқаларын, эпикалық және жыраулық дәстүрдің саздарын, жыр, толғау, терме, тарихи лирикалық әндер мен жыр-күйлерді жинақтауда алынған ақпараттарға сүйене отырып үйретеді. Музыкалық білімдерін интеграциялау арқылы казақ музыкасы мен мәдениетінің мәселелерін зерттеу негіздерін және шешу жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Арнайы пәнді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Музыканы жоспарлау мен оқыту технологиясын, жаңартылған және деңгейлік оқыту әдістемесін, дифференциалды бағалауды, белсенді инновациялық оқыту технологияларын, топтық және жеке оқыту тәсілдерін, өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін, жобалау әдістерін қарастырады. Оқыту барысында шығармашылық қабілетін пайдалана отырып педагогикалық проблемаларды шешуін, өз идеяларын қорытындылай отырып ресми хабарлау тәсілдерін, кәсіби білімін жетілдіруін көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Зерттеу бағыттарын, құрылымын, жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесін, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйесін, онтогенездің кезеңдеріндегі тұлғаның қалыптасуын, психика дамуының заңдылықтарын, қазіргі психологиялық басқарудың бағыттары мен принциптерін, психологиялық білімдер мен іскерліктерді қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музыкалық білім этнопедагогикасы
    Несиелер: 6

    Музыкалық білім этнопедагогикасы музыкалық-педагогикалық ғылымның бір бөлігі ретінде заңдылықтар мен ерекшеліктерді, ұлттық (этникалық) тәрбие, этнопедагогика-педагогикалық мәдениет, этноциум, ұлттың, этникалық топтың музыкалық дәстүрлері туралы жалпылама түсінік, салыстырмалы талдау мен тәрбиелік дәстүрлеріне, музыкалық сана-сезіміне талдау жасап, музыкалық-педагогикалық білімдерінің негізінде кәсіби іс-әрекетте дұрыс пайдалана білуге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық білім беруді зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Ғылыми жұмысты жоспарлау және жазудың шарттарын, музыкалық педагогикалық ғылымның өзекті мәселесін зерттеу және өз пікірін қалыптастыру арқылыоқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын үйретуді, құрылымы, механизмі, музыканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістері мен нысандарын, проблема шешімдерін тиянақтауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлемдік білім беру жүйесіндегі музыкалық білім
    Несиелер: 5

    Түрлі елдерде музыкалық тәрбиенің тарихы, дамуы мен заманауи жағдайы туралы ақпараттар жинақтауды, музыкалық тәрбиенің жалпы бағытын, дәстүрлерін, жүйелерін, XX-XXI ғ.музыкалық білімнің негізгі тенденцияларын, қоғам дамуының ақпараттық технологияларының музыкалық білімге ықпалын, туындаған проблема шешімдерінзерттеуді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық педагогиканың негіздері
    Несиелер: 5

    Шығармашылық және музыкалық білімді зерттеу контекстінде музыкант-педагогтың кәсіби қызметін, озық тәжірибелерді зерделеп, музыкалық педагогиканың құндылықтары мен ерекшеліктерін сыни ойлау тұрғысынан қарастырады.Музыкалық пәндерін интеграциялау негізіндежинақтауды, музыканы оқытудың негіздері мен дағдыларын, дүниетанымдық көзқарастарды анықтап кәсіби іс-әрекетте қолданудысипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық этнопедагогика негіздері
    Несиелер: 6

    Музыкалық этнопедагогиканың маңызды мақсаты-үйлесімділікке қол жеткізу, шығармашылық, табиғи-биологиялық, әлеуметтік және рухани адамның дамуы, халықтың салт-дәстүрлері, әлеуметтік этикалық қасиеттер кешенін, әр балада «ақыл-мейірімділік-еңбекқорлық» үштігін, музыкалық этнопедагогиканың құндылықтары мен ерекшеліктерін сыни ойлау тұрғысынан қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Еуропадағы музыкалық білім жүйесі
    Несиелер: 5

    Еуропа елдеріндегі музыкалық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, музыкалық білімнің тәрбиелік мақсат-міндеттерін анықтап, зерттеуді, Еуропадағы музыкалық білімнің қалыптасу кезеңдерін, қоғам дамуына байланысты музыкалық-эстетикалық көзқарастардың, арнайы ақпараттық мәдениетін және жалпы педагогикалық идеялардың туындауын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық білім берудің әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Музыкалық білім беру мәселелеріне әдіснамалық талдау жасауды, педагог-музыканттың кәсіби рефлексиясын қалыптастыруды,музыкалық білім беру саласындағы зерттеулердің әдіснамалық сипаттамасы менмузыкалық-педагогикалық зерттеулердің бастапқы жағдайларын,негізгі категориялары менпедагог-музыканттың зерттеу жұмысының формаларын, идеяларын, қорытындыларының шешімдерін нақтылауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық психологияның негіздері
    Несиелер: 5

    Оқыту барысында психологиялық аспектілердің негіздерін, музыкалық сана, сезім, эмоциялардың күрделі жүйесін музыкалық-психологиялық тұрғыда зерттеуін, ойлауы мен қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтауын үйретеді. Музыкалық пәндерін интеграциялай отырып музыкалық-психологиялық білімдерінің негізінде кәсіби іс-әрекетте дұрыс пайдалана білуге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагог-музыканттың концерттік және оқу орындаушылығы
    Несиелер: 6

    Өз бетінше репертуар таңдап, штрихтық және техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармамен жұмыс жасауда, әртістік қабілетін шыңдап, сахна мәдениетін меңгеруде, музыкалық композицияны орындауда шығарманың көркемдік ойын және шығармашылық мәнерін ашып, топта жұмыс жасай білуде іскерлік танытуды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Музыкалық-орындаушылық пәндерді оқыту
    Несиелер: 6

    Орындау өнерін жіті білетін шебер орындаушы, ұйымдастырушы, бағалауды, теориялық білім қорын ұстаздық машығына кірістіруде музыкалық қабілетті нығайтуды, әртүрлі шығармаларды интерпретациялауды, репертуар таңдап, жеке дайындық дағдыларын үйретуде командалық жұмысқа баулуды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Концерттік орындаушылық
    Несиелер: 6

    Концерттік орындаушылық шеберлігін шыңдап, жеке репертуарын таңдап, толықтыруды, ұйымдастырушы-ұстаз дайындауда үнемі шығармашылық қабілетін жетілдіруді, шығармашылық көзқараспен концерттегі техникалық проблемаларын шешуін, музыкалық білімдерін интеграциялау арқылы әртүрлі шығармаларды интерпретациялауды, сахнаға дайындап, көпшілік алдында орындау дағдыларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Электрондық музыкалық оқыту бағдарламалары
    Несиелер: 5

    Электрондық музыкалық оқыту бағдарламаларын меңгеруде педагогикалық инновациялық технологияларды пайдаланудың тәсілдерін, электронды фонотека, ноталық библиотека, Audacity, Soundation, Windows Movie maker, «киностудия» компьютерлік бағдарламаларын қолданудың, топтық жұмыста креативтілік және коммуникативтілік танытудың негіздерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Музыкалық компьютерлік бағдарламалар
    Несиелер: 5

    Берiлген әуенді гармонизациялау мен секвенцияларды фортепианода ойнауды, заманауи музыканың озық үлгілерімен таныстырып, талдауға бағыттайды. Оқу үрдісіне АКТ-ны қолданып, Encore ноталық редакторларында ноталық мәтінді теріп, әуеннің дыбысталуын есту және өңдеу технологияларын қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән білім алушылардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагог-музыканттың орындаушылық шеберлігі
    Несиелер: 6

    Күрделі шығармаларды орындауда орындаушылық ерекшеліктерін, мәнерін ескеріп, шығарманың көркемдік ойын ашу, техникалық мүмкіндіктерін көрсете білу, вокалды-дирижерлық жұмыс жасауда жоғары позицияларда әндетуді меңгеру, күрделі шығармаларды әндетіп, дирижерлауда техникалық ерекшеліктерді білу, дыбысты алып жүру, көпшілік алдында өнер көрсету мақсатында репертуарды дұрыс таңдау жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON3

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді;

  • Код ON2

    барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады;

  • Код ON5

    музыканы оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интергациялайды.

  • Код ON1

    зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде музыканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді;

  • Код ON4

    идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады;

Top