Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03208 Сандық архивтану және құжаттану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетелдердің архивтері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттердің шетел архивтерді зерттеу саласында ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және шетел архивтануының даму кезеңдерін көрсету. Пән әртүрлі тарихи кезеңдердегі шет елдерде архивтердің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын, негізгі анықтамалар мен категориялық аппараттын зерделеуге, шетелдік архивтанудың негізгі мәселелерінің мәнін ашуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Архивтану
    Несиелер: 6

    Мақсаты: студенттердің архивтануды кешенді ғылыми пән ретінде, болашақ кәсіби қызмет шеңберінде оны зерттеудің әдістері мен мәселелері туралы тұтас жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Архивтанудың нормативтік-құқықтық базасы, Қазақстандағы архив ісінің ұйымдастырылуы, архивтану қағидаттары, архив құжаттарын жіктеу және жүйелеу, архив құжаттармен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері сынды мәселелер қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бағдарламау және компьютерлік графика негіздері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - компьютерлік графиканы өңдеу мен редакциялау құралдарын игеру және бағдарламалау тілінің негізгі элементтерін, мәліметтер типтерін, операторларды сипаттау дағдыларын дамыту, кітапхана функцияларының мүмкіндіктерін қолдану, дерексіз және тапсырыс типтерін, құрылымдарын, функцияларын құру тәсілдерін игеру, бағдарламалау тілдері мен аударма әдістерінің дамуындағы заманауи тенденцияларды бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Электронды құжаттардың деректануы
    Несиелер: 6

    Мақсаты: студенттердің тарихи зерттеулерде электронды құжаттарды жасау, өңдеу және пайдаланудың деректанулық аспектілерімен байланысты теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Компьютерлік деректанудың әдістері мен технологиялары, дәстүрлі тарихи дереккөздерді электрондық нысанға көшіру, тарихи зерттеулерде электронды құжаттарды пайдаланудың жалпы методологиялық мәселелері, электронды архивтерде ақпаратты пайдалану сынды мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты-түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік басқару аппараттардағы кеңсе жұмысының даму тенденцияларын және іс жүргізу жұмысын жетілдіру жолдарын талдау қабілетін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: Қазақстанда іс жүргізудің қалыптасуы; ХV-ХІХ ғ.және ХХ ғ. іс жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктері, іс жүргізудің қазіргі заманғы жүйесі, құжаттардың алуан түрлері мен типтерін дайындау мен ресімдеудің ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Технотронды архивтер
    Несиелер: 9

    Мақсаты: студенттердің технотронды архивтер құжаттарын құру, сақтау және пайдалану салаларында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар қабілетін қалыптастыру. Технотронды архивтің қалыптасуы және дамуы, архив құжаттарының жіктелуі, технотронды архивтің құрамы мен мазмұны, толықтыру көздері, есепке алу, құжаттардың құндылығын сараптау, сақтау технологиясы, технотронды архивтің ақпараттық жұмысы, технотронды архив құжаттарын пайдалану мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құжаттану
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттану ғылымның әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу негізінде салалық құжаттамалық жүйені анықтау және бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Құжаттанудың негіздері, ұғымдық аппараттын қалыптастыру, құжаттарды жіктеу, жүйелеу, құжаттың материалдық негіздері, құжаттамалық қызметтің негізгі бағыттарының мазмұны, құжаттанудың қазіргі заманғы қолданбалы пәндермен өзара байланыстары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету сапасындағы ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 9

    Мақсаты: студенттердің құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласында ақпараттық технологияларды қолданудың қолданбалы негіздерін сипаттау мен бағалауда қабілеттілігін қалыптастыру. ҚБҚ-де ақпараттық технологияларды енгізу кезеңдері; автоматтандыру тиімділігін бағалау әдістері; дерекқорлар және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету; ҚБҚ-де Интернет-технологияларды қолдану, ҚБҚ-де пайдаланылатын ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Архивтік менеджмент және маркетинг
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің басқарудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын, архивтік қызметті табысты насихатталуын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән архивті басқарудың негізгі функцияларын және архив ісінде менеджмент пен маркетингтің қазіргі заманғы үрдістерін зерделеуге, архивте маркетингтік қызметтерді қолдануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Деректер базасы
    Несиелер: 6

    Курс мәліметтер қорын жобалау, құру және жүргізудің негізгі мәселелерімен таныстырады. Мәліметтер қорын жобалау процесі концептуалды көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Дерек қорын жоспарлау, дерек қорын таңдау және дерек қорын басқарумен байланысты мәселелерді зерттеледі. Қазіргі ДҚБЖ жұмыс істеу принциптері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның мемлекеттік мекемелері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің мемлекеттің саяси жүйесінде мемлекеттік мекемелердің орны мен рөлін талдау қабілетін қалыптастыру. Мемлекеттік құрылыстың нысандары, мемлекеттік мекемелердің тарихи дамуындағы жүйесі, құзыреттері, функциялары мен жаңғыртылуы, мемлекеттік мекемелердің қызметі мен билік өкілеттіктері бойынша (заңнамалық, атқарушы, сот), мемлекеттік аппарат жүйесіндегі орны бойынша (жоғары, орталық, жергілікті) жіктелуі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттердің заманауи ақпараттық қоғамды дамытуда ақпараттардың мәні мен маңыздылығын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пән қорғалатын ақпараттың құрамын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің түрлері мен әдістерінің ақпарат қауіптерінің құрылымын, ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету негіздерін, ақпараттық қауіпсіздікті жіктеуді, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын талдауды зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мобилді қосымшаларды әзірлеу
    Несиелер: 6

    Мақсаты: мобильді операциялық жүйелермен қоса алғанда әртүрлі заманауи платформалар үшін мобильді қосымшаларды құру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады:Мобильді құрылғылардың архитектурасы. Программалау тілдері. Программалық жабдықтарды жобалау. Клиенттік апппараттық қамтамасыз ету. Android ортасында Java қолданып қосымшаларды құру. Swift қолданып iOS қолданып қосымшаларды құру. Қауіпсіздікті басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Архивтанудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттердің архивтанудың теориялық және әдістемелік бағыттары жөнінде жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: архив құжаттарын жіктеудің теориялық негіздері; қорландыру, архивтерде құжаттарды ұйымдастыру бойынша жұмыс әдістемесі; архивтерді құжаттармен жинақтаудың ғылыми-әдістемелік аспектілері; архивтану теориясы мен әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ҚБҚ және архив саласындағы аутсорсинг
    Несиелер: 6

    Мақсаты: студенттердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру және аутсорсинг саласындағы техникалық әдістерді игеру. Курста мыналар қарастырылады: Аутсорсинг түсінігінің мазмұны, негізгі принциптері. ҚБҚ және архив ісінде аутсорсингтің нормативтік-құқықтық реттелуі. Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы аутсорсинг. Архивтік аутсорсинг. Архивтік аутсорсингте ақпараттық технологияларды пайдалану. Құжаттарды архивтік өңдеу және жою.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Автоматтандырылған архивтік технологиялар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттердің архив ісі саласындағы автоматтандырылған технологияларі туралы базалық білімдерін қалыптастыру. Пән студенттерді курс терминологиясымен және архив ісін ақпараттандыру кезеңдерімен, архив ісін ақпараттандыру объектілері және мақсаттарымен, ақпараттық технологиялары және оларды архивке енгізуді ұйымдастырумен, электронды құжаттармен және архивтермен жұмыс істеу әдістемесімен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Персоналды басқарудағы ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерді персоналды басқару мәселелерін шешуде мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен және корпоративтік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұйымдарда ақпараттық технологияларды пайдалану, персоналды басқарудағы ақпараттық технологиялар, ақпараттық технологиялар персоналды бейімдеу тетігі ретінде, кадр жұмысын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілуі, персоналды басқару саласындағы анықтамалық-іздестіру жүйелері сынды мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Python-да программалау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Python бағдарламалау тілі мысалында сәйкес пәндік салалардағы мәселелерді шешу үшін жылдам өтуге мүмкіндік беретін объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: Python тілінде деректерді өңдеудің стандартты мәселелеріне эталондық шешімдерді шығару; Python тілінде қосымшаларды жасау және оларды үйлестіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ЭҚЖ электронды архивтерді жинақтау көзі ретінде
    Несиелер: 6

    Мақсаты: студенттердің электронды құжат айналымы (ЭҚА) электронды архивтердің толықтыру көзі ретінде, олардың негізгі проблемалары мен зерттеу әдістерін болашақ кәсіби қызмет аясында қарастыру туралы түсінік қалыптастыру. Электронды құжаттармен толықтырудың нормативтік-құқықтық базасы, толықтыру көздері, құжаттарды сканерлеу және дерекқорға енгізу, ЭҚ жинақтау тәсілдері, электронды құжаттардың сараптамасы, ЭҚ сақталуы сынды мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ұйымдардың архивтерінде құжаттарды электронды сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты- студенттердің электронды құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: электронды архивтер құжаттарын құрудың құқықтық, әдістемелік және технологиялық негіздері, ұйым архивінде электронды құжаттарды сақтауды ұйымдастыру, ЭҚ физикалық сақталуы, ЭҚ тең түпнұсқалығын қамтамасыз ету тәсілдері, ЭҚ сақтау технологиялары, электронды пайдалану қорын құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметін құжаттау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжат жүйесін ұйымдастырудың әдістері мен технологияларын қолдану мүмкіндігін және құжаттар мен олардың жүйелерін басқару бойынша түрлі әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінің үдерістерін құжаттандыру саласы, жіктелуі, құжаттаудың құқықтық негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Құжаттаманы басқарудың құқықтық негіздері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттаманы басқарудың құқықтық негіздері туралы жүйелі түсініктері мен болашақ кәсіби қызметтерінде алынған білімдерді қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. Құжаттаманы басқаруды құқықтық реттеу туралы қоғамды ақпараттандыру; Қазақстанда ҚБҚ құқықтық жүйесі; шетелде құжаттаманы басқаруды ұйымдастырудың құқықтық негізінің қазіргі заманғы үрдістері мен қағидаттары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру негізі
    Несиелер: 6

    Мақсаты: студенттердің шығармашылық тұрғыда ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке жүргізу, талдау және ақпаратты қорытындылау қабілеттілігін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: ғылыми зерттеулерді жіктеу; ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы санаттары, ұғымдары, қағидаттары, әдістері мен әдіснамалары; ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау; ғылыми ақпаратты жинау; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ресімдеу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Археография
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - әр түрлі типтегі басылымдар үшін құжаттарды анықтау және таңдау қабілеттілігін қалыптастыру. Пән археография теориясы мен тәжірибесін, құжаттық жарияланымдарды дайындау әдістемесін, құжаттарды анықтау және іріктеу қағидаттарын, археографиялық өңдеуді, әртүрлі кезеңдегі құжаттардың мәтінін таңдау және беру әдістемесін, жарияланымның ғылыми-анықтамалық аппаратын құрастыруды, жарияланатын құжаттардың археографиялық ресімделуін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Офистік ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 9

    Мақсаты: құжаттаны басқаруды қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы офистік ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз етуге технологиялық инновацияларды енгізу, іскерлік ақпаратты өңдеудің әдістері мен бағдарламалық құралдары, қайта өңделетін ақпараттың шынайылығы, басқару жүйелерін модельдеу сынды мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Автоматтандырылған ҒАА әзірлеу әдістері мен технологиялары
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты студенттердің автоматтандырылған ҒАА әзірлеу саласында тәжірибелік дағдылары мен біліктерін қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: Архивтің электрондық ғылыми-анықтамалық аппаратын құру, автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелерін (ААІЖ) жіктеу, ААІЖ-ны әзірлеу кезеңдері, АҒАА әзірлеу технологиясы, архивтік мекемелердің деректер базасы, архивтің ААЖ модульдерінің функционалдығы, электронды ҒАА құру әдістемесі, архивтік анықтамалықтар бойынша ААІЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON7

    Электронды архивтердің есепке алу және ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесін құру, архив ісінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, архиваралық, қораралық және қорішілік деңгейде құжаттық ақпаратты іздеуді жүзеге асыру; құжаттардың электронды (виртуалды) көрмелерінің ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу, архивтік құжаттардың интернет көрмелерін ұйымдастыру.

  • Код ON6

    Электронды құжат айналымы жүйесі шеңберінде құжаттандыруды және құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, қазіргі заманғы ЭҚЖ арқылы автоматтандырылатын міндеттер мен процестердің сыныптарын талдау; негізгі функционалдық кіші жүйелерді және олардың кешенді ЭҚЖ шеңберіндегі өзара іс-қимылын сипаттау; электронды құжат айналымы жүйелерінде жұмыс жүргізу.

  • Код ON9

    Архивтік менеджмент пен маркетинг және персоналды басқару саласындағы мәселелерді шешу үшін бағдарламалық жасақтаманы қолдану, ұйымдағы ақпараттық ресурстарды жіктеу, архивтік менеджмент және персоналды басқару саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін кеңсе бағдарламаларымен жұмыс жасау.

  • Код ON3

    Әртүрлі деңгейдегі архивтерді электронды құжаттармен толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; электронды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, сараптамалық қорытынды жасау.

  • Код ON1

    Архивтану, оның ішінде шетелдік архивтану, құжаттану, іс жүргізу, архив ісінің теориясы мен тәжірибесі, археография салаларындағы кәсіби қызметке қажетті іргелі білімдерін көрсету.

  • Код ON8

    Архив ісінің ақпараттандыру үдерісін түсіндіру, микрофильмдеу және цифрлау үшін өшіп бара жатқан мәтіндері бар құжаттарды анықтау, қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды, фотоқұжаттарды, фоноқұжаттар мен бейнеқұжаттарды цифрлау технологияларын және құрылғыларын таңдауда бағдарлану; ұйымдарда құжаттау процестерін цифрландыру бойынша тәжірибелік міндеттерді шешу.

  • Код ON2

    Кәсіби қызметте ақпараттық жүйелер (тілдер және бағдарламалау, компьютерлік графика негіздері) және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар (смарт технологиялар, мобильді қосымшалар) саласындағы базалық білімді пайдалану; деректер базасын құру және Интернет ресурстарын пайдалану; ақпараттарды жасау, өңдеу және қорғау үшін технологияны, бағдарламалық қамтамасыз етуді және форматты таңдау.

  • Код ON11

    Ғылыми зерттеулерде технотронды құжаттарды пайдалану; аудиовизуалды және электронды құжаттарға деректанулық талдау жүргізу; электронды жарияланымдарды, деректер базасын және басқа да ғылыми-білім беру ресурстарын құру.

  • Код ON5

    Мекеменің электронды архивтер тұжырымдамасын әзірлеу, жобалау және құру; электронды архивтерді тіркеуді жүзеге асыру; тәжірибелік қызметте электронды құжаттарды басқару принциптерін қолдану.

  • Код ON10

    Архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуде автоматтандырылған жүйелерді енгізу және пайдалану, БҚҚ және архив ісінің қолданбалы міндеттерін шешу үшін Интернет ресурстары мен деректер қорын пайдалану.

  • Код ON12

    Кәсіби қызметте философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, мемлекеттік мекемелер тарихын, экология, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалану; тиісті коммуникациялық технологиялар мен коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, коммуникативтік үдерісті сауатты құру; іскерлік ауызша және жазбаша тілді логикалық дұрыс, дәлелді және анық құру, дұрыс, адамгершілік-жауапты шешімдерді өз бетінше қабылдау.

  • Код ON4

    Электронды құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру, электронды құжаттардың бар болуын, физикалық және техникалық жай-күйін тексеруді жүргізу, архивтік аутсорсингтің жұмыс істеуін ұйымдастыру, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру.

Top